You are here

Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулық

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы "6" қаңтардағы
№7 бұйрығымен бекітілген

НҰСҚАУЛЫҚ

жазаны орындау, арнайы мекемелерде адамдарды ұстау және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарға бақылау жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі

 

1. Жалпы ережелер

1.  Жазаны орындау, арнайы мекемелерде адамдарды ұстау және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарға бақылау жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне, «Прокуратура туралы» және «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және жазаларды орындау, арнайы мекемелерде адамдарды ұстау және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарға бақылау жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуына қадағалауды жүзеге асыруды нақтылайды. 

2.  Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы, облыс прокурорлары, оларға теңестірілген прокурорлар, қала мен аудан прокурорлары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің тергеу изоляторлары мен органдарында, арнайы қабылдауыштарда, уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қоғамдық қауіпсіздік құрылымдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторларында Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен өзге де заңнамалық актілердің нақты және біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды қамтамасыз етеді, кез-келген заң бұзушылықты анықтау және жою үшін шаралар қабылдайды.

3. Жазаны орындау, арнайы мекемелерде адамдарды ұстау және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарға бақылау жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуына қадағалау қылмыстық жазаның, өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының орындалуы кезінде қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару, әкімшілік заңнамаларының, басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларының қолданылу заңдылығын, ұсталғандардың, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғандардың, сотталғандардың, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандардың, сондай-ақ әкімшілік қадағалау белгіленген адамдардың қонституциялық құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын, арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұстаудың тәртібі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ қуғын-сүргіннен ақталған адамдарға ақшалай өтемақыларды төлеу мен жеңілдіктерді берудің тәртібін реттейтін заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етеді.

4. Осы Нұсқаулықта қолданылған негізгі ұғымдар мен шартты белгілер:

1) айыпталушы деп өзiне қатысты:

прокурор айыптау актісін бекіткен;

прокурор қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылдаған;

сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚПК-нің 617-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен процестік келісім жасасу арқылы аяқталған адам танылады;

2) арнайы қабылдауыш – әкімшілік қамауға тартылған адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған ішкі істер органдарының арнайы мекемесі;

3) арнайы мекеме – ІІМ мен ҰҚК тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторы, арнайы қабылдағыш;

4) арнайы хабарлама – төтенше жағдай туралы электронды немесе факсимильді байланыс арқылы дереу (3 сағат ішінде) жіберілетін хабарлама;

5) айыптылық бөлмелер – бір адамдық камера (бұдан әрi – БКК), тәртiптiк изолятор (бұдан әрi – ТИЗО);

6) арнаулы пошта жәшіктері – сотталғандардың лауазымды қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне шағым және арыздар келтіруі үшін жаза орындау органдары мен мекемелерде орналасқан арнаулы пошта жәшіктері;

7) әкімшілік қамалған – сотпен әкімшілік қамауға алу қолданылған адам;

8) басқарманың қызметкері – ұсталған, қамауға алынған және жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі облыстық және оған теңестірілген прокуратуралардың басқарма (бөлім) бастығы, бастықтың орынбасары, басқарманың аға прокуроры, прокуроры немесе осы қадағалауды жүзеге асыру міндеті жүктелген прокурор;

9) Департамент – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі департаменті;

10) Департамент қызметкері – Ұсталған, қамауға алынған және жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы департаментінің лауазымды тұлғасы;

11) есепте тұрған адамдар – бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға және қылмыстық-құқықтық әсер етудің өзге де шараларына сотталған, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

12) «Еңбек» РМК – «Еңбек» қылмыстық атқару жүйесінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары, «Еңбек-Өскемен», «Еңбек-Қарағанды» және оның филиалдары;

13) кешенді тексеру – бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстық жазалардың орындалуы бойынша жалпы заңдылықтың және ҚАИ мекемелері әкімшіліктері мен жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының өзара іс-әрекетінің жағдайын прокурорлық тексеру;

14) күдікті:

өзіне қатысты күдікті ретінде тану туралы қаулы шығарылған;

ҚАК-нің 131-бабының тәртібімен ұстап алынған;

өзіне қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған;

қылмыстық теріс қылық жасады деген күдіктің болуына байланысты жауап алынған адам;

15) қала (аудан) прокуроры – қалалық, аудандық прокурор, көліктегі және әскери прокурор немесе оған теңестірілген прокурор, оның орынбасарлары, аға прокурорлар және қадағалау салалары бойынша прокурорлар;

16)  қадағалаудың аймақтық қағидаты – департамент прокурорына осы Нұсқаулық талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі облыстардың жекелеген прокуратураларының қызметтеріне бақылаудың жүзеге асырылуын бекіту;

17) қадағалаудың пәндік қағидаты – департамент прокурорына прокурорлық қадағалаудың жағдайын және қылмыстық жазалардың атқарылуын, ұсталғандардың, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға   алынғандардың, сотталғандардың ұсталу тәртібі мен шарттарын реттейтін заңнамалардың жекелеген мәселелерін орындау бойынша заңдылықты тексерудің әдістемелерін әзірлеуді, талдауды және жинақтап қорытуды бекіту;

18) қызметкер – қылмыстық атқару жүйесінің, ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) қызметкері;

19) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелері (бұдан әрі – ҚАЖ мекемелері) – бас бостандығынан айыру жазасын орындауға, сонымен қатар өлім жазасына кесілген сотталғандарды ұстауға арналған мемлекеттік мекеме;

20) қадағалаудағы адам – сотпен «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Заңына  сәйкес әкімшілік қадағалау белгіленген адам;

21) МБШБ – жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату (бұдан әрі – МБШБ);

22) мамандар – қызметтің қандай да бір саласында (денсаулық сақтау, бухгалтерия, қаржы, еңбекті қорғау, әлеуметтік, өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық бағыттағы және т.б.) арнаулы білімі бар адамдар;

23) облыс прокуроры - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокурорлары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры немесе оларға теңестірілген прокурор;

24) облыс прокурорының көмекшісі – облыстардың, Астана, Алматы қалалары прокурорларының ұсталған, қамауға алынған және жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі және көмекшісі;

25) пробация қызметі – қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын және өзінің есебіндегі сотталғандардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсететін ҚАЖ органы;

26) сотталған адам – өзiне қатысты айыптау үкімі шығарылған адам;

27) күзетпен қамауға алынған адам – бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен қамау қолданылған сезікті немесе айыпталушы;

28) тергеу изоляторы (бұдан әрі – ТИ) – бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен қамауға алу қолданылған, қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ шаруашылық қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандарды, және де қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жіберілгендер мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабының (одан әрі- ҚАК) талабына сай ауыстырылғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме;

