You are here

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандум

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңдарын және Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып, өз құзыреті және өкілеттігі шегінде келісімге қол жеткізді және төмендегілер туралы осы Меморандумды жасасты:

1-бап

Осы Меморандумның мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті бұдан әрі дамыту және өркендету үшін конструктивтік, ашықтық және тиімділік қағидаларында институционалдық негіздерді қалыптастыру бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыру болып табылады.

2-бап

Тараптар ынтымақтасты дамытуды мынадай:

  • кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау;
  • кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді және кедергілерді айқындау, оларды шешу жөніндегі кешенді шараларды ұсыну;
  • кәсіпкерлік саласындағы заңдылықтың бұзылуын болдырмау және айқындау осындай бұзушылықтарға себепші болатын, кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша бірлескен шаралар қабылдау;
  • жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде бақылау-қадағалау органдарының заңсыз тексеру жүргізу фактілерін жою бойынша шаралар қабылдау;
  • кәсіпкерлік белсенділікті өркендету үшін қолайлы
    жағдай жасау және кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін анықтау;
  • кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде талдама жасау және ұсыныстар енгізу;
  • Қазақстанның бизнес-қауымдастығы өкілдерімен байланысты кеңейту, Тараптар арасындағы тұрақты ақпарат алмасу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау арқылы дамытуды қолдайды.

3-бап

Осы Меморандумның шеңберінде өзара іс-қимылдың мынадай:

  • тұрақты негізде, оның ішінде бейне конференция байланыс форматынды Тараптар ұйымдастырған, аумақтық прокурорлардың, облыстардың, Астана мен Алматы қалалары кәсіпкерлерінің палатасы, бизнес-қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен бірлескен кездесулер өткізу;
  • кәсіпкерлікті дамыту саласындағы өзара мүддені білдіретін жедел ақпаратпен алмасу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы Тараптарға жүктеген міндеттерді орындау мақсатында бірлескен жобалар әзірлеу, консультативтiк-кеңесшi органдар, жұмыс топтарын құру;
  • Тараптар құзыреті шегінде ынтымақтастықтың өзге де нысандары қарастырылады.

4-бап

Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде даулар мен түсініспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды кеңестер және келіссөздер ұйымдастыру арқылы шешеді.

5-бап

Осы Меморандумға Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумның ажырамас бөліктері болып табылатын жекелеген құжаттармен рәсімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6-бап

Осы Меморандум Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

7-бап

Меморандум белгіленбеген мерзімге жасалды және Тараптардың бірі өзінің Меморандумның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жібергенше күшінде болады. Мұндай жағдайда Меморандумның қолданысы Тараптардың бірі тиісті жазбаша хабарламаны жіберген күннен бастап, күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен күннен бастап тоқтатылған болып есептеледі.

Меморандум 2013 жылғы 23 желтоқсанда Астана қаласында мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

Тараптардың қолы:

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры

__________ А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы

___________ Т. Құлыбаев

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.