You are here

«Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ нысанды есепті және оны құрастыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 7 қазандағы № 109 бұйрығына өзгер

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Уәкілетті органдармен
әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау
нәтижелері туралы» № 1-ӘІ нысанды есепті және оны құрастыру бойынша
Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының 2014 жылғы
7 қазандағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ нысанды есепті және оны құрастыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 7 қазандағы № 109 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9856 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 11 желтоқсанда жарияланған) бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 2014 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа кодексінің қабылдауына байланысты уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау жөнінде бірыңғай есепті қалыптастыру мақсатында, «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:»;
аталған бұйрықпен бекітілген «Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ нысанды есепті қалыптастыру бойынша Нұсқаулықта:
2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«2. № 1-ӘІ нысанды есеп жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөніндегі қосымшаларымен (1-ӘҚБ, 2-ӘҚБ, 3-ӘҚБ) «Жинақ есеп» А кестелерінен (әкімшілік тәжірибенің әр субъектісі бойынша бөлімдерімен), «Әйелдер жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» А кестесінің қосымшасынан, «Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөніндегі арыздарды қарау» Б кестесінен (жинақ есепке қоса беріледі) облыстық және оларға теңестірілген бірінші сатыдағы соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жұмыстары туралы тараулардан тұрады.».
 
Республика бойынша, сондай-ақ аймақтар және әрбір әкімшілік тәжірибе субъектісі бойынша № 1-ӘІ нысанды есептің А және Б кестелері «Арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің орталықтандырылған деректер банкінің деректері (бұдан әрі – АЕА АЖ ОДБ ) негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) орталық аппаратында автоматтандырылған режимінде қалыптастырылады.»;

8-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
  «8. № 1-ӘІ нысанды есеп тоқсан сайын есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күнінде Комитеттің сайтында орналастырылады.»;

12-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
  «12. Есепті мерзімде тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 1-бағанда көрсетіледі.

Өткен жылдың ауыспалы істерін ескере отырып есепті мерзімде қаралған әкімшілік істердің саны 2-бағанда көрсетіледі.
Орган қараған және сот қараған, 2-бағанның қаралған істері 3 және 4-бағанда көрсетіледі.
 
5-бағанда әкімшілік жауапкершілікке тартылу туралы шығарылған қаулыларға қатысты адамдардың саны көрсетіледі.
 
6 және 7-бағандарда 5-бағаннан тартылған тұлғалардың саны көрсетіледі, жеке және заңды тұлғалар.
 
Әкімшілік өндірісті тоқтату туралы қаулыны шығару жөніндегі істердіңсаны 8-бағанда көрсетіледі.
 
Жазаға тарту туралы қаулыны шығару жөніндегі істердің саны 9-бағанда көрсетіледі.
көрсетіледі.
Негізгі және қосымша жазалау шаралары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) баптарының ведомстволық бағыныстағы санкцияларға байланысты көрсетіледі.
Келесі бағандарда мемлекетке тигізілген залалдың, мемлекеттің есебіне өтелген, салынған және ерікті түрде өтелген айыппұл (теңгеде) сомалары, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жөніндегі қысқартылған өндіріс бойынша өтелген айыппұл сомасы, ҚР ӘҚБтК 819-бабының 2-бөлігін қолдана отырып қаулылардың саны, мәжбүрлі түрде орындауға жіберілген қаулылар саны, мәжбүрлі тәртіпте орындалған әкімшілік өндірістердің саны (тұлғалар) орындалған айыппұлдар бойынша қаулылар саны, әкімшілік жауапкершілікке тартылған жеке тұлғаларды, кәмелетке толмағандардың (кәмелетке толмағандар туралы істерді қарауға құзыреттілігі болған жағдайда) және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының (ҚР ӘҚБтК 30-бабы) саны көрсетіледі.».
 
А кестесінің тараулары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
  1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы ресми      нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
  3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын;
  4) осы бұйрықты мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субьектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберілуін қамтамасыз етсін 
 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

 

ТіркемеКөлем
PDF icon prilozhenie_k_prikazu692.71 KB
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.