You are here

«Прокурордың өтініштерді қарау, құқықтық түсіндіру жұмысы және өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау жөніндегі жұмысы туралы»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР БП 25.12.2015 ж. №153

«Прокурордың өтініштерді қарау, құқықтық түсіндіру
жұмысы және өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнаманың қолданылуын

қадағалау жөніндегі жұмысы туралы» №8-нысанды есепті,
№8, 8.1, 8.2, 8.3 нысанды электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын
және оларды толтыру жөніндегі Нұсқаулықты 
бекіту туралы

Прокурорлық есептілік нысандарын есепке алу және автоматтандыру мәселелерін жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, «Прокурордың өтініштерді қарау, құқықтық түсіндіру жұмысы және өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау жөніндегі жұмысы туралы» №8-нысанды статистикалық есеп;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес,«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу нысаны» №8, «Құқықтық түсіндіру іс-шараларын есепке алу нысаны» №8.1, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде анықталған бұзушылықтарға шаралар бойынша есепке алу нысаны» №8.2, «Өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнаманың қолданылуын тексерулерді және прокурорлық қадағалау актілерін есепке алу нысаны» №8.3 электрондық ақпараттық есепке алу құжаттары;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, Электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын толтыру және «Прокурордың өтініштерді қарау, құқықтық түсіндіру жұмысы және өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау жөніндегі жұмысы туралы» №8-нысанды статистикалық есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық.

2. «Прокурордың өтініштерді шешу және заңға түсініктеме беру бойынша жұмысы туралы» №8-нысанды статистикалық есепті бекіту және қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2001 жылғы 7 маусымдағы №84-бұйрығының күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелеріне, Бас әскери прокуратураға, Бас көлік прокуратурасына, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың прокуратураларына, Комитеттің аумақтық басқармаларына орындау үшін жолдасын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының    
2015 жылғы «25» желтоқсандағы
№ 153-бұйрығына 1-қосымша 

 























«Прокурордың өтініштерді қарау, құқықтық түсіндіру жұмысы және өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау жөніндегі жұмысы туралы» №8-нысан  
№4-бөлім. Өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау қызметі                
                                                   
Атауы    Тексерулер жүргізілді Тексерулер мен талдаулар барысында бұзушылықтар анықталды  Бұрын тексерген органдарда қайталанған бұзушылықтар анықталды Ұйғарымдар орындалды Наразылықтар енгізілді Наразылықтар қанағаттандырылды Наразылықтар қабылданбады Ұсыныстар қаралды "Прокуратура туралы" Заңның 23-бабы 2-тармағы тәртібінде енгізілген арыздарды сот қанағаттандырды  Заңдарға түсініктеме берілді Алдын-ала сақтандыру жарияланды Өтінішпен сөз сөйлеу Прокурорлық қадағалау актілері бойынша құқықтары қорғалған адамдардың саны  с.і. Конституциялық құқықтары  Жауаптылыққа тартылған адамдардың саны Тексеру нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруі басталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны  Сот мүліктік емес сипаттағы өтініштерді қанағаттандырды  Азаматтық істер бойынша талаптар қанағаттандырылды  Прокурорлық қадағалау актілері бойынша өндірілген сомалар  олардың ішінде мемлекет кірісіне (теңгемен) с.і. Мемлекеттік бюджетке (теңгемен)
тәртіптік әкімшілік материалдық
а б 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
Басқа заңнамамен кешенде өткізілген өтініштерді қарау тәртібі туралы заңның қолданылуын қадағалау жөніндегі тексерулерлің саны (1-жол 3,6, 14-24-жолдрдың сомасына тең) 1                                              
солардың ішінде  өтініштерді қарау тәртібі туралы заңның қолданылуын қадағалау жөніндегі тексерулерлің саны 2                                              
Республикалық басқару органдарында 3-жол>= 4 және 5-жолдардың сомасына 3                                              
Үкіметте 4                                              
министрліктер мен ведомсттарда 5                                              
Жергілікті билік және басқару органдарында 6                                              
Бақылаушы органдарда 7                                              
ІІМ олргандарында 8                                              
МҚМ органдарында  9                                              
Мемлекеттік кірістер органдарында 10                                              
ҚР ӘМ сот актілерін орындау органдары 11                                              
Соттар 12                                              
Көліктегі 13                                              
Қарулы күштерде 14                                              
Білім беру ұйымдарында 15                                              
Денсаулық сақтау ұйымдарында 16                                              
Басқа да ұйымдар мен кәсіпорындарда 17                                              

 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы «25» желтоқсандағы
№ 153-бұйрығына 2-қосымша

               №8  нысан

ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНА
ӨТІНІШТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ

I Бөлім. Өтініштердің базалық деректемелері

1.* Прокуратура _____­­­­________________                      1.1* Бөлімше ________________

2.* Тіркелген күні мен нөмірі № _____ «__»__________20___ж.

3.* Бірегей нөмірі_____________________

4.* Жеке тұлғаның (жүгінген) сауалнамалық деректері: (4.1) Тегі___, (4.2) Аты__, (4.3) Әкесінің аты___, 4.4 Туған жылы___, 4.5 жеке тұлғаның-ЖСН______, 4.6 Пошта мекенжайы______ 4.7 Электрондық мекенжайы_____.

5.* Заңды тұлғаның (жүгінген) атауы____, 5.1 БСН______, 5.2 пошта мекенжайы ____

6. Жүгінген адамның әлеуметтік мәртебесі (қосымша-анықтама бойынша код-4-қосымша)__________________

7. Өтініштің шығыс нөмірі мен қараушы субъектіге жолданған күні (көрсетілген жағдайда толтырылады)__________

  8. *Өтініштің келіп түсу нысаны:  «115.KZ» порталы (8.1), қағаз жүзінде (8.2), жеке қабылдауда (8.3), прокуратура    басшысының жеке қабылдауында (8.4), ауызша (8.5), электронды (8.6), электронды-қағазда (8.7), бейне өтініш (8.8).

  9.* Өтініштің тілі: 1-мемлекеттік, 2-орысша, 3-өзге,

10.* Өтініштің түрі: 1-өтініш, 2-шағым, 3-сұрау, 4-пікір айту, 5-ұсыныс, 6-ҚР ҚПК 105-бабы тәртібіндегі шағым, 7-өтініш хат, 8-депутаттық сұрау, 9-анықтамаларды алу үшін сұрау, 10-қылмыс туралы арыз.

11. Өтініш жоғарғы тұрған прокуратурадан келіп түсті___

12.* Өтініштің, бұрыштаманың қысқаша мазмұны (андатпа) (өтініштің мазұнын міндетті түрде толтырылу керек, қалғаны пайдаланушының қарауына) _________________________________________

 

II бөлім Өтінішті қару нәтижелері (орындаушы толтырады)

  13. Төмен тұрған прокурордың өтінішті қарау нәтижесі (анықтама) ____

  14. Қайталанған өтініштің себебі (қосымша-анықтама бойынша коды 5) 01-осы прокуратура бұрын  шешкен өтініштерді қанағаттандырудан бас тартуға; 02-қанағаттандырылды; (03) - ұзақ шешілуіне және ұқыпсыздыққа; (04) - негізді деп танылған; (05)- алдыңғы өтініш бойынша қабылданған шешім шағымдалады; 06-алдыңғы өтінішті қарау кезінде жіберілген өзге де кемшіліктер көрсетіледі.

15. Өтініш телнұсқасының белгілері___

15.1 Бұрын берілген өтініштің қараусыз қалдырылуы туралы өтініштер келіп түсті ___

16. Іс-әрекеті шағымдалған органның атауы ____________________________(мемлекеттік органдардың анықтамасынан толтырылады)

17. Іс-әрекеті шағымдалған лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөні (егер өтініште көрсетілсе) _______________________________________________________________________________

18. Өтініш келіп түсті (міндетті түрде толтырылады, егер өтініш басқа мемлекеттік органнан, басқа лауазымды тұлғадан келіп түссе): _______ (субъектінің коды және атауы мемлекеттік органдардың анықтамасынан толтырылады)

19.* Өтініш мәселесінің сипаты______________( өтініш мәселесінің коды Қадағалау АЖ-де пайдаланылатын мәселелер сипатының анықтамасына сәйкес көрсетіледі)

20.* Қадағалаудың түрі («Қадағалау» АЖ анықтамасы)_______

21.1 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының (01), «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының (02), «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы»(03), ҚР Заңының қолданылуы бойынша.

22. *Өтініштің орындалу мерзімі «__»_________20__ж.   

23. *Жауаптың жолданған күні «__»________20___ж. 23.1 Құжаттың шығыс нөмірі______________

23.1 *Өтініш 1-ЖТ-ға қатысты: иә-(01), жоқ –(02).

24.Өтініштер берілді: төмен тұрған прокуратураға(01), жоғар тұрған прокуратураға (02), басқа прокуратураға (03), басқа ведомстваларға қарау үшін (04).

25.Өтініш жолданған (келіп түскен) мемлекеттік орнанның коды және атауы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес;

25.1 АЕК-не тіркелген өтініштің тіркеу №______, (тек қана құқық қорғау және арнайы орандар үшін);

25.2 АЕК-не тіркелген өтініштің тіркеу күні_____, (тек қана құқық қорғау және арнайы орандар үшін);

26. *Өтініш бойынша шешім: _____ (анықтамалықтан толтырылады, Қағиданың 7-қосымшасы)

26.1* Жауаптың мазмұны ____ 26.2* Фигуранттың (жүгінушінің) мәртебесі (қылмыстық процеске қатысушы, саяси қуғын-сүргін құрбаны немесе одан зардап шегуші және анықтама бойынша т.б)___

27. Істі сұрата отырып__________         27.1 Істің сұрата отырып түсіндірілді______     27.2 Істің келіп түскен күні «    »________20___ж. 28. Мұрағаттық істі зерделей отырып______.

