You are here

Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулық

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 1 қазандағы № 60 бұйрығы

(2012.30.03. берілген өзгерістермен)

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуына тиісті қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4 тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, С. Есқараев атындағы прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық мәселелерін зерттеу Институтының басшылары таныстырылып, көшірмесі Бас әскери прокурорға, облыстық және оларға теңестірілген прокурорларға орындау үшін жолдансын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

 

Қ. Мәми

 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2010 жылғы 1 қазандағы
№ 60 бұйрығымен бекітілген

Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына,

адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына

прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы

нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулық «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының басқа заң актілеріне сәйкес қабылданды.

2. Заңдардың қолданылуы, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы саласындағы қадағалаудың басымдықтары ретінде:

1) адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуын;

2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған заңдардың нақты және бірыңғай қолданылуын;

3) мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің Конституцияға, заңдар мен Республика Президентінің жарлықтарына сәйкес келуін;

4) қоршаған ортаны қорғау және оның ресурстарын тиімді пайдалану туралы заңдардың қолданылуын;

5) кәсіпкерлікті қорғау және қолдауға бағытталған заңнаманың қолданылуын;

6) кәмелетке толмағандар туралы заңнаманың қолданылуын қадағалауды қамтамасыз ету болып есептелсін.

Аймақтың ерекшеліктеріне, қадағалау аумағындағы заңдылықтың жағдайына байланысты прокурорлар жыл сайын қадағалау қызметінің берілген тармақтың 1)-6) тармақшаларында көрсетілгеннен басқа қосымша басымдықты бағыттарын белгілеуі мүмкін.

3. Прокуратураның құқық қорғау функциялары, соның ішінде денсаулығына немесе жасына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше талап етуге қабілетсіз азаматтар мен адамдардың едәуір бөлігінің құқықтары мен бостандықтарына тиесілі көпшілік сипаттағы заңның бұзылуын жою сотқа талап-арыз беру арқылы орындалсын. Қалған жағдайда әр азаматқа өз құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғау тәртібі түсіндірілсін.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің азаматтық-құқықтық дауларына прокуратура органдарының араласуына және азаматтардың мүддесінде негізсіз талаптар беруге жол берілмесін. Заңды тұлғалар мүддесіндегі талаптар сотқа Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор) немесе жетекшілік ететін орынбасарларының келісімімен ғана жолдансын.

4. Тексеру заңнама талаптарына сай, қадағалауындағы аумақта заңдылық жағдайын, аймақ ерекшеліктерін, тәуекелдерді басқару жүйесін бағалауды мұқият талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі - Бас прокуратура) тапсырмалары бойынша жоспарланып, жүргізілсін.

Прокуратура органдары қызметінің басымдықты бағыттары бойынша тексерулер алдыңғы кезектегі тәртіпте жүргізілсін.

Бұл мақсатта, прокурорларда қадағалауындағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, демографиялық жағдайы, сондай-ақ халықтың қоғамдық, діни және саяси белсенділігі толығымен сипатталған, үнемі жаңартылып отыратын паспорт болу керек.

Аймақтағы жалпы ахуал және заңды қолданудың аса проблемалы саласын зерделеу мақсатында сотта қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша қажетті мәліметтер жинақталынсын.

5. Тексеру қатаң түрде өз құзыреті шеңберінде және бір айлық мерзімде жүргізілсін. Тексеруді тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келісімімен оның мерзімін ұзарта алады. Тексеру тиісті қаулы шығарылғаннан кейін ғана жүргізілсін.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, сондай-ақ Бас прокуратураның тапсырмалары бойынша жүргізілетін тексерулерді қоспағанда, Бас прокуратура басшылығымен келіспей шаруашылық субъектілерін бастамашылық тексеруге жол берілмесін.

6. Тексеру жүргізу туралы қаулыны шығаруға: Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Бас прокуратура департаменттерінің бастықтары мен оларды алмастырушы тұлғалар, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, қала, аудан және арнайы прокуратуралардың прокурорлары, оларды алмастырушы тұлғалар құқылы.

7. Тексеріс тақырыбына қарамастан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың қолданылуына және мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің заңдылығына баса назар аударылсын.

8. Тексеру нәтижелері бойынша дайындалған анықтаманың көшірмесі тексерілуші субъектінің басшысына танысу үшін беріледі.

9. Прокурорлық қадағалау актілерін сапалы дайындау қамтамасыз етілсін.

Прокурорлық қадағалау актілерінде заңнама нормаларына міндетті түрде сілтеме жасай отырып, заңдылықты бұзудың құқықтық мәні баяндалсын, заң бұзушылықтың келеңсіз салдары, оған ықпал еткен себептер мен жағдайлар көрсетілсін және оларды болдырмау, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселе қойылсын.

10. Прокурорлық қадағалау актісінің орындалуына және іс жүзінде заң бұзушылықтың жойылуына бақылау қамтамасыз етілсін.

11. Ұйғарым прокурорлық қадағалау актісі ретінде тек «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген белгілердің жиынтығы негізінде енгізілсін, яғни, егер заңды бұзу:

1) ашық сипатта болса;

2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың, қоғам және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін болса;

3) дереу жоюды талап етсе.

Ұйғарымды нормативтік құқықтық актілерге енгізуге болмайды.

12. Егер ұйғарым ерікті түрде орындалмаса, ол, мүлкінен мәжбүрлеп айырудан басқа жағдайларда, мәжбүрлеп орындатуға жолдансын.

13. Заңдылықты бұзу туралы ақпараттың түсу-түспеуіне қарамай, өз құзіреті шеңберінде мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің заңдылығына тексерулер уақтылы әрі тұрақты жүргізіліп, бұл ретте:

1) мемлекеттік органдардың жаңадан қабылдаған барлық нормативтік құқықтық актілерін прокуратураға жолдап тұруына қол жеткізілсін.

2) әрбір нормативтік құқықтық актілерді зерделеу қамтамасыз етіліп, оның нәтижесі туралы анықтама мен тұжырымдамалар дайындалсын;

3) заңсыз құқықтық актілердің күшін жоюға немесе заңға сәйкестендіруге шаралар қолданылсын.

14. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін құқықтық актілер анықталса, наразылықта оларды қолдануды тоқтату туралы талап міндетті түрде көрсетілсін.

Мұндай наразылықты қанағаттандырудан негізсіз бас тартылған жағдайда, сотқа талап арыз жолдай отырып, ол қаралғанша тиісті қаулы қабылдау арқылы наразылық келтірілген актіні қолдану тоқтатылсын.

15. Жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына немесе кәсіпкерлік қызметті реттеуге қатысты нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу туралы заңнама талаптарының орындалуына назар аударылсын.

16. Мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ тіркеуден өтпеген нормативтік құқықтық актілер анықталса, оларды қолдану міндетті түрде тоқтатылсын.

Жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына немесе кәсіпкерлік қызметті реттеуге қатысты нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің заңнамамен белгіленген ережелері бұзылса, кінәлі лауазымды тұлғалар заңмен белгіленген әкімшілік жауапкершілікке тартылсын.

17. Анықталған заңсыз нормативтік құқықтық актілерге наразылық келтіруге прокурордың құзіреті болмаған жағдайда, материалдар қадағалау бағыныстылығына сай жолдансын.

18. Нормативтік құқықтық актілерді қолдануды тоқтататын прокурорлық қадағалау актілері нормативтік құқықтық актілер туралы заңнамамен көзделген тәртіпте жариялансын.

19. Заңнама нормаларының кемістіктері немесе қайшылықтары, сондай-ақ қабылдануы заңдарда көзделген нормативтік құқықтық актілердің жоқтығы анықталса, ол туралы Бас прокуратураға хабарлансын.

20. Прокурорлық қадағалау актілерінің заңдылығын тексеру нәтижесі бойынша жоғары тұрған прокурор:

1) олардың заңдылығы және негізділігі күмән туғызса, түпкілікті шешім қабылданғанға дейін оларды қолдануды тоқтатсын;

2) заңда және осы бұйрықта белгіленген құзырет шеңберінен шығып кеткен жағдайда прокурорлық қадағалау актілерін қайтарып алсын;

3) прокурорлық қадағалау актілері Конституцияға, заңнама актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына, Бас Прокурордың бұйрықтары мен нұсқауларына қайшы келсе, олардың күші жойылсын.

21. Мемлекеттік органдар қабылдаған тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың заңдылығына тиісті қадағалау қамтамасыз етілсін. Тексерулер жүргізу барысында тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды салу мен алып тастаудың заңдылығына назар аударылсын.

22. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары тағайындаған тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшін жою немесе алып тастау туралы қаулы осы органдардың лауазымды тұлғаларының тарапынан заңдылықтың айқын және өрескел бұзылуы анықталған жағдайда шығарылсын. Мұндай қаулыларды Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Бас прокуратура департаменттерінің, дербес басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, қала, аудан, арнайы прокуратуралардың прокурорлары мен олардың міндеттерін атқарушылар шығаруға құқықты.

23. Прокурорлық тексеру барысында жасырын заң бұзушылықты анықтау қажеттігі туындаған жағдайда және оны анықтау үшін өзге мүмкіндік болмаса, құзыретті органдар тарапынан жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы мәселе шешілсін.

Жедел-іздестіру іс шараларын жүргізуге Бас Прокурордың, оның орынбасарларының, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың қаулылары негіз болып табылады.

Қаулыда жедел-іздестіру іс-шараларының негізі, олардың өткізілу мерзімі, тексерілетін субъектілердің ауқымы және алынған нәтижелердің берілу нысаны көрсетілсін.

24. Қажет жағдайда тексеруге мамандар тартылсын.

Сараптама арнайы ғылыми білім қажеттігі туындағанда және оны тағайындаусыз прокурорлық тексеруді жүзеге асыру мүмкін болмайтын жағдайда ғана тағайындалсын.

Сараптаманы тағайындау туралы қаулыны Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Бас прокуратура департаменттерінің, дербес басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары, облыс прокурорлары, оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың міндеттерін атқарушылар, сондай-ақ қалалар мен аудандар прокурорлары облыс прокурорларымен немесе олардың міндеттерін атқарушылармен келісу бойынша шығарады Келісу 3 тәулік ішінде, ал кешіктіруге болмайтын жағдайларда 24 сағат ішінде жүзеге асырылады. Ақысыз жүргізілетін сараптамалар келісуді талап етпейді.

Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда: сараптаманы тағайындау негізі, уақыты, орыны, сараптауға жолданатын объектілер; сарапшының қарауына берілетін өзге құжаттар; сарапшының тұжырымына негіз бола алатын тексеру материалдарындағы мәліметтер; сарапшының алдына қойылған сұрақтар, сот сараптама органының атауы немесе сараптама жүктелген маманның аты-жөні көрсетілсін.

25. Қандай да бір өкілетті органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың алғашқы өтініштері «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес ведомстволық бағыныстылығы бойынша тиісті мемлекеттік органға жолдансын және арызданушыға осы орган қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда прокуратураға қайта шағымдану мүмкіндігі туралы хабарлансын.

26. Прокурордың заңды қызметіне кедергі жасалса, оның ұйғарымдары және басқа да заңды талаптары орындалмаса, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген әкімшілік жауапкершілікке тартылсын.

27. Прокурорлық қадағалау актілерінің орындалмауы, сондай-ақ прокурордың қызметіне кедергі келтіру салдарынан азаматтардың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілсе, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген қылмыстық жауапкершілікке тартылсын.

2-тарау. Прокурорлық қадағалаудың жеке бағыттарындағы міндеттерді жүзеге асыру бойынша  жұмыстарды ұйымдастыру

1. Әлеуметтік саладағы заңдылықты қадағалау

ҚР Бас Прокурорының 2012.30.03. № 37 бұйрығымен 28-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

28. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында заңдылық жағдайы жүйелі түрде талдансын.

Аталған саладағы қадағалау қызметі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 31 наурыздағы «Кәмелетке толмағандар туралы заңнаманың қолданылуына прокурорлық қадағалау жүргізу туралы» № 10 бұйрығының талаптарына сәйкес келуі керек.

29. Кәмелетке толмағандар туралы заңнаманың қолданылуын тексеру мемлекеттік органдар мен алдын-алу жүйесі мекемелерінде, ал қажет болған жағдайда балалар үйінде, мектеп-интернаттарда, балаларды тәрбиелейтін және күтетін басқа да мекемелерде жүргізілсін.

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу туралы заң талаптарының сақталуы мен олардың құқықтарының, соның ішінде мүліктік құқықтарының қорғалуына баса назар аударылсын.

ҚР Бас Прокурорының 2012.30.03. № 37 бұйрығымен 30-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

30. Өкілетті мемлекеттік органдарда кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу туралы істерді қарауға прокурордың міндетті түрде қатысуы, сондай-ақ бейімдеу орталықтарында, арнаулы білім беру ұйымдарына мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына кәмелетке толмағандарды орналастыру заңдылығы қамтамасыз етілсін.

31. Тиісті өкілетті мемлекеттік органдарда білім, неке және отбасы, денсаулықты қорғау, халықты еңбекпен қамту, еңбекті қорғау туралы заңнаманың қолданылуы, соның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері тексерілсін.

32. Білім туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау білім мекемелерінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, лицензиялау мәселелерінің, бюджет және қаржы тәртібінің сақталуына бағытталсын.

33. Білім саласында өкілетті мемлекеттік органдардың оқуға мүмкіндігі жоқ немесе оқудан бас тартқан жасөспірімдерді анықтау мен орналастыру қызметіне, сондай-ақ азаматтардың тегін орта білім алуға конституциялық құқығының сақталуына баса назар аударылсын.

