Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

бұйрығымен бекітілген

№ 101 13 тамыз 2015 жыл

 

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау органдары академиясына оқуға қабылдау Ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау органдарының академиясына (бұдан әрі – Академия) оқуға қабылдау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Құқық қорғау қызметі туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген және Академияның магистратурасына және докторантурасына үміткерлерді қабылдау тәртібін анықтайды.

2. Академия магистранттарының және докторанттарының контингентін қалыптастыру жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

3. Академияның магистратурасына және докторантурасына үміткерлерді қабылдау оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

4. Магистратура мен докторантураға түсушілердің құжаттарын қабылдау жыл сайын 10-30 шілде аралығында жүргізіледі.

Академияның магистратурасына және докторантурасына түсу емтихандары 10-20 тамыз аралығында, оқуға қабылдау – 25 тамызға дейін жүргізіледі.

Академия ректорының шешімі бойынша құжаттарды және түсу емтихандарын қабылдау мерзімдері ұзартылуы және ауыстырылуы мүмкін.

 

2. Магистратураға және докторантураға қабылдау тәртібі

 

5. Академияның магистратурасына жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын игерген, құқық қорғау қызметiндегi өтiлi 1 жылдан кем емес құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.

6. Академияның докторантурасына «магистр» академиялық дәрежесі бар және құқық қорғау қызметiнде 3 жылдан кем емес өтiлi бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.

7. Магистратурада және докторантурада оқу үшін үміткерлерді іріктеу орталық аппараттардың, аумақтық немесе оған теңестірілген құқық қорғау органдарының мамандандырылған бөлімшелері, ведомстволары, құқық қорғау органдарының мекемелерінің (бұдан әрі –жинақтаушы орган) кадр бөлімшелері іріктеу комиссияларын құрады.

Іріктеу комиссияның құрамы жинақтаушы орган жетекшісінің бұйрығымен бекітіледі және төраға, хатшы және комиссияның кемінде 3 мүшесінен құрылады.

8. Іріктеу комиссиясы осы Ереженің 10, 11-тармақтарында көрсетілген ұсынылған құжаттарды зерделейді және үміткерлердің қабылдау шарттарына сәйкестігін анықтайды.

9. Іріктеу комиссиясы жұмысының нәтижелері хаттамамен ресімделеді.

10. Жинақтау органдарының кадр бөлімдері Академияның магистратурасына оқуға түсетін үміткерлердің келесі құжаттарын жолдайды:

1) Академия ректорының атына баянат;

2) жоғары білімі туралы құжат көшірмесі;

3) осы Ереженің 20 тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша шетел тілінен тест тапсырғаны туралы сертификатының (олар бар болған жағдайда) көшірмесі;

4) 3х4 см. өлшеміндегі алты фотосурет;

5) жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;

6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (олар бар болған жағдайда);

7) соңғы қызмет кезеңі бойынша аттестациялық парақ;

8) магистратураны аяқтағаннан кейін қызметкердің тағайындалуы мүмкін лауазымы көрсетілген оқуға жіберу жолдамасы туралы іріктеу комиссиясы хаттамасының көшірмесі;

9) кадрларды тіркеу бойынша жеке парақ.

11. Жинақтау органдарының кадр бөлімдері Академияның докторантурасына оқуға түсетін үміткерлердің келесі құжаттарын жолдайды:

1) Академия ректорының атына баянат;

2) білімі туралы құжат көшірмесі;

3) осы Ереженің 20 тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша шетел тілінен тест тапсырғаны туралы сертификатының (олар бар болған жағдайда) көшірмесі;

4) 3х4 см. өлшеміндегі алты фотосурет;

5) жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;

6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (олар бар болған жағдайда);

7) соңғы қызмет кезеңі бойынша аттестациялық парақ;

8) докторантураны аяқтағаннан кейін қызметкердің тағайындалуы мүмкін лауазымы көрсетілген оқуға жіберу жолдамасы туралы іріктеу комиссиясы хаттамасының көшірмесі;

9) кадрларды тіркеу бойынша жеке парақ;

10) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша болжанатын отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен келісіліп жоспарланатын диссертациялық зерттеудің негіздемесі.

 

3. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

 

12. Академияда магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын жүргізу кезеңінде Академияда мамандықтар бойынша қабылдау және емтихан комиссиялары құрылады, оның құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.

13. Қабылдау комиссиясы төраға, хатшы және комиссияның кемінде 3 мүшесінен құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы Академия ректоры болып табылады, ол қабылдау комиссиясы қызметіне басшылық жасайды. Қабылдау комиссиясының хатшысы болып Академия қызметкері тағайындалады.