29. Сұрау жолданды:_____ (өтінішті қарау барысында басқа органға сұрау жолдаған жағдайда, мемлекеттік органдарың анықтамалығынан толтырылады).

29.1 Сұраудың жолданған күні «_____» _______________20____ж.

30. Өтініштің ұзартылған мерзімі «____»_________20__ж. (ұзарту туралы баянат болса, толтырылады)

31.Өтініш бойынша қабылданған шаралар: 1-ұсыныс енгізілді, 2-тәртіптік өндіріс қозғалды, 3-әкімшілік өндіріс қозғалды, 4-ұйғарым енгізілді, 5-наразылық енгізілді, 6-талап енгізілді, 7-сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, 8- алдын-ала сақтандыру жарияланды, 9- өтінішпен сөз сөйлеу.      

32. Субъектісінің ААЖ-не мәліметтер енгізілді (бағдарламамен автоматты түрде толтырылады) _____

*- деректеменің міндетті түрде толтырылу белгісі

 

 Тексеруді жүзеге асырған, орындаушы-прокурордың А.Т.Ә. _________________«____»_________20___ж.

                                                                                                               (А.Т.Ә., лауазымы, сыныптық шені, қолы)

 ҚСжАЕАБ келіп түскен күні «__»__________20__ж.                           Түзетілген күн «__» __________20__ж.

 

№8.1  нысан

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ ІС-ШАРАЛАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ

I бөлім

1.Прокуратура _____­­­­________________

 

2.*Іс-шараның тіркелген нөмірі және күні (жүйемен автоматты түрде беріледі)  № _____  «__»__________20___ж.

2.1 *Атауы ______________________________________________________________________________________

3.* Іс-шараның өткізілген күні «      »______20   ж.

5. *Іс-шара өткізілді прокурор (1)___, прокурордың қатысуымен (2)___

6. ҚР Заңының қолданылуы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (01), «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының (02) және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының (03).

7.* Іс-шараның нысаны: блогтағы өтініштер қаралды (7.1), брифингтер (7.2), конференциялар (7.3), баспасөз-конференциялары (7.4), семинарлар (7.5), дөңгелек үстелдер (7.6), оқылған дәрістер (7.7), тренингтер (7.8), халыққа шығуларда және жиындарда сөз сөйлеу (7.9),  баспада жариялау (7.10), радио бойынша сөйлеу (7.11), ақпараттық агенттіктерде (7.12), теледидар бойынша (7.13), ҚР Бас прокуратурасы және ҚСжАЕК Веб-сайттарында (7.14), ашық есіктер күні (7.15), интернет-конференциялар (7.16), акциялар (7.17).

7.1 * Растаушы құжаттарды салу

8.*Іс-шараға қатысушылар туралы мәліметтер: брифингке қатысқан БАҚ-тың саны (8.1)___; конференцияларға қатысқан БАҚ-тың саны (8.2)____; семинарға қатысқандардың саны (8.3)____; дөңгелек үстелдердегі тыңдаушылардың саны (8.4)___; дәрістердегі тыңдаушылардың саны (8.5)___; тренинге қатысушылардың саны (8.6)___; халыққа шығу және жиындар барысында келіп түскен, қаралған өтініштердің саны (8.7); ашық есіктер күнінде қатысқан азаматтардың саны (8.8); халықпен жиындарға қатыстқан азаматтардың саны (8.9), саны анықталмаған (9.0).

9. Республикалық БАҚ-та (01)

10.* Қадағалау мәселелері бойынша (анықтама): әлеуметтік-экономикалық қызметте (8.1), жазаны орындау(8.2), соттарда қылмыстық істерді қарау(8.3), азаматтық істер бойынша сот актілері(8.4), әкімшілік істер бойынша сот актілері(8.5), атқарушылық іс жүргізулер (8.6), тергеу және анықтау(8.7), ЖІҚ (8.8), халықаралық келісімшарттарды қолдану(8.9), құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында(8.10), қадағалаудың әртүрлі салалары бойынша бірлесіп (8.11), қадағалаудың басқа мәселелері (8.12).

11.* Халық арасындағы құқықтық насихаттар мынадай салаларда (анықтама): ҚР Конституциясы (1), ҚР Құқықтық саясаттың тұғырнамасы туралы (2), Сыбайлас жемқорлыққа карсы күрес туралы (3), Мемлекеттiк және қоғамдық құрылыс туралы заңнама (4), Азаматтық заңнама (5), Азаматтық іс жүргізу заңнамасы (6), Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама (7), Еңбек заңнамасы (8), Неке-отбасы заңнамасы (9), Әлеуметтік қамтамасыз ету туралы заңнама (10), Қаржылық заңнама (11), Салықтық заңнама (12), Кедендік заңнама (13), Шаруашылық қызметті мемлекеттік реттеу туралы заңнама (14), )оршаған ортаны қорғау Табиғи ресурстарды пайдалану және бойынша заңнама (15), Әлеуметтік-мәдениеттілік заңнама (16),  Құқықтық тәртіпті және кәуіпсіздікті қорғауы бойынша заңнама (17), Әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша заңнама (18), Қылмыстылық заңнама (19), Қылмыстық-процессуалдық заңнама (20), Қылмыстық-атқарушылық заңнама (21), Халықаралық қатынастар (халықаралық құқық) (22), Тұрмыстық құқықтық қатынастар (23), Төтенше жағдайларды жоюдың алдын алу саласындағы заңнама (24), Өзге де заңнама (25), Өтініштерді қарау туралы заңнама» (26)

12.Сыни ескертулер бойынша жүргізілген тексерулер: Мемлекеттік органдардың қызметінде (01), прокуратура органдарының қызметінде (02), мемлекеттік емес органдардың қызметінде (03).

 *- деректеменің міндетті түрде толтырылу белгісі

 

 Тексеруді жүзеге асырған, орындаушы-прокурордың А.Т.Ә. _________________«____»_________20___ж.

                                                                                                                         (А.Т.Ә., лауазымы, сыныптық шені, қолы)

 ҚСжАЕКБ келіп түскен күні «__»__________20__ж.                                                      Түзетілген күн «__» __________20__ж.

 

№8.2  нысан

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде анықталған бұзушылықтарға
шаралар туралы

I бөлім. Жалпы бөлім

 

1.*Прокуратура _____­­­­________________ 

2.* Өтініштің нөмірі мен күні № _____ «__»__________20___ж. 

3.* Бірегей нөмір_____

II бөлім (қаралған өтініштер бойынша жауаптар  келіп түскен кезде толтырылады)

4. Ұйғарымдар орындалды ____ оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын (01), «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (02) және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (03) қолдану бойынша. 

5. Наразылықтар қанағаттандырылды ____, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын (01), «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (02) және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (03) қолдану бойынша. 

6. Ұсыныстар қаралды_____, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын (01), «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (02) және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (03) қолдану бойынша.  

6.1 Тәртіптік өндірістер қаралады ____, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын (01), «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (02) және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (03) қолдану бойынша. 

7. Талаптар қанағаттандырылды _____, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын (01), «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (02) және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (03) қолдану бойынша. 

7.1 Азаматтық істің нөмірі______ 8. теңге сомасына_____ 8.1 Теңге сомасында өндірілді_____

9. Тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдардың саны,  қаралған ұсыныстар және тәртіптік өндірістер бойынша ___, оның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын (01), «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (02) және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (03) қолдану бойынша.  

10. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың саны___, оның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын (01), « Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (02) және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (03) қолдану бойынша.  

11. Материалдық жауаптылыққа тартылған адамдар саны ___, оның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын (01), « Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (02) және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (03) қолдану бойынша.  

12. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруі басталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны.

12.1 Қылмыстық құқық бұзушылықтың саны ( СДТБТ 15 - таңбалы нөмірі)__________, оның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын (01), « Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (02) және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (03) қолдану бойынша.     

13.Оның ішінде сотталған адамдар ___, оның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын (01), «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (02) және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (03) қолдану бойынша.     

13.1 сотталғанның А.Т.Ә. 1)_2)_3) 4)________________________

14. Арызды тиісінше қарамағаны үшін жауаптылыққа тартылған прокурорлар___

14.1 Жауаптылыққа тартылған прокурорлардың А.Т.Ә. _1)__2)___3)___4)

15. AАЖ-ге мәліметтерді енгізді (бағдарламамен автоматты түрде толтырылады ) _____

* - деректеменің міндетті түрде толтырылу белгісі

Тексеруді жүзеге асырған, орындаушы-прокурордың А.Т.Ә. _________________«____»_________20___ж.                                                                                                            (А.Т.Ә., лауазымы, сыныптық шені, қолы) 

 ҚСжАЕАБ келіп түскен күні «__»__________20__ж.                                Түзетілген күн «__» __________20__ж.

 

№8.3 нысан

Тексерулерді және өтініштерді қарау тәртібі туралы заң наманың
қолданылуын прокурорлық қадағалау актілерін есепке алу

I бөлім. Тексерудің тіркелуі  

1. Прокуратура _____­­­­________________  2. Тексеру тағайындау туралы қаулының нөмірі мен күні  № _____  «__»__________20___ж.

2.1 Тексеру жүргізусіз актілер (хаттар) (01). 2.2 Нөмір ________________;   

3. Тексерудің және талдаудың негізі: жоспар (01), тапсырма немесе сұрау (02), өтініш немесе хабарлама (03), тікелей анықталған заңнаманың бұзылу белгілері (4), баспасөздің сыни ескертуі (05), қызметкердің баянаты (06), талдау (07), өзге де (08), рейдтік тексерулер (09);  

3.1 Тексеру немесе талдау негізі құжатының күні мен нөмері № _____ «__»____________20___ж.

