You are here

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қылмыстық қудалау органдарының заңдарды қолдануына прокурорлық қадағалауды тиісті ұйымдастыру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1.Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымша баяндалған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныңкейбір актілерінің күші жойылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары  Н.М. Исаевқа жүктелсін.

4. Бұйрық Бас әскери прокурорына, Бас көлік прокурорына, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың, қаланың, ауданның және оған теңестірілген прокурорларына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мекемелері мен ведомстволарының басшыларына жіберілсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастапқолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А.Дауылбаев

 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы «30» наурыз
№ 50 бұйрығымен бекітілген

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі

НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

1.  Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, қылмыстық-процестік және өзге де заңнаманың негізінде  қылмыстық қудалау органдарының актілері мен қызметінің заңдылығын, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды шешудің және сотқа дейінгі тергеу жүргізудің заңнамада белгіленген тәртібінің сақталуын қадағалауды (бұдан әрі - қадағалау) ұйымдастыру мен жүзеге асыруды регламенттейді.

2.  Қадағалаудың негізгі міндеті сотқа дейінгі іс жүргізу барысында заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.

3.  Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қадағалаудың басым бағыттары:

1) қылмыстық процесте адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін қарау кезінде заңдылықты сақтау;

3) қылмыстық құқық бұзушылықтармен келтірілген зиянды өтетуге қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.

4.  Қадағалау қызметін ұйымдастыру аймақтық-тақырыптық қағидат бойынша жүзеге асырылады.

5.  Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) прокуратура органының басшысы - өз құзыреті шегінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары,  облыстардың прокурорлары мен оған теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының департамент (басқарма) бастықтары, сондай-ақ аудандардың, қалалардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары;

2) қадағалаушы прокурор –  қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңнаманың сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурор;

3) процесс прокуроры – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі - ҚПК) сәйкес және осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен прокуратура органының басшысы сотқа дейінгі тергеу басталған сәттен бастап қылмыстық іс бойынша қадағалауды және мемлекеттік айыптаушы ретінде бірінші сатыдағы сотқа қатысуды жүктеген прокурор;

4) кезекші прокурор – қылмыстық қудалау органында кезекшілікті жүзеге асыратын қадағалау саласы бойынша прокурор, аға прокурор, аудан (қала) прокурорының және оған теңестірілген прокурордың орынбасары, облыстық прокуратураның және оған теңестірілген прокуратураның бөлімдегі (басқармадағы) аға прокуроры, прокуроры;

5) арнайы прокурор – сотқа дейінгі, оның ішінде тергеу және тергеу-жедел топтарына жетекшілік ету жолымен тергеуді жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға;

6) уәкілетті прокурор  - есептік-тіркеу тәртібінің заңдылығын қадағалауды тікелей жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) және оның аумақтық органдарының қызметкері;

7) есептік-тіркеу тәртібі – құқықтық статистика субъектілерінің қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды қабылдау және тіркеу тәртібі мен ақпараттық есептік құжаттарды шығару мерзімдерін реттейтін, белгіленген нормалар мен қағиадаларды міндетті түрде сақтауы;

8) статистикалық берешек – электрондық ақпараттық есептік құжаттарды шығармау не уақытында шығармау.

2. Қадағалауды жүзеге асыру кезінде өкілеттіктерді шектеу

6.  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі – ҚР БП), аумақтық және мамандандырылған прокуратуралардың функцияларын реттеу, олардың қызметінде қайталануды болдырмау, төмен тұрған прокурорлардың ролін күшейту мақсатында қадағалауды жүзеге асыру кезінде мынадай шектеулер белгіленеді:

1) ҚР БП Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаменті (бұдан әрі - Департамент) жалпы республика бойынша қадағалауды жүзеге асыратын төмен тұрған прокурорлардың жұмысын ұйымдастырады және қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеттері бар адамдарға (ҚПК-нің 57-тарауы), сыбайлас жемқорлықпен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына қатысты қылмыстық істердің, сондай-ақ ҚР БП Арнайы прокурорлар департаментінің іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істердің тергелуін қадағалауды тікелей қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не Бас Прокурордың қадағалаудың осы саласына жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмасы бойынша қылмыстық қудалау органы тергейтін кез келген істер бойынша қадағалау жүктелуі мүмкін. ҚПК-нің 57-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық іс бойынша жекелеген тергеу, соның  ішінде жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау облыстардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жүктелуі мүмкін; (изм. пункт от 07.04.2014г.)