14. Қабылдау комиссиясы:

1) оқуға түсетін үміткерлердің құжаттарын қарауды жүзеге асырады;

2) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарайды;

3) оқуға түсетін үміткерлердің тізімін әзірлейді;

4) Академия магистранттары және докторанттары қатарына қабылдауды жүзеге асырады;

5) үміткерлерді оқуға қабылдау қорытындыларының талдауын жасайды және жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды.

15. Қабылдау комиссиясының қызметі жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау комиссиясының отырыстары қажеттілік бойынша қабылдау комиссиясы төрағасының шешімімен өткізіледі және хаттамамен ресімделеді.

16. Қабылдау комиссиясының шешімдері хаттамамен ресімделеді және бекітілген құрамның үштен екісі бар болған жағдайда қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болады.

17. Емтихан комиссиясы мамандық бойынша емтихан жүргізу үшін құрылады және құрамы төрағадан, комиссия хатшысынан және комиссияның кемінде үш мүшесінен тұрады, олардың екеуі заң ғылымдарының докторы болуы қажет.

Емтихан комиссиясының төрағасы болып Академияның проректоры тағайындалады.

Емтихандарды қабылдау нәтижелері бойынша емтихан комиссиясы хаттама толтырады, хаттамаға емтихан комиссиясының мүшелері қол қояды.

18. Академияның магистратурасына және докторантурасына түсетін үміткерлер келесі түсу емтихандарын тапсырады:

1) таңдауы бойынша бір шетел тілінен (ағылшын, неміс, француз);

2) мамандық бойынша.

19. Магистратураға түсу емтихандарының бағдарламасы жоғары білім беру пәндері бойынша типтік оқу бағдарламаларының негізінде жасалады.

Докторантураға түсу емтихандарының бағдарламасы магистратураның кәсіби оқу бағдарламаларының негізінде жасалады.

20. Шетел тілдерін Жалпыевропалық құзіреттілікке (стандарттарға) сәйкес меңгерген, шет тілдерді меңгергендігін куәландыратын халықаралық сертификаттары бар оқуға түсетін үміткерлер шетел тілі бойынша мынадай емтихандардан босатылады:

ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);

француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқуға үміткерлер магистратураға, докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

21. Шет тiлдерi бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің Ұлттық тестiлеу орталығы әзірленген технология бойынша жүргізіледі.

22. Магистратураға және докторантураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан алдыңғы білім деңгейінің кәсіби оқу бағдарламалары көлемінде жүргізіледі. Мамандық бойынша емтихан қабылдау түрін Академия жеке-дербес анықтайды.

23. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

24. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын жүргізу кезінде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында төрағадан және кем дегенде комиссияның екі мүшесінен тұратын апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссияның құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Апелляциялық комиссия магистратураға, докторантураға оқуға түсетін үміткерлердің түсу емтихандарының нәтижелерімен, емтихан материалдарының мазмұнымен келіспейтін, сонымен қатар техникалық себептерге байланысты арыздарын қабылдайды және қарайды

25. Магистратураға және докторантураға оқуға түсетін үміткер апелляциялық комиссия төрағасының атына түсу емтиханының нәтижелерi жарияланғаннан кейiнгі келесi күнi сағат 13.00-ге дейiн апелляцияға өтiнiш береді және апелляциялық комиссия өтiнiшті берген күннен бастап бiр күн iшiнде қарастырады.

Апелляциялық комиссия әр үміткермен жеке тәртiпте жұмыс iстейдi. Үміткер апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға берген өтiнiшi қаралмайды.

26. Апелляциялық комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыс берулер тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және комиссияның барлық мүшелерi қол қойған хаттамасымен ресiмделедi.

 

4. Магистратураға және докторантураға қабылдау тәртібі

 

27. Магистратураға және докторантураға қабылдауды Академияның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

28. Магистратураға, докторантураға мамандық және шет тілінің түсу емтихандарының жиынтығы бойынша жалпы 175-тен кем емес (осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес әрбір пән бойынша бағалаудың 100 балдық шкаласымен) балл жинаған үміткерлер қабылданады.

29. Осы Ереженің 20-тармағында көрсетiлген шет тiлдерді (ағылшын, француз, немiс) меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар үміткерлерге шет тілі бойынша түсу емтиханын бағалаудың 100 баллдық шкаласы бойынша ең жоғарғы балл есептеледі.