4.Тексеру объектісі (мәтіндік жол);

4.1. Тексеру жүргізілген күні  «__»__20__ж. бастап  «__»___20__ж. днйін  (тексеруді тіркеген кезде міндетті);

4.1.1. Тоқтата тұрудың күні,

4.1.2 Жаңғыртудың күні,

4.1.3  Тексеру мерзімі ұзартылғанға дейінгі күні 

4.2 Тексеру объектісінің белгілері: (объектілердің анықтамасы)  Үкімет (01), министрлік және ведомство (02), өзге де республикалық органдар (03), облыстық мәслихат (04), облыстық әкімшілік (05), қалалық  мәслихат (06), қалалық әкімдік (07), аудандық мәслихат (08), аудандық әкімдік (09), қалалық (аудандық бағынысты), ауылдық, селолық округтер әкімінің аппараты (10), өзге де жергілікті басқару органдары (11), салық қызметі (12), тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарында (13), экологиялық бақылау органдарында (13.1), агроөнеркәсіптік кешеніндегі ветеринарлық бақылау және мемлекеттік инспекция органдарында (13.2), әділет органдарында (13.3),өзге де бақылаушы органдарда (14), ІІМ органдары (15), мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында (16), кедендік кызметте (17), өзге де мемлекеттік кірістер органдарында (17.1), экономикалық тергеп-тексеру қызметтінде (17.2),  көлікте (18), Қарулы күштерде (19), ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясында (20), ҚР ҰҚК шекара қызметі (21), ҚР мемлекеттік күзет қызметі (22), ҚР ІІМ органдарының азаматтық қорғау орандарында (23), өзге де ұйымдар мен кәсіпорындар (24),  мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (25), орта білім беру ұйымдары (мектептер, лицейлер, гимназиялар) (25.1),кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы (25.2), жетім балаларға және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдары (25.3), өзге де білім беру ұйымдары (25.4), денсаулық сақтау ұйымдары (26), ӘМ ҚАЖК (27), ҚР ӘМ сот актілерін орындау органдары (28), сот органдары (29)

5. Заңнама салаларының анықтамалығы бойынша тексеру мәнінің мәселесі: жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы (42).

 

II бөлім. Тексеру мен талдаудың нәтижесі және тексерудің аяқталған күні  «__»___20__ж.

6. Тексеру мен талдаудың нәтижесі бойынша: заңдылықтың бұзылуы анықталды ___(01), олардың ішінде нақты жойылды__(02), бұрын тексерілген органдарда қайталанған бұзушылықтар анықталды __ (03).6.1  «Объектінің белгісі» анықтамалығының коды 6.2 Бұзушылықтар анықтаған жоқ (01) 7.  Бұзушылықтар тексеру барысында жойылды (01).

 

III бөлім. Ықпал ету шаралары

8.  Прокурорлық қадағалау актісінің енгізілген күні «__»__________20___ж.  8.1 Құжаттың шығыс нөмірі__________________

9. Қадағалау актісі енгізілді: наразылық келтірілді (01), қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарылды (02) тәртіптік өндіріс қозғау туралы қаулы шығарылды (03), әкімшілік өндіріс қозғау туралы қаулы шығарылды (04),  нұсқау, тапсырма берілді (08), өтініш енгізілді (09), ұйғарым енгізілді (10), ұсыныс енгізілді (11), алдын ала сақтандыру жарияланды (12), өтінішпен сөз сөйлеу (13), заңға түсініктеме берілді (14), хат жолданды (15) 9.1 «Объектінің белгісі» анықтамасының коды. 

 

 

 

IV бөлім.  Қарау нәтижесі

10. Қадағалау актісі қаралды: ұйғарым орындалды ___(01), мәжбүрлеп орындау арқылы ұйғарым орындалды ___(02), наразылықтар қанағаттандырылды ___(03),  наразылықтар қабылданбады ___(04), қаралған ұсыныстар___(05), «Прокуратура туралы» ҚР Заңының 23-бабы 2-тармағының тәртібінде сот өтініштерді қанағаттандырды___ (06),  10.1 «Объектінің белгісі» анықтамалығының коды

10.2 Қаралған күні «   »______20  ж.

11. Прокурорлық қадағалаудың нәтижелері:  прокурорлық қадағалау актілері арқылы құқықтары қорғалған адамдардың саны ___(03), конституциялық құқықтары қорғалған адамдардың саны___(04) 11.1 «Объектінің белгісі» анықтамасының коды

11.2 Қаралу күні  «   »______20  ж.                                                                                                                

12. Жауаптылыққа тартылған тұлғалардың саны:  тәртіптік (01)____, әкімшілік (02)___, материалдық (03)___ 12.1 «Объектінің белгісі» анықтамасының коды 12.2 Күні «   »____20  ж.

13. Қылмыстық құқықбұзушылықтың нөмері, әлеуметтік және экономикалық салада жүргізілген тексеру мен талдау нәтижесімен сотқа дейнгі тергеп тексеру басталды 1)__2)___13.1 «Объектінің белгісі» анықтамасының коды 

13.2 Күні «   »______20  ж.

14. Мүліктік емес сипаттағы өтінішті сот қанағаттандырды (01)______ 14.1 «Объектінің белгісі» анықтамасының коды    14.2 Күні «   »______20  ж.

15. Азаматтық істер бойынша талап арыздар қанағаттандырылды (01) __ саны 15.1 Күні «   » _____20  ж. Өндірілген сомма (02) _теңге; 15.2 Күні «   »______20  г 15.3 оның ішінде мемлекет кірісіне (03)__ теңге. 15.4 бюджетке (04)___ теңге;

16. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша өтелген залал сомасы  _____теңге. Күні «   »______20  ж.

17.1 «Объектінің белгісі» анықтамасының коды 17.2 мемлекет пайдасына ______________________теңге. 17.3  оның ішінде мемлекеттік бюджетке _________________теңге.

18. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекетке қайтарылған мүліктің сомасы___теңге.18.1 «Объектінің белгісі» анықтамасының коды 18.2 Күні «   »___20  ж. 18.3 оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың жеке меншіктерінде болғандардың соммасы_____теңге.

19. Ескертпе (мәтіндік жол) _________ 

24. Тексеруді жүзеге асырған, орындаушы-прокурордың А.Т.Ә. ____«____»__20___ж.

20. ҚСжАЕКБ келіп түскен күні «__»__________20__ж. 26. Түзетілген күн «__» __________20__ж.

 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы «   » _________
№ ___ бұйрығына 3-қосымша

Электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын толтыру және «Прокурордың өтініштерді қарау, құқықтық түсіндіру жұмысы және өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау жөніндегі жұмысы туралы» №8-нысанды статистикалық есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер.

1.  Осы Электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын толтыру және «Прокурордың өтініштерді қарау, құқықтық түсіндіру жұмысы және өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау жөніндегі жұмысы туралы» №8-нысанды статистикалық есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық)«Прокурордың өтініштерді қарау, құқықтық түсіндіру жұмысы және өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау жөніндегі жұмысы туралы» №8-нысанды статистикалық есепті (бұдан әрі - №8-нысанды есеп) қалыптастырудың негізгі ережелерін белгілейді.

2.  №8-нысанды есеп электрондық ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі – ЭАЕҚ) негізінде прокурордың өтініштерді қарау, құқықтық түсіндіру жұмысы және өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шаралар жөніндегі жұмысының, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) қолданылуын қадағалау қызметінің көрсеткіштерін бейнелейді және азаматтар құқығының кепілділік деңгейін, олардың заңмен қорғалатын мүдделерін және прокурорлардың осы саладағы заңдылықты қамтамасыз етуге қатысуын сипаттайды.

3.  ЭАЕҚ бірыңғай нысанын әзірлеуді және енгізуді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – ҚСжАЕК) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі – Бас прокуратура) келісе отырып жүзеге асырады. 

4.  Есепке алу Бас прокуратураның орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, ҚСжАЕК және оның аумақтық басқармаларының (бұдан әрі – ҚСжАЕКБ), Бас әскери прокуратураның, Бас көлік прокуратурасының, Астана, Алматы қалалары және облыстардың, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметкерлері (бұдан әрі – прокурорлар) он-лайн режимінде Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ББСЖ ААЖ) деректерді бере отырып, Бас прокуратураның «Қадағалау» бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесінде (бұдан әрі - «Қадағалау» БААЖ) толтыратын ЭАЕҚ мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

5.№8-нысанды есепті қалыптастыруды ҚСжАЕК және ҚСжАЕКБ ББСЖ ААЖ-де жүзеге асырады.

6.ҚСжАЕКБ ЭАЕҚ мәліметтерінің толықтығы мен нақтылығына қадағалауды жүзеге асырады.

7.ЭАЕҚ-дегі мәліметтердің толықтығы мен нақтылығына, олардың «Қадағалау» БААЖ-не уақытылы енгізілуіне және ББСЖ ААЖ-ге ұсынылуына – ЭАЕҚ толтырған және қол қойған прокурорлар, №8 ЭАЕҚ бөлігінің 1 базалық деректемелерінің толықтығы мен дұрыстығына өтініштерді тіркеуді жүзеге асыратын іс жүргізушілер, кеңсе мамандары жауапты болады.