2) Бас әскери, көлік прокуратуралары, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокуратуралары қылмыстық қудалау органдарының орталық аппараттары және арнайы прокурорлар өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің заңдылығын, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының облыстық аппараттарында сотқа дейінгі іс жүргізудің басталуын (ҚПК-нің 23-тарауы)  қадағалауды жүзеге асырады.

Облыс прокурорының не қадағалаудың осы саласына жетекшілік ететін оның орынбасарының тапсырмасы бойынша облыстардың прокуратураларына қылмыстық қудалау органдарының облыстық бөлімшелері тергейтін кез келген істер бойынша қадағалауды жүзеге асыру жүктелуі мүмкін.

Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған азаптаулармен байланысты  қылмыстық құқық бұзушылықтар; аса ауыр сыбайлас жемқорлықпен қылмыстық құқық бұзушылықтар; аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар; мамандандырылған ауданаралық соттардың қарауына жататын аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар; үлкен қоғамдық пікір туғызған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша; терроризм мен экстремизм фактілері бойынша қадағалауды облыстардың прокуратуралары жүзеге асырады.

Ерекше жағдайларда Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры осы санаттағы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын қадағалауды тиісінше өңірлердегі және гарнизондардағы әскери прокурорларға, көлік прокурорларына тапсыруы мүмкін;

3) Бас әскери прокуратурасы шақыру немесе келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерінде, әскери құралымдарында, бірлестіктер мен мекемелерде әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілерге; әскери жиын өтіп жатқан уақытта запастағы азаматтарға; қызметтік міндеттерін орындауға немесе осы бөлімдердің иелігіндегі әскери бөлімдердің, бірлестіктер мен мекемелердің азаматтық персоналдағы адамдарға қатысты қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергелу заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

4) Бас көлік прокуратурасы темір жол, су, әуе көлігі, объектілерінде, метрополитенде жасалған, сондай-ақ құбыр көлігі объектілеріндегі және осы саланың мекемелеріндегі, кәсіпорындары мен ұйымдарындағы аварияларға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

5) қылмыстық қудалау органдарының қалалық, аудандық бөлімшелердің және оларға теңестірілген бөлімшелердің істері бойынша, сондай-ақ қылмыстық қудалау органының облыстық бөлімшесі тергейтін істер бойынша (осы тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген істерді қоспағанда) қадағалауды жүзеге асырады;

6) табиғат қорғау прокурорлары экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламалар бойынша қадағалауды жүзеге асырады.

7.  Бірнеше прокурорлардың қадағалауындағы қылмыстық қудалау органдарының өңіраралық және ауданаралық бөлімшелерінде қадағалауды прокурор қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жеріне қарай аумақтығы бойынша жүзеге асырады.

Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, аталған қылмыстық қудалау органдарында есептік-тіркеу тәртібін сақтау мәселелері бойынша тексеруді жүргізуді прокурор қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерге қарай басқа да прокурорлармен өзара іс-қимылда олардың орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

8. Басқа әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жүргізілетін қылмыстық қудалау органдарының тергеу және процестік әрекеттерін санкциялауды қадағалау прокуроры жүзеге асырады.

9. Қылмыстық істер бойынша амуқтақтық тергеулікті Республика шегінде Бас Прокурор, қылмыстық процестің сотқа дейінгі заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын оның орынбасары немесе Департамент бастығы, облыс шегінде – облыс прокуроры, қадағалаудағы көлік прокурорларына  Бас көлік прокуроры, әскери қызметшілерге қатысты – Бас әскери прокурор айқындайды.

Бас Прокурордың, қадағалаудың осы саласына жетекшілік ететін оның орынбасарының немесе Департамент бастығының тапсырмасы бойынша нақты қылмыстық іс бойынша қадағалаушылық өзгертілуі мүмкін.

Қажет кезде облыстардың прокурорлары немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдар Департаментке хабарлай отырып, жиырма төрт  сағаттың ішінде қылмыстық істерді елдің басқа өңіріне береді (қадағалаушы емес органның тергеулігіне) және олардың сотқа дейінгі тергеу мерзімі аяқталғанға дейін 10 тәуліктен бұрын кешіктірмей, берілетін өңірге келіп түсуін қамтамасыз етеді.

