Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясы конкурс негізінде магистратура және PhD докторантурасына оқуға қабылдайтыны туралы хабарлайды

2017-2018 жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде:

1)  магистратураға:

6М030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша – 20 орын;

6М030300 – «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша – 20 орын;

2)  PhD докторантурасына:

6D030100 - «Құқықтану» мамандығы бойынша – 5 орын;

6D030300 - «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша – 5 орын қарастырылған.

Академияға оқуға қабылдау 2015 жылғы 13 тамыздағы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының № 101 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау ережесіне («Әділет» АҚЖ-да жарияланған) сәйкес жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2017 жылдың 10-30 шілде аралығы.

Оқуға түсу емтихандары – 2017 жылдың 10-20 тамыз аралығы.

Оқуға қабылдау – 2017 жылдың 25 тамызына дейін.

Байланыс: Астана қ., Омаров көшесі, 60-үй, 216-бөлме.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.