You are here

Прокуратура органдарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2013 жылға арналған жоспары

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
«28» қаңтар 2013 ж.
№6ө/31 өкімімен  бекітілген

Прокуратура органдарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту  бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  2013 жылға арналған  ЖОСПАРЫ

Іс-шаралар атауы

Аяқталу формасы

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушы
(бірге орындаушы)

І. Жалпы шаралар

1.

Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы   «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси  бағыты» атты  Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында прокуратура органдарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы бұйрықтың жобасын дайындау

Бас Прокурордың бұйрығы

Белгіленген мерзімде

ҚР БП Аппараты, ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП

2.

Прокуратура органдары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауда тест ұйымдастыру және өткізу

Тест нәтижелері, талдау ақпарат

Наурыз

ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП,
ҚР БП 9-департаменті 

3.

Іс жүргізу бойынша прокуратура органдары құжаттарының үлгілерін мемлекеттік тілде дайындау

Қызметтік қолдану үшін әдістемелік нұсқаулық

Шілде

ҚР БП Институты, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ

4.

Беделді ғалым-филологтар, заңгерлер және әдіскерлерді тарта отырып, Бас прокуратура жанынан Сарапшылық кеңес құру

Сарапшылық кеңес

Наурыз

ҚР БП Институты

5.

Құқық саласындағы заң терминдерін бірізділендіру

Заң терминдерінің сөздігі

Қараша

ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ,
құқық қорғау органдары, ҚР Парламенті,
ҚР ӘМ, ҚР МАМ (келісім бойынша)

6.

Мемлекеттік тілдің дамуына елеулі үлес қосқан  прокуратура органдары қызметкерлерін материалдық және моралдық ынталандыру  үшін қызметкерлерді анықтау бойынша жұмыс комиссиясын құру

Комиссияның ұсынған  шешімі

Тоқсан сайын

БП Аппараты, ҚР БП Институты, ҚР БП 9-департамент,  облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП

ІІ. Оқу процесін ұйымдастыру

7.

Қазақ тілі кабинеттерін жабдықтау

Кабинеттерді жабдықтау, облыстық прокуратураларды
оқу-әдістемелік нұсқаулықпен және материалдық-техникалық  құралдармен қамтамасыз ету

Қаңтар

ҚР БП 9-департаменті, ҚР БП Институты, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП

8.

Прокуратура органдары қызметкерлеріне 2013 жылы мемлекеттік тілді оқыту бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу

Оқу орталығын анықтау

Қаңтар

ҚР БП 9-департаменті , ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП

9.

Инновациялық әдістерді іздеу, прокуратура органдарында мемлекеттік тілді оқыту бойынша жаңа технологияларды енгізу

Ақпарат

Жарты-жылдық бойынша

ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП,
ҚР БП 9-департаменті 

10.

Қазақ тілі сабақтарын топтық оқыту бойынша тұрақты өткізу: бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген

Оқу бағдарламасы

Жоспармен бекітілген мерзімге сәйкес

ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП,
ҚР БП 9-департаменті 

11.

Мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде меңгерген қызметкерлерге арнайы мамандандырылған оқу-әдістемелік кешенін дайындау

Оқулық, қағаз және электронды жеткізгіштегі арнайы мамандандыр-ылған жұмыс дәптері

Қазан

ҚР БП Институты, ҚР БП 9-департаменті,  БП Аппараты, ҚР МАМ (келісім бойынша)

12.

Прокуратура қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін жетілдіру үшін «тілдік ортаны құру» әдісін қолдану

Тестілер, анықтама

Жыл бойы

ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП,

ҚР БП 9-департаменті 

13.

«Прокуратура органдары қызметкерлерін мемлекеттік тілде шешен сөйлеу  өнеріне үйрету» семинар-тренингін  ұйымдастыру және өткізу

Семинар-тренинг

Мамыр

ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП,

ҚР БП 9-департаменті 

14.

Прокуратура органдары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау үшін қорытынды тест ұйымдастыру және өткізу, сертификат беру

Тест, әңгімелесу

Қараша

ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП,
ҚР БП 9-департаменті 

15.

Прокуратура органдары қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту процесіне бақылау жасау

Жартыжылдық, жылдық есеп

 Тұрақты 

ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП

ІІІ. Мемлекеттік тілді насихаттау бойынша шаралар

16.

Мемлекеттік тілді дамыту бойынша қызметкерлерге семинар ұйымдастыру және өткізу

Семинар

Наурыз

ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП,
ҚР БП 9-департаменті 

17.

 «Тіл – татулық тірегі» байқауын ұйымдастыру және өткізу

Байқау

Қазан

ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП,
ҚР БП 9-департаменті 

18.

«Мемлекеттік тіл – біріктіруші басты фактор» тақырыбында тележоба дайындау

Тележоба

Жыл ішінде

ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП

IV. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша аумақтық прокуратура органдарын тексеру шаралары

19.

Мемлекеттік тілдің тиісті қолданылуы және дамуы бойынша қызметке талдау жүргізу, бұзушылықтарды  және қажетті  ықпал ету шараларын анықтау

Бас прокуратураға ақпарат

Тоқсан сайын

ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП,
ҚР БП 1- департаменті, 9-департаменті 

20.

Прокуратура органдарында мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша мониторинг өткізу

Бас прокуратураға ақпарат

Тоқсан сайын

БП 2-басқармасы, 1-департаменті, ҚР БП Институты, ҚР БП Аппараты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП

21.

Прокуратура органдары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу  деңгейіне талаптарды анықтау және бекіту

Талаптарды бекіту

Ақпан

ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП, ҚР МҚІА

22.

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның қолданылуы бойынша түскен өтініштерге және прокурорлық қадағалауға  тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп тұрақты талдау жүргізу

Ақпарат

Тұрақты

БП 2-басқармасы, 1-департаменті, ҚР БП Институты,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, ҚСКжТБ, БӘП, БКП

           

 

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры Аппаратының Басшысы
 А.Әмірин

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.