30. Балл жиынтығы бiрдей болған жағдайда, мамандық бойынша түсу емтиханын бағалаудың ең жоғары баллын алған үміткерлер басым құқыққа ие болады. Одан кейін таңдап алынған бейініне сәйкес келетін ғылыми жетістіктері есепке алынады ғылыми жарияланымдары, оның ішінде рейтингісі жоғары ғылыми басылымдарда; ғылыми зерттемелері туралы куәліктер; ғылыми стипендиялар, гранттар берілгендігі туралы сертификаттар; ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар немесе дипломдар.

31. Қабылдау комиссиясы хаттамасының негізінде Академияның ректоры үміткерлерді магистратураға және докторантураға оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарады, осы бұйрық үміткерлердің жеке істерін магистратурада және докторантурада оқу үшін жолдауға және оларды Академия басқаруына қызметке жіберуге негіз болады.

32. Академия магистратураға және докторантураға қабылданған қызметкерлермен осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес тәртіп бойынша білім беру қызметтерін көрсету жөнінде келісім-шарт жасасады.

33. Қабылдау комиссиясы жұмысын аяқтаған соң, күнтiзбелiк он күн iшiнде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қабылдау нәтижелері бойынша қорытынды есепті, сонымен қатар Академияның магистратурасына және докторантурасына қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерiн жолдайды.

34. Осы Ережемен реттелмеген мәселелерді қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен шешеді.

 

1-қосымша

 

Жоспарланатын диссертациялық

зерттеу бойынша негіздеме

 

1. Оқуға түсетін үміткердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), сыныптық шені/біліктілік сыныбы/арнайы атағы, лауазымы.

2. Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, болжамды отандық немесе шетел кеңесші жұмыс істейтін ЖОО.

3. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің тақырыбы.

4. Жоспарланатын диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі.

5. Ғылыми мәселенің әзірлену деңгейі.

6. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

7. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің объектісі мен пәні.

8. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің әдіснамасы.

9. Диссертациялық зерттеуден күтілетін қорытындылар, олардың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Оларды енгізу және апробациясыдан өткізудің болжанатын бағыттары.

 

Ескерту: Жоспарланатын диссертациялық зерттеу бойынша негіздеме компьютерлік техника құралдарының көмегімен 14 «Times New Roman» шрифті өлшемімен бір жоларалық интервал арқылы үш парақтан кем емес көлемде басылады.

 

__________________________________________________________
(оқуға түсетін үміткердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

 

 

 

 

«Келісілген»

 

______________________________________

(ғылыми кеңесшісінің (бар болған жағдайда)

қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

 

2-қосымша

 

Бағалаудың 100-баллдық шкаласы бойынша бағаларды

ауыстыру жүйесi

 

Бағалаудың 100-баллдық шкаласы бойынша балдар

Бағалаудың 4-баллдық шкаласы бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

Қанағаттанарлықсыз (2)

 

 

3-қосымша

 

Нысан

 

 

 

 

Білім беру қызметтерін көрсету

келісім-шарты

(магистратура/докторантуpa)

 

 

Астана қ. ________                                                             «___» 20 ___ жыл

 

Осы білім беру қызметтерін көрсету (магистратура/ докторантура) келісім-шарты бірінші тарап Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы кенті мекенжайы бойынша орналасқан (______ жылы «____»_____ № ____ мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі берген 20___ жылы «___» ________ сериясы ___ №_________________лицензия) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) атынан, бұдан әрi Академия деп аталатын Жарғы негiзiнде әрекет ететiн Құқық қорғау органдары академиясының Ректоры________________________________

(сыныптық шені, арнайы атағы (бар болған жағдайда), тегі, аты, әкесінің аты) атынан және екінші тараптан, _______________________________________________________________бұдан әрі «магистрант/докторант» деп аталатын, ______________________________________________________________ (лауазымы, сыныптық шені, арнайы атағы, біліктілік сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты) құқық қорғау органдарының қызметкері араларында жасалды.

 

1.                Келісім-шарт мәні

 

1. Академия жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес күндізгі оқыту нысаны бойынша магистратураның/докторантурасының білім беру бағдарламалары негізінде білім алушының оқуын ұйымдастыру бойынша міндеттерді өзіне алады.

Мамандықтың шифры және атауы:____________________________ _______________________________________________________________

Мерзімі ___________________________________________________

 

2.                Тараптардың құқықтары және міндеттері

 

2. Академия міндетіне алады:

1) конкурс нәтижелері бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес магистрантты/докторантты қабылдауға;

2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талаптарына сәйкес оқытуды қамтамасыз етуге;

3) оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы штаттық лауазымы (уақытша атқарған емес) бойынша лауазымдық жалақысының жетпіс пайызы мөлшерінде магистрантқа/докторантқа лауазымдық жалақы төлеуге.

