You are here

«ТМД қатысушы-мемлекеттерінің аумағында шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар жасаған, сондай-ақ оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР БП бұйрық 15.04.2016 ж. №76

«ТМД қатысушы-мемлекеттерінің
аумағында шетелдік азаматтар және
азаматтығы жоқ адамдар жасаған, сондай-ақ
оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық
бұзушылықтар туралы» № ТМД-3 нысанды
есепті және оны құрастыру жөніндегі
Нұсқаулықты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 96 бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы

 

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарын қылмыстылық жағдайы, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижелері туралы статистикалық ақпаратпен және есеп деректерінің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. «ТМД қатысушы-мемлекеттерінің аумағында шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар жасаған, сондай-ақ оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № ТМД-3 нысанды есепті және оны құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының  2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 96 бұйрығына келесі толықтырулар мен өзгертулер енгізілсін:       

аталған бұйрықтың 1-қосымшасы («ТМД қатысушы-мемлекеттерінің аумағында шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар жасаған, сондай-ақ оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № ТМД - 3 нысанды статистикалық есеп нысаны) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 3-тараумен толықтырылсын;      

аталған бұйрықпен бекітілген осы бұйрықтың 2-қосымшасы («ТМД қатысушы-мемлекеттерінің аумағында шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар жасаған, сондай-ақ оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № ТМД - 3 нысанды есепті құрастыру жөніндегі Нұсқаулық) мынадай мазмұнды 19-23 тармақтармен толықтырылсын:

«19. 3-тарау «Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер» есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді құрайды.

Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарға есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, есiрткi құралдарын қамтитын аналогтардың, өсімдіктердің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жатады; 

20. Тараудың жолдарында шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, соның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азаматтары жасаған есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер көрсетіледі, оның ішінде 2-11 жолдарда жеке алынған республикалар бойынша азаматтар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны көрсетіледі;

21. 1-жолда есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдардың жалпы саны көрсетіледі (алыс шетелдердің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің);

22. 2-жолда (1-жолдан) есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдардың жалпы саны көрсетіледі;

23. 3-жолда (1-жолдан) есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз контрабандасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдардың жалпы саны көрсетіледі». 

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1) осы бұйрықтың көшірмесін мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне мәлімет үшін, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдауды;

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі. 

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокуронының
2016 жылғы «15» сәуір
№76 бұйрығына қосымша

 

«ТМД қатысушы-мемлекеттерінің аумағында шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар жасаған, сондай-ақ оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № ТМД-3 нысаны
3-тарау. «Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер» 
  елдің коды Барлығы (тұлға) соның ішінде
Ресей Әзербайжан Армения Беларусь Қазақстан Қырғызстан Молдова Тәжікстан Түркіменстан Өзбекстан
А Б 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
  Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар саны 1                      
соның ішінде  өткізу 2                      
контрабанда 3                      

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.