Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаудың мүмкін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық салдардың болжамы

 

«Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес әзірленген.

Шартқа сәйкес Тараптар бір-біріне Тараптар соттарымен бас бостандығынан айыруға сотталған немесе медициналық мәжбүрлеп емдеу қолданылған адамдарды бұдан әрі жазасын не емдеуін өздері азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін беруге міндеттенеді.

Шартта сотталған адамдарды және медициналық мәжбүрлеп емдеу қолданылған адамдарды беру мен одан бас тарту үшін нақты негіздер көзделген.

Шартты ратификациялау сотталған адамдардың және медициналық мәжбүрлеп емдеу қолданылған адамдардың өздерінің азаматтығы тиесілі қоғамына қайта араласуына жәрдемдесетін болады.

Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы қаражатын талап етпейді және теріс экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және экологиялық салдарға әкеп соқтырмайды.

 

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры                                                                              

Ж. Асанов

 

ТіркемеКөлем
File АНЫҚТАМА ПАРАҚ16.8 KB
File Анықтама15.74 KB