29) төтенше жағдай – табиғи не экологиялық зілзала, күдіктілер мен айыпталушылардың, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғандардың, сотталғандардың қылмыс жасау фактілері, адамдарды кепілге алу, қирату (мүлікті қасақана жою), жаппай тәртіпсіздік (екі және одан көп тұлға), топтасып қашу, дене мүшелеріне зақым келтіру, ақылы жұмыс түрін орындаудан, тамақ ішуден (аштық жариялау) бас тарту, сондай-ақ олардың заңмен белгіленген режимді бұзуға бағытталған басқа да құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасауы, арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелері әкімшілігінің талаптарын орындамауы, қызметкерлердің ұсталғандарға, әкімшілік қамауға, сонымен қатар күзетпен қамауға қамалғандарға, сотталғандарға қатысты азаптауларды, рұқсат етілмеген ықпал ету шараларын, арнаулы құралдарды қолдануы, «Еңбек» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының, пробация қызметінің қызметкерлері мен жұмысшыларының қылмыстық теріс қылық және құқық бұзушылық, сыбайлас жемқорлық қылмысы мен құқық бұзушылықтар жасауы, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің және арнайы мекемелерде ұсталған тұлғалардың зорлықпен өлтірілуі;

30) уақытша ұстау изоляторы (бұдан әрі – УҰИ) – қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 134-бабының, 149-бабының және 150-бабының 1-тармағында  (бұдан әрі ҚПК) көрсетілген айыпталушыларды, сезіктілерді және сотталғандарды күзетте ұстауға арналған арнаулы мекеме;

31) ІІО ҚҚБ – ішкі істер органдарының қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі;

32) электрондық бақылау құралдары (электрондық білезік) – тиісті бақылауды қамтамасыз етуге және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің пробация қызметінде есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамның, сонымен қатар сотпен әкімшілік қадағалау орнатылған МБШБ адамдардың жүрген жері туралы ақпаратты алуға арналған электрондық құрылғы.

5. Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына қадағалауды ұйымдастырған кезде төмендегілер прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары болып табылады:

1) құқық қорғау органдарының арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы, ұйымдасқан, терроризм мен діни экстремизм, есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарына қарсы күрес жұмыстарының үйлестірілуі;

2) ұсталғандардың, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғандардың, сотталғандардың, МБШБ және қадалауға алынғандардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы;

3) азаптауларға қарсы бағытталған заңнамалардың сақталуын, сондай-ақ ұсталғандарды, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғандардың, сотталғандарды 1955 жылғы 30 тамыздағы БҰҰ бірінші Конгресінде қабылданған Қамаудағыларды қараудың ең төменгі стандарттық ережелеріне жақын ұстау жағдайларымен қамтамасыз етілуі;

4) жазаны өтеу орындарынан босатылған адамдардың бейімделуіне бағытталған заңнаманың сақталуы;

5) ұсталғандарды, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғандардың, сотталғандарды ұстауға бөлінеген бюджет қаражаттарын пайдалану заңдылығының жағдайы. 

 6. Прокурорлық қадағалау ІІМ ҚҚБ, пробация қызметтерінде, арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі заңдылықтың жағдайына тоқсан сайын жасалатын талдау негізінде қамтамасыз етіледі.

7. Арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінің, пробация қызметтерінің, ІІМ ҚҚБ қызметіндегі заңдылықтың жағдайын тексеру жұмыс жоспарына сәйкес Бас және облыстық прокуратуралардың тапсырыстары мен тапсырмалары, төтенше жағдайлардың деректері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша тексеру тағайындау туралы қаулының негізінде жүргізіледі.

Тексеру барысында қадағалауға аясындағы органдардың қызметіндегі заңдылықтың жағдайына және прокурорлық қадағалаудың тиімділігіне баға беріледі.

8. Прокурор өз құзыреті шегінде заңдылықтың, ұсталғандардың, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғандардың, сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің анық бұзылуына дереу ықпал ету мақсатында тәуліктің кез-келген уақытында ІІО ҚҚБ, пробация қызметтерінің, арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерін тексеруге құқылы.

Қажетті кезде тексерулерге мамандар тартылады.

Тексеру нәтижелері анықтама немесе акті түрінде ресімделеді, онда тексерудің жүргізілген орны мен уақыты, тексерушінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, анықталған заң бұзушылықтар, жұмыстағы кемшіліктер мен олқылықтар, осыған әсер еткен себептер мен салдарлар, тексеру нәтижелерін іске асырудың ұсынылып отырған нұсқалары, оларды жоюдың жолдары мен тәсілдері көрсетіледі.

9. Тексеру нәтижелері туралы анықтамамен тексерілген органдардың бірінші басшылары немесе олардың міндеттерін атқарушылар, сондай-ақ осы орган қызметіне қадағалауды қамтамасыз ететін прокурор таныстырылады.

10. Жоспарлы іс-шаралар мен тексерулердің нәтижелері облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың жедел кеңестерінде, алқа мәжілістерінде, немесе Заңдылықты, құқық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде тұрақты түрде қаралады.

11. Бас прокуратурада тұрақты негізде облыс прокурорлары мен олардың орынбасарларының ұсталған, әкімшілік қамауға алынған, қылмыстық жазаны өтеуші, МБШБ және қадағалауда жүрген адамдардың құқықтарының сақталуы мәселесіне қатысты есептері тыңдалып отырады.

12. Орталық деңгейдегі органдар, мекемелер мен ведомстволарға, олардың лауазымды тұлғаларына бағытталған прокурорлық қадағалау актілері Бас прокуратура арқылы жолданады. Бұл ретте анықталған заң бұзушылықтарды нақты жоюға бақылау белгіленеді.

Қалалық, аудандық, көлік және әскери прокурорлары облыстық деңгейдегі органдар, мекемелер мен ведомстволарға, олардың лауазымды тұлғаларына бағытталған прокурорлық қадағалау актілерін облыстық немесе оған теңестірілген прокуратурасына хабарлап жолдаулары мүмкін.

 Прокурорлық ықпал ету актілерін тиісті дәрежеде қарап, шешім қабылдамау фактілері бойынша заңда қаралған ретте шаралар қабылданады.

13. Қылмыстық жазаларды атқару, ұсталғандарды, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғандарды, сотталғандарды арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұстау, сондай-ақ МБШБ және қадағалауда жүрген адамдардың жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша ҚАЖ, Ішкі істер және ҰҚК органдары шығаратын нормативтік құқықтық актілерінің, бұйрықтарының және өкімдерінің заңдылығы үнемі зерделенеді және тексеріледі.

14. Прокуратура органдарында жедел-профилактикалық есепке тіркелген адамдарға қатысты бақылау істері ашылады.

