You are here

«Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» №1-ӘІ нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгертулер енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
 2014 жылғы 7 қазандағы № 109
«Уәкілетті органдардың әкімшілік
 құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді
қарау нәтижелері туралы» №1-ӘІ

нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі
Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгертулер
енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармағын және «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 15-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

1. «Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 7 қазандағы №109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9856 санымен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 11 желтоқсанда жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген «Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ нысанды есепте:

16-тараудың атауы келесі редакцияда жазылсын:

«16-тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің органдары бойынша»;

 «Әкімшілік істерді қарау бойынша бірінші саты соттарының жұмысы туралы» № 1-ӘҚБ (сот), «Әкімшілік істерді қарау бойынша облыстық және оған теңестірілген соттардың жұмысы туралы есеп» № 2-ӘҚБ (сот), «Әкімшілік істерді қарау бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жұмысы туралы есеп» № 3-ӘҚБ (сот) тараулары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

«Әкімшілік істерді қарау бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жұмысы туралы есеп» № 4-ӘҚБ (сот) тарауы алынып тасталсын;

«Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөніндегі арыздарды қарау» Б кестесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

аталған бұйрықпен бекітілген «Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ нысанды есепті құру жөніндегі Нұсқаулықта:

2-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

«2. № 1-ӘІ нысанды есеп жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөніндегі қосымшаларымен (1-ӘҚБ, 2-ӘҚБ, 3-ӘҚБ) «Жинақ есеп» А кестелерінен, «Әйелдермен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» А кестесінің қосымшасынан, әкімшілік тәжірибенің әр субьектісі бойынша тараулардан, «Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөніндегі арыздарды қарау» Б кестесінен (жинақ есепке қоса беріледі)облыстық және оларға теңестірілген бірінші сатыдағы соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жұмыстары туралы тараулардантұрады.»;

3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«3. Соттардың жұмысы туралы тараулар Қазақстан Республикасы сот органдарының электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының негізінде қалыптастырылады.».

2.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3)осы бұйрықтың көшірмесін оны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрықты мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, сондай-ақ орындау үшін Комитеттің аумақтық органдарына жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

 

ТіркемеКөлем
бұйрыққа 1-қосымша72.81 KB
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.