Қылмыстық істің елдің басқа өңіріне (қадағалаушы емес органның тергеулігіне) беруді  тек облыстардың прокурорлары, не олардың міндеттерін атқаратын адамдар Департаментке хабарлай отырып жүргізуге құқылы.

Облыстардың прокуророары қылмыстық істі қылмыстық қудалау ведомствосының төмен тұрған органынан осы не басқа ведомствоның орталық аппаратының іс жүргізуіне беруді Департамент арқылы жүргізеді.

Қалалық, аудандық прокурорлар қылмыстық істі облыстың (өңірдің) басқа ауданына беруді облыс прокуратураларын жиырма төрт сағаттың ішінле хабарлай және олардың сотқа дейінгі тергеу мерхімі аяқталғанға дейін он тәуліктен бұрын кешіктірмей берілетін ауданға түсуін қамтамасыз ете отырып жүргізуге құқылы.

10. ҚПК-іде көзделген тергеулігі бұзылып тергеу жүргізілетін қылмыстық іс анықталған кезде, прокурор ден қою актісін енгізе отырып, оның қылмыстық қудалаудың құзыретті органына беру жөнінде шаралар қабылдайды, не ҚПК-нің 193-бабы 1-бөлігінің 12) тармағына сәйкес тергеулігін айқындайды.

3. Қадағалауды ұйымдастыру

3.1.  Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар
мен хабарламаларды шешудің заңнамада белгіленген
тәртібінің сақталуын қадағалау (ҚПК-нің 23-тарауы)

11.  Қадағалау барысында ҚПК-нің 23-тарауының талаптарының мүлтіксіз сақталуына ерекше көңіл бөлінеді.

12. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін (бұдан әрі - СДТБТ) жүргізу қағидаларымен регламенттеледі.

13.  Есептік-тіркеу тәртібін қадағалауды ұйымдастыруды қадағалаушы және уәкілетті прокурорлар жүзеге асырады.

14.  Қадағалаушы және уәкілетті прокурорлардың өкілеттіктерін нақты шектеу және олардың қызметінде қайталауды болдырмау мақсатында есептік-тіркеу тәртібін қадағалауды жүзеге асыру мынадай тәртіппен белгіленеді:

1) СДТБТ-іде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар бойынша зағнаманың қолданылуын және олар бойынша заңды процестік шешімдердің (процестік саты) қабылдануын қадағалауды қадағалаушы прокурорлар жүзеге асырады;

2) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды қабылдау. тіркеу және есепке алу туралы заңнаманың қолданылуын қадағалауды уәкілетті прокурорлар жүзеге асырады.

15.  Есептік-тіркеу тәртібінің процестік сатысы ҚПК-нің 23-тарауында көзделген процестік әрекеттердің орындалуы мен процестік шешімдердің қабылдануын қамтиды.

16. Есептік-тіркеу тәртібінің сақталуын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде уәкілетті прокурорлар:

1) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды қабылдау, тіркеу және есепке алу туралы заңнаманың сақталуын;

2) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды қабылдау, тіркеу және есепке алу жөніндегі құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығын, объективтілігін, нанымдылығы мен жеткіліктілігін қамтамасыз етуді тексереді.

17. Уәкілетті прокурорлар қадағалауды жүзеге асыру кезінде:

1) СДТБТ-іде және Ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі - АЕК) «102» пультіне келіп түскен қоңыраулар туралы Жедел басқару орталығы мәліметтерін, магниттік (электрондық) хабарламаларды, хабарламалар талондарының түбіртектерін, медициналық ұйымдардан,  мәйітханалардың,  әділет, сот сараптамасы органдарынан, күзет құрылымдарынан, жол-патрульдік қызмет бөлімшелерінен, көші-қон полициясынан және басқа да органдар мен мекемелерден хабарламаларды тіркеудің болуына салыстыру жүргізеді;

2) полицияның тірек, учаскелік  пункттерінде және аумақтық қылмыстық қудалау органдарында есептік құжаттамаға (азаматтарды қабылдау журналы, бағыт-бағдарлар наряды және басқалар) тексеру жүргізеді;

3) бастапқы арыздар мен олар бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы АЕК-те жазылған номенклатуралық істер бойынша салыстырулар жүргізеді;

4) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың СДТБТ-іде уақытында тіркелу, қылмыстық құқық бұзушылық сипаттамасы мен әрекеттің бастапқы саралануына сәйкес  келу, тіркелген арыздардың бұрын тіркелгендерге қоса тіркеудің негізділігі және статистикалық берешектің болу мәніне ҚСжАЕК ақпараттық жүйелеріне күн сайын мониторинг жүргізеді;