 

3.  Жазаны орындау, арнайы мекемелерде адамдарды ұстау және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарға бақылау жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру

1-параграф. Департаменттің қадағалауды ұйымдастыруы

 15. Департамент қызметкерлері:

1) Бас прокуратура мен Департаменттің Стратегиялық, операциялық және тоқсандық жұмыс жоспарларына сәйкес Бас прокуратураның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, төменгі тұрған прокуратуралармен, мүдделі министрліктер және ведомстволармен өзара іс-әрекет ету және үйлестіру арқылы қызметкерлердің лауазымды міндеттерін нақты жіктеу және тапсырылған учаскелер мен аймақтық-пәндік қағидаттар бойынша істердің жағдайына олардың әрқайсысының жеке жауапкершілігін белгілеу негізінде Республикада ұсталған, әкімшілік қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші, МБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың құқықтарының сақталуына тұрақты және пәрменді қадағалау ұйымдастырады және жүргізеді;

2) азаматтарды ақтау және қылмыстық жазаны орындау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының министрліктер мен ведомстволарының құқықтық актілеріне, Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі және Әкімшілік полициясы комитеттерінің қызметіндегі заңдылыққа – УҰИ, арнайы қабылдауыштардың қызметіндегі, сондай-ақ МБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің – ТИ қызметіндегі заңдылықтың сақталуына тікелей қадағалауды жүзеге асырады;

3) жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, жетекшілік ететін салаларда заңдылықты қамтамасыз етеді, бірлескен тексерулер жүргізу бастамасын көтереді және қылмыстық жазаның атқарылуы мен қамауға алынған адамдарды ұстау барысында заңдылық пен құқық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған өзара әрекеттесе отырып шаралар қабылдайды;

4) облыс прокурорларының ұсыныстары және сотталғандардың өтініштері бойынша үкімдердің орындалу мәселесіне байланысты қабылданған сот қаулыларының заңдылығын наразылық енгізу мақсатында зерделейді;

5) оқу семинарлары мен кеңестер, бірлескен тексерулер және облыстық прокуратураларының және оған теңестірілген ұсталған, қамауға алынған және жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалауды қамтамасыз ететін басқарма қызметкерлерін, прокурорларды тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады және өткізеді, жұмыстың оң тәжірибелерін зерделейді және таратады, қадағалауды ұйымдастырудағы кемшіліктері мен олқылықтары үшін төменгі тұрған прокурорлардың жауапкершіліктері туралы Бас прокуратураның басшылығына ұсыныстар енгізеді;

6) жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың жағдайына қадағалауды қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ қадағалаудың басымдық және аймақтық бағыттары бойынша талдау жасайды, тексерудің әдістемелерін әзірлейді;

7) Бас прокуратура басшылығының тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлардың мән-жайларын жергілікті орындарға бару арқылы тексереді;

8) жергілікті орындарда тексеру жүргізу кезінде заңдылықтың бұзылу дерегі бойынша шұғыл ықпал ету талап етілетін жағдайда прокурорлық ықпал ету актілерін дербес енгізеді;

9) Бас прокуратура басшылығының тапсырмасы бойынша төменгі деңгейдегі прокурорлардың, аймақтардағы құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қабылдаған шешімдерінің, сондай-ақ сот актілерінің заңдылығын зерделеу мақсатында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен өзге де материалдарды сұратып алады.

2-параграф. Облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілгендердің қадағалауды ұйымдастыруы

16. Облыс прокурорлары және олардың орынбасарлары:

1) ұсталған, арнайы мекемелерге орналастырылған, қылмыстық жазаны өтеуші, МБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың құқықтарының сақталуына қадағалауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің және арнайы мекемелерінің кешенді тексерулеріне қатысады.

Көрсетілген тексерулерді жүргізу барысында ұсталғандарды, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғандарды, сотталғандарды, «Еңбек» РМК-ның қызметкерлері мен жұмысшыларын жеке сұрақтары бойынша қабылдайды;

3) арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде қызметкерлердің ұсталғандарға, күзетпен қамауға алынғандарға және сотталғандарға азаптау, рұқсат етілмеген ықпал ету шараларын, арнаулы құралдарды қолдану фактілері бойынша уақытында шара қабылдау қамтамасыз етеді;

4) ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларының қызметіне көмек көрсетеді;

5) аумақтық ҚАЖ мекемесінің басшысынан ерекше жағдайлар режимін енгізуге келісуге сұраныс түскен жағдайда ол туралы дереу (бір сағат ішінде) Департамент басшыларына телефон арқылы немесе байланыстың басқа түрімен хабарлауға міндетті. 

17. Төтенше жағдайлар туралы ақпарат түскен кезде дереу 3 сағат ішінде Департаментке арнайы хабарлама дайындап, жіберуді қамтамасыз етеді, онда міндетті түрде төтенше жағдайдың орын алған күні, уақыты, орны және мән-жайы, себебі, мақсаты, тәсілі, нысанасы мен оны жасаған кезде пайдаланған құрал-жарақтары, оған қатысқан адамдардың жалпы саны, олардың тегі, аты, әкесінің аты, ҚК-тің қандай баптары бойынша тартылғаны немесе сотталғаны, жедел-алдын алу есебінде тұратындығы көрсетіледі (5 және одан да көп қатысушылар болса, олар туралы деректер арнайы хабарламаға тіркеледі).

18. Арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қажетті қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында облыс прокуратураларының тиісті құрылымдарының өзара тығыз байланыста қызмет етуіне назар аударады.

Қажетті кезде арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде тиісті режимді қамтамасыз ету шараларын әзірлеп, бірлескен тексерулерді өткізу және талдау жасауды тапсырады.

19. Облыс прокурорларының көмекшілері, басқарма қызметкерлері:

1) ҚАЖ комитеті департаменттерінің, «Еңбек» РМК, арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінің (мұндай өкілеттік облыс прокурорының өкімімен жүктелген жағдайда) қызметіндегі заңдылыққа, Ішкі істер департаментінің – арнайы мекемелерінде заңдардың, МБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдарға бақылауды жүзеге асыру заңнамасының орындалуына, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ТИ заңдардың орындалуына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамалардың қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады;

2) облыс прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімшесімен келісіп, арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде жүргізілетін жедел-іздестіру іс-шараларының заңдылығын тексереді;

3) осы Нұсқаулықтың 32-56 тармақтарының орындалуы бойынша қалалық және аудандық прокурорлардың қызметіне тікелей бақылауды жүзеге асырады.

Жазаны орындау, арнайы мекемелерде адамдарды ұстау және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарға бақылау жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды қамтамасыз етуде қалалық және аудандық прокурорларға ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетеді, облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларда машықтану және оқыту жүргізеді;

4) тұрақты түрде қоғамдық бақылау комиссияларымен, сонымен қатар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасап, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуы мәселесі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарлайды;

5) арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі ұсталған тұлғалардың құқықтарының бұзылғандығы туралы қоғамдық бақылау комиссиясы мүшелерінің және ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларының барлық өтініштері бойынша кідірмей тексерулер жүргізеді.