 2. ЭАЕҚ нысандары және «Қадағалау» БААЖ-не мәліметтерді енгізу

8.№ 8 нысанды есепті қалыптастыру «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу нысаны» №8 ЭАЕҚ (бұдан әрі – ЭАЕҚ №8), «Құқықтық түсіндіру іс-шараларын есепке алу нысаны» №8.1 (бұдан әрі – ЭАЕҚ №8.1), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде анықталған бұзушылықтарға шаралар бойынша есепке алу нысаны» №8.2 (бұдан әрі – ЭАЕҚ №8.2), «Өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнаманың қолданылуын тексерулерді және прокурорлық қадағалау актілерін есепке алу нысаны» №8.3 (бұдан әрі – ЭАЕҚ №8.3) мәліметтері негізінде жүзеге асырылады, олардың басты мәні «Қадағалау» БААЖ электрондық құжат айналымынан қалыптастырылады.

Мәліметтерді толтыру үшін негіз туған сәттен бастап, орындаушылар 24 сағат ішінде оларды толтырады (өтінішерді қарау барысында анықталған бұзушылықтар бойынша енгізілген прокурорлық қадағалау актілері бойынша нәтижелер, құқықтық түсіндіру жұмысы, талдау жұмысын және тексерулерді жүргізу барысындағы қадағалау қызметінің нәтижелері).

9.Жеке және заңды тұлғалардың, кәсіпкерлердің, соның ішінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан және басқа ұйымдардан келіп түскен өтініштерді, депутаттық сұраулар мен өтініштерді тіркеу және есепке алу «Қадағалау» БААЖ арқылы қабылдаған күні жүзеге асырылады.

Бұл ретте «Қадағалау» БААЖ өтініштің тіркеу нөмірімен бірдей ЭАЕҚ №8 нөмірін береді.

Жеке тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЖТ» әріптік индексінен, автор тегінің бастапқы әрпінен, келіп түскен орынның индексінен, тіркеу жылынан және реттік нөмірінен тұрады, мысалы ЖТ-Е-010000-14-00257.

Жеке тұлғалардың ұжымдықөтініштері бойынша (ЖТ-Ұж), заңды тұлғалардың (ЗТ), заңды тұлғалардың ұжымдық өтініштері (ЗТ-Ұж), анонимді өтініштер бойынша (АБМ) да тіркеу нөмірін беру тәртібі осыған ұқсас.

10.Өтініштердің ішінде тіркеуге жатпайтындары:

1) бір мемлекеттік органнан екіншісіне келіп түскен қызметтік құжаттар;

2) жоғары тұрған органның тапсырмалары мен нұсқаулары;

3) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына келіп түскен хаттар;

4) субъектілердің немесе лауазымды тұлғалардың Заңға қайшы шешімдеріне шағымдаумен байланысты болмаса, жұмысқа қабылдау туралы; өздері жұмыс істейтін субъектілерге қызметкерлерден немесе өтініш берушінің құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы сөз болған өтініштерден, заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы туралы хабарламалардан басқа, бағынысты субъектілердің қызметкерлерінен  келіп түскен өтініштер;

5) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өтініштер;

6) кінәсін мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімдерін жасау, ынтымақтастық туралы және тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтінішхаттар, арнайы прокурорлардың қылмыстық істерге тергеу жүргізу аясында келіп түскен, олардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне шағымдарды қоспағанда, сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысушылардың өтінішхаттары.

11.Тіркелген әрбір өтінішке «Қадағалау» БААЖ №8 ЭАЕҚ-ны қалыптастырады, олар он-лайн режимінде ББСЖ ААЖ-де екі кезеңде беріледі.

ЭАЕҚ №8 «Өтініштің базалық деректемелері» бірінші бөлігінің мәліметтері іс жүргізу қызметтерінің қызметкерлері тіркеген өтініштерден автоматты түрде ауыстырылады және келесі деректемелерден тұрады: «Прокуратура» 1, «ҚР БП бөлімшелері» 1.1, «Тіркеу нөмірі мен күні» 2, «Бірегей нөмір» 3, «Жеке тұлғаның сауалнамалық деректері» 4, «Заңды тұлғаның атауы» 5, «Әлеуметтік статус» 6, «Өтініштің шығыс нөмірі және жіберілу күні» 7, «Өтініштің келіп түсу нысаны» 8, «Өтініштің тілі» 9, «Өтініштің түрі» 10, «Өтініш жоғары тұрған прокуратурадан келіп түсті» 11, «Өтініш жоғары тұрған органнан келіп түсті» 11.1, «Өтініштің қысқаша мазмұны, бұрыштама» 12.

Өтінішті бастапқы қарау нәтижелері бойынша прокурорлар  «Өтініштер берілді» 24, «Өтініш жіберілген мемлекеттік органның коды мен атауы»  25-деректемелерінде қарау нәтижесі туралы мәліметтерді көрсетеді.

12.ЭАЕҚ №8 «Өтінішті қарау нәтижелері» екінші бөлігі «Қадағалау» БААЖ-де прокурорлар өтінішті жапқаннан кейін, яғни  «Жауапты жіберу күні» 23-деректемесін автоматты түрде қалыптастыратын іс жүргізу қызметі өтініш берушіге құжатты жібергеннен кейін ББСЖ ААЖ-нде онлайн режимінде беріледі.

Бұрын берілген өтініштіңқараусыз қалдырылғаны туралы өтініш келіп түскен кезде, орындаушы «Қадағалау» БААЖ-да «Өтініш бойынша шешім» анықтамалығынан «Қанағаттандырылды» көрсеткішін таңдайды және Заңның 14-бабының 7) тармақшасы «Бұрын берілген өтініштің қараусыз қалдырылғаны туралы өтініш келіп түсті» жолында тиісті белгілеуді жүргізеді.

13.Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылы 3 қазандағы № 118қбпү бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органадарында, ведомстволары мен мекемелерінде құжаттама жасау және құжаттаманы басқару ережелерінің талаптарын ескере отырып, өтінішті қарау нәтижелері («Өтініш бойынша шешім» 26-деректемесі) өтініштер сипаттамасының жіктеушісі бойынша қойылады («Өтініштер мәселесінің сипаттамасы» 19-деректемесі)

14.Өтініш мәселесінің сипаттамасымен қатар, орындаушы «Қадағалау түрі» 20-деректемесінде мәліметтерді көрсетуді қадағалау түрлерінің ішінен біреуі бойынша жүргізеді.

«Қадағалау түрі» анықтамалығында мынадай 10 түр бар: әлеуметтік-экономикалық қызметтің заңдылығын қадағалау; қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау; жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау; жазаны орындаудың заңдылығын қадағалау; қылмыстық істерді соттарда қараудың заңдылығын қадағалау; азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау; әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау; атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау; халықаралық келісімшарттарды қолданудың заңдылығын қадағалау; мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алудың заңдылығын қадағалау.

15.Мәселелердің сипаттамасы бойынша мәліметтер міндетті тәртіпте қадағалау түріне сәйкес таңдалады.

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының және жазаны орындаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорлар өтінішті жапқан кезде қадағалаудың осы түрі бойынша өтініштерді қарау мерзімін есептегенде басты мәндері болып табылатын қылмыстық процеске қатысушының немесе саяси қуғын-сүргін құрбанының немесе одан зардап шегушінің мәртебесін көрсете отырып, «Фигуранттың (өтініш берушінің) мәртебесі» анықтамалығының 26.2 деректемесінде мәліметтерді толтырады.

16. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының қолданылуы туралы мәліметтер 21.1-деректемеде белгіленіп, оның негізінде тиісті есептілік нысандарына мәліметтер қалыптастырылады.

17. №8.1 ЭАЕҚ-ны орындаушы құқықтық түсіндіру сипатындағы өзі өткізген әрбір іс-шараға толтырады. Бірегей 16 таңбалы нөмірді «Қадағалау» БААЖ автоматты түрде мынадай қағидат бойынша белгілейлі: бірінші Е әрпі құқықтық түсіндіру сипатындағы іс-шараны білдіреді, одан әрі – сандардың 1-жұбы ағымдағы жылдың соңғы екі нөмірін, 2, 3, 4-сандар жұбы республиканың, облыстың және ауданның кодын (194752-Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы), сандардың 5-жұбы – ұйымның кодын «01-Прокуратура» және соңғы 5 сан іс-шараның реттік нөмірін көрсетеді.

Мысалы: 2014 жылғы 21 сәуірдегі E141947520100022 – Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы прокуратурасының қызметкері өткізген құқықтық түсіндіру сипатындағы іс-шара.

18. Прокуратура органдарының барлық буындарында жариялылық пен заңдарды түсіндіру бойынша прокурордың жұмысы туралы мәліметтерді көрсету үшін газеттердерден, журналдардан сканерленген құжаттар, сөз сөйлеу өткізілген, дәріс оқылған (тақырыбын, сөз сөйлеген күнін, арнасын, айдарын көрсете отырып) кәсіпорынның, ұйымның растаушы қолы және мөрімен анықтамалар, конференциялар, семинарлар және халықпен өткізілген жиындар (тәртіп және хаттама), «Қадағалау» БААЖ-да растаушы құжат ретінде салынатын республикалық теледидар арналарының сайттарында орналастырылған телесюжеттердің баспа нұсқалары, сонымен қатар теледидардағы сөз сөйлеулер мен жарияланымдардың ролигі немесе бейнежазбасы орналастырылған электрондық мекенжайға сілтеме негіз болады.

19. Прокуратура қызметі туралы баспасөздің сыни ескертпелері бойынша тексерулер сол тексеру нәтижелері туралы анықтамалармен рәсімделуі тиіс.

20. Орындаушы №8.1 ЭАЕҚ-ны толтырған кезде, әр түрлі газеттерде жарияланған прокурор қызметкердің бір авторлық мақаласын бір жарияланым ретінде есепке алу қажеттігін ескеруі тиіс.

