You are here

«Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 6986 санымен тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдедегі «Егемен Қазақстан» газетінің № 301-302 (26696) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе сөзбасы мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Занының 12-бабы 3-тармақ 12)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану туралы қоса берілген қағидалары бекітілсін.»;

аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану ережесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Осы Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңын, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы         6 қаңтардағы Заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын ақпараттық және статистикалық сүйемелдеу мақсатында әзірленді.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қағидалары мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алуды жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.

Есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың деректер банкін (бұдан әрі – деректер банкі) жүргізу арқылы жүзеге асырады.

Деректер банкінің мәліметтері Қағидалардын 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға ғана пайдаланылады.

Комитеттің облыстық, Астана, Алматы қалалары бойынша, Әскери және Аймақтық көлік басқармаларында (бұдан әрі – аумақтық органдар) жергілікті есепке алулар жүргізіледі.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»                Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік шаралардың қолданылуын өзінің құзыреті шеңберінде қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері осы Қағидалардын 6 және 15-тармақтарында көрсетілген құжаттарды Комитетке өз уақытында ұсынады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік органның кадр қызметі (одан әрі – кадр қызметі) адамның жағымсыз себептермен босатылу, әскери бөлімнің (мекеменің) жеке құрамы тізімінен шығарылу дерегі бойынша адамның шығарылған сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық органдарына осы Қағидалардын  1-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың № 1-ЖС нысанды карточкасын (бұдан әрі – карточка), адамды жағымсыз себептермен жұмыстан босату туралы бұйрықтың үзінді көшірмесін және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса отырып береді.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10.Карточка қызметкерді жұмыстан босатқан орган басшысының және кадр қызметі басшысының (оларды алмастыратын адамдардың) қолымен расталуға жатады. Басшы және жауапты тұлға 12, 13 деректемеде өзінің тегін, лауазымын және карточканы толтырған күнді көрсетуі тиіс.

14,15 деректемелер осы Қағидаларға қоса берілетін 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша, жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың бірыңғай журналының (бұдан әрі – журнал) мәліметтеріне сәйкес, тіркеу нөмірін, тіркелген күнді, тегін көрсетіп, карточкаға қолын қоятын аумақтық орган қызметкері толтырады.»;

12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«12.Аумақтық органдар карточкаларды журналға тіркейді.

Аумақтық органға карточкалардың қағаз нұсқасы келіп түскеннен кейін,  жиырма төрт сағат ішінде аумақтық органдарының қызметкері деректемелердің дұрыс толтырылуы мен түгелдігін тексереді және міндетті түрде карточканың, растайтын құжаттардың және жеке куәлігінің графикалық көшірмесін сала отырып, карточканы деректер банкіне еңгізуді жүзеге асырады.

Егер енгізу мерзімінің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келсе, карточка одан кейінгі бірінші жұмыс күні енгізіледі.

Енгізілгеннен кейін, карточка және растаушы құжаттар осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте аумақтық органда сақтауға жатады.

 13.Толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер көрсетілген, осы Қағидалар талаптарын бұзумен толтырылған немесе белгіленбеген бланкіде толтырылған карточкалар тіркелмейді және келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде соларды қойған органға қайта қайтарылады.

Түзетілген карточкалар келіп түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тіркелуі үшін аумақтық органдарына ұсынылады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15.Адамдарды босату туралы шешім өзгертілсе немесе алып тасталса, уәкілетті мемлекеттік орган шешім өзгертілген немесе алып тасталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық органға осы Қағидаларға қоса берілген 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша, мөр басылған, осы дерек бойынша хабарламаны екі данада, сондай-ақ адамды босату туралы шешімнің өзгертілгенін немесе алып тасталғанын растайтын материалдарды екі данада жолдайды.

Аумақтық орган хабарламаның бір данасын және адамды босату туралы шешімнің заңда белгіленген тәртіпте өзгертілгенін немесе алып тасталғанын растайтын материалдардың бір данасын Комитетке ұсынады, бұл Комитеттің орталықтандырылған есепке алу деректеріне түзету енгізуі үшін негіз болып табылады.

Адамдарды жағымсыз себептермен босату туралы шешімді өзгертуді немесе күшін жоюды растайтын материалдар және өзге де құжаттар келіп түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде деректер банкін жүргізуге жауапты Комитет қызметкері деректер банкінде тиісті түзетуді жүзеге асырады.»;

15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15-1.Карточкаларды есепке алудың толықтығы мен ұсынудың уақытылы болуын қамтамасыз ету мақсатында, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейін тиісті аумақтық органдарға Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарға қатысты мәліметті құрайтын  тізім ұсынылады.

Есептің толық емес фактісі анықталған жағдайда, тиісті аумақтық органдармен субъектілердің мекенжайына ұсыныс енгізіледі немесе ақпараттық хат жолданады.»;

16-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Журналдың дұрыс жүргізілуін бақылау аумақтық органдарының бастықтарына жүктеледі. Журнал үнемі сақталуы тиіс.»;

19-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:   «Бланкілер нысандары, оларды толтыру және есепке алу бойынша тексеру үшін жолдау тәртібі, сондай-ақ орындау мерзімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15516 санымен тіркелген)    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 30 маусымдағы                            № 68 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу мен пайдалану қағидаларымен реттелген.»;

Қағидалардын 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 

2.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;

3)осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) орындау үшін осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алу мүдделі субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына жіберлуін қамтамасыз етсін.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры                                                                                      

Ж. Асанов

ТіркемеКөлем
Microsoft Office document icon Приложение к приказу72.5 KB
PDF icon Приказ7.68 MB
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.