Заңның бұзылуы анықталған жағдайда кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты прокурорлық ықпал ету шараларын қолданады.

6) жаза орындайтын мекемелер мен органдарда орнатылған арнайы пошта жәшіктерінен сотталғандардың келіп түсетін өтініштері бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

20. Арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғандарға, сотталғандарға азаптаулардың, рұқсат етілмеген ықпал ету шаралары мен арнаулы құралдардың негізсіз қолданылғаны туралы хабарламалар немесе өтініштер келіп түскен кезде, дербес немесе прокурор, қылмыстық қудалау органдары келіп түскен арызды немесе мәлімдемені тексеріп, кейінен Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Ұсталғандарға, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғандарға, сотталғандарға арнайы құралдарды негізсіз қолдану фактісі бойынша қорытынды шығарылып, облыс прокурорының жетекшілік ететін орынбасары бекітеді.

Қорытындыда арнайы құралдардың қолданылу орны, уақыты және қолданылу мән-жайлары, сондай-ақ оларды қолданған қызметкерлер туралы деректер, арнайы құралдардың қолданылуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сілтеме көрсетіледі.

Қорытындының резолютивтік бөлігінде арнайы құралдарды қолданудың заңдылығы немесе заңдылықты бұзушылығы туралы тұжырым көрсетіледі.

Қорытындыға растайтын материалдар қоса тіркеледі.

21. Айына кемінде бір рет облыс орталықтарында орналасқан ТИ, ҰУИ және арнайы қабылдағыштарда заңдылықтың сақталуы жағдайына тексерулер жүргізеді.

Адамның қамауда заңсыз отырғаны анықталған кезде оны дереу босатуға шаралар қабылдайды.

Әр апта сайын ҚАЖ мекемелерінде және ТИ орнатылған арнайы пошта жәшіктерінен жаза өтейтін мекеменің немесе органның әкімшілік өкілінің қатысуымен сотталғандардың өтініштері алынуы тиіс.

22. Басқа елді мекендерде орналасқан УҰИ және арнайы қабылдағыштарда тексеру заңдылықтың жағдайы мен ұсталғандардың, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғандардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына байланысты жүргізіледі.

Арнайы мекемелерде тексеру жүргізгенде онда ұсталушыларға қабылдау жүргізеді. 

23. Төтенше оқиғаларды және ұсталғандарға, күзетпен қамауға алынғандарды және сотталғандарға қаруларды, арнаулы құралдарды қолдану, арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен қашуға оқталу, өзіне дене жарақатын салу және өзін өзі өлтірудің барлық фактілерін есепке алып, жүргізеді.

Төтенше жағдайлар туралы ақпаратты алған кезде дереу (бір сағат ішінде) телефон байланысымен Департаменттің  аумақтық жетекшілік ететін қызметкеріне, ал ол жоқ болған кезде – Басқарма (бөлім) және (немесе) Департамент басшылығына хабарлайды.

24. Қамауға алынғанға, күдіктіге, айыпталушыға, сотталғанға азаптаулардың, рұқсат етілмеген ықпал ету шаралары негізсіз қолданылғаны туралы факті расталған жағдайда тергеу мен анықтаудың рұқсат етілмеген тәртібімен алынған дәлелдемелерге жарамдылық бағасы сотқа дейінгі іс жүргізуде беріледі. Ұстаным тиісті өзгертулерді қажет етеді, оның ішінде айыпталушының кінәсі туралы басқа дәлелдемелер жоқ болған жағдайда, айыптаудан бас тартуға дейін.           

 25. ҚАЖ-і және ҰҚК-нің тергеу изоляторларында келесі тексеріледі:

1) айыпталушының қамаудағы мерзімінің аяқталуы мен оны қамаудан босату туралы шешімнің қабылдануы туралы тиісті органдарды уақытында хабардар ету бөлігіндегі мекеме әкімшілігінің қылмыстық-процестік заңнама талаптарының сақтауына назар аудара аударып, күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың күзетпен қамауға алынуының заңдылығы;

2) күзетпен қамауға алынғанның арызын прокурорға уақытында жіберу бөлігіндегі Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарының сақталуы;

3) материалдық-тұрмыстық жағдайлармен және медициналық-санитарлық қызмет көрсетілуінің қамтамасыз етілуі;

4) күзетпен қамауға алынғандарды, сотталғандарды тергеу изоляторларына орналастырған кезде және тергеу әрекеттері мен сот талқылауынан кейін әрбір кері қайтарылғанда, дене жарақатының болу-болмауына уақытында медициналық куәландырудың жүргізілуі;

5) күзетпен қамауға алынғандардың және сотталғандардың арасында туберкулездің таратылуына қарсы бағытталған нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуы;

6) инженерлік-техникалық күзет құралдары мен ғимараттардың қойылатын талаптарға сәйкестігі;

7) ұсталғандарды, тергеумен күзетпен қамауға алынғандарды және сотталғандарды ұстауға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдаланудағы заңдылықтың жағдайы;

8) 48 сағат ішінде күзетпен қамауға алынғандарды бір адамдық камераға қамаудың заңдылығы;

9) күзетпен қамауға алынғандардың уақытша ұстау изоляторларынан тергеу изоляторына уақытында қайтарылуы;

10) сотталғандардың тергеу изоляторларынан қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріне уақытында жіберілуі;

11) күзетпен қамауға алынғандарды бөлек орналастыру мәселелерін реттейтін заңнама талаптарының сақталуы;

12) сотталғандарды шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарын орындау үшін қалдырудың заңдылығы;

13) сотталғандарды қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге ауыстыру, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру, ұстау режимін қасақана бұзушыларды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріне жіберу туралы мәселелердің уақытында қаралуы және заңдылығы;

14) күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға жазаларды тағайындау мен оларды көтермелеудің заңдылығы;

15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін заңнама талаптарының сақталуы.

26. Шаруашылық жұмыстарын орындау үшін ТИ қалдырылған сотталғандарға қатысты үкімді орындауға байланысты мәселелердің бірінші сатыдағы сотта қаралуы кезінде, сондай-ақ үкімнің орындалуына байланысты мәселелерді шешу кезінде шығарылған сот қаулыларына келтірілген арыздар мен наразылықтарды апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттарда қараған кезде міндетті түрде қатысады.

Облыс прокурорының өкімімен үкімнің орындалуына байланысты мәселелерді қарауда сотқа қатысуды, мемелкет мүддесіне өкілдік ету және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын облыстық прокуратураның тиісті бөлімшесіне және оған теңестірілген, немесе қалалық (аудандық) прокурорларға жүктелуі мүмкін.

