You are here

«Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алуды жүргізу және пайдалануды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6986 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 23 маусымда №196 (26617) жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

Осы бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану ережесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңын, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын ақпараттық және статистикалық сүйемелдеу мақсатында әзірленді.»; 

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңыталаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік шаралардың қолданылуын өзінің құзыреті шеңберінде қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері осы Ереженің 6 және 15-тармақтарында көрсетілген құжаттарды Комитетке өз уақытында ұсынады.»;

5-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңы 34-бабының 1-тармағының 5), 11) және 11-1) тармақшаларында;

2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 61-бабының 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 21)-тармақшаларында»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік органның кадр қызметі (одан әрі – кадр қызметі) адамның жағымсыз себептермен босатылу, әскери бөлімнің (мекеменің) жеке құрамы тізімінен шығарылу дерегі бойынша адамның шығарылған сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық басқармаларда осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес, екі данада мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың № 1-ЖС нысанды карточкасы (бұдан әрі – карточка), адамды жағымсыз себептермен жұмыстан босату туралы бұйрықтың үзінді көшірмесін және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса отырып береді.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Карточканың 1-деректемесінде жағымсыз себептермен босатылған тұлғаның қызмет еткен органының атауы көрсетіледі. 2 және 2.1 деректемеде жағымсыз себептермен босатылған адамның ведомстволық иемденуі көрсетіледі. 3-деректемеде мемлекеттік қызметтен босатудың негізі көрсетіледі.

4-деректемеде органның жұмыстан босату туралы бұйрығының (шешімнің) нөмірі мен бұйрықтың шығарылған күні көрсетіледі.

6-11 деректемелерде босатылған тұлғаны анықтау мәліметтері көрсетіледі.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Карточка қызметкерді жұмыстан босатқан орган басшысының және кадр қызметі басшысының (оларды алмастыратын адамдардың) қолымен расталуға жатады. Басшы және жауапты тұлға 12, 13 деректемеде өзінің тегін, лауазымын және карточканы толтырған күнді көрсетуі тиіс.

14, 15 деректемелер осы Ережеге қоса берілетін 2-қосымшаға сәйкес, жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың бірыңғай журналының (бұдан әрі – журнал) мәліметтеріне сәйкес, тіркеу нөмірін, тіркелген күнді, тегін көрсетіп, карточкаға қолын қоятын аумақтық басқарма қызметкері толтырады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Аумақтық басқармалар карточкаларды журналға тіркейді.

Оны қойғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде аумақтық басқарманың қызметкері деректемелердің дұрыс толтырылуы мен түгелдігін тексереді және карточканы деректер банкіне енгізуді жүзеге асырады. Егер енгізу мерзімінің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келсе, карточка одан кейінгі бірінші жұмыс күні енгізіледі.

Карточканың бір данасы тіркелген және енгізілген соң үш жұмыс күні ішінде Комитетке жолданады, ал екіншісі өңдеуге және аумақтық басқармада сақтауға жатады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Адамдарды босату туралы шешім өзгертілсе немесе алып тасталса, уәкілетті мемлекеттік орган шешім өзгертілген немесе алып тасталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық басқармаға осы Ережеге қоса берілген 3-қосымшаға сәйкес, мөр басылған, осы дерек бойынша хабарламаны екі данада, сондай-ақ адамды босату туралы шешімнің өзгертілгенін немесе алып тасталғанын растайтын материалдарды екі данада жолдайды.

Аумақтық басқарма хабарламаның бір данасын және адамды босату туралы шешімнің заңда белгіленген тәртіпте өзгертілгенін немесе алып тасталғанын растайтын материалдардың бір данасын Комитетке ұсынады, бұл Комитеттің орталықтандырылған есепке алу деректеріне түзету енгізуі үшін негіз болып табылады.

Адамдарды жағымсыз себептермен босату туралы шешімді өзгертуді немесе күшін жоюды растайтын материалдар және өзге де құжаттар келіп түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде деректер банкін жүргізуге жауапты Комитет қызметкері деректер банкінде тиісті түзетуді жүзеге асырады. Егер енгізу мерзімінің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келсе, түзету одан кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.»;

Мынадай мазмұндағы 15-1 тармақпен толықтырылсын:

«15-1. Карточкаларды есепке алудың толықтығы мен ұсынудың уақытылы болуын қамтамасыз ету мақсатында, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейін тиісті аумақтық басқармамен бірге салыстыру жүргізеді.»;

19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Тұлғалар туралы ақпаратты сұрату Комитет порталының «Жеке тұлғаға талап» ақпараттық сервисі арқылы жүзеге асырылады. Осы порталда құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерін тіркеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, мәліметтерді алу әрбір тексерілетін тұлғаға жеке рәсімделген талапты Комитетке және оның аумақтық басқармасына жолдау арқылы жүргізіледі.»;

25-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

 «Тексерілетін тұлға туралы мәліметтер бар болмаса, сұраудың артқы жағына «Мәліметтер жоқ» делінген мөр басылған таңба қойылады, сұрауды тексерген күн, мөртаңбаның нөмірі және сұрауды тексерген қызметкердің қолы қойылады. Тексерілуші тұлғаның мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығарылуы туралы мәліметтер орталықтандырылған есепке алуда бар болған жағдайда, олар сұраудың артқы жағында «ААЖ №.__» (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) мөрін қойып және тексерген күні мен тексерушінің қолын қойып бейнеленеді.».

2. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесінің 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауды;

3) осы бұйрықтың көшірмесін оны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5) осы бұйрықтың мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, сонымен қатар Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

ТіркемеКөлем
бұйрыққа қосымша35.42 KB
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.