5)  АЕК-те тергеулігі (аумақтығы) бойынша жіберілген материалдардың тіркеудің болуына салыстыруларды жүзеге асырады;

6) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды қабылдау, тіркеу және есепке алу жөніндегі статистикалық деректердің нанымдылығына тексерулер жүргізеді;

7) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды қабылдау және тіркеу тәртібін түсіндіреді, азаматтар жол берілген заң бұзушылықтар жөнінде хабарлай алатын сенім телефондарын жариялайды, осы мәселелер бойынша қабылдау күндерін хабарлайды;

8) ауылдық және кент округтеріне, мемлекеттік органдарға барып, азаматтармен кеңестер, әкімдермен, ұйымдардың және шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесулер ұйымдастырады;

9) қылмыстық қудалау органдарының есептік-тіркеу тәртібін нығайтуға бағытталған тиісті салыстырулар мен тексерулерді жүргізуін қамтамасыз етеді.

18. Анықталған есептік-тіркеу тәртібінің талаптарын бұзушылықтар бойынша уәкілетті прокурорлар мынадай шаралар қабылдайды:

1)  қадағалаушы прокурорға есепке алудан жасырылған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды СДТБТ-іде тіркеу туралы мәселені шешу үшін жібереді;

2) қадағалаушы прокурорға сотқа дейінгі жүргізудің басталғаны туралы мәселені шешу, сондай-ақ тіркемеу немесе өзге нысан арқылы қылмыстық құқық бұзушылықты жасырған кінәлі адамдардың түсініктемесі үшін анықталған, есепке алудан жасырылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жөніндегі материалдарды жібереді;

3) ҚСжАЕК ақпараттық жүйелерінің он күн сайынғы мониторинг нәтижелері бойынша процестік шешімдердің қабылданбауына байланысты жағдайларда қадағалаушы прокурорды хабардар ете отырып, тиісті талаптарды қылмыстық қудалау органдарына жібереді;

4) прокурорлық қадағалау актілерін енгізеді.

19.  Аумақтық деңгейдегі қылмыстық қудалау органдарында есептік-тіркеу тәртібінің сақталуын тексеруді уәкілетті прокурорлар ай сайын, ал облыстық деңгейде – тоқсанына кемінде бір рет жүргізеді.

Уәкілетті прокурорлар тоқсан сайын прокурорлық ден қою шараларын қабылдай отырып, есептік-тіркеу тәртібінің сақталуын бақылау жөніндегі ведомствоішілік комиссия жұмысының тиімділігін тексереді.

20.  Қадағалаушы прокурорлар қадағалауды жүзеге асыру кезінде:

1) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың (ҚПК-нің 23-тарауы);

2) АЕК-ті тіркелген материалдарды уәкілетті прокурорлармен бірлесіп: аудандық деңгейдегі қылмыстық қудалау органдарында – он күн сайын; облыстық деңгейде – айына кемінде бір рет номенклатураның істерге есептен шығарудың заңдылығы мен негізділігін тексереді. 

21. Анықталған есептік-тіркеу тәртібінің талаптарын бұзушылықтар бойынша қадағалаушы прокурорлар ҚПК-нің 193-бабында көзделген шараларды қабылдайды.

22. Қылмыстық құқықтық бұзушылықтарды есепке алудан жасыру фактілері бойынша прокурорлар прокурорлық қадағалау актілерін енгізу арқылы дереу қызметтік тергеу жүргізу, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 433-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған жағдайларда  оларды кідіртпей СДТБТ-іде тіркеу  жөнінде шаралар қабылдайды.

23. Есептік-тіркеу тәртібіне тексерулер жүргізу кезінде қадағалаушы прокурорлар келісім бойынша: әкімшілік материалдар бойынша -  әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылық үшін; іздестіру материалдары бойынша -  жедел-іздестіру қызметінің заңдылығы үшін; соттың ұсынымдары мен жеке қаулылар бойынша, атқарушылық іс жүргізу материалдары бойынша – азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер жөніндегі сот актілерінің, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің заңдылығы үшін  уәкілетті прокурорларды, сондай-ақ басқа прокуратура бөлімшелерінен прокурорларды тартуға құқылы.

24. Есептік-тіркеу тәртібінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру кезінде қадағалаушы және уәкілетті прокурорлардың өзара іс-қимылы ақапаратпен жедел және тікелей алмасуға, тексерулерді бірлесіп жүргізуге негізделеді.