27. УҰИ-да және арнайы қабылдағыштарда тексеру осы Нұсқаулықтың 40-48 тармақтарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

28. Түзету мекемелерінде тексеру осы Нұсқаулықтың 33-39-тармақтарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

29. БШБ, әкімшілік қадағалаудағы адамдардың жүріс-тұрысына бақылауды қамтамасыз ету, қылмыстың қайталануын алдын алу мақсатында, жарты жылда бір рет қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған, соның ішінде басқа аймақтардағы, тұрғылықты мекенжайларына келген МБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың саны туралы, олардың қайталап жасаған қылмыстары туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері Ішкі істер департаменттерінің мәліметтерімен салыстырылып тексеріледі.

30. Жазаны орындау, арнайы мекемелерде адамдарды ұстау және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарға бақылау жүргізу кезінде заңдылықтың жағдайына қадағалауды қамтамасыз етуге тоқсан сайын талдау жүргізіледі.

31. Азаматтарды жаппай саяси қуғын-сүргіндерінен ақтау мәселелерін реттейтін заңнамалардың қолданылуы жыл нәтижесі бойынша жинақтап қорытылады.

3-параграф. Қалалық және аудандық прокуратуралардың қадағалауды ұйымдастыруы

32. Қалалық және аудандық прокурорлар:

1) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде, УҰИ, арнайы қабылдағыштардың қызметіндегі заңдылыққа, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық жазалардың, өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының атқарылуы заңдылығына, МБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдарды бақылау тәртібі заңнамасының, ақталған азаматтарға ақшалай өтемақыларды төлеуді және оларға жеңілдіктерді беруді реттейтін заңдардың сақталуына қадағалауды жүзеге асырады;

2) қызметкерлердің ұсталғандарға немесе әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғандарға, сотталғандарға арнаулы құралдар мен күш қолдануы туралы ақпарат оқиға орнына барып, арнайы қабылдағыштар мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелері әкімшіліктерінің іс-әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін қалалық және аудандық прокурорлар бекіткен қорытынды жасау жолымен тексереді.

Қорытынды облыс прокурорының жетекшілік ететін орынбасары бекітілген қорытындылардың талаптарынан басқа осы Нұсқаулықтың 20-тармағында көрсетілгендей тәртіп бойынша әзірленеді.

Арнайы немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде азаптаулардың, рұқсат етілмеген ықпал ету шараларының қолданылғаны туралы мәліметтер бар болғанда немесе өтініштер келіп түскен кезде, тексеру азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерi туралы өтініштердің тексеру тәртібін сотқа дейінгі тергеп-тексерулерге негіз болатын жағдайда Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп жүзеге асырылады;

3) ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметіне көмек беру бойынша шаралар қабылдайды, олардың құқықтарының бұзылу деректері бойынша қолданыстағы заңдарға сәйкес кідіртпей тексеру жүргізіледі.

Тексеру нәтижесі бойынша негізділігі бар болған жағдайда кідірмей, үш жұмыс күні ішінде алдын алу тетігінің баруына жатқызылған қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінің және өзге де ұйымдардың кінәлі лауазымды тұлғаларына қатысты құжаттар жинақталады және сотқа жолданады;

4) ұсталған, қамауға алынған және түзеу мекемелерінде жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталу мәселесі бойынша қоғамдық бақылау комиссияларымен, сонымен қатар ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының үнемі қарым-қатынаста болып, бірлескен іс-шаралар жоспарлайды.

ҚАЖ органдарының және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі ұсталған тұлғалардың құқықтарының бұзылғандығы туралы қоғамдық бақылау комиссиясы мүшелерінің, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының өтініштері бойынша кідірмей тексерулер жүргізіледі;  

5) әр апта сайын ҚАЖ мекемелерінде және ТИ орнатылған арнайы пошта жәшіктерінен жаза өтейтін мекеменің немесе органның әкімшілік өкілінің қатысуымен сотталғандардың өтініштері алынуы тиіс. Бұл өтініштердің әрі қарай қаралуы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

33. Жарты жылда бір рет облыс прокурорының немесе оның орынбасарының қатысуымен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде кешенді тексерулер жүргізеді.

34. Сотталғанды айыптау бөлмесіне орналастыру немесе ауыстыру туралы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесі әкімшілігімен қабылданған қаулының заңдылығы мен негізділігін 48 сағат ішінде тиісті қорытынды жасау жолымен тексереді.

Ай сайын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде сотталғандарды айыпталу орындарында ұстау жағдайын тексереді.

Тексеру нәтижесі анықтамамен ресімделеді, сондай-ақ тексеру жүргізілген органның тиісті журналына күнін, уақытын, режимнің температурасын, ауаның ылғалдылығын, айыптылық орындарында (ТИЗО және БКК қамалған адамдардың санын жеке көрсетіп) ұсталған адамдардың және шағымданған сотталғандардың жалпы санын көрсетіп, тексеру жүргізгені туралы қысқаша жазба толтырады. 

35. Ай сайын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде сотталғандарды, колония қызметкерлерін және «Еңбек» РМК жұмысшыларын жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

36. Сотталғандар арасында құқық бұзушылық пен қылмысқа қарсы әрекеттердің, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.

37. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және басқа да қабылданған процессуалдық шешімдердің заңдылығына қадағалауды қамтамасыз етеді, мұндай қылмыстық істерді қараған кезде соттарға қатысады.

38. Төтенше жағдай туралы ақпарат алған кезде телефон байланысымен (бір сағат ішінде) дереу облыс прокурорының көмекшісіне, басқарма қызметкеріне хабарлайды.

39. Тұрақты негізде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемлеріндегі заңдылыққа келесі қадағалауды жүзеге асырады:

1) тиісті материалдық-тұрмыстық жағдайлармен және медициналық-санитарлық қызметтің көрсетілуінің қамтамасыз етілуіне;

2) режимдік талаптардың қамтамасыз етілуіне, қалыптасқан жазалау тәжірибесін талдау жасалуына;

3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесі әкімшілігінің сотталғанды мерзімінен бұрын шартты түрде босату, жазасының өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінің түрін өзгерту бойынша немесе тағайындалған жазаның мерзімін қысқарту шараларды уақытында қабылдауына;

4) сотталғанның қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесіне әрбір келу кезінде дене жарақаттарының болу-болмауына медициналық куәландырудың уақытылы жүргізілуіне;

5) ауруына байланысты босатуға ұсынуы туралы мәселені қарай отырып, ауыр науқасты сотталғандарды арнаулы медициналық комиссиямен куәландыруды уақытылы өткізуіне;

6) сотталғандардың арасында туберкулездің, басқа да жұқпалы аурулардың таратылуына қарсы бағытталған нормативтік құқықтық актілердің талаптарының сақталуына;

7) кәмелетке толмағандар мен зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға арнаулы мемлекеттік және зейнеткерлік жәрдемақылардың есептелуіне шаралардың қабылдануына;

8) сотталғандардың ақылы жұмыспен қамтамасыз етілуіне;

9) сотталғандарды ұстауға бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалану заңдылығына;

10) инженерлік-техникалық күзет құралдары мен ғимараттардың қойылатын талаптарға сәйкес болуына;

11) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалардың қолданылуына;

12) мекеме әкімшілігінің шығарған қаулыларының, бұйрықтары мен өкімдерінің заңдылығына;

13) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін заңнамалардың сақталуына.