3. Академия құқылы:

1) магистранттан/докторанттан осы Келісім-шартқа, Академияның ішкі тәртіп қағидаларына және Жарғысына сәйкес міндеттерін адал және тиісті түрде орындауды талап етуге;

2) магистрантқа/докторантқа оқу және жеке жоспарын орындамағаны үшін, Академияның Ішкі тәртіптік ережелерін және Жарғысын бұзғаны үшін оқудан шығаруға дейінгі тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға;

3) магистранттардың/докторанттардың оқу жетістіктерін тексеру мақсатында ағымдағы бақылау мен аралық аттестациядан өткізу түрін белгілеуге.

4. Магистрант/докторант міндетті:

1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының көлемінде білімді, іскерлікті және практикалық дағдыларды меңгеруге;

2) Академия ректорының бұйрықтары мен өкімдерін, Ішкі тәртіптік ережелері мен Жарғысын және осы Келісім-шарттың тәртібін сақтауға және орындауға;

3) отбасы жағдайы, тұрғылықты орны, телефоны өзгерген жағдайда жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталған сәттен бастап ол туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлауға;

4) оқуды аяқтаған соң құқық қорғау органдарында кемінде үш жыл қызмет етуге;

5) магистратурада/докторантурада білім алу кезеңінде келесідей жұмыстарды қамтитын жеке жұмыс жоспарын орындауға:

жеке оқу жоспарын;

ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысын (тақырыбы, зерттеу бағыты, есептілік мерзімі және нысаны);

тәжірибені (бағдарлама, база, есептілік мерзімі және нысаны);

негіздемесі мен құрылымы бар магистрлік/докторлық диссертациялар тақырыптарын;

магистрлік/докторлық диссертацияларды орындау жоспарын;

ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалар жоспарын;

Академия бекіткен мерзімдерде жеке жоспардың орындалуы туралы есеп беруді;

аралық аттестаттаудан өтуді;

магистрлік/докторлық диссертацияларды даярлауды;

диссертацияны сараптамалық кеңеске ұсынуды;

қорытынды аттестаттаудан өтуді: кешенді емтихан тапсыруды, магистрлік/докторлық диссертацияны қорғауды орындауға.

5. Магистрант/докторант құқылы:

1) магистратураның/докторантураның білім беру бағдарламасымен көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында білім беру ұйымының материалдық-техникалық құрал-жабдықтарын пайдалануға;

2) ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, оның ішінде Академияның басылымдарына өзінің жұмыстарын ұсынуға;

3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу процесін ұйымдастыру мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша кез келген түрде (жазбаша, ауызша) ұсыныстар енгізуге құқылы.

 

3.     Тараптардың жауапкершілігі

 

6. Тараптар өз міндеттерін осы Келісімшартта көзделген жағдайларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Академия Жарғысына сәйкес жауапкершілікте болады.

7. Магистрант/докторант оқудан шығып кеткен не ауысқан жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алу құқығынан айырылады.

 

4. Дауларды шешу тәртібі

 

8. Тараптар осы Келісім-шартты орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктерді және дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей қарайды.

9. Тараптар келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасасу арқылы шешілмеген мәселелерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес немесе сот тәртібінде шешеді.

 

5. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі, талаптарын өзгерту

және оны бұзу тәртібі

 

10. Осы Келісім-шарт тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және оқуды аяқтағаннан кейінгі құқық қорғау органдарында үш жыл қызмет атқарғаннан соң өзінің қолданылуын тоқтатады.

11. Осы Келісім-шарттың тәртібі тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

12. Осы Келісім-шарт бірдей заңды күші бар екі данада қазақ/орыс тілдерінде жасалады. Бір данасы Академияда қалады, 2-данасы магистранттың/докторанттың жеке ісіне тігіледі.

 

 

 

 

 

Магистрант/докторант:

Академия:

ТАӘ ____________________________

________________________________

________________________________

Жеке куәлігі № _________________
берілді _______________________

қолданылу мерзімі______________

ЖСН ____________________________
Мекенжайы _____________________
________________________________
Телефоны _______________________
Электрондық поштасы ____________

________________________________
Магистрант/докторант ________

________________________________
Қолы ___________________________

Академия ректоры _____________

______________________________

______________________________
Ақмола облысы,
Целиноград ауданы, Қосшы кенті
 

СТН _______________________
ЖСК _______________________
БСК _______________________
БСН _________________________

 

 

 

 

Қолы ________________________

 

Академияның Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиямен, Ішкі тәртіптік ережелерімен, осы Келісім-шартпен таныстым ________________________________

(магистранттың/докторанттың қолы)

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.