You are here

Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстре

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін
жауаптылыққа тартылған адамдарды,
сондай-ақ cот террористік деп таныған
ұйымдарды және ақпараттық материалдарды
және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін
жауаптылыққа тартылған адамдарды,
сондай-ақ cот экстремистік деп таныған
ұйымдарды және ақпараттық материалдарды
есебін жүргізуқағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 12-бабы 3-тармағының 10-1), 11)тармақшаларын іске асыру мақсатында және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 12-1 бабы, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы Заңының 9-бабы, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 12-бабы талаптарын орындау үшін, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1.Қоса берілген Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған

ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралықағидалары бекітілсін.

2.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындажариялануын;

2) осы бұйрықтыҚазақстанРеспубликасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсындаорналастырылуынқамтамасызетсін.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасы С.М. Айтпаеваға жүктелсін.

4.Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ҚазақстанРеспубликасының
Бас Прокуроры 
А. Дауылбаев

 

Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін 
жауаптылыққа тартылған адамдарды,
сондай-ақ cот террористік деп таныған
ұйымдарды және ақпараттық материалдарды
және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін
жауаптылыққа тартылған адамдарды,
сондай-ақ cот экстремистік деп таныған
ұйымдарды және ақпараттық материалдарды
есебін жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды есебін жүргізуқағидалары(бұдан әрі - Қағидалар) «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңын орындау үшін, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 12-бабы 3- тармағының 10-1) және 11) тармақшаларына сәйкес есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 12-1 бабы және «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы Заңының 9-бабы, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 12-бабы талаптарын орындау үшін әзірленді.

2. Қағидаларкелесі есептерді жүргізу тәртібін анықтайды:

1) террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдардың, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдардың және ақпараттық материалдардың есебін;

2) экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдардың, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдардың және ақпараттық материалдардың есебін.

3. Террористік және экстремистік әрекеттердіжүзеге асырғаны үшінжауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін «Арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі–АЕ ААЖ)деректердіңэлектрондық журналын жүргізу арқылыҚазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық басқармаларыжүзеге асырады.

Осы санаттағы тұлғалар туралы мәліметтерақпараттық есептiк құжаттарды АЕ ААЖ-не енгізу арқылы, деректердің электрондық журналында автоматты түрде көрсетілетін соттың заңды күшіне енген үкімдері (қаулылары)  бойынша қалыптасады.

Экстремистік және террористік жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған, тұлғалардың электрондық журналы осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес деректемелерден тұрады.

Сот экстремистік және террористік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдардың есебін Комитет тиісті тізімдері жүргізу және оларды одан әрі ведомстволық  интернет-ресурсында орналастыру арқылы жүзеге асырады.

4. Комитеттің аумақтық басқармаларының бастықтарытеррористік және экстремистік әрекеттердіжүзеге асырғаны үшінжауаптылыққа тартылған тұлғалартуралы мәліметтердің уақтылы енгізілуін, толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз етеді.

5.Осы Қағидалардың орындалуын бақылауды Комитет жүзеге асырады.

2. Террористік және экстремистік әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылғантұлғалардыесебін жүргізу тәртібі

6. Террористік және экстремистік әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есепке қою үшінсоттың заңды күшіне енген үкімі негізболып табылады.

7.Тұлғаларды есепке алуды жүргізуҚағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мәліметтерді және АЕ ААЖ-неэкстремистік және террористік қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғалардың электрондық журналын енгізу арқылы (Қылмыстық кодекстің 3-бабы 30 және 39-тармақтары)жүзеге асырылады.

8. Көрсетілген санаттағы тұлғалар бойынша мәліметтердің уақтылы енгізілуін бақылауды және есептің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында Комитеттің аумақтық басқармалары тоқсанына бір рет (есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне дейін) электрондық журнал деректерінің Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының  2014 жылғы 9 қазандағы №113 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде9863 нөмірімен тіркелген)№1-ЭТ нысанды есептің (бұдан әрі - №1-ЭТ нысанды есеп) көрсеткіштерімен салыстыруын жүргізеді.

Салыстыру  нәтижелері тоқсанына бір рет жиынтық актімен рәсімделіп, Комитеттің аумақтық басқармаларының арнайы есепке алу және құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімшелерінің бастықтарымен бекітіледі.

3. Сот экстремистік және террористік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдардың есебін жүргізу тәртібі

9. Сот экстремистік және террористік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдарды есепке қою үшін соттардың заңды күшіне енген шешімдері негіз болады.

10. Сот экстремистік және террористік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдардың есебін тиісті тізімдерді жүргізу және одан әрі оларды ведомстволық интернет-ресурсқа орналастыру арқылы Комитет жүргізеді.

Тізімге қосылған ақпараттық материалдардың атауларына PDF форматындағы келесі материалдар қоса берілуі тиіс:

1) ақпараттық материалдарды экстремистік және террористік деп тану және оларды Қазақстан Республикасы аумағында алып жүруге, басып шығаруға және таратуға тыйым салу туралы арыз;

2) осы ақпараттық материалдар бойынша сараптамалық қорытынды;

3) сот шешімі.

11. Аталған санаттағы ұйымдар мен ақпараттық материалдардың тізімін қалыптастыру №1-ЭТ нысанды есептің 5-тарауының талаптарына сәйкес прокурорлар толтырған электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының негізінде іске асырылады.

12. Комитет тоқсанына бір рет (есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне)сот экстремистік және террористік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдардың тізімін №1-ЭТ нысанды есептің көрсеткіштерімен салыстырып тексереді.

Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін
жауаптылыққа тартылған адамдардың, сондай-ақ cот
террористік деп таныған ұйымдардың және ақпараттық
материалдардың және экстремизмді жүзеге асырғаны
үшін жауаптылыққа тартылған адамдардың, сондай-ақ
cот экстремистік деп таныған ұйымдардың және
ақпараттық материалдардың есебін жүргізу
қағидаларының қосымшасы

Экстремистік және террористік жасағаны
үшін жауаптылыққа тартылған тұлғалардың
ЭЛЕКТРОНДЫҚ  ЖУРНАЛЫ

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Туылған күні

ЖСН

Жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі

Қылмыстық істің нөмірі

Сот атауы

Үкім (қаулы) шығарылған күн

Соттау бабы

Жазаның негізгі шарасы

Үкімнің (қаулы)  заңды күшіне ену күні

Облыс коды

Облыс атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.