Ескерту: осы тармақтың 1), 4)-11) тармақшалары бойынша қажет болған жағдайда тексеруге мамандар тартылады.

40. Ұсталғандардың, күдіктілердің ҚПК-нің, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің нормаларында көзделген конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталуы қамтамасыз етіледі, процессуалдық құжаттардың уақытында және толық ресімделуі мен олардың арнайы қабылдағыштарға және УҰИ-на ұсынылуы тексеріледі.

41. Жұмыс істейтін (оқу орындарында оқитын) және тұрақты мекен жайы бар, бас бостандығынан айыру жазасы көзделмеген немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған сезіктілерді УҰИ-да ұстау заңдылығына назар аударылады.

42. Нақты ұсталғанды УҰИ-да уақытында орналастырмау туралы мәліметтер болған немесе өтініштер түскен кезде:

күдікті оқшаулау және ұстау хаттамасының нақты толтырылуы уақытының сәйкестігіне қатысты құқық қорғау немесе арнайы органының кезекші бөліміне Жеткізілген адамдарды есепке алу кітабы зерделенеді;

әкімшілік тәртіпте жеткізілген және ұсталған адамдарға арналған, ұсталған адамдарды талқылауға арналған бөлмелер тексеріледі;

тұлғаның тұрған жерінен бастап нақты ұсталған кезеңі оның ҰУИ-на дейін жеткізілуі, сонымен бірге процессуалдық құжаттарды (жауап алу, көрсетілімдерді болған жерде тексеру, тінту және басқа) зерделеу арқылы анықталады;

кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу орталықтарында, қабылдау-тарату орындарында, бейімдеу және детоксикация орталықтарында қарсы тексеру жүргізіледі, ҚПК-і нормаларының тәртібінде ұсталғандардың және көрсетілген мекемелерге орналастырылған адамдардың тізімін салыстырып тексеру тәжірибесі қолданылады.

43. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынғандарды қамаудан босату туралы процессуалдық мерзімдер өткен кезде тергеушінің, анықтаушының немесе ұстау орындары әкімшілігі басшысының уақытында шешім қабылдауы бөлігіндегі қылмыстық-процестік заңнама нормаларының сақталуы қамтамасыз етіледі.

Ұсталғанның, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғанның жеке ісінде тиісті қаулы болмаған жағдайда бұл адамдарды қамаудан босату және аталған лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктері туралы мәселе шешіледі.

44. Ұсталғандарға әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғандарға УҰИ азаптаулардың, рұқсат етілмеген ықпал ету шараларының, арнаулы құралдардың қолданылғаны туралы мәліметтер және өтініштер келіп түскен кезде, тексеру азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерi туралы өтініштерді тексеру тәртібін Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне өтініш пен арызды тіркеу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

45. УҰИ-ын тексеру барысында келесі мәселелерге назар аударылады:

1) нақты ұстағаннан кейін тергеушінің немесе анықтаушының ұстау хаттамасын толтыруына, онда адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы оның қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталғанын ауызша хабарлауы, оған қорғаушы шақыру құқығын, үнсіздік сақтау құқығын және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылуы мүмкін екендігі түсіндірілгенін тексереді;

2) ұсталғанның қорғаушыны шақырту және оның қатысуымен жауап беру құқығының сақталуына;

3) ұсталғанға өзінің ұсталғандығы және ұсталу орны туралы телефонмен немесе өзге де тәсілмен өзінің тұрғылықты жері немесе жұмысы орнына дереу хабарлау құқығының берілуі және түсіндірілуі, кәмелетке толмағанның ұсталғаны туралы туысқандарына уақытында хабардар ету және оны ата-аналарының, қамқоршыларының қарауына беру мәселесін қарау шараларының қабылдануына;

4) егер де ұсталған басқа мемлекеттің азаматы болған жағдайда дереу елшіліктің, консулдық немесе мемлекеттің өзге өкілдігінің хабарландырылуына, ал, ол мүмкін болмаған жағдайда, 24 сағат ішінде хабарлауы тиіс;

5) ұсталғанның және күзетпен қамауға алынғанның арызын прокурорға уақытында жіберу бөлігіндегі ҚПК-тің талаптарының сақталуына;

6) күдіктілер мен айыпталушыларды УҰИ-да ұстау негізділігі бөлігіндегі ҚПК-тің талаптарының сақталуына;

7) ұсталғандардың және күзетпен қамауға алынғандардың арасында туберкулездің, басқа да жұқпалы аурулардың таратылуына қарсы бағытталған нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына;

8) ұсталғандарды УҰИ-да әрбір орналастырған кезде дене жарақаттарының болу-болмауына медициналық куәландырудың уақытында жүргізілуіне;

9) инженерлік-техникалық күзет құралдары мен ғимараттардың қойылатын талаптарға сәйкес болуына;

10) ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынғандарды және сотталғандарды ұстауға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдаланудағы заңдылықтың жағдайына;

11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін заңнама талаптарының сақталуына;

12) жедел-іздестіру қызметін жүргізуде заңдылықтың сақталуына.

46. Арнайы қабылдағыштарды тексеру барысында келесі мәселелерге назар аударылады:

1) жеткізілген тұлғаларды тіркеу тәртібіне (соттың қамауға алу туралы қаулысы, жеке тінту хаттамасы, құжаттар, жеке куәлік, қылмыстық теріс қылық үшін қамауға алу жазасын тағайындау туралы сот үкімі);

2) материалдық-тұрмыстық жағдайлармен және медициналық-санитарлық қызметтің көрсетілуінің тиісінше қамтамасыз етілуіне;

3) әкімшілік қамауға алынғандардың арасында туберкулездің, басқа да жұқпалы аурулардың таратылуына қарсы бағытталған нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына;

4) қамауға алынғанды дәрігерлік ұйымдарға жіберу негізділігі және ол жөнінде прокурор мен судьяға уақытылы хабарлауына;

5) инженерлік-техникалық күзет құралдары мен ғимараттардың қойылатын талаптарға сәйкес болуына;

6) әкімшілік қамауға алынғандарды ұстауға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдаланудағы заңдылықтың жағдайына;

7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін заңнама талаптарының сақталуына.

