You are here

«Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атқарушылық іс жүргізу заңдылығына қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4), 4-1) тармақшаларын басшылыққа алып,БҰЙЫРАМЫН:    

1.«Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы №88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 18 қаңтарда №6737 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де орталық мемлекеттік органдарының Актілер жинағында жарияланған, 2011 жыл, №7) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша Нұсқаулықтың:

8-тармағымынадай редакцияда жазылсын:

«8. Прокурорлар құзыреті шегіндеӘділет министрлігі, әділет органдарының аумақтық бөлімшелерініңлауазымды тұлғаларының, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен актілеріне және атқарушылық іс жүргізу саласындағы сот актілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және шешеді.

Өтініштердемемлекеттің,сондай-ақ өзін өздігінен қорғай алмайтын тұлғалардың мүддесі қозғалған жағдайда ғана прокурор оны негізінен шешеді. 

Егер заңда белгіленген орындау мерзімдері өтіп кеткен және арыз берушіге әділет органы бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған бас тарту жауабы берілсе еңбекақы, алимент өндіру, тұрғын жайдан шығару және құрылысты бұзу туралы сот актілерін орындауға қатысты өтініштер негізінен қаралуы мүмкін.

Басқа өтініштер түскен жағдайда арыз берушіге АПК-нің 250-бабында көзделгеноның сотқа шағым беру құқығы түсіндіріледі немесе өтінішведомстволық бағыныстылығыбойынша Әділет министрлігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жолданады.

Өтініш атқарушылық іс жүргізу, ал қажет болғанда азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді талап етумен шешіледі. Атқарушылық іс жүргізупрокуратураға келіп түскен кезденбастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде зерделенеді, содан кейін кері қайтарылуы тиіс.

Прокурор атқарушылық іс жүргізуді зерделеу кезінде сот орындаушысымен жасалынған атқарушылық әрекеттердіңзаңдылығын, уақытылығы және толықтығын,бюджетке өндірілген мемлекеттік баж,атқарушылық санкция, әрекеттерінде Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669-бабы және 33-тарауының өзге де нормаларында көзделген құқық бұзушылықтар белгілері бар борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау,сот шешімін орындамайтын тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесін шешу үшін материалдарды қылмыстық қудалау органдарына жолдау бойынша қабылданған шараларды тексереді.

Тексеру нәтижесі бойынша прокурорменарыз берушігеБас прокуратураның нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылған тәртіпте қол қойылған, дәлелді жауап әзірленеді.

2. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Соттарда мемлекет мүддесіне өкілеттік жасау департаментіосы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін және оның ресми түрде жариялануын  қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6.Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығымен бекітілген атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша Нұсқаулығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы КЕСТЕ

Құқықтық актінің нормасы

Қолданыстағы

заңнаманың редакциясы

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

 

Нұсқаулықтың 8-тармағының бірінші азат жолы

Прокурорлар сапалы және заңда белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментінің (бұдан әрі - САОД), оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен актілеріне және атқарушылық іс жүргізу саласындағы сот актілеріне қатысты өтініштерін қарап, шешеді.

Прокурорлар құзыреті шегінде Әділет министрлігі, әділет органдарының аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен актілеріне және атқарушылық іс жүргізу саласындағы сот актілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және шешеді.

Өтініштерде мемлекеттің, сондай-ақ өзін өздігінен қорғай алмайтын тұлғалардың мүддесі қозғалған жағдайда ғана прокурор оны негізінен шешеді. 

Егер заңда белгіленген орындау мерзімдері өтіп кеткен және арыз берушіге әділет органы бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған бас тарту жауабы берілсе еңбекақы, алимент өндіру, баспанадан шығару және құрылысты бұзу туралы сот актілерін орындауға қатысты өтініштер негізінен қаралуы мүмкін.   

Басқа өтініштер түскен жағдайда арыз берушіге АПК-нің 250-бабында көзделген оның сотқа шағым беру құқығы түсіндіріледі немесе өтініш ведомстволық бағыныстылығы бойынша Әділет министрлігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жолданады.

