You are here

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің кәсіби білім беру бағдарламаларын
іске асыратын Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясына
Оқуға қабылдау ережелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 11-2) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1) бабының 9) тармақшасына, «Құқық қорғау органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 

1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби білім беру  бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 12000 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың атауы келесі редакцияда жазылсын:

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби білім беру  бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелерін бекіту туралы»;

1, 2 және 3 тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

«1. Қоса тіркелген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Аталған бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелері осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры заңмен бекітілген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық бірінші  ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов  

ТіркемеКөлем
Оқуға қабылдау ережелері134.5 KB

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.