47. УҰИ-да тексеру күн сайын жүргізіледі, ал арнайы қабылдағыштарда аптасына бір рет, олардың нәтижелері тексерулерді есепке алудың арнайы журналында көрсетіледі.

Қажет болған жағдайда тексеруге мамандар тартылады.

Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тексерумен анықталған фактілерді көрсетіп, анықтама жасалады.

Тексерулерді түнгі уақытта, мерекелік және демалыс күндері, оның ішінде бейнекамераны пайдаланып жүргізу тәжірибесі қолданылады.

48. Тексеру жүргізу кезінде ұсталғандар, қылмыстық теріс қылық  үшін қамауға алынғандар, әкімшілік қамауға алынғандар жеке сұрақтары бойынша қабылданады.

49. Тоқсан сайын бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалар мен қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларының мүлтіксіз атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында соттардың бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларына сотталған адамдардың саны туралы деректерін пробация қызметінің есепке тіркелген адамдардың саны туралы мәліметтерімен салыстырылуы қамтамасыз етіледі.

50. Кемінде жарты жылда бір рет пробация қызметіндегі заңдылықтың жағдайына тексеру жүргізіліп, соның барысында келесі мәселелерге назар аударылады:

1) есепке алынған адамдарға қатысты бақылау істерінің уақытында ашылуына;

 2) бақылау істерінің құрастырылуы мен есепке алынған адамдарға бақылаудың жүзеге асырылуы тәртібін реттейтін ведомстволық бұйрықтар мен нұсқаулықтардың орындалуының жағдайына;

 3) ішкі істер органдарымен бірлесіп, есепке алынған адамдарға бақылаудың жүзеге асырылуы тәртібін реттейтін ведомстволық бұйрықтар мен нұсқаулықтардың орындалуының жағдайына;

 4) есепке алынған адамдардың тұрғылықты жері бойынша болмауының уақытында анықталуына және оларға іздестіру жариялау шараларының қабылдануына;

 5) жазаны өтеуден қасақана жалтарған және бақылаудан жасырынған есепке алынған адамдарға тиісті шаралардың қабылдануына;

 6) есепке алынған адамдардың арасындағы қылмыстың қайталануы мен құқық бұзушылыққа қарсы күрес жұмыстарының жағдайына;

 7) есепке алынғандардың қоғамдық және түзеу жұмыстарына нақты тартылуына;

 8) уәкілетті мемлекеттік, сондай-ақ атқарушылық органдардың тарапынан есепке алынған адамдардың жүріс-тұрысына және оларға әлеуметтік көмек көрсетілуіне пробациялық бақылаудың жүзеге асырылуы тәртібіне;

 9) электрондық білезіктерді қолдану кезіндегі заңдылықтың жағдайына.

 51. Кемінде жарты жылда бір рет ІІО ҚҚБ қызметіндегі заңдылықтың жағдайына тексеру жүргізіліп, соның барысында келесі мәселелерге назар аударылады.

 1) МБШБ босатылған адамдарға бақылауды жүзеге асыру кезінде заңдылықтың жағдайына;

 2) МБШБ босатылғандарға қатысты уақытында бақылау істерінің ашылуы мен профилактикалық есепке алынуына;

 3) МБШБ босатылған адамдардың тұрғылықты жеріне келуі мен есепке алынуы туралы ҚАЖ органдарының хабардар етілуіне;

 4) МБШБ босатылғандарға бақылаудың жүзеге асырылуы тәртібін реттейтін Ішкі істер министрлігінің бұйрықтары мен нұсқаулықтарының орындалу жағдайына;

 5) соттың оларға жүктеген міндеттері бойынша шектеу мерзімдері белгіленуінің сақталуына;

 6) бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған немесе міндеттерін атқарудан қасақана жалтарған МБШБ босатылған адамдарға қатысты тиісті шаралардың қабылдануына;

 7) МБШБ босатылған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасауын алдын алу бойынша шаралардың толық қабылдануына;

 8) «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Заңының, әкімшілік қадағалаудағы адамдарға бақылаудың жүзеге асырылуының тәртібін реттейтін ІІМ бұйрықтары мен нұсқаулықтарының орындалуы кезінде заңдылықтың сақталуына;

 9) қадағалауда жүрген адамның уақытында профилактикалық есепке алынуына және әкімшілік қадағалауды белгілеу туралы қаулы келіп түскен түзеу мекемесіне бұл туралы хабардар етілуіне;

 10) қадағалауда жүрген адамның таңдаған тұрғылықты жеріне белгіленген мерзімде келмеген жағдайда тиісті шаралардың қабылдануына;

 11) қадағалауда жүрген адамдарға қатысты қолданылатын шектеулердің белгіленуінің заңдылығына;

 12) қадағалауда жүрген адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауын алдын алу бойынша шаралардың толық қабылдануына;

 13) қадағалауда жүрген адамдардың әкімшілік жауапкершілікке тартылуының заңдылығына;

 14) қадағалауда жүрген адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу кезеңінде шаралардың уақытында қабылдануына;

 15) бақылаудағы істердің уақытында тоқтатылуына.

 52. МБШБ, әкімшілік қадағалаудағы адамдардың жүріс-тұрысына бақылауды қамтамасыз ету, қылмыстың қайталануын алдын алу мақсатында жарты жылда бір рет МБШБ босатылған және мекемелерден босатылған қадағалауда жүрген адамдардың саны туралы, олардың қайталап жасаған қылмыстары туралы, соның ішінде әкімшілік қадағалау белгіленген адамдардың саны туралы соттар, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің аумақтық бөлімшелері және ішкі істер органдары арасындағы деректерге салыстыру жүргізіледі.

 53. Қалалық, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар қалаларының әкімдіктерінде сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту үшін объектілерді айқындау туралы шешімнің қабылданғаны тексеріледі.

 54. Өкілетті органдарында ақталған азаматтарға ақшалай өтемақылар мен жәрдемақылардың төленуінің және жеңілдіктердің берілуінің тәртібін реттейтін заңнамалардың сақталуына қадағалау жүзеге асырылады.

 55. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларымен белгіленген міндетті санаттағы азаматтық істер бойынша сотта қарау барысында мемлекетік мүддесіне өкілдік етеді.

 56. Заңмен белгіленген мерзімдерде үкімнің орындалуы тәртібінде шығарылған сот қаулыларының заңдылығы тексеріледі, апелляциялық наразылықтар келтіріледі, мерзімді өткізіп алған жағдайда облыстық немесе оған теңестірілген прокуратураға кассациялық наразылық енгізу жөнінде ұсыныс енгізіледі.