Өтініш атқарушылық іс жүргізу, ал қажет болғанда азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді талап етумен шешіледі. Атқарушылық іс жүргізу прокуратураға келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде зерделенеді, содан кейін кері қайтарылуы тиіс.
Прокурор атқарушылық іс жүргізуді зерделеу кезінде сот орындаушысымен жасалынған атқарушылық әрекеттердің заңдылығын, уақытылығы және толықтығын, бюджетке өндірілген мемлекеттік баж, атқарушылық санкция, әрекеттерінде Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669-бабы және 33-тарауының өзге де нормаларында көзделген құқық бұзушылықтар белгілері бар борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау, сот шешімін орындамайтын тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесін шешу үшін материалдарды қылмыстық қудалау органдарына жолдау бойынша қабылданған шараларды тексереді.

Статистика прокуратура органдарына шағымдардың негізгі легі атқарушылық өндіріс тараптарынан түсетінін көрсетті.

2016 жылы прокурорлармен сот орындаушыларына қатысты 21.754 шағымдар, оның ішінде 18.262-жеке, 3.492-заңды тұлғалардан түскен.

Басым көпшілігі өзін өздігінен қорғай алатындар.

81 пайыз орындаулар жеке даулар бойынша.  

Атқарушылық іс жүргізу Заңында сот орындаушылары- ның әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым жасалады деп тура көрсетіліп тұрса да, 2016 жылы осы салада соттар шешім шығару арқылы тек 3.673 шағым қараған немесе 6 есе аз.

Атап айтқанда, АПК-нің 250-бабында мұндай шағымдарды шешудің нақты механизмі, процедурасы және шешу мерзімдері көзделген.

Сонымен қатар, тараптар Әділет министрлігіне және оның аумақтық органдарына (ведомствалық бақылау) шағымдануға құқылы.

Прокурорлардың ведомствалық және сот бақылауын ауыстыруды жою, осы институттардың ролін арттыру мақсатында салалық Нұсқаулыққа түзетулер әзірленді.

Прокурорлардың қызметі тек мемлекет мүддесіне, өздерінің талаптарын (мемлекет активін қорғау тәртібінде)  және әлеуметтік әлсіз тұлғалардың мүддесін қорғауға бағытталады.

Бұл басым бағыттардың қисыны Нұсқаулықтың 4-тармағында нақты келтірілген. Айта кету керек, 2016 жылдың соңына қалдықта мемлекет пайдасына 97 млрд. өндіру туралы 626.366  құжат қалған.

Осы қалдықты мейлінше азайту үшін күш пен ресурстар жүйелі жұмыстарды жасауға жұмылдырылуы тиіс.

«Алименттер.Төлемеуге қарсы 30 қадам» Жобасының жүзеге асырылуын ескеріп, алимент өндіру басты бағыт болып саналады, бірақ тек созбалаңға салынған және уәкілетті органмен сот орындаушының әрекетіне баға берілген жағдайға ғана. Осындай жағдайларда прокурорлар жаппай еңбекақы төлемеу фактілері бойынша жұмыс жасаулары тиіс.

2

Нұсқаулықтың 8-тармағының төртінші азат жолы

Атқарушылық іс жүргізуді (істі) зерттеу нәтижесі бойынша прокурор Бас прокуратураның жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіпте тиісінше бекітілетін және қол қойылатын дәлелді қорытындыны және арыз иесіне жауап әзірлейді.

Тексеру нәтижесі бойынша прокурормен арыз берушіге Бас прокуратураның нормативтік құқықтық актілерінде  қарастырылған тәртіпте қол қойылған, дәлелді жауап әзірленеді.  

Атқару өндірістері бойынша қорытынды жазу талап етілмейді, себебі, арыз берушінің барлық уәждері мен негіздемелер жауапта көрсетіледі. Атқару өндірісі аясында шығарылған сот актілеріне наразылық енгізу туралы қолдаухатты шешу азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету туралы Нұсқаулықпен де реттелгенін ескеріп, «жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» сөз тіркестері алынып тасталды.

3

Нұсқаулықтың 8 тармағының бесінші азат жолы

Сот актісіне немесе сот орындаушысының актісіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілген жағдайда атқарушылық іс жүргізу (іс) бойынша қорытынды жасалмайды.

Алып тастауға

Ықпал ету актісін енгізген жағдайда қорытынды жасауға  қажеттілік жоқ екені көрініп тұрғандықтан алынып

тасталады

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.