Мемлекеттік білім мекемелерінде оқушылар мен олардың ата-аналарынан заңсыз ақша жинау фактілері анықталса, оларды болдырмау шаралары қолданылсын.

Ақылы қызмет көрсету және ақша қаражатын жұмсау тәртібінің заңда белгіленген тәртібінің мүлтіксіз сақталуына назар аударылсын.

34. Жылына кемінде бір рет денсаулық сақтау туралы заңнама талаптарының сақталуына талдау жасалып, денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің қолжетімділігі мен тегінділігі, сондай-ақ аурулар профилактикасы мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының қамтамасыз етілуіне назар аударылсын.

35. Тексерумен мемлекеттік өкілетті органдар мен жұмыс берушілер тарапынан халықтың экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы пен радициялық қауіпсіздігіне бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қамтылсын.

36. Кәмелетке толмағандарды бағып-күтуге, білім, денсаулық сақтау және өзге әлеуметтік мәселелерге бөлінген бюджет қаражатының мақсатты және заңды жұмсалуына тиісті де уақтылы қадағалау қамтамасыз етілсін.

37. Еңбек туралы заңнаманың қолданылуын тексеруде азаматтардың қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға конституциялық құқығының сақталуына баса назар аударылсын.

38. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдылық жағдайы жылына кемінде бір рет талданып, жұмыс берушілердің еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету және жұмыс орындары мен технологиялық үрдістердегі кез-келген тәуекелдерді болдырмау бойынща шараларына баса назар аударылсын.

39. Заңсыз көші-қонның алдын алу және оны тыю бойынша бірлескен шаралар қабылдау үшін әсіресе шекара маңындағы облыстарда құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен қажетті өзара қарым-қатынас ұйымдастырылсын.

Өкілетті мемлекеттік органдарды тексергенде олардың заңсыз көші-қонның алдын алу мен тыю міндеттерін орындауына, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара қарым-қатынас деңгейіне баса назар аударылсын.

40. Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының болуы ережелерінің қолданылуына тиісті қадағалау жүзеге асырылсын.

41. Өкілетті мемлекеттік органдардың шетелдік жұмысшы күштерін тартуға және Қазақстаннан жұмысшы күштерін шетелге шығаруға лицензия беру туралы шешімдерінің заңдылығына баса назар аударылсын.

42. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға өкілетті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдануына жыл сайын талдау жасалып, Бас әскери прокуратура, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар тиісті ақпаратты Бас прокуратураға есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-ші жұлдызынан кешіктірмей жолдасын.

43. Мемлекеттік өкілетті органдардың (қабылдау-бөлу орындары, әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындары, медициналық айықтырғыштар, сонымен бірге психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлер) азаматтардың жеке бас бостандықтарына байланысты конституциялық құқықтарын сақтауына баса назар аударылсын.

Көрсетілген мекемелерде тексеру аптасына кемінде бір рет жүргізіліп, келесі мәселелер зерделенсін:

1) әкелу заңдылығы мен онда болу мерзімінің сақталуы;

2) мекемелерде белгіленген режим және ұстау тәртібінің (емдеу-профилактикалық, эпидемияға қарсы шаралар жүргізу, мекемелердің техникалық нормаларға сәйкестігі) қамтамасыз етілуі.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын дер кезінде жоюды қамтамасыз ету мақсатында аталмыш мекемелерде түнгі уақыттарда, мереке және демалыс күндерінде тексеру ұйымдастырылсын.

44. Әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарын тексеру прокуратураның әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып жүргізілсін.

45. Азаматтарды заңсыз әкелу, ұстау фактілері анықталса, оларды бірден босатып, заң бұзушы лауазым иелеріне тиісті шаралар қолданылсын.

46. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша заңнаманың қолданылуын қадағалау саласында өкілетті органдардың есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымын бақылау, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша міндеттерін орындауына ерекше назар аударылсын.

Қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында Бас Прокурордың 2001 жылдың 7 маусымындағы № 85 «Нашақорлық пен есірткі бизнесімен күреске бағытталған заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» бұйрығының талаптары орындалсын.

Тексерулер барысында нашақорлықпен, уытқұмарлықпен және алкоголизммен ауыратындарды мәжбүрлеп емдеуде азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына назар аударылсын.

Нашақорлық пен есірткі бизнесімен күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс жарты жылда 1 рет жалпыланып, Бас әскери прокуратура, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар ақпаратты Бас прокуратураға есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-ші жұлдызынан кешіктірмей жолдасын.

47. Жылына кемінде бір рет қару, жарылғыш заттар мен оқ-дәрінің айналымы саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жасай отырып, мемлекеттік органдардың қару, жарылғыш заттар мен оқ-дәріні сақтау, пайдалану және кәдеге жаратуға рұқсаттар мен лицензияларды беру тәртібіне ерекше назар аударылып, тиісті ақпарат Бас прокуратураға есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-ші жұлдызынан кешіктірілмей жолдансын.

48. Мемлекеттік органдар мен мекемелердің мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде заңнаманы сақтауына үнемі мониторинг жүргізілсін.

2. Қаржы саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалау

49. Прокуратура органдарының қаржы саласындағы негізгі міндеттері болып бюджет, банк, кеден, салық пен бюджетке төленетін төлем мен басқа да міндетті төлемдер туралы заңнама мен заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау есептелсін.

50. Ұйымдасқан қылмыстың қаржы көздеріне нұқсан келтіру, оның сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан байланыстарын қирату, капиталдың заңсыз шығарылымын болдырмау, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландырудың барлық нысандарын қудалау, заңсыз табыстардың қаржы институттарында орналастырылуына кедергі жасау қаржы саласындағы прокурорлық қадағалаудың маңызды міндеттері болып саналсын.

51. Жылына кемінде бір рет салық органдарында заңдылықтың сақталуы тексеріліп, келесідей мәселелерге назар аударылсын:

1) салық төлеушіге салық және бюджетке төленетін басқа төлемдерді төлеу мерзімін ұзарту, есептелген өсім және айыппұлды төлеуден босату, сондай-ақ бюджеттен ақша қаражатын қайтару.

Салық төлеушілерге заңсыз жеңілдіктер беру немесе бюджеттен ақша қаражатын заңсыз қайтарудың әрбір фактісі бойынша тиісті сомалардың бюджетке өндіріліп алынуына толыққанды шаралар қабылдап, салық органдарының кінәлі лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі туралы мәселе қойылсын;

2) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және мүлікке билік етуді шектеу бойынша өкімдердің күшін салық және кеден органдарының жоюы;

3) жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы төлемдерінің толық және дер кезінде төленуіне салық органдарының бақылау жүргізуі.

Зейнетақы төлемдері бойынша елеулі берешектер сомасы анықталған жағдайда олардың қалыптасу себептері анықталып, салық органдарындағы кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселе қойылсын.

52. Фискалдық қызметтердің заңнаманы сақтауына жоспардан тыс тексерулер Бас прокуратураның тапсырмалары негізінде, сондай-ақ шешімін тексеріс жүргізусіз анықтау мүмкін болмайтын өтініштер негізінде ғана жүргізілсін.

53. Банктер және банк қызметі туралы заңнамада банктегі ақша мен мүлікке тыйым салу мен өндіріп алуға құқылы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының толық тізбесі белгіленгені ескерілсін.

Осыған байланысты, тергеу, анықтау, атқарушылық істі жүргізу органдарының банктегі ақша мен мүлікке тыйым салу туралы қаулылары тергеу және анықтау органдарының өндірісіндегі қылмыстық істерді, атқарушылық істі жүргізу органдарының өндірісіндегі істерді зерделеген соң санкциялансын.

Талап арыздарды қамтамасыз етуде онда көрсетілген талап сомасынан жоғары ақша қаражатына және сот шешімдерін, қаулыларын, үкімдерін, ұйғарымдарын орындауға байланысты мемлекеттік баж көлемінен артық ақша сомасына тыйым салуға жол берілмесін.

54. Прокурордың санкция беруден негізсіз бас тарту фактілеріне жол берілмесін.

55. Клиенттердің есепшоттарындағы ақша қаражаты және оның қозғалысы туралы мәліметтерге қол жеткізуді санкциялауға осы клиент салық есебінде тұратын қадағалауға бағынышты аумақтың прокуроры құқылы екендігі белгіленсін. Қажет болған жағдайда клиент салық есебінде тұратын қадағалауға бағынышты аумақтың прокурорын міндетті түрде хабардар етіп, тиісті банк немесе оның филиалы, не санкция сұраған орган қадағалауға бағынышты аумақта орналасқан аумақтың прокуроры мұндай санкцияларды беруі мүмкін.

56. Банк құпиясына жататын мәліметтер заңсыз жария етілсе, банктер мен өкілетті мемлекеттік органдардың кінәлі лауазымды тұлғаларын заңда белгіленген жауапкершілікке тарту шаралары қолданылсын.

Прокурорлық тексерістер барысында прокурорлар және тексеріске тартылатын сарапшылар мен мамандар тарапынан банктік құпияның сақталуы қамтамасыз етілсін.

57. Бюджет қаражатын жұмсау заңдылығын тексеру Республикалық және жергілікті бюджеттің шығыс бөлімін талдау, сондай-ақ фискалдық органдардың тексеру актілері негізінде жоспарланып, соңынан шығыны көп бюджеттік бағдарламаларға баса назар аударылсын.

58. Облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар жарты жылда кеміне бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-ші жұлдызынан кешіктірмей Бас прокуратураға мемлекеттік сатып алу туралы, кеден және салық заңнамасы саласындағы заңдылықтың жағдайы мен прокурорлық қадағалау тәжірибесін қорытындылау нәтижесі туралы ақпарат жолдасын.

Сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиімді жұмсалуы, барлық әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беру қағидаттарының сақталуына баса назар аударылсын.

3. Жеке меншік және кәсіпкерлік туралы заңдардың қолданылуын қадағалау

59. Жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару органдарында мемлекеттің мүлік объектілерін жекешелендіру, басқару және жалға беру туралы шешімдер заңдылығына талдау жасалып, қажет болғанда тексерілсін. Бұл ретте өкілетті органдардың мемлекет меншігін басқару тиімділігіне, оның ішінде мемлекет қатысатын кәсіпорындардың басқару органдары жұмысына олардың өкілдерінің қатысуына назар аударылсын. Заңды бұзу анықталған жағдайда, жекешелендіру туралы азаматтық істер бойынша талап ету мерзімдерінің қысқалығы ескеріліп, меншік иесі ретіндегі мемлекеттің бұзылған құқығын қалпына келтіру шаралары дереу қабылдансын.

Жартылай және толық орындалған келісім-шарттарды жарамсыз деп тану мен бұзуға бағытталған прокурорлық қадағалау шараларын қабылдаған кезде, олардан болуы мүмкін кері әсер талданып, мемлекеттің зиян шегуіне жол берілмесін.

60. Тексерістер кезінде жекелеген негіздер (тәркілеу, иесіз мүлік, қайтыс болған адамнан мұрагерлікке қалған мүлік) бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау және одан әрі пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуына назар аударылсын.

61. Мемлекеттік жұмылдыру мен материалдық резервтердің сақталуын тексергенде, оларды жаңарту мен бекітіп қоюдан босату заңдылығына баса назар аударылсын.

62. Жер туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау саласында мемлекеттік органдардың жер пайдалану мәселелері бойынша шешім қабылдауы кезінде белгіленген мерзімдерді сақтауы тексерілсін.

Жер мәселелеріне қатысты жергілікті атқарушы органдарының жерге байланысты шешімдері, әсіресе жерді беру және қайтарып алу, шаруашылық субъектілеріне жер құнын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу жеңілдіктерін беру туралы шешімдері жүйелі тексерілсін.

Жер учаскесін өз бетінше басып алу фактілерін болдырмау үшін, олардың елді мекендерде игерілу мониторингін тұрақты жүргізу керек.

63. Банкроттық туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау саласында конкурстық массаны құру мен оны сату кезінде заңдылықтың қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру кезегінің сақталуына баса назар аударылсын.

Тексеру кезінде жалған және қасақана банкроттықты ұйымдастыруды, мемлекет мүддесіне зиян келтірген заңсыз іс-әрекеттерді анықтау мақсатында кәсіпорынның банкротқа ұшырау себептері талдансын.

Банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган қызметі ұдайы тексерілсін.

64. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, соның ішінде мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесінің бекітілген өлшемдеріне сай тексерулерді тағайындау заңдылығы, міндетті ведомстволық статистикалық есептілік нысандары мен тексеру парақтарының шүбәсіз толтырылу мәселелері бойынша тексерістер тұрақты жүргізілсін. Тексерулер барысында құқық қорғау органдарының жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпаратты прокурордың санкциясынсыз талап ету фактілеріне назар аударылсын.

Бұл бағыттағы жұмыс нәтижелері жарты жылда бір рет жалпыланып, Бас әскери прокуратура, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-ші жұлдызынан кешіктірмей Бас прокуратураға кәсіпкерлер құқықтарының бұзылу себептері мен жағдайлары туралы ақпарат бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша нақты ұсыныстармен бірге ақпарат жолдасын.

65. Мемлекеттік органдардың өкілеттігі жоқ ұйымдарға бақылау және қадағалау функцияларын беруге, жеке шаруашылық субъектілеріне қолайлы немесе нұқсан келтіретін жағдайлар туғызуға бағытталған іс-әрекеттері мен актілерін анықтап, наразылық келтіру шаралары қолданылсын.

66. Тиісті тіркеуге алынбай жүргізілген шаруашылық субъектілеріндегі тексерістерді анықтау мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның мәліметтері бақылау және қадағалау органдарындағы мәліметтермен салыстырылып, деректерге талдау жасалсын.