25. Қадағалаушы және уәкілетті прокурорлар:

1) ашылмаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстық істердің саны туралы статистикалық мәліметтерді олардың нақты санымен мерзім сайын салыстыруды жүргізеді;

2) құқық бұзушылықтардың ашылу көрсеткішіне кірмейтін онша ауыр емес ретінде  құқық бұзушылықтарды дұрыс сараламау арқылы олардың санын азайту фактілеріне жол бермейді;

3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген істердің саны туралы мәліметтердің ішінен оларды алып тастау мақсатында есептік кезеңнің соңындаы қылмыстық істер бойынша, ашылмаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуді негізсіз қайта бастау фактілеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

4) іс жүргізумен аяқталған қылмыстық істерді сотқа жіберу кезінде электрондық ақпараттық-есептік нысанға ерте қол қою фактілеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

Көрсетілген электрондық ақпараттық-есептік нысандарға облыстардың прокурорлары, облыстар прокруорларының жетекшілік ететін орынбасарлары, қалалық, аудандық прокурорлар, процесс прокурорлары жеке өзі қол қояды;

5) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасыру арқылы, сондай-ақ айқын емес қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу көрсеткішінің ашылу пайызының өсуі мен төмендеуін статистикалық ұштастыру кезінде олардың ашылу пайызын әдейі көтеру практикасына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

6) номенклатуралық істерге шығарылған арыздар мен хабарламалар бойынша есептік-тіркеу тәртібіне тексерулер жүргізу кезінде арыз иелеріне қарсы сауалнамалар жүргізеді. Бұл ретте, арыз иелері бастапқыдағы өз түсініктемелерін өзгерткен не  шара қабылдамау туралы қарсы арызбен жүгінген мүлікті ұрлау не жоғалту фактілеріне ерекше назар аударылады;

7) номенклатуралық істерге АЕК-тегі жазбалармен салыстырулар жүргізеді;

8) номенклатуралық істерде арыздар мен бастапқы сатыдағы жинақталған материалдар болмаған, не олар қолдан жасалған, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін тазартып өшіру, қолдан жазу анықталған кезде жеткілікті деректер болған кезде арыздарды СДТБТ-іде тіркеу туралы мәселені шешеді;

9) қылмыстық құқық бұзушылықты жасыруға, не осындай фактілердің таралуына жол берген лауазымды тұлғаларға шаралар қабылданбаған жағдайда «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының талаптарына сәйкес құқық қорғау органдарының, тиісінше, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі бірінші басшыларды лауазымынан босату туралы мәселе қойылады.

26.  Облыстардың прокурорлары, қалалық, аудандық прокурорлар:

1) ҚПК-нің 187 және 191-баптарында көрсетілген барлық қылмыстық қудалау органдарының сотқа дейнгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар лауазымды тұлғалар мен органдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді тікелей анықтауын қосқанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды (хабарламаны, баянатты) тіркеу туралы тергеуліктің мүлтіксіз сақталуын тиісінше қадағалауды қамтамасыз етуге;

2) барлық қылмыстық қудалау органдарының ҚПК-нің 180-бабы
1-бөлігінің 1) – 4) тармақтарында санамаланған кез келген жасалған немесе дайныдалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар жөніндегі арыздарды (хабарламаларды, баянаттарды) СДТБТ-іде қабылдау және тіркеу  туралы ҚПК талаптарының мүлтіксіз орындауын тиісінше қадағалауды қамтамасыз етуге; 

3) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз (хабарлама, баянат) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бұған белгіленген тәртіппен уәкілетті емес адамдардың бастау фактілерінің дереу жолын кесуге;

4) кінәлі адамдарға қатысты бір мезгілде прокурорлық ден қою шараларын қабылдай отырып, ҚПК-нің 186-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды (хабарламаны, баянатты) 24 сағаттың ішінде (шұғыл тергеу әркеттерін жүргізу талап етілетін жағдайлардан басқа) тергеулігі бойынша бермеу фактілеріне дереу жол бермеуге;   

5) ҚПК-нің 187 және 191-баптарында белгіленген тергеулікті бұзып, қылмыстық қудалау органдарына сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу туралы келісім немесе тапсырма берудің заңсыз практикасына жол бермеуге;

6) ҚПК-нің 193-бабы 1-бөлігінің 12) тармағында берлген құқықтық объективті негіздер болған кезде ерекше жағдайларда ғана пайдалануға міндетті.