Брифингтер мен баспасөз-конференцияларының нәтижелері бойынша республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) шыққан теледидар сюжеттерін, жарияланымдар және радиода сөз сөйлеулерді қандай да бір теле- және радио арна эфирінде, баспасөз басылымларының беттерінде және ақпараттық агенттіктердің сайттарында шығу фактісі бойынша есепке алу қажет.

Бұл ретте: 1) есептілікке бір теледидар сюжетінің, теле- немесе радиобағдарламаның қайталануын қосуға; 2) жаңалық шығарылымдарында қазақ және орыс тілдерінде қайталанған бір телесюжетті екі шығуға теңеуге; 3) телеарналардың «жүгіртпе жолдарындағы» ақпараттық хабарламаларды, ақпараттық бейнероликтерді телеарна бойынша шығару ретінде есептеуге жол берілмейді.

21.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының қолданылуы жөніндегі іс-шаралар туралы мәліметтер 6-деректемеде белгіленеді.

22.Орындаушы №8.2 ЭАЕҚ-ны шешілген өтініштер бойынша прокурорлық қадағалау актілерін қарау туралы нәтиженің келіп түсуіне қарай толтырады, оған №8.2 ЭАЕҚ-де құрылған өтініштің тіркеу нөмірі беріледі.

4-15-деректемелерде атқарылған ұйғарымдар; қанағаттандырылған наразылықтар; қаралған ұсыныстар мен тәртіптік өндірістер; соттар қанағаттандырған талаптар және олар бойынша сомалар (теңгемен), сондай-ақ есептік кезеңдегі талаптар бойынша өндірілген сомалар (теңгемен) туралы; өтінішті қарау кезінде заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылғандар туралы; сотқа дейінгі тергеп-тексеруі басталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы; сауалнамалық деректерін көрсете отырып сотталған адамдар; өтініштерді тиісінше қарамағаны үшін жауаптылыққа тартылған прокурорлар туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

23.№8.3ЭАЕҚ тексерулерді, сондай-ақ өтініштерді қарау туралы заңнаманың қолданылуын прокурорлық қадағалау актілерін есепке алу үшін толтырылады және 4 бөліктен тұрады.

№8.3 ЭАЕҚ «Тексеруді тіркеу» бірінші бөлігінің деректемелері – «Прокуратура» 1, «Тексеру тағайындау туралы қаулының нөмірі мен күні» 2, «Тексеру мен талдаудың негіздемесі» 3, «Тексерудің немесе талдаудың негіздемесі құжатының нөмірі мен күні» 3.1, «Тексеру объектісі» мәтіндік жолы 4, «Тексеру жүргізу күні ___ бастап ___дейін» 4.1, «Тексеру, талдау объектісінің белгілері (объектілер анықтамалығы)» 4.2, «Тексеру мәнінің мәселесі (заңнама салаларының анықтамалығы)» 5 және «Тексеруді жүзеге асыратын орындаушы прокурордың Т.А.Ә.» 24 электрондық қаулыға қол қойылғаннан кейін орындаушының есепке алу жазбасы бойынша тексеру өндірісі туралы прокурор электрондық қаулы шығарған кезде автоматты түрде «Қадағалау» БААЖ-де қалыптастырылады. 

24.«Тексеру, талдау объектісінің белгілері» 4.2-деректемесінде «Объектінің белгісі» анықтамалығы бар, оның көрсеткіштері №8 нысанды есептің 4-бөлігі А кестесінің жолдық мазмұнын құрайды.

«Тексеру мәнінің мәселесі (заңнама салаларының анықтамалығы)» 5-деректемесінде негізгі және жанама тексеру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнама таңдалады (42).

Егер бір тексеру барысында заңнаманың бірнеше саласы қамтылған болса, негізгі мәселе ретінде тексеру өндірісі туралы қаулыда көрсетілген бірінші мәселе белгіленеді, басқа мәселелер жанама ретінде сипатталады.

25. №8.3 ЭАЕҚ екінші бөлігінің «Тексерудің, талдаудың нәтижелері және аяқталу күні» деректемесін және үшінші бөліктің «Ықпал ету шаралары» деректемесін тексеру немесе талдау жүргізген прокурор толтырады.

6-18 деректемелер тексеру барысында немесе талдау жүргізгенде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың анықталған бұзылу фактісі бойыша, сонымен қатар олар бойынша енгізілген прокурорлық қадағалау актілері, оларды қарау нәтижелері, «Тексеру мәнінің мәселесі (заңнама салаларының анықтамалығы)» анықтамалығында осы заңнаманы таңдау арқылы жауаптылыққа тартылғандар туралы мәліметтер бойынша толтырылады.

26.№1 ЭАЕҚ «Тексеру, талдау нәтижелері» екінші бөлігі міндетті түрде тексеру аяқталған күнді, «Тексеру, талдау нәтижелері бойынша» 6 немесе «Бұзушылықтар анықталмады» 6.2- деректемесін толтыру және тексерудің аяқталғанын растайтын тиісті құжаттарды салу арқылы тексеру, талдау аяқталғаннан кейін толтырылады.

Заңнаманың анықталған бұзуышылықтарының саны бұзушылыққа ұшыраған заңнама нормаларының бірыңғайлығы бойынша есепке алынады, бұл ретте анықталған фактілердің саны назарға алынбайды.

Мысалы, 10 өтінішті қарау мерзімдерінің бұзылу фактісі анықталған кезде, мемлекеттік орган жіберген 10 азаматқа қатысты болған 1 бұзушылық көрсетіледі.

Бұл көрсеткішті есепке алуға мәліметтерді растау үшін «Қадағалау» БААЖ-ға салынатын тексеру немесе талдау нәтижелері туралы анықтамның көрсеткіштері негіз болады.

Заңнаманың анықталған бұзушылықтары болмаған жағдайда, «Бұзушылықтар анықталмады» 6.2-деректемесін белгілеу қажет. Осыған байланысты осы тексеру бойынша №1 ЭАЕҚ үшінші бөлігі толтырылмайды (тексеру прокурорлық қадағалау актісі енгізілместен жүргізілді).

27.6-деректеменің «Іс жүзінде жойылды» 02 көрсеткіші есептік кезеңнің тексерулері бойынша толтырылады, оларды есепке алуға бұзушылықтардың жойылғанын көрсететін прокурорлық қадағалау актілеріне уәкілетті органдардың жазбаша хабарламалары (жауаптары) негіз болады. 

Сонымен қатар, 6-деректемеде ағымдағы есептік кезеңде қарау нәтижелері және бұзушылықтарды жою туралы келіп түскен жауаптарымен өткен жылы прокурорлар енгізген қадағалау актілері бойынша іс жүзінде жойылған бұзушылықтар туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін. Осындай бұзушылықтарды есепке алу үшін, растаушы құжаттарды сала отырып, келіп түскен жауаптың күнін тиісінше толтыру жүргізіледі.

28.Уәкілетті мемлекеттік және басқа органдарда анықталған қайталанған бұзушылықтардың саны 6-деректеменің «Бұрын тексерілген органдарда қайталанған бұзушылықтар анықталды» 03 көрсеткішінде прокурор бұрын жүргізген тексеру күнтізбелік жыл ішінде жүргізілген жағдайда ғана көрсетіледі.

Аталған көрсеткішті бейнелеуге күнтізбелік жыл ішінде бір орган ішінде қайталанған (ұқсас) бұзушылықтарды анықтау туралы көрсетілген анықтама негіз болады.

Мысалы, жыл басында салық органдарында Заңның қолданылуына тексеру жүргізіледі. Жылдың соңында осы прокуратура көптеген шағымдардан туындаған немесе жоғары тұрған прокуратураның тапсырмасымен не басқа да негіздер бойынша бақылау тексеруін жүргізеді. Осы органда заңның сол нормаларының қайталанып бұзылуы анықталған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы анықтамада оларды нақты баяндау көрсеткіште бейнелеуге негіз болып табылады.

6-деректемеде анықталған бұзушылықтардың санын көрсеткен кезде «Объектінің белгілері» анықтамалығынан көрсеткіштерді таңдай отырып, тексеру барысында бұзушылықтарды анықтаған органды есепке алу қажет.

29. «Бұзуышылықтар тексеру барысында жойылды» 7-деректемесіндегі мәліметтер тексеру жүргізу барысында бұзушылықтарды жою фактісі бойынша толтырылады, бұл туралы тексеру нәтижелері туралы анықтамада көрсетілуі тиіс.

30. №1 ЭАЕҚ «Ықпал ету шаралары» және «Қарау нәтижелері» үшінші және төртінші бөліктерінде деректемелер прокурорлық қадағалау актілерін енгізудің әрбір фактісі бойынша және одан әрі анықталған бұзушылықтарды жоюға қабылданған шаралар туралы жауаптардың келіп түсуі бойынша толтырылады, бұл ретте орындаушылар растаушы құжаттарды міндетті салуды жүзеге асырады.

31. «Прокурорлық ықпал ету актісін енгізу күні» 8 және «Құжаттың шығыс нөмірі» 8.1-деректемелері енгізілген әрбір қадағалау актісіне жеке толтырылады.

32. «Қадағалау актілері енгізілді» 9-деректемесінде шығыс хат-хабарларға сәйкес енгізілген қадағалау актісі бойынша мәліметтер көрсетіледі.

Мысалы, тексеру нәтижелері бойынша 10 алушының мекенжайына заңға түсініктеме берілді. Олардың әрқайсысы бойынша шығыс құжаты рәсімделеді және «Заңға түсініктеме берілді» көрсеткіші белгіленеді, «Объектінің белгілері» анықтамалығынан әрбір қадағалау актісі қай органға енгізілгені туралы көрсеткіш таңдалады.

Осыған ұқсас талаптар олардың санын міндетті түрде көрсете отырып, «Қадағалау актілері қаралды» 10-деректемесін толтыру үшін белгіленген.

33. Әрекеттің немесе құжаттың күнін қарастыратын үшінші және төртінші бөліктің барлық деректемелерінің көрсеткіші толтыру үшін міндетті. Күндердегі мәліметтер прокурорлық қадағалау актілерін қарау туралы келіп түскен жауаптар бойынша, қадағалау актілері бойынша күшін жою немесе өзгерістер енгізу бойынша, конституциялық құқықтарды қалпына келтіру жөніндегі шаралар қабылдау туралы уәкілетті органның жауаптары бойынша (еңбекақыны төлеу және басқалар), төлем ведомостары, карточкалық есепшоттарға төлем аударымдары бойынша, жауапатылыққа тартуды растайтын бұйрықтар (қаулылар) бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы туралы қаулы бойынша, іс жүзіндегі алуды немесе өндірілетін соманың аударымдарын растайтын бухгалтерлік есепке алу құжаттары бойынша көрсетіледі.

34. 10-18-деректемелерде әрбір жағдайда жауаптармен расталуы қажет (кіріс хат-хабарымен) қадағалау актілерін қарау туралы ақпарат бойынша мәліметтер көрсетіледі.

Бұл ретте «Объектінің белгілері» анықтамалығының көрсеткіштері келесідей таңдалуы қажет:         

-прокурорлық ықпал ету шараларымен құқықтары қорғалған адамдар, жауаптылыққа (тәртіптік, әкімшілік, материалдық) тартылған адамдар үшін, адамның жұмыс (оқу) орны бойынша;

 -қаралған қадағалау актілері – сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы туралы қаулыларды, талап-арыздарды, соның ішінде тексеру жүргізілген орган бойынша есепке алынуы қажет мүліктік емес сипаттағыларды қоспағанда, оларды қараған орган бойынша;

 - тексеру жүргізілген орган бойынша прокурорлық қадағалау актілері бойынша өндірілген сомалар.

35. 11-деректеменің «Прокурорлдық қадағалау актілері бойынша құқықтары қорғалған адамдардың саны» және «Конституциялық құқықтары қорғалған адамдардың саны» көрсеткіштері жеке жеке көрсетіледі. Конституциялық құқықтары қорғалған адамдардың ішінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабында,  14-бабының 2-тармағында, 15-бабының 1-тармағында, 16-бабының 1,3-тармақтарында, 17-бабының 1-тармағында, 18-бабының 1, 2-тармақтарында, 19-бабында, 20-бабының 1, 2-тармақтарында, 21-бабында, 22-бабының 1-тармағында, 23-бабының                  1-тармағында, 24-бабында, 25-бабының 1-тармағында, 26-бабының 1,4-тармақтарында, 28-бабының 1-тармағында, 29-бабының 1, 2-тармақтарында, 30-бабының 1, 2-тармақтарында, 33-бабында көзделген азаматтардың бұзылған және қалпына келтірілген құқықтары есепке алынады, бұл прокурорлық қадағалау актілерімен және оларға берілген жауаптармен расталады.

36. 12-деректемеде прокуратура органдарының қаулылары және ұсыныстары бойынша тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың саны туралы көрсеткіштерді көрсетуге растаушы құжаттарды (бұйрықтарды, қаулыларды және одан әрі) қоса отырып, кінәлілерді жауаптылыққа тарту туралы лауазымды тұлғалардың немесе уәкілетті органдардың жазбаша хабарламаларының болуы негіз болады.

37. 12-деректеменің «Материалдық жауаптылыққа тартылғандар» көрсеткішінде еңбек міндеттерін орындау кезінде келтірілген залал үшін прокурордың ұсынысы бойынша еңбек заңнамасында көзделген жағдайлар мен мөлшерде әкімшіліктің өкімі бойынша еңбекақысынан ұстау арқылы материалдық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер ғана көрсетіледі.

38. Тексерулер мен талдау нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруі басталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың нөмірлері 13-деректемеде көрсетіледі. Бұл ретте, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарының 15таңбалы нөмірлері Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – СДТБТ) сәйкес келуі тиіс.

39. «Сот мүліктік емес сипаттағы өтініштерді қанағаттандырды» 14-деректемесінде Заңның 23-бабы 1-тармағы тәртібінде енгізілген прокурорлардың сот қанағаттандырған өтініштері көрсетіледі (мүліктік емес сипаттағы).

Есепке алу үшін соттарға берілген талап-арыздарының көшірмелері және оларды қанағаттандыру туралы заңды күшіне енген сот шешімдері негіз болады. Мүліктік емес сипаттағы өтініштерге талап, ерекше талап және талап бағасы жоқ ерекше өндіріс тәртібінде сотқа берілген өтініштер жатады.

40. «Азаматтық істер бойынша талаптар қанағаттандырылды» 15-деректемесінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде, соның ішінде сотқа дейінгі іс жүргізу барысында анықталған материалдық залалды өтеу туралы ұсынылған сот қараған және қанағаттандырған прокурордың мүліктік сипаттағы талап-арыздары көрсетіледі.

Мүліктік сипаттағы талаптардың саны туралы деректер оларды қанағаттандыру туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін көрсетіледі.

Қанағаттандырылған талаптар бойынша өндірілген сомалар туралы мәліметтер олардың өндірілуін растайтын құжаттар (түбіртек, чек немесе басқа да бухгалтерлік есепке алу құжаты түріндегі төлем құжаттарының көшірмелері) негізінде көрсетіледі. 15.4-деректемеде мемлекет кірісіне өндірілген талаптардың сомалары туралы мәліметтер көрсетіледі.

41.«Прокурорлық қадағалау актілері бойынша залал өтелді» 17-деректемесінде нақты жеке немесе заңды тұлғадан нақты соманы өндіру туралы талаппен прокурорлық қадағалау актілері бойынша (мемлекетке, түрлі меншік нысанымен жеке және заңды тұлғаларға) өндірілген залалдың сомасы көрсетіледі.

Залалды өтеу туралы деректер өтелетін соманың іс жүзінде алынғанын немесе аударылғанын, соның ішінде мемлекет кірісіне немесе мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттың келіп түскенін растайтын бухгалтерлік есепке алу құжаттарының негізінде ақшалай түрде (теңге) көрсетіледі.

42.«Мемлекет кірісіне өтелді» 17.2-деректемесінде мемлекет кірісіне және мемлекеттік бюджетке өтелген сома көрсетіледі. Бұл ретте, мемлекет кірісіне өтелген залал ретінде нақты жеке немесе заңды тұлғадан нақты соманы өндіру туралы талаппен прокурорлық қадағалау актісін енгізу нәтижесінде өтелетін соманың келіп түсуін растай         тын бақылаушы немесе қаржы органының құжаттары болған жағдайда, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің шоттарына келіп түскен сомалар есептеледі.

43.«Соның ішінде, мемлекеттік бюджетке» 17.3-деректемесінде мемлекеттік бюджетке өтелген сома көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетке өтелген залал ретінде өндірілген соманың республикалық немесе жергілікті бюджетке келіп түсуін растайтын бақылаушы немесе қаржы органының немесе бухгалтерлік есепке алу құжаттары болған жағдайда, прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде республикалық немесе жергілікті бюджетке келіп түскен сомалар есептеледі.

Сонымен қатар, осы көрсеткіштерде егер сынақ прокурордың араласуы нәтижесінде жүргізілген болса, бюджеттік ұйымдар, шаруашылық етуші субъектілер арасында сынақ өткізу арқылы мемлекеттік бюджетке аударылған сомалар көрсетіледі.

3. «Қадағалау» БААЖ-де ЭАЕҚ-ға түзетулер жүргізу

44. «Қадағалау» БААЖ-де № 8, 8.1, 8.2, 8.3 ЭАЕҚ деректемелеріне түзетуді прокурорлар өздерінің немесе ҚСжАЕК не ҚСжАЕКБ бастамалары бойынша жүргізеді.

45. «Қадағалау» БААЖ-де №8, 8.1, 8.2, 8.3 ЭАЕҚ жоюды прокурорлар Бас прокуратураның салалық құрылымдық бөлімшесінің, ҚСжАЕК және ҚСжАЕКБ, Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы, Астана, Алматы қалаларының және облыстар прокуратураларының басшыларымен, қалалық, аудандық прокурорлармен және оларға теңестірілгендермен келісе отырып қана жүзеге асырады.

46. Прокуратура органдарының тиісті бөлімшелері3 күндік мерзімде ҚСжАЕК-ге және ҚСжАЕКБ-не өтініштің нөмірін немесе құқықтық түсіндіру сипатындағы іс-шараны, өзгертілген деректеменің атауын, бұрынғы және жаңа көрсеткішті көрсете отырып, жүргізілген түзету туралы мәліметтерді ұсынады.

Көрсетілген мәліметтер негізінде ҚСжАЕК және ҚСжАЕКБ жүргізілген түзетудің статистикалық есептілік көрсеткіштеріне әсер ету мәніне ББСЖ ААЖ-не тексеру жүргізеді.

47. Бұрынғы есептілік кезеңдері есептілігінің бұрмалануына әкеп соққан бұзушылықтар анықталған жағдайда, есептілікті түзету және кінәлі адамдардың жауаптылығы туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының   2000 жылғы 20 қазандағы № 55 бұйрығымен бекітілген тәртіпте қаралады.

