Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы конкурс негізінде магистратура және PhD докторантураcына оқуға қабылдайтыны туралы хабарлайды.

2016-2017 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде:

1) магистратураға:

6М030100 - «Құқықтану» мамандығы бойынша - 20 орын;

6М030300 - «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша – 20 орын;

2) PhD докторантурасына:

6D030100 - «Құқықтану» мамандығы бойынша – 5 орын;

6D030300 – «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша – 5 орын қарастырылған.

Академияға оқуға қабылдау 2015 жылғы 13 тамыздағы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының № 101 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау ережесіне («Әділет» АҚЖ - да жарияланған) сәйкес жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2016 жылдың 10–30 шілде аралығы.

Оқуға түсу емтихандары – 2016 жылдың 10–20 тамыз аралығы.

Оқуға қабылдау – 2016 жылдың 25 тамызына дейін.

Байланыс: Астана қ., Омаров көш., 60-үй, 202 бөл., тел.: 71-20-74

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.