27. Прокурорлар арыз иесінің өз еркімен кінәсін мойындап келу бөлігінде ҚПК-нің 182-бабын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етеді.  Қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдай отырып, қарсы тексерулер жүргізеді.

28. Кезекші прокурор қылмыстық қудалау органдарының әкімшілік ғимараттарындағы стенділерде қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар үлгілерінің  болуын тексереді.

3.2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығын қадағалау

29.  Қалалық, аудандық прокурорлар не олардың тапсырмасы бойынша қалалық, аудандық прокурорлардың орынбасарлары немесе процесс прокурорлары адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, соның ішінде азаптау, зорлық өлім белгілері бар мәйіттерді табу фактілері бойынша, сондай-ақ үлкен қоғамдық пікір туғызған қылмыстық құқық бұзушылықтар; зілзалалар; апаттар; тасқындар; өрттер, авариялар мен басқа да төтенше жағдайлар бойынша оқиға орнына жеке өзі шығуға міндетті. Прокурордың қарап тексеруге не өзге де тергеу әрекетіне қатысуы тиісті хаттамада және қылмыстық қудалау органдарының жедел ақпарында көрсетіледі.

Көлік немесе әскери прокуратуралар едәуір қашық болған кезде көлікте, әскери бөлімдер және мекемелер орналасқан жерлерде жасалған, не әскери қызметшілер жасаған осындай оқиға орындарына облыстар прокурорларының тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар шығады, ол 24 сағаттың ішінде көлік немесе әскери прокурорларды хабардар етеді.

Облыс прокурорының орынбасары немесе облыс прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы айқын емес жағдайда жасалған, сондай-ақ үлкен қоғамдық пікір туғызған екі немесе одан да көп адамдар өлімі бойынша оқиға орнына шығады. Облыс прокуратурасы едәуір қашық болған кезде осындай оқиға орындарына аумақтық прокурор немесе оны ауыстыратын адам шығады, ол 24 сағаттың ішінде облыс прокуратурасын хабардар етеді.

30. Облыс прокурорлары 24 сағаттың ішінде Департаментке терроризм және экстремизм фактілері бойынша, азаптау, екі және одан да көп адамдар өлімі, зілзалалар; апаттар; тасқындар, өрттер, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар және қоғамдық пікір туғызған өзге де төтенше жағдайлар фактілері бойынша арнайы хабарлама (бұдан әрі – арнайы хабарлама) жібереді.

31. Қылмыстық істер бойынша қадағалау іс жүргізуі қозғалады, сондай-ақ «Қадағалау» БААЖ-да қадағалау іс жүргізуі жасалады, онда міндетті тәртіппен процестің құжаттардың көшірмелері, прокурорлық қадағалау актілері, сондай-ақ тергелетін қылмыстық істермен байланысты өтініштер бойынша хат-хабарлар қамтылады.

Прокурорлық қадағалау актілерінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің нормаларына міндетті сілтемемен бұзушылықтардың құқықтық мәні жазылады, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайлар, оларды жөніндегі шаралар туралы нақты ұсыныстар көрсетіледі, заңсыз шешімдердің күшін жою және кінәлі дауазымды тұлғалар мен олардың басшыларын заңда белгіленген жауапкершілікке тарту туралы мәселе қойылады.

32. Жергілікті жерлерде прокурорлық қадағалау актілерін шығару тәртібін бақылау мақсатында «Қадағалау» БААЖ-да көзделген элеткрондық шаблондар арқылы оларды уақытында және сапалы ресімдеу жұмыстары ұйымдастырылады.

«Қадағалау» БААЖ-бен жұмыс істеу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті, енгізілетін деректердің  толықтығы мен нанымдылығын қамтамасыз ету, бөтен логиндерді пайдалануға жол бермеу жөнінде шаралар қабылданады.

33. Қадағалау іс жүргізуінің толықтығына жауапкершілікті іс бойынша қадағалауды жүзеге асыратын прокурор көтереді.

34. Бір қылмыстық іс бойынша, онымен қосылған (көп эпизодты) қылмыстық істерді қосқанда, бір қадағалау іс жүргізуі қозғалады.                

35. Қылмыстық істі тергеудің толықтығын, объективтілігін және жан-жақтылығын қамтамасыз ету мақсатында прокруорлар оларды орындау мерзімін айқындай отырып, жазбаша нұсқаулар береді. Нақты тергеу әрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар процестік шешімнің күшін жою туралы қаулыларда жазылуы мүмкін.

