You are here

Прокуратура органдарының жүйесінде (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақытөлемдерін тағайындау жәнежүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Прокуратура органдарының жүйесінде (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшінзейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмыстары департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеукүнінен бастап күнтізбелік он күн ішіндеҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекетік кәсіпорнына жіберілуін;        

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркельге жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Ж. Асанов

ҚазақстанРеспубликасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 189бұйрығымен
бекітілген

Прокуратура органдарының жүйесінде (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге
еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін
тағайындау жәнежүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық

1 тарау. Жалпы ережелер

1. Прокуратура органдарының жүйесінде (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі осынұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) прокуратура органдарының жүйесінде (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге (бұдан әрі – прокуратура қызметкерлері) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды және жүзеге асыруды айқындайды.

2. Прокуратура қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі уақтылы, толық және сапалы түрде жұмысты ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кадр қызметтері жүзеге асырады.

3. Еңбек сіңірген жылдарын есептеу, оның ішінде шығаруға жататын қызметкерлерге зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін ескере отырып есептеу бойынша қорытындыны, тиісті прокуратура органының Еңбек сіңірген жылдары үшінзейнетақы төлемдеріне құқық беретін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия бекітеді.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын,еңбек өтілініңесептеу бойынша материалдарды дайындауды:

1) Бас прокуратураның қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Кадр жұмыстары департаментінің әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру тобы (бұдан әрі - Орталық);

2) тиісті прокуратура органдарының, ведомстволары және мекемелерінің қызметкерлеріне қатысты - тиісті прокуратура органдарының,ведомстволары және мекемелерініңкадр қызметтері (бұдан әрі – кадр қызметтері) жүзеге асырады.

4. Еңбек сіңірген жылдары үшінзейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін еңбек өтілін белгілеу жөніндегікомиссияның қорытындысы (бұдан әрі – еңбек сіңірген жылдарының есебі) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда жасалады.

2 тарау. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін тағайындау және жүзеге асыру

5. Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін прокуратура қызметкерлері соңғы қызмет еткен орнының кадр қызметтеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысанда зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш береді және Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды қоса береді.

6. Кадр қызметі бес жұмыс күні ішінде Орталыққа жіберу үшін жұмыстан шығарылған прокуратура қызметкерінің зейнетақы ісінің құжаттарынжинақтайды, онда төмендегі тізімде құжаттар қамтылады:

1) прокуратура органының елтаңбалы мөрімен куәландырылған зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарының есебі;

2) уәкілетті басшысының бұйрықтарынанүзінділер немесе қызмет өткеруді, оның ішінде жеңілдік шарттармен қызмет өткеруді растайтын мұрағаттық анықтамалар;

3) жедел қызмет өткеруді растайтын құжат (прокуратура органының елтаңбалы мөрімен куәландырылған әскери билет көшірмесі немесе жергілікті әскери басқару органының анықтамасы);

4) басқа мемлекеттік органдардағы, басқа мемлекеттердің Қарулы Күштеріндегі қызметті жеңілдікпен есептеуді растайтын құжаттар;

5) еңбек кітапшасы, сондай-ақ прокуратура органдарының елтаңбалы мөрімен куәландырылған көшірмесі және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 13-бабына сәйкес жұмыс кезеңін растайтын басқа да құжаттар;

6) шығарылған күнін, негіздемелерін көрсете отырып, қызметтен шығару (прокуратура органдарының кадрларынан шығару) туралы бұйрықтанүзінді;

7) прокуратура қызметкері денсаулығына байланысты шығарылған жағдайда қызметке жарамдылық санаты туралыәскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы немесемедициналық куәландыру туралыанықтамасы немесе мүгедектік туралы анықтамадан үзінді;

8) осы Нұсқаулықтың2-қосымшасына сәйкес нысанда ақшалай қамтылымның мөлшері туралы анықтама, онда ақша төленген күн көрсетіледі.

7. Орталық барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін тағайындауды осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және мөлшерін есептеу туралы қорытынды бойынша жүргізеді.

Жүргізілген тағайындаулар туралы деректер Орталықтың электрондық дерекқорына енгізіледі.

8. Прокуратура қызметкерлерінің зейнетақы істері осы Нұсқаулықтың4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша зейнетақы істерінің тізілімінде тіркеледі, ол бойынша зейнетақы ісінің нөмірі беріледі.

Зейнеткерлік іс одан әрі есепке алу және сақтау үшін Орталықтыңарнайы жабдықталған жабық шкафтарда (сақтау орындарында) орналастырылады.

9. Орталық зейнетақы төлемдерінің тағайындалғаны туралы зейнеткер куәлігін беру және алушыға Орталықты алушының деректері өзгерген жағдайда хабардар ету қажеттігі туралы хабарлау үшін тиісті прокуратура органының кадр қызметін бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

10. Алушы өзінің еңбек жолын немесе қызмет өткеруін, оның ішінде жеңілдік шарттармен қызмет өткеруін растайтын, бұрын зейнетақы ісіне қоса тіркелмеген құжаттардың, мұрағаттық анықтамалардың нотариуспен куәландырылған көшірмелерін берген жағдайда, Орталық осы Нұсқаулықтың5-қосымшасына сәйкес нысанда дайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің жаңа мөлшеріжәне (немесе) төлемді тоқтату туралы шешім қабылдайды.

11. Еңбек сіңірген жылдары үшінзейнетақы төлем және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлем (2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған) алушының дәрігерлік-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) түсуі немесе шығуы туралы ақпарат алған жағдайда, Орталық мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тоқтата тұру(жаңғырту) және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің мөлшерін белгілеу туралы шешім қабылдайды. 

12. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын хабардар ете отырып, зейнетақы төлемдері мынадай мәліметтер, оның ішінде мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінен бастап тоқтатылады:

1) қайтыс болуы туралы;

2) алушылардың тұрақты мекендеуге Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу фактісінің анықталуы;

3) алушыны хабарсызкеттідепжариялаутуралы;

4) сыныптық шен, әскери (арнайы) атақ беріп, алушыны лауазымға тағайындаған күннен бастап мемлекеттік қызметке қабылдау туралы;

5) жеке басын куәландыратын құжатының жарамдылық мерзімінің өтуі туралы (азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

6) отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым тағайындау (қайта қалпына келтіру) туралы.

Сондай-ақ зейнетақы төлемдері алушының осы Нұсқаулықтың6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы өтінішімен тоқтатылады.

13.Төлемді тоқтатуға негіз болатын мән-жайлар өзгерген кезде осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алушының өтініші негізінде тоқтатылған күннен бастап не қайта есептеу құқығы басталған сәттен бастап Орталық зейнетақы төлемін қайта төлейді.

14.Алушы қайтыс болған жағдайда немесе басқа себептермен зейнетақы төлемдері тоқтатылған жағдайда, Орталықтың электрондық дерекқорына тиісті өзгерістер енгізіледі. Зейнетақы ісінде «Қайтыс болу», «Зейнетақы төлемдерінің басқа түріне ауысу», «Анықталғанға дейін» және тағы басқа белгілер қойылады, ол есепке алу және сақтау үшін тапсырылады.

15. Қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы және оның отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы тағайындау үшін, кадр қызметі арқылы Орталыққа Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз және Қағидалардың 31-тармағына сәйкес құжаттар беріледі.

Орталық осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойыншажерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы және отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы тағайындау туралы шешім жасайды, жерлеуге біржолғы ақшалай төлем (өтемақы) және отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы мөлшерінің есебін жүргізеді.

ТіркемеКөлем
Нұсқаулыққа қосымша 64.72 KB
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.