4.  Жазаны орындау, арнайы мекемелерде адамдарды ұстау және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарға бақылау жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурорлардың өзара іс-әрекет етуі мен уәкілеттіктерінің жіктелуі

 57. Департамент, облыстық және оған теңестірілген прокуратуралардың бөлімшелері, қалалық, аудандық, көлік, әскери прокурорлар ұсталған, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші, МБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың құқықтарының сақталуына қадағалауды өзара іс-әрекет ету және функцияларының жіктелуі арқылы қамтамасыз етеді.

58. Бас әскери прокурор, оның жетекшілік ететін орынбасары, көмекшілері, өңірлік және гарнизондық әскери прокурорлар әскери полиция органдары гауптвахталарындағы, теңіз кемелері капитандарының, шекара жасақтары бастықтарының айқындаған орындарындағы адамдардың ұсталуы, Қылмыстық кодексте көзделген әскери қызметшілерге қатысты бас бостандығығнан оқшалаумен байланысты емес жазалардың атқарылуына, ҚАИ-ның түзеу мекемелерін күзету бойынша ІІМ Ұлттық гвардия қызметіне, бақылау қызметіне және сотталғандарды айдауылдау жөніндегі заңдылықтың сақталуына, сондай-ақ әскери трибуналдармен сотталған азаматтардың жаппай саяси қуғын-сүргіндерінен ақталуына қадағалауды жүзеге асырады.

Төтенше жағдайлар кезінде (күзетпен қамауға қамалғандар және сотталғандар жол бойында қылмыс пен құқық бұзушылық жасағанда), қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі инженерлік-техникалық күзет құралдарының талапқа сәйкес болуының, бақылау қызметінің, әскери қызметшілерге бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауға байланысты мәселелері бойынша әскери прокурорлардың және ұсталған, қамауға алынған және жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі прокуратураның басқармасымен (топтармен), қалалық (аудандық) прокурорлармен бірлесіп тексеру тәжірибесін қолданады.

 59. Бас көлік прокуроры, оның көмекшілері және көлік прокурорлары осы Нұсқаулықтың 40-45-тармақтарының ережелеріне сәйкес көліктегі ішкі істер органдарының УҰИ-ның қызметіне қадағалауды жүзеге асырады.

 60. Облыс, қала, аудан прокуратурасының жедел-іздестіру қызметіндегі заңдылықты қадағалау бөлімшесі ҚАЖ комитетінің аумақтық департаменттері мен тергеу изоляторларындағы және Ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларында жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.

 61. Облыс прокурорларының көмекшілері, басқарма қызметкерлері:

 1) халықаралық шарттардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшемен өзара іс-әрекет етіп, шетел мемлекеттері әділет мекемелерінің, олардың аумағында үкімді орындау туралы талаптары (өтініштері) орындалуының, сондай-ақ күзетпен қамауға алынғандардың және сотталғандардың қамауда ұсталуы мен шетел мемлекеттеріне транзиттік тасымалдануының заңдылығы қамтамасыз етіледі;

 2) қылмыстық іс-жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшемен өзара іс-әрекет етіп, бірге күзетпен қамауға алынғандарға, сотталғандарға, «Еңбек» РМК қызметкерлері мен жұмыскерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істердің алдын ала тергелуі мен сотта қаралудың барысы мен нәтижелері туралы ақпараттың жолдануын қамтамасыз етеді.

 62. Бас Прокурордың бұйрықтары мен нұсқауларымен басқасы анықталмаса, прокурорлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы өздері қозғаған істер сотта қаралған кезде тікелей қатысады және осы істер бойынша сот актілері заңдылығының тексерілуін қамтамасыз етеді, апелляциялық наразылықтар келтіреді.

 63. Тоқсан сайын жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылаудағы заңдылықтың жағдайына қадағалаудың қамтамасыз етілуіне талдау жасалады.

5. Қорытынды ережелер

64. Жазаны орындау, арнайы мекемелерде адамдарды ұстау және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарға бақылау жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі прокуратура органдары қызметін бағалаудың негізгі өлшемдері болып мыналар айқындалсын:

1) қылмыстық жазаны өтеу және қылмыстық мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде заңның үстемдігін қамтамасыз ету;

2) ұсталғандардың, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғандардың, сотталғандардың, МБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін мүлтіксіз сақтау;

3) азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн болдырмау.

65. Облыс прокурорлары Департаментке әр айдың 30-на төтенше оқиғалар және ұсталғанға, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғанға, сотталғанға қатысты қарудың, арнаулы құралдардың қолданылуының, мамандандырылған және түзеу мекемелерінен қашуға оқталудың (қашудың), өзіне дене жарақатын салуы мен қол жұмсауының барлық фактісі бойынша тексерулердің нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпараттар жолдайды.

 66. Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың жағдайына қадағалаудың қамтамасыз етілуі бойынша тоқсан сайын жүргізілген талдаулар, тоқсан аяқталғаннан кейін келесі айдың белгіленген күніне ұсынылады:

 қалалық және аудандық прокурорлар облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларға 1-не;

 облыстық прокурорлар Департаментке 5-не;

 67. Департамент және облыс прокурорлары жартыжылдық және жылдық жұмыс қорытындылары бойынша осы Нұсқаулықтағы заңдылықтың бұзылуына септігін тигізген себептер мен жағдайлары белгіленіп, оларды жоюдың жолдары айқындалған 5-тармақтың 1)-3)-тармақшаларында көрсетілген әрбір басымды бағыттар бойынша заңдылықтың жағдайын жинақтап, талдайды.

 Облыс прокурорлары талдау бойынша ақпараттарды Департаментке 5 шілдеге және 5 қаңтарға жолдайды.

 Департамент және облыс прокурорлары ұсталғандарды, әкімшілік қамауға және күзетпен қамауға алынғандарды, сотталғандарды ұстауға бөлінген бюджеттік қаржының қолданылуындағы заңдылықтың жағдайын, сондай-ақ бас бостандығынан оқшалау орындарынан босатылған тұлғаларды бейімдеуге бағытталған заңнамалардың сақталу мәселесін жыл қорытындысы бойынша жинақтап талдайды.

 Облыс прокурорлары аталған талдау бойынша ақпаратты Департаментке 1 наурызға және 5 қаңтарға жолдайды.

 68. Департамент және облыс прокурорлары қадағалауды ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерінің бастамашылығы мен енгізілуі, қадағалау қызметінің оң тәжірибесінің таратылуы, басқарма және қалалық (аудандық) қызметкерлердің біліктілігінің арттырылуы бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

 69. Арнайы және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі заңдылық пен құқық тәртібінің жағдайын, сондай-ақ прокурорлардың қадағалау қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы прокуратура органдарының беделін арттыру жөнінде жұмыстар мақсатты түрде жүргізіледі.

 70. Департамент пен облыс прокурорлары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы С. Есқараев атындағы прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық тәртібін зерттеу Институтымен, басқа да жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен, ғалым-заңгерлермен қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру бойынша өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.