Нұсқаулар міндетті тәртіппен іс материалдарына қоса тігіледі және ол бойынша қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың бақылауында болады.

36. Анықталған заң бұзушылықтар қылмыстық қудалау органдарының негізсіз қаулыларының күшін жою, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың  әрекеттерін заңсыз деп тану арқылы жойылады.

37. Қылмыстық қудалау органына қадағалау актісін жіберген кезде қадағалаушы прокурор органның басшылығынан жол берілген заң бұзушылықтарды жою жөнінде қажетті шаралар қабылдай және кінәлі адамдарды жазалай отырып, оларды мерзімінде қарауына қол жеткізуге тиіс.

38. Тексеруді тікелей жүргізген прокурор енгізілген ұсынымды немесе тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы қаулыны қылмыстық қудалау органымен талқылауға қатысады.

39. Қылмыстық қудалау органдарының орталық аппараттарына енгізілетін прокурорлық қадағалау актілері Департамент арқылы, облыстық аппараттарға – облыс прокуратурасы арқылы жіберіледі.

40. Нұсқаулар және басқа да қадағалау актілері орындалмаған кезде прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының кінәлі лауазымды тұлғаларын заңда белгіленген жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

        3.3. Процестік шешімдерді тексеру мерзімдері мен тәртібі, прокурорлардың өкілеттіктері

41. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың заңдылығын тексеруді прокурор 10 тәулік ішінде, ҚПК-нің 128-бабындағы тәртіппен ұсталған адам болған кезде – 24 сағаттың ішінде жүргізеді.

Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға негіз болған барлық материалдарды зерделейді, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті себептердің және іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың болуын, сондай-ақ мерзімдер мен процестік тәртіптің сақталуын тексереді.

Прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелерінің бастамасы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды немесе хабарламаларды СДТБТ-іде тіркеу туралы мәселе тиісті прокуратураның қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімшесімен алдын ала келісіледі.

42. Прокурордың терроризм және экстремизм, ҰҚТ құрамында жасалған сыбайлас жемқорлықпен қылмыстық құқық бұзушылықтар, есірткі құралдарының заңсыз айналымы, азаптаулар туралы істер бойынша қабылданған процестің шешімдердің заңдылығын тексеруі олар прокуратураға келіп түскен күннен бастап 10 тәуліктің ішінде жүргізіледі.

Қалған жағдайларда қысқартылған және сотқа дейіні тергеп-тексеру мерзімдері үзілген істер бойынша процестік шешімнің заңдылығын тексеру мерзімдері олар прокуратураға келіп түскен күннен бастап 1 айдан аса алмайды.

Күзетпен ұстаумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалған жағдайда, адамды күдікті деп тану және күдіктінің әрекеттерін саралау туралы қаулыларды шығарудың заңдылығын прокурор осы қаулылардың көшірмелері прокуратураға келіп түскен күннен бастап 10 тәуліктің ішінде тексереді.

43. Тергеп-тексеру мерзімдері ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 2), 4), 7) тармақтарындағы тәртіппен алты айдан артық үзілген қылмыстық істер бойынша Департаментке олардың негізділігі мен заңдылығы туралы қорытынды жіберіледі.

44. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы, сондай-ақ ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 1), 2), 5) – 8) тармақтары бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы (егер адамға қатысты күдікті ретінде тану туралы, күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылмаса, ол ҚПК-нің 131-бабындағы тәртіппен ұсталмаса, және қылмыстық теріс қылық жасауға қатысты күдіктің болуымен байланысты жауап алынбаса) қабылданған шешіммен келісу туралы бұрыштамасы қаулының соңғы парағының келесі бетіне қойылады. Келісу туралы бұрыштамада прокурордың лауазымы, тегі, аты-жөні және қол қойылған күні туралы мәлімет қамтылады.

45. Прокурорлар қадағалау шараларымен дереу, бірақ жиырма төрт сағаттан кешіктірмей олар қылмыстық қудалау органының кеңсесіне келіп түскен сәттен бастап қылмыстық істерді тергеушінің және анықтаушының іс жүргізуіне беруді қамтамасыз етеді.

