You are here

Қылмыстық жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Қылмыстық жазаларды орындаудың
және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу
шараларын қолданудың заңдылығын
прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы    Заңының 37-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып БҰЙЫРАМЫН:

1.Қоса берілген Қылмыстық жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2.Күші жойылған деп танылсын: 

1)«Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының   2015 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10202 тіркелген, 2015 жылы 27 ақпанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2)«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 172 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір  бұйрықтар тізбесінің 3 тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14554 тіркелген, 2016 жылы 30 желтоқсанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). 

3.Күшіне енген сот актілерінің және олардың орындалу заңдылығын қадағалау Департаменті (екінші қызмет):

1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жолдауды;

3)Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4.Осы бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, ведомствалардың, мекемелер мен прокуратураның білім беру ұйымдарының басшыларына,  облыс, аудан прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.

5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан  Республикасының 
Бас Прокуроры                                                                                         

   Ж. Асанов

             

 

 

ТіркемеКөлем
File Инструкция50.59 KB
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.