67. Коммуналдық саладағы тарифтерді бекіту туралы өкілетті мемлекеттік органдар шешімдерінің заңдылығына, сондай-ақ монополист-кәсіпорындардың тауарлар мен қызметтерді сатып алудың заңда белгіленген процедураларын сақтауына баса назар аудара отырып, монополияға қарсы заңнаманың қолданылуына ұдайы тексеру жүргізілсін.

4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда  заңдардың қолданылуына қадағалау

68. Әскери прокурорлар заңдардың қолданылуына қадағалауды Бас Прокурордың бұйрықтарымен белгіленген құзірет шегінде жүзеге асырсын.

Бұл саладағы құқықтық қатынастардың ерекшелігін ескере отырып, қадағалаудың негізгі мақсаттары ретінде:

1) қауіпсіздік пен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің (ары қарай - Қарулы Күштер) жауынгерлік әзірлігін, әскери тәртіп пен әскери қызметті өткерудің белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;

2) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің, Қарулы Күштердің азаматтық персоналының құқықтары (соның ішінде әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша) мен бостандықтарының сақталуы;

3) Мемлекеттік шекара туралы заңнаманың қолданылуына қадағалауды қамтамасыз ету;

4) әскери мүлік, соның ішінде қарулар мен оқ-дәрінің сақталуына бағытталған заңнаманың қолданылуына қадағалауды қамтамасыз ету есептелсін.

Қадағалауды жүзеге асыру кезінде келесі мәселелерге де назар аударылсын:

- Қазақстан Республикасының Әскери доктринасының жүзеге асырылуы;

- қару-жарақты, әскери техниканы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сақтау, әзірлеу, сату мен кәдеге жарату саласындағы заңнаманың сақталуы;

- елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету мен нығайтуға бағытталған бюджеттік қаражаттардың мақсаттық жұмсалымы.

ҚР Бас Прокурорының 2012.30.03. № 37 бұйрығымен 69-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

69. Әскери прокурорлар жарты жылда кемінде бір рет мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылық, қару-жарақ пен оқ-дәрінің сақталуын қамтамасыз ету, Мемлекеттік шекара туралы және діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманың қолданылуын жалпыласын. Жалпылау нәтижесімен ақпарат Бас прокуратураға жарты жылдықтан кейінгі айдың 5-ші жұлдызынан кешіктірілмей жолдансын.

70. Әлеуметтік-экономикалық саладағы және қадағалауындағы объектілер мен аумақтарды қамтитын мәселелер бойынша қадағалау осы Нұсқаулықтың талаптарын ескере отырып жүргізілсін.

5. Көлік саласында заңдардың орындалуын қадағалау

ҚР Бас Прокурорының 2012.30.03. № 37 бұйрығымен 71-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

71. Көлік прокурорлары:

1) көліктегі өкілетті мемлекеттік органдардың тарапынан;

2) теміржол, су, әуе, құбыр (суағардан басқа) көліктеріндегі, метрополитендегі шаруашылық субъектілерінің, автомобиль, қалалық электрлі көлік сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілерін салу мен пайдалануды жүргізетін ұйымдардың заңдарды қолдануын қадағаласын.

72. Көліктегі қадағалаудың негізгі міндеттері:

1) мемлекет пен ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қорғау, соның ішінде терроризм, есірткі заттарын тасымалдау, заңсыз көші-қон фактілеріне жол бермеу;

2) теміржол, су, әуе, құбыр көліктері мен метрополитендегі, көлік инфрақұрылымы объектілеріндегі қауіпсіздіктік;

3) табиғи ортаның көліктің барлық түрдегі қызметінен, әсіресе қауіпті, разрядтық және басқа да жүк тасымалдау кезінде экологиялық қорғалуы;

4) тасымалданатын стратегиялық маңызды жүктердің (мұнай, мұнай өнімдері, астық, әскери жабдықтар) сақталуы.

Жолаушыларға қызмет көрсету және тұтынушыларға көлік қызметін көрсету кезінде прокурорлық қадағалаудың құқық қорғау функцияларына баса назар аударылсын.

73. Көлікте жүру қауіпсіздігі мәселелері бойынша тексерулер қажеттілігіне байланысты жоспарлансын, бірақ мұндай тексерулер жылына екі мәртеден кем болмай, ал су көлігінде - навигациялық кезеңде ұйымдастырылсын.

74. Көлік прокурорлары кемінде жарты жылда бір рет темір жол, әуе және су көлігі мен метрополитендегі жүру қауіпсіздігі бойынша заңдылық жағдайын және көліктегі төтенше оқиғалардың себеп-салдарларын қорытындыласын. Қорытындылау нәтижелері туралы ақпарат жартыжылдықтан кейінгі айдың 5-ші жұлдызына дейін Бас прокуратураға жолдансын.

75. Темір жол, әуе, кеме және құбыр көліктері мен метрополитендегі қозғалыс қауіпсіздігіне шынайы қатер туғызатын, жаппай жанжалдың туындауы туралы сигналдарға дереу шара қолданылсын. Көлік прокурорлары мұндай жағдайда оқиға орындарына қызметкерлердің баруын қамтамасыз етіп, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізсін, ал заңдылықтың бұзылуы анықталса, тиісті ықпал ету шараларын қолдансын.

76. Көлік прокурорлары аумақтық прокурорлармен бірлесе шара қабылдау мәселелерін шешуді қарастыра отырып, хабарландырудың әзірленген нобайларына сәйкес апат, авария және көліктегі басқа да түрлі дәрежедегі төтенше оқиғалар орын алған жерлерге дереу жетсін.

Мұндай оқиғалардың әрбір фактісі бойынша 24 сағаттың ішінде Бас прокуратураға арнайы хабарлама жолдансын.

Төтенше оқиғалар болған жерлерден көлік прокуратуралары елеулі алыс болса, жақын тұрған аумақтық прокурорлар оқиға орнына барып, ол туралы Бас прокуратураға хабарласын және жиналған барлық тексеру материалдарын көлік прокурорына берсін.

77. Әлеуметтік-экономикалық саладағы және қадағалауындағы объектілер мен аумақтарды қамтитын мәселелер бойынша қадағалау осы Нұсқаулықтың талаптарын ескере отырып жүргізілсін.

6. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың қолданылуын қадағалау

78. Табиғатты қорғау заңнамасын қолдануды қадағалау саласындағы басымдықты мақсат болып ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы заңдылықты қамтамасыз ету саналсын.