Прокурор, сот процестік шешімдердің күшін жойғаннан кейін, істерді тергеулігі бойынша бергеннен кейін тергеушілердің, анықтаушылардың істерді өз іс жүргізуіне ұзақ қабылдамауы арқылы қылмыстық істер бойынша, басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңнаманың елеулі бұзылуын жою үшін сот прокурорға қайтарған істер бойынша тергеп-тексеруді созбалаңға салу фактілеріне жол бермейді.

Мұндай бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында прокурорлар ҚСжАЕК ақпараттық жүйелеріне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.

46. Прокурорлар қылмыстық істерді біріктіру тәртібін регламенттейтін ҚПК-нің 43-бабының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етеді.

47. Қылмыстық процесте заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру, процестің мерзімдерді ұзарту туралы өтінішхаттарды қарау, айыпталушыны сотқа беру туралы мәселені шешу кезінде прокурорлар айыптау актісін жасау және таңдалған бұлтартпау шарасының негізділігін объективті зерделейді, сондай-ақ ҚПК-нің 112-бабында көзделген жағдайларда олардың нанымдылығына әскер еткен немесе әсер етуі мүмкін ҚПК талаптарын бұзып алынған дәлелдемелерді пайдалануғ ажол берілмейді дептану туралы мәселені шешеді.

48. Прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінде тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қылмыстық қудалау органдары пайдаланалатын тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдарының қолданылуын қадағалауды қамтамасыз етеді.

49. Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокруорының тиісті бұйрығымен бекітілген Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану қағидаларымен регламенттелген.

50. Қадағалаушы прокурорлар құқық қорғау органдарының жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі мен мерзімдеру туралы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз етеді.

51. ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 3), 4), 9) – 12) тармақтары бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешіммен келіскен кезде прокурор қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны бекітеді.

52. ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 1), 2), 5) – 8) тармақтары бойынша  айыпталушыға, күдіктіге қатысты қылмыстық істі тоқтатумен  (егер адамға қатысты күдікті ретінде тану туралы, күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылса, ол ҚПК-нің 131-бабындағы тәртіппен ұсталса, және қылмыстық теріс қылық жасауға күдіктің болуымен байланысты жауап алынса) келісім болған кезде прокурор уәжді қорытынды жасайды.

Қорытындыда адамды қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартуға әкелген іс бойынша қылмыстық қудалау органы шешімінің заңдылығы мен негізділігіне баға беріледі, бір дана қылмыстық іске, екіншісі – қадағалау іс жүргізуіне тігіледі.

53. Адамды тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін, сондай-ақ мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін негіздер байқалатын сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешіммен келіскен кезде, прокурор осы қаулыда адамды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту үшін қажет материалдардың уәкілетті мемлекеттік органға жіберілуі туралы мәліметтердің болуын тексереді, ал процестік шешімдердің көшірмелерін тиісті шаралар қабылдау үшін прокуратураның өзге де бөлімшелеріне жібереді.

54. Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор тараптардың татуласуына орай қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдау кезінде қылмыстық қудалау органының:

1) жәбірленушінің және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның толық деректерін анықтауға, іс материалдарына олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеуге;

2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға және жәбірленушіге олардың құқықтары туралы түсіндіруге және қабылданған шешім туралы хабардар етуге;

3) жәбірленушінің және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның татуласуға, сондай-ақ келтірілген залалдың орнын толтыруға келісімін процестік тұрғыдан ресімдеуге міндетті екенін ескеруі тиіс.

55. Бұрын қалалық, аудандық прокурор оның заңдылығы туралы қаулы шығарған не тоқтату туралы қаулы бекітілген қылмыстық істі тоқтату жөніндегі қаулының күшін жою туралы шешімді облыс прокурорының орынбасары қабылдайды. Облыс прокурорының орынбасары оның заңдылығы туралы қорытынды шығарған не тоқтату туралы қаулы бекітілген қылмыстық істі тоқтату жөніндегі қаулының күшін жою туралы шешімді облыс прокуроры не оны ауыстыратын адам қабылдайды, ал осындай қорытынды облыс прокуроры шығарған немесе қаулыны бекіткен жағдайда – Департамент бастығы қабылдайды.

56. Мынадай:

1) қылмыстық қудалауды тоқтату тураы қаулыны не құқықтарды қалпына келтіруге және зиянды өтеуге әкеп соқтырмайтын негіздер бойынша тоқтатылған қылмыстық істі бекіту;

2) анықтаушының, тергеушінің және прокурордың қаулыларының күшін жою;

3) ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 1), 2), 5) – 8) тармақтары бