Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы және PhD докторантурасына оқуға түсу үшін үміткерлерге арналған

ЖАДЫНАМА

Академияның магистратурасына жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын игерген, құқық қорғау қызметiндегi өтiлi бір жылдан кем емес құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.

Академияның докторантурасына «магистр» академиялық дәрежесі бар және құқық қорғау қызметiнде үш жылдан кем емес өтiлi бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.

Орталық аппараттар және облыс деңгейіндегі аумақтық бөлімшелердің кадр қызметі іріктеу комиссиясының құрамын құрып, оның жұмысын ұйымдастыруға міндетті.

Бекітілген талаптарға сай келетін құқық қорғау органдарының әрбір қызметкері іріктеу комиссиясына өз құжаттарын тапсыруға құқығы бар.

Іріктеу комиссиясы үміткерлердің құжаттарын зерделейді, қабылдау шарттарына сәйкестігі туралы шешім қабылдап, хаттамамен ресімдейді, құжаттарды кадр қызметіне жібереді.

Хаттамада нақты қызметкерлерді, ол магистратураны/PhD докторантурасын аяқтағаннан кейін тағайындалуы мүмкін лауазымы көрсетілген оқуға жолдау туралы шешім көрсетіледі. 

Кадр қызметі іріктелген үміткерлер құжаттарының растығын тексеріп, орталық аппараттар және облыс деңгейіндегі аумақтық бөлімшелер басшыларының қойылған қолымен Академияға жолдайды.

Құжаттар Академияда қабылдау комиссиясымен қарастырылады.

Үміткерлер оқуға түсу үшін екі емтихан тапсырады: шет тілі және мамандық бойынша.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2016 жылғы 10 - 30 шілде аралығы.

Оқуға түсу емтихандары 2016 жылғы 10 – 20 тамыз аралығында өткізіледі.

Қабылдау оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде 2016 жылғы 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде Құқық қорғау органдары академиясына қабылданған қызметкерлерге ақшалай үлесі сақталмай, атқарып жүрген лауазымынан босатылып және құқық қорғау органдары кадрында қалдырыла отырып, оқу демалысы беріледі.

Академияның магистратурасына және PhD докторантурасына түсуге үміткерлерге жинақтаушы органдардың кадр қызметі келесі құжаттарды жібереді:

1) Академия ректорының атына баянат;

2) жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжат көшірмесі;

3) Академияға қабылдау ережесінің 20-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша шетел тілінен тест тапсырғаны туралы сертификатының (олар бар болған жағдайда) көшірмесі;

4) 3х4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;

5) жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;

6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (олар бар болған жағдайда);

7) соңғы қызмет кезеңі бойынша аттестациялық парақ;

8) магистратураны аяқтағаннан кейін қызметкердің тағайындалуы мүмкін лауазымы көрсетілген оқуға жіберу жолдамасы туралы іріктеу комиссиясы хаттамасының көшірмесі;

9) кадрларды тіркеу бойынша жеке парақ.

Академияның PhD докторантурасына оқуға түсуге үміткерлерге қосымша Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау ережесінің (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қыркүйекте № 12000 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша болжанатын отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен келісіліп жоспарланатын диссертациялық зерттеудің негіздемесі жіберілуі тиіс. 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.