4. Есеп көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша талаптар

48. №8 нысанды есеп А-1, А-2, А-3, Б және В кестелерінің 1-бөлімінен, сондай-ақ А кестесінің 2, 3 және 4-бөлімдерінен тұрады.

Бірінші бөлім жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін шешу бойынша прокурордың жұмысын, екінші – құқықтық түсіндіру қызметін және жариялылық туралы мәліметтерді, үшінші – жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар, төртінші – өтінішті қарау тәртібі туралы заңнаманың қолданылуына қадағалау қызметін көрсетеді.

49. Жұмыс нәтижелері «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес іс жүзінде орындалғаннан кейін және тиісінше құжаттамалық рәсімделгеннен кейін есепке қосылады.

50. Есептің 1-бөлімінде мәні бойынша прокуратурада барлық шешілген тікелей және мемлекеттік билік және басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, газет- журналдардың редакциялары арқылы келіп түскен заңды тұлғалардың өтініштері, жеке тұлғалардың шағымдары, өтініштері және хаттары (бұдан әрі өтініштер), лауазымды тұлғалар жеке қабылдау кезінде алған жазбаша және ауызша хабарламалар есепке алынады.

Бұл ретте, жоғары тұрған прокуратурадан келіп түскен, мәні бойынша төмен тұрған прокуратура шешкен өтініш есепте соңғы болып есепке алынатынын назарға алу керек. Аталған шағым бойынша жауап беру үшін ақпарат ұсына отырып, жоғары тұрған прокуратураның бақылау тапсырмасын төменгі тұрған прокуратура орындаған жағдайда, ол жоғары тұрған прокуратураның есебінде шешілген болып есепке алынады.

51. 1-бөлімде есепке алынбайды:

1) өтінішті қарау нәтижесінде прокуратура органдарының АЕК және СДТБТ-нде тіркелген жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштері;

2) «Өтініштер прокуратура органдарына келіп түсті» 1-жолын және «соның ішінде телнұсқалар» 2-жолын қоспағанда, өтініштердің телнұсқалары (келіп түскен уақытына және қай органнан келіп түскеніне қарамастан, бір адамнан бірдей мәтінмен өтініштердің көшірмелері);

3) бұрын берілген өтініштің қараусыз қалғаны туралы өтініштер.

52.А-1, А-2 кестелерінде жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қозғалысы және шешілуі туралы жалпы мәліметтер бар, олардың ішінде жазаның орындалуын қадағалау мәселелері бойынша «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына байланыстыжеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мәліметтер бар. Сонымен қатар «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына байланысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері А-3 кестесінде көрсетіледі.

53. «Қадағалау» БААЖ арқылы тіркелген прокуратура органдарына барлық өтініштер олардың сипаттарына және қадағалау түріне қарамастан 1-бағанда көрсетіледі.

1-бағынның 2-11-бағандарында әлеуметтік-экономикалық қызметтің, жазаны орындаудың, соттарда қылмыстық істерді қараудың, азаматтық істер бойынша сот актілерінің, әкімшілік істер бойынша сот актілерінің, атқарушылық іс жүргізудің, қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 105-бабы бойынша, халықаралық келісімшарттардың қолданылу, мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласының заңдылығын қадағалау мәселелері бойынша өтініштер бөлінеді.

1-бағанда, сондай-ақ, шаруашылық-қаржы басқармалары және бөлімдер заң шығару, кадрлар, азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау мәселелері бойынша шешкен өтініштер көрсетіледі. 

54. А-1 және А-2 кестелерінің 1-жолында «115.KZ» порталы арқылы ауызша, жазбаша, электрондық түрдегі, бейне өтініштер, сонымен қатар өтініштердің тіркелген телнұсқалары есепке алына отырып, азаматтардың жеке қабылдауынан республиканың прокуратура органдарына келіп түскен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің жалпы саны есепке алынады. 1-жолдан 2-жол бөлінеді, онда телнұсқалардың саны жөніндегі мәліметтер көрсетіледі. 1-жол 2-жолдағы мәліметтерді алып тастағанда, 3, 5, 8 жолдардың құрама сомасы болып табылады.

55. 3-жолда Бас прокуратураға және ҚСжАЕКБ-ге келіп түскен өтініштер есепке алынады.

56.4-жолда облыстық прокуратураларға және ҚСжАЕКБ-не шешу үшін жолданған өтініштер туралы мәліметтер есепке алынады.

57. 5-жолда облыстық прокуратураларға және ҚСжАЕКБ-не, соның ішінде Бас прокуратурадан және ҚСжАЕК-ден келіп түскен өтініштер есепке алынады. 6 және 7-жолдарда аудандық және басқа прокуратураларға жолданған өтініштер көрсетіледі.

58. 8-жолда аудандық прокуратураларға, соның ішінде облыстық прокуратуралардан келіп түскен өтініштер есепке алынады. 9-жолда басқа прокуратураларға жолданған өтініштер көрсетіледі.

59. 10-жолда – қаралған өтініштердің саны (төмен тұрған және басқа прокуратураларға жолданған өтініштерді қоспағанда).

60. 11-жолда шешілген өтініштердің жалпы саны көрсетіледі. Шешілген өтініш ретінде қанағаттандырылған, қабылданбаған, сонымен қатар прокурор түсініктеме берген өтініш есептеледі. 11-жолдағы көрсеткіштердің сомасы 12, 16 және 18-жолдардағы көрсеткіштердің сомасына тең болуы қажет.

61. 12-жолда прокурорлар талаптарын қанағаттандырған немесе ішінара қанағаттандырған, яғни  өтініш беруші қойған мәселелер шешілген, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ алдыңғы өтінішке жауаптың көшірмесін беру, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істің, өтініштер бойынша қадағалау өндірістерінің материалдарымен және басқа да материалдармен танысу  бойынша шаралар қабылданған өтініштер, жеке қабылдауға жазылулар бойынша мәліметтер көрсетіледі, соның ішінде 13-жолда бұзушылықтар анықтала отырып қанағаттандырылған өтініштер бейнеленеді.

62. 13-жолдан 14-жолда олар бойынша бас тарту материалдарын, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді және атқарушылық іс жүргізуді зерделеуге сұратып алынған қанағаттандырылған өтініштер бойынша мәліметтер көрсетіледі.

 63. 15-жолда олар бойынша төмен тұрған прокурорлар бұрын талаптарды қанағаттандырудан бас тартқан қанағаттандырылған өтініштер туралы мәліметтер көрсетіледі.

64.16-жолда талаптарын қанағаттандырудан бас тартылған өтініштер бойынша мәліметтер, 17-жолда бас тарту материалының, қылмыстық істің, азаматтық, әкімшілік істің және атқарушылық өндірістің материалдары зерделеуге сұратылғандар бойынша көрсетіледі.

65. 18-жолда өтініштер бойынша түсініктемелердің саны жөніндегі мәліметтер көрсетіледі.

66. 19-жолда заңмен белгіленген мерзімнен асып шешілген өтініштер есепке алынады:

-қосымша зерделеуді және тексеруді қажет етпейтін, 15 күннен артық мерзімде шешілген өтініштер (Заңның 8-бабы 1-тармағы);

 -қосымша зерделеуді және тексеруді қажет ететін 30 күннен артық мерзімде немесе ұзартылған мерзімі бұзылып шешілген өтініштер (Заңның 8-бабы 2-тармағы);

 - сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне қылмыстық процеске қатысушылар берген, 7 күн мерзімі асып шешілген, соның ішінде ұстау, тінту кезінде, алу, мүлікке тыйым салу, күдікті деп тану, күдіктінің әрекетін саралау, лауазымнан шеттеу кезіндегі, сонымен қатар азаптау, зорлық-зомбылық, қауіп төндіру немесе қорғауға 3 тәулік мерзімінен артық құқығын бұзуды қолдану кезіндегі Заңның бұзылуына, сондай-ақ шағымды тексеру үшін қосымша материалдар талап етілген немесе ҚР БП 10.10.2015 жылғы №4/15-нұсқауын ескеріп, ҚР ҚПК 105-бабы тәртібінде шағым берген адамға мәлімдей отырып, 15 тәуліктен асырылып шешілген басқа да шаралар қабылданған жағдайлардағы шағымдар;

- іс прокуратураға келіп түскен сәттен бастап отыз жұмыс күнінен артық қаралған, азаматтық іс бойынша кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттар (Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 438-бабы 4-бөлігі);

іс прокуратураға келіп түскен сәттен бастап отыз жұмыс күнінен артық қаралған, әкімшілік іс бойынша қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінішхаттар (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 848-бабы 4-бөлігі);

- 3 ай мерзімі асып немесе ұзартылған мерзімі бұзылып шешілген жеке тұлғаларты ақтау туралы өтініштер («Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы);

67. Өтініштерді шешу мерзімі прокуратура органдарында тіркелген күнінен бастап «Қадағалау» БААЖ-да жіберілген құжаттардың тізілімі негізінде өтінішті шешу нәтижелері туралы өтініш берушіге хабарланған күнге дейін саналады.

Істі талап ете отырып, азаматтық істер бойынша кассациялық наразылық және әкімшілік істер бойынша қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінішхатты шешу мерзімі азаматтық немесе әкімшілік істің прокуратура органдарына келіп түскен күнінен бастап «Қадағалау» БААЖ-да жіберілген құжаттардың тізілімі негізінде өтінішті шешу нәтижелері туралы өтініш берушіге хабарланған күнге дейін саналады.

68. Прокурор баянатпен шешу мерзімін ұзартқан өтініштер мерзімі ұзартылып шешілгендер ретінде 20-жолда бөлек есепке алынуы тиіс.