Төмендегі мәселелерге ерекше назар аударылсын:

1) су қорғау аймақтарында құрылысты жүргізу кезінде заңдылықты қамтамасыз ету;

2) табиғи ресурстарды пайдалану құқығын заңсыз беру фактілерін анықтау және тосқауыл қою;

3) құқыққа қайшы әрекеттердің нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген зиянның барабар өтелуі;

4) табиғатты қорғау заңнамасының осы саладағы басымды қадағалау бағыттары бойынша тексеру ұйымдастыруға және жүргізуге (шаруашылық қызметтің субъектілеріне арнайы табиғатты пайдалану құқығын беру; Қазақстан Республикасының жануарлар, өсімдіктер әлемін, орман және су ресурстарын пайдалану құқығын беру; өкілетті мемлекеттік органдардың қызметі мен әрекеттерінің заңдылығы);

5) табиғатты қорғау іс-шараларына арнап бөлінген қаражаттарды жұмсау, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдаланғаны және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақыны алу кезінде заңдылықтың сақталуы;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сирек және жоғалып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тіршілік әрекеті үшін аса қолайлы экологиялық жағдайларды қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар.

79. Облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар қоршаған ортаға кері әсер ету, сирек кездесетін, эндемиктік және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің олжалануы, орман ағаштарының шабылуы, жердің құнарсыздануы мен бүлінуі, атмосфера мен табиғат ресурстарының ластануымен байланысты құқық бұзушылық пен қылмыстық істер бойынша өндіріс заңдылығының бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етсін.

80. Орталық атқарушы органдарынан жер қойнауын пайдалану құқығын алған жер қойнауын пайдаланушылардың қызметі Бас прокуратураның тапсырмалары немесе келісіміне сай тексерілсін.

81. Жер қойнауын пайдаланушылар қызметінің заңдылығын тексеру барысында міндетті түрде қоршаған ортаны қорғау, әсіресе оны ластау мәселелері тексерілсін.

Сонымен қатар, төмендегі мәселелерге ерекше назар аударылсын:

1) контрактылық міндеттерді орындау барысында мемлекеттің экономикалық мүдделерінің сақталуы, соның ішінде салық және бюджетке төлемдердің төленуі;

2) аймақты әлеуметтік-экономикалық тұрғыда және инфрақұрылымын дамытуға қатысу;

3) қазақстандық кадрларды тарту мен қазақстандық тауар, жұмыс және қызметтерді алу бойынша міндеттерді орындау.

82. Облыс прокурорлары мен оларға теңестірілгендер өз құзырындағы қадағалау аумағында төтенше жағдайдың туындағаны туралы 24 сағат ішінде Бас прокуратураға хабарласын.

83. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы заңнаманың қолданылуы саласында төмендегі мәселелерге баса назар аударылсын:

1) төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шаралардың уақтылығы, толықтығы мен тиімділігі және оның себептерін жоюға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы;

2) төтенше жағдайлар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстардың уақтылығы мен толықтығы;

3) төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зілзала мен басқа да оқиғаларды тексерудің, кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тартудың жан-жақтылығы мен объективтілігі;

4) халықты және зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға келген зиянды өтеу бойынша шаралардың жүзеге асырылуы;

5) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою үшін бөлінген мемлекет қаражаттарын пайдаланудың заңдылығы мен мақсаттылығы.

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың қолданылуы саласындағы заңдылық пен прокурорлық қадағалаудың жағдайы туралы ақпарат Бас әскери прокуратура, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралармен жарты жылда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-ші жұлдызынан кешіктірілмей Бас прокуратураға жолдансын.

ҚР Бас Прокурорының 2012.30.03. № 37 бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Қоғамдық және бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау

84. Берілген қадағалау саласында ерекше назар аударатын мәселелер:

1) қадағалау аумағындағы қоғамдық, діни бірлестіктердің, басқа үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіндегі заңдылықты жүйелі талдау;

2) адамның денсаулығы мен өміріне залал келтірумен, азаматтардың бостандығын шектеу мен одан айыру, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты алаяқтық жасаумен, соның ішінде жалған діни тәжірибе мен халықтық медицина әдістерін пайдаланушы қоғамдық және діни бірлестіктер мен өзге де топтардың әрекетін болдырмау.

85. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, қоғам мен мемлекет мүдделерінің бұзылу белгілері бар материалдар бойынша дереу тексеру жүргізіліп, олар бойынша аталған ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы мәселелер қоя отырып тиісті қадағалау актілері қабылдансын, қажет болған жағдайда, материалдар құқық қорғау органдарына тиісті сараптама тағайындау және іс жүргізу шешімін қабылдау үшін жолдансын.

Бұл ретте конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге, Республика тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, заңсыз қарулы құрылымдарды құруға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік, және рушылдық араздықты қоздыруға бағытталған ұрандар мен іс-әрекеттер батыл түрде тыйылсын.

Осы қызмет аясында қадағалау аумақтарында ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің жай-күйіне, әлеуметтік қауырттылықтың бар-жоқтығына және оның дәрежесіне құқықтық талдау тұрақты түрде жүргізіліп, жанжал жағдайларын шешу бойынша заңды шаралар әзірленсін.

86. Қоғамдық, діни бірлестіктер, басқа да үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау мен тиісті өкілетті органдардың күші аталған субъектілердің тарапынан есеп-тіркеу, қаржы және салық тәртібі мәселелерінде заңдылықтың сақталуына, оларды заңмен тиым салынған қаржы көздері арқылы қаржыландыру фактілерін болдырмауға, заңсыз түрде наразылық жиындарын өткізудің алдын алу үшін оларды ұйымдастырушыларға ұйғарым енгізу, заң талаптарын түсіндіруге және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға бағытталсын.

87. Қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметіндегі заңдылықтың сақталуын тексерген кезде, еліміздегі қоғамдық-саяси және діни ахуалдың тұрақсыздануына бағытталған қоғам мүддесіне қайшы мазмұндағы әдебиет пен өзге де ақпарат тасымалдаушылардың Республикаға заңсыз әкеліп, тарату фактілеріне назар аударылсын.

Көрсетілген жағдайларда дереу қажетті сараптама тағайындап, 24 сағаттың ішінде Бас прокуратураға хабарлама және заңсыз мазмұндағы басылымның бір данасы немесе оның көшірмесі жолдансын.

88. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының сақталу мәселелері бойынша тексеру қадағалау аумағындағы басылымдарда жарияланатын, таратылатын, телерадиокомпаниялармен шығарылатын және Интернет - ресурстарында орналастырылатын материалдарды үнемі зерделеу негізінде жоспарланып, жүргізілсін.

89. Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың сақталуын және аталған саладағы құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесуді қамтамасыз ету жөніндегі бақылау функцияларының тәжірибесіне, жеткіліктілігіне талдау жүргізілсін.

Әркімнің сөз бен шығармашылық еркіндігіне, өз көзқарастары мен сенімдерін баспа арқылы және өзге де нысанда білдіру, заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген құқығының қорғалуына бағытталған қадағалауға ерекше назар аударылсын.

90. Экстремизм немесе терроризмді, сондай-ақ қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты насихаттауға және ақтауға бағытталған заңдылықты бұзуды болдырмау бойынша шаралар қабылдансын.

ҚР Бас Прокурорының 2012.30.03. № 37 бұйрығымен 91-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

91. Бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты талап енгізу қажеттілігі пайда болатын кезде, Бас прокуратурамен алдын ала келісілсін. БАҚ-пен, үкіметтік емес ұйымдармен байланысты не оның қатысуымен өтетін барлық азаматтық даулар, әкімшілік және қылмыстық өндірістер туралы ақпарат, кімнің іс бойынша тарап болуына қарамастан, міндетті түрде Бас прокуратураға дереу хабарлансын.

ҚР Бас Прокурорының 2012.30.03. № 37 бұйрығымен 92-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

92. Қарастырылып отырған мәселелер бойынша әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдары үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің тоқтатылуы мен қысқартылуы туралы талап арыздар материалдарымен қабылданған шешімдер, олардың соттарда заңды және уақтылы қаралуы, заңда көрсетілген жауапкершілік шараларының қолданылу заңдылығы туралы мәліметтер жинастырылып отырсын.

ҚР Бас Прокурорының 2012.30.03. № 37 бұйрығымен 93-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

93. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдардың туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау жөніндегі жұмыстың нәтижелері, қорытындылау нәтижелері, оның ішінде сот-тергеу, прокурорлық тәжірибе жарты жылда кемінде бір рет қорытындыланып, нәтижелері облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралармен заңнаманы жетілдіру жөнінде дәлелді ұсыныстармен бірге Бас прокуратураға жолдансын.

ҚР Бас Прокурорының 2012.30.03. № 37 бұйрығымен 7-1-тараумен толықтырылды

7-1-тарау. Экстремизмге және терроризмге қарсы тұру туралы заңнамалардың қолданылуын қадағалау.

93-1-тармақ. Қадағалаудың осы саласында:

1) ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің жай-күйін, діни бірлестік қызметінің, соның ішінде, құрылыстың және ғибадат үйлерінің (ғимараттарының), сондай-ақ діни білім беру ұйымдарының, қадағалау аймағында қызмет атқаратын дін жолын ұстаушылар әрекеттерінің заңдылығын жүйелі түрде талдауға;

2) адамның денсаулығы мен өміріне зиян келтіруге, азаматтардың бостандықтарын шектеумен және айырумен, жеке және заңды тұлғалардың мүліктеріне қатысты алаяқтық жасаумен, соның ішінде жалған діни тәжірибе мен халықтық медицина әдістерін пайдалана отырып зиян келтірумен ұштасқан діни бірлестіктер мен олардың мүшелерінің қызметтерінің жолын кесуге;

3) террористік және экстремистік ұйымдар (топтар) қызметіне сот тәртібінде Қазақстан Республикасының аумағында қызмет етулеріне тыйым сала отырып, олардың жолын кесуге;

4) экстремизмді және терроризмді насихаттауға, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақтауға, экстремизм және терроризм белгілері мазмұндалған әдебиеттерді және басқа да ақпарат жеткізушілерді әкелуге, сақтауға, әзірлеуге және таратуға жол бермеуге. Осындай материалдар анықталған жағдайда олардың мазмұны бойынша дереу тиісті сараптама тағайындау және 24 сағат ішінде тыйым салынған мазмұндағы өнімнің бір данасын немесе көшірмесін ұсына отырып, Бас прокуратураға арнаулы хабарлама жолдауға;

5) стратегиялық, аса маңызды объектілердің және тыныс-тіршілік объектілерінің террористік актілерден қорғалуының жай-күйіне және қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге тұрақты негізде тексеру жүргізуге;

6) экстремистік және террористік қызметті қаржыландыру арналары мен көздерін анықтауға және жабуға, осындай қызметке қатысы бар адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін түбегейлі түрде шешуге (ҚР ҚК-нің 233-3-бабы);

7) жарылғыш құрылғыларды қолдан жасауға арналған шаруашылық-тұрмыстық заттардың (ацетон, күкірт қышқылы, сутегі тотығы, аммиак селитрасы, дәрілік заттар және т.б.) еркін айналымына жол бермеуге және оларды пайдаланудың жолын кесуге бағытталған қызметке жүргізілетін қадағалаудың нәтижелілігі мен тиімділігіне (бұдан әрі - ЖЗҚ);

8) терроризмге қарсы операциялар өткізілген жағдайда (күш-құралдарды қолдану, уақытша шектеу) олардың заңдылығына құқықтық баға беруге;

9) терроризм актісі туралы әдейі жалған хабар бергені үшін кінәлі деп танылған адамнан осындай шақырту салдарынан құқық қорғау және жедел қызметтерге келтірілген материалдық шығындарды мемлекет пайдасына өндіру бойынша талап арыз беру жұмыстарын жүзеге асыруға;

10) экстремизм және терроризм көріністері бар діни бірлестіктер мен олардың мүшелерінің қызметтеріне байланысты резонансты оқиғалар туралы расталған және тексерілген ақпараттардың халыққа дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында брифингтер ұйымдастыруға және өткізуге, баспасөз-хабарламаларын (арыздарды) ведомстволық сайтқа орналастыруға (экстремисттер мен террористтерді ұстау және жою, ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану және т.б.);

11) халық арасында оқу орындарының оқушыларымен дәріс өткізу, көпшілік іс-шараларға (дөңгелек үстелдерге, семинарларға) қатысу, Бас прокуратурамен келісім бойынша БАҚ-нда тиісті мақалалар жариялау жолымен терроризм және экстремизм идеологиясын қоғамның қабылдамауын қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүзеге асыруға аса назар аударылсын.

Осы жұмыс шеңберінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тәжірибені, діни қызмет, экстремизмге және терроризмге қарсы тұру туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша функцияларының жеткіліктілігі мен тиімділігін талдау қажет.

Қарастырылып отырған мәселелер бойынша діни бірлестіктер мен олардың мүшелеріне, сондай-ақ террористік және экстремистік қызметке қатысы бар адамдарға қатысты шығарылған сот актілері (қаулылар, шешімдер, үкімдер) туралы мәліметтер болсын.

Қадағалаудың осы саласындағы жұмыс нәтижелері кемінде жарты жылда бір рет қорытындылансын. Облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар қорыту нәтижелерін, соның ішінде, сот-тергеу, прокурорлық тәжірибе нәтижелерін заңнамаларды жетілдіру туралы дәлелді ұсыныстарын келтіре отырып, Бас прокуратураға жолдасын

8. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау

94. Мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда жүргізілетін тексеру тақырыптамасына қарамай, сыбайлас жемқорлық пен оған жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және алдын-алу прокуратура органдарының басты міндеттерінің бірі деп белгіленсін.

95. Бұл бағыттағы жұмыс қадағаланатын мемлекеттік органдарда заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің жай-күйі, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шараларының тиімділігін зерделеу, құқық қорғау органдарымен мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлерінің заңдарды орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы туралы ақпарат пен материалдар, соның ішінде жедел сипаттағы мәліметтер алмасу негізінде жүргізілсін.

96. Бейүкіметтік, оның ішінде шетелдік ұйымдардың сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша тәуелсіз зерттеулерінің нәтижелеріне баса назар аударып, олар сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылдаған кезде ескерілсін.

