You are here

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл арасындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы Меморандум

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасындағыбаланыңқұқықтары туралы» заңдарын және «Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын басшылыққа ала отырып, өз құзыреті және өкілеттігі шегінде келісімге қол жеткізді және төмендегілер туралы осы Меморандумды жасасты:

1-бап

Осы Меморандумның мақсаты конструктивтік, ашықтық және тиімділік қағидаларындабалалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің кепілдіктерін қамтамасыз ету, балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiру үшін бірлескен және келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыру болып табылады.

2-бап

Тараптар ынтымақтасты дамытуды мынадай:

- балалардыңқұқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау;

- балалар өмірі үшін қолайлы және мейірімді ортаны қалыптастыруға кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді және кедергілерді айқындау, оларды шешу жөніндегі кешенді шараларды ұсыну;

- кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың бұзылуын және осындай бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау, балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша бірлескен шаралар қабылдау;

- балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің пайдаланылу фактілерін болдырмау бойынша шаралар қабылдау;

- кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде талдама жасау және ұсыныстар енгізу;

- азаматтық қоғам өкілдерімен байланысты кеңейту, Тараптар арасындағы тұрақты ақпарат алмасу;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау арқылы дамытуды қолдайды.

3-бап

Осы Меморандумның шеңберінде өзара іс-қимылдың мынадай:

- тұрақты негізде, оның ішінде бейне конференция байланыс форматындыТараптар ұйымдастырған, аумақтық прокурорлардың, уәкілетті мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен бірлескен кездесулер өткізу;

- балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара қажетті жедел ақпаратпен алмасу;

- Қазақстан Республикасының заңнамасы Тараптарға жүктеген міндеттерді орындау мақсатында бірлескен жобалар әзірлеу, консультативтiк-кеңесшi органдар, жұмыс топтарын құру;

- Тараптар құзыреті шегінде ынтымақтастықтың өзге де нысандары қарастырылады.

4-бап

Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде даулар мен түсініспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды кеңестер және келіссөздер ұйымдастыру арқылы шешеді.

5-бап

Осы Меморандумға Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумның ажырамас бөліктері болып табылатын жекелеген құжаттармен рәсімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6-бап

Осы Меморандум Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

7-бап

Меморандум белгіленбеген мерзімге жасалды және Тараптардың бірі өзінің Меморандумның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жібергенше күшінде болады. Мұндай жағдайда Меморандумның қолданысы Тараптардың бірі тиісті жазбаша хабарламаны жіберген күннен бастап, күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен күннен бастап тоқтатылған болып есептеледі.

Меморандум 2016 жылы21сәуірде Астана қаласында мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

Тараптардың қолы:

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры

__________ А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасындағы
Бала құқықтары жөніндегі
уәкіл

___________ З. Балиева

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.