69. 21-жолда шешілген қайталанған шағымдардың саны көрсетіледі (11-жолдан).

70.Қайталанған шағымдар ретінде бір адамнан бір мәселе бойынша осы прокуратураға кемінде екі рет келіп түскен, алдыңғы өтініш бойынша қабылданған шешім шағымдалатын, бұрын жолданған өтініштің уақытылы қаралмауы туралы хабарланатын өтініш түсініледі, егер оның келіп түскен уақытынан бастап белгіленген қарау мерзімі өтіп кетсе, бірақ өтініш беруші жауап алмаса, алдыңғы өтінішті қарау кезінде жіберілген басқа кемшіліктер көрсетіледі.

71.22-жолда осы прокуратура шешкен бұрын берілген шағымдарды қанағаттандырудан бас тартылғандарға шағымдар, 23-жолда – қайталанған өтініштердің талаптары қанағаттандырылғандар есепке алынады.

72. 24-жолда бұрын берілген шағымдардың ұзақ және сапасыз шешілуі, олардыңғ ішінде 25-жолда – негізді деп танылғандар.

73.26-жолда басқа органдарға шешу үшін жолданған өтініштер бойынша мәліметтер көрсетіледі.

74.27-жолда есептік айдың соңына қаралмаған өтініштер бойынша мәліметтер бейнеленеді.

75.28-жолда шешусіз қалдырылған немесе тоқтатылған өтініштер бойынша мәліметтер көрсетіледі.

76.29-жолда есептік жылдың соңына қараусыз қалған өтініштер бойынша мәліметтер көрсетіледі.

77.30-жолда азаматтарды жеке қабылдауда, солардың ішінде 31-жолда басшылық қабылдағандар туралы мәліметтер көрсетіледі.

78.Б кестесінде қаралған өтініштердің сипатына байланысты жеке тұлғалардың өтініштерін шешу бойынша прокурордың жұмысы (телнұсқасыз), 1-бағанда шешілгендердің саны, 2-бағанда – қанағаттандырылғандар, 3-бағанда – қанағаттандырудан бас тартылғандар, 4-бағанда – түсініктеме берілгендер, 5-бағанда – заңмен белгіленген мерзімі асқандар көрсетіледі.

79.Б және В кестелерінің жолдық мазмұны «Өтініш мәселесінің сипаты» анықтамалығының жалпы көрсеткіштерін бейнелейді.

80.2-бөлімнің 1-жолында құқықтық түсіндіру сипатындағы өткізілген іс-шаралардың жалпы саны көрсетілген, олардың ішінде 2-17-жолдарда оларды жүзеге асыру нысандары бөлініп көрсетіледі: конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, оқылған дәрістер, халықпен жиындарда сөз сөйлеу, БАҚ-та жарияланған материалдар саны, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және ҚСжАЕК ведомстволық Веб-сайттарында орналастырылған материалдардың саны.  

81.18-жолда баспасөздің сыни ескертпелері бойынша жүргізілген тексерулердің жалпы саны көрсетіледі, соның ішінде 19-жолда – мемлекеттік органдардың қызметіне және 20-жолда  прокуратура органдарының қызметіне.

Блогта, брифингте, тренингтерде, ашық есік күндерінде, интернет-конференцияларда, акцияларда өтініштерді қарау ретіндегі құқықтық түсіндіру сипатындағы мұндай іс-шаралар іс-шаралардың жалпы санында 1-жолда жолма-жол мазмұнына бөлместен көрсетіледі.

82.1-бағанда құқықтық түсіндіру қызметінің негізгі нысандары және жариялылық бойынша прокурордың жұмысы туралы мәліметтердің жалпы саны көрсетіледі, бұл ретте, ол қадағалау салалары көрсетілетін 2-12-бағандардың сомасынан тұрады. 12-бағанда өзі сөз сөйлеген кезде прокурорлық қадағалаудың бірнеше бағытын қамтитын прокруордың құқықтық түсіндіру жұмысы көрсетіледі.

83.3-бөлімде прокуратура органдары жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша қабылдаған шаралар туралы мәліметтер көрсетіледі.

1-жолда прокурордың жолдаған уақытына қарамастан, есептік кезеңнің ішінде заңның бұзылуын жою туралы орындалған ұйғарымдардың саны көрсетіледі, ол заң бұзушылыққа жол берген органның немесе лауазымды тұлғаның немесе осы бұзушылықты жоюға құқығы бар органның немесе лауазымды тұлғаның ұйғарымның орындалғаны туралы жазбаша хабарламасы негізінде есепке алынады.

84.2-жолда прокурордың талаптарын орындау және бұзылған құқықты, апелляциялық және кассациялық сатылардың қаулыларын қалпына келтіру туралы жазбаша хабарламалар негізінде есепке алынатын қанағаттандырылған наразылықтар туралы мәліметтер көрсетіледі.

85. 3-жолда бұзушылықты жою бойынша шаралар қабылдай отырып, есептік кезеңде қаралған ұсыныстардың саны көрсетіледі (енгізілген уақытына қарамастан). Бұл жолда есепке алу үшін лауазымды тұлғалардың немесе органдардың прокурордың ұсыныстарын қарау нәтижелері және заңдылықтың бұзылуын жою бойынша қабылданған шаралар туралы жазбаша хабарламалары негіз болады.

86.4-жолда есептік кезеңде қаралған тәртіптік өндірістердің саны көрсетіледі.

87.5 және 6-жолдарда алдын-ала сақтандыруларды жариялау және өтініштермен сөз сөйлеулер туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

88.7-және 8-жолдарда азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде ұсынылған прокурордың сот қанағаттандырған талап-арыздары көрсетіледі. Азаматтық істер бойынша қанағаттандырылған талаптардың саны және сомасы туралы деректер талапты қанағаттандыру туралы сот шешімі шыққан соң және ол заңды күшіне енгеннен кейін есепке қосылады. Қанағаттандырылған талаптар бойынша өндірілген сомалар туралы мәліметтер олардың өндірілуін растайтын құжаттар негізінде (түбіртек, чек, немесе басқа бухгалтерлік есепке алу құжаты түріндегі төлем құжаттарының көшірмелері) 9-жолда көрсетіледі.

89.10-жол қаралған ұсыныстар мен тәртіптік өндірістер нәтижесінде тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдардың саны туралы көрсеткіштерді қосады, 11-жолда – әкімшілік, 12-материалдық. 10-12-жолдарда есепке алу растаушы құжаттарды қоса отырып (бұйрықтар, қаулылар және т.б.), кінәлілерді тиісті жауаптылыққа тарту туралы лауазымды тұлғалардың немесе органдардың жазбаша хабарламалары болған кезде жүргізіледі.

90.13-жолда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруі басталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

13 және 14-жолдарда есепке алу СДТБТ-да сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалының және кінәлі адамды соттау туралы заңды күшіне енген сот үкімінің тіркеуі бар болған кезде жүргізіледі.

91.Өтініштерді тиісінше қарамағаны үшін жауаптылыққа тартылған прокурорлардың саны 15-жолда көрсетіледі.

92.4-бөлімнің А кестесінде өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі.

Есепті құрған кезде логикалық арақатынасты сақтау қажет. А-1 кестесінің шешілген, қанағаттандырылған, бас тартылған, түсініктеме берілген және заңнамамен белгіленген мерзімі асып қаралғандардың 1-11-бағандарда бейнеленген көрсеткіштері Б кестесінде тиісті қадағалау жолдарында көрсетілген көрсеткіштерге тең болуы қажет. А-2 және В кестелерінің көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша да осындай талаптар.

5. №8-нысанды есепті қалыптастыру мерзімдері

93. №8-нысанды есеп үдемелі қорытындымен ай сайынғы кезеңділікпен құрылады.

94.Қала, аудан прокурорлары және оларға теңестірілгендер, Бас прокуратураның, ҚСжАЕК орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің және ҚСжАЕКБ, Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы, Астана, Алматы қалалары және облыстар прокуратураларының басшылары алдын-ала кесіктер бойынша №8, 8.1, 8.2, ЭАЕҚ және ББСЖ ААЖ-да №8-нысанды есеп мәліметтерінің толықтығы мен нақтылығына тексеру жүргізеді. 

95.ББСЖ ААЖ-да есептік кезеңдегі №8-нысанды есептің толықтығы мен нақтылығына соңғы тексеру есептік айдың 30 және 31-күндері жүргізіледі.

№8-нысанды есеп бойынша кесікті есептік кезеңнен кейінгі айдың 2-күнінің 15-сағатына дейін Комитеттің аумақтық басқармалары растайды және Комитет бекітеді.

Есептік көрсеткіштердің толықтығы мен нақтылығына қала, аудан прокурорлары және оларға теңестірілгендер, Бас прокуратураның, ҚСжАЕК орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің және ҚСжАЕКБ, Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы, Астана, Алматы қалалары және облыстар прокуратураларының басшылары жауапты болады.

96. Республика бойынша, соның ішінде прокуратура және құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары бойынша №8-нысанды жиынтық есеп есептік кезеңнен кейінгі айдың 4-күні Комитет Төрағасына қол қою үшін ұсынылады. Есептер қол қойылғаннан кейін Бас прокуратураның басшылығына, Бас прокуратураның департаменттері мен басқармаларына жолданады.

97.Статистикалық кесік бекітілгеннен кейін №8-нысанды есепті түзетуге Қазақстан Республикасы Бас Прокрорының 2000 жылғы 20 қазандағы №55-бұйрығымен белгіленген тәртіпте жол беріледі.

98.Ескерту: егер мерзім күні жұмыс емес күніне келсе, онда есепті ұсыну күні ретінде оған жақын келесі жұмыс күні есептеледі.

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.