Жүргізілетін зерттеулердің объективтілігі мен растығын қамтамасыз ету үшін оның бағалау өлшемдерінің мазмұнын, зерттеу әдістемесін зерттеп, ауқымдылығы мен сапасына, қадағаланатын аумақ пен тұтастай алғандағы мемлекеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктеріне байланысты қолдану мүмкіндігіне назар аударылсын.

Зерттеу нәтижелерінің бейобъективтілігіне ықпал ететін факторлар анықталған жағдайда, ол туралы Бас прокуратураға хабарлансын.

97. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша прокурорлардың алдында тұрған мақсатқа жету үшін мемлекеттік органдар қызметіне қатысты қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот-тергеу тәжірибесі үнемі талданып, құқықтық статистика органдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы мәліметтер банкісі пайдаланылсын.

98. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлары дереу қаралсын, мұндай мәліметтерді алу үшін азаматтарды қабылдау және тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып отырсын, әрбір прокуратурада байланыс телефондары орнатылып, ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мезгіл сайын халыққа хабарлансын.

99. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бергені туралы бұқаралық ақпарат құралдарында нақты мәліметтер жарияланса, олар тексеріліп, тиісті шаралар қолданылсын.

Тексеру нәтижесі бойынша заңдылықты қалпына келтіру мен кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға қолданылған шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, Бас прокуратураға ақпарат жолдансын.

100. Мемлекеттік органдарды тексеру кезінде олардың кадр қызметі және қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада белгіленген арнайы талаптардың және қаржы бақылау шараларының орындалуына назар аударылсын.

101. Прокурорлық қадағалау шаралары арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заң актілерінде көрсетілген жазаға бұлтартпай тартылуына қол жеткізілсін.

Егер мемлекеттік органдардың басшылары өз өкілеттіктері шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қолданбаса, олардың заңнамада көрсетілген жауапкершілігі жайында мәселе көтерілсін.

102. Мемлекеттік органдардың облыстық деңгейдегі басшыларының заңнаманы елеулі бұзу фактілері анықталса, кінәлі адамдарды жауапқа тарту, тіпті қызметінен босату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің және орталық мемлекеттік органдар басшыларына берілетін ұсыныстың жобасы мен тексеру материалдары Бас прокуратураға жолдансын.

103. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жоюға, соның ішінде заңсыз алынған мүліктерді қайтаруға, шарттарды жарамсыз деп тануға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде қабылданған актілерді жоюға түбегейлі шаралар қабылдансын.

104. Мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын қабылдаған кезде заңдылықтың қатаң сақталуы қамтамасыз етілсін.

9. Бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас

105. Ақпарат агенттіктері, баспа, радио және теледидар арқылы халыққа заңдылық пен құқық тәртібінің жағдайы туралы жүйелі түрде хабарлансын.

106. Қоғам назарын аударатын, сондай-ақ заңның өрескел бұзылуын анықтаған прокурорлық тексеру нәтижелері, мемлекет мүддесі, жеке азаматтарға келтірілген зиян орнын прокурорлық шаралармен толтыру туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жедел хабарлансын. Бұл ретте орынсыз сенсацияға, дүрлігу мен жеңіл-желпілікке жол берілмесін.

107. Бұқаралық ақпарат құралдарымен, азаматтардың қоғамдық және діни бірлестіктерімен қарым-қатынастарда, оларға тиісті ақпарат беруден негізсіз бас тартуға, прокурорлық қадағалау мен қылмыстарды тергеу барысына араласуға тиым салатын заң талаптары қалтқысыз қадағалансын.

108. Заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуда қолданылып жүрген шаралар туралы ақпараттар, материалдар, мақалалар, сұхбаттар, телерадио бағдарламалары және арнайы репортаждарды агенттіктер тілшілерімен, журналистермен, репортерлермен бірлесе әзірлеу тәжірибеленсін.

109. Материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына беру кезінде әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы туралы Конституцияда белгіленген талаптар қатаң басшылыққа алынсын.

110. Бас прокуратура атынан ресми хабарлар тек Бас прокуратураның баспасөз қызметі арқылы және тек Бас Прокурордың келісімімен ғана жолданатындығы белгіленсін.

111. Баспасөзге берілетін материалдар мұқият тексеріліп, олардың сапасы қамтамасыз етілсін.

112. Бас прокуратураға ұсынылған материалдардағы деректердің растығы мен толықтығы үшін жауапкершілік оларды берген прокуратура органдарының бірінші басшыларына жүктелсін.

3-тарау. Қорытынды ережелер

113. Халықтың прокуратура органдарына сенім білдіру деңгейі мен олардың елдегі заңдылық жағдайын жақсарту бойынша қабылдап жатқан шараларының тиімділігі прокуратура органдарының қызметін бағалаудың негізгі өлшемдері болып есептелсін. Аталған өлшемдерге сәйкес келу үшін төмендегілер қамтамасыз етілсін:

1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, қоғам мен мемлекет мүдделерінің іс жүзінде қорғалуы;

2) прокурорлық қадағалау шараларымен қоғамдық қарым-қатынастың барлық салаларындағы құқық бұзушылықтар мен олардың туындау себеп-салдарының дер кезінде анықталуы әрі іс жүзінде жойылуы;

3) қадағалаудың нақты саласындағы заңдылық жағдайына нақты ықпал ету арқылы сандық көрсеткіштердің ізіне түсудің доғарылуы;

4) заң бұзушылардың, соның ішінде мемлекеттік билік пен басқару органдарының лауазымды тұлғаларының қызмет деңгейіне қарамай, жауапкершілікке тартылуының бұлтарыссыздығы;

5) мемлекеттік органдар мен меншік нысанына байланыссыз ұйымдар және олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке келтірілген зиян орнының толтырылуы.

114. Бас әскери прокурор, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар қажет жағдайда жоспарлы және өзге тексеру жүргізген кезде Республиканың басқа аймақтарының прокурорларымен ақпарат алмасу, жеке тапсырмаларды орындау, прокуратура қызметкерлері мен мамандарын бөлу арқылы тікелей және жедел өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етсін.

115. Прокурорлық қадағалау актілері мен оларға жауаптардың көшірмелері Бас прокуратураның Деректер жиынтығына жүйелі түрде және дер кезінде жолдансын.

116. Қадағалауды неғұрлым тиімді жүзеге асыруға және қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға ықпал ететін әдістер мен жаңаша жұмыс істеу бойынша ізденістер үнемі жүргізілсін.

117. Заңдылықты бұзу және оған ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау үшін жұмыстың талдаушылық әдістері белсенді пайдаланылып, мемлекеттік органдар деректерін, статистикалық мәліметтер мен басқа да ақпараттарды уақтылы талдау және оның негізінде ықпал ету шараларын қабылдау көп жағдайда бұзушылықтарды ескертуге немесе олардың салдарын тексеру жүргізбестен азайтуға мүмкіндік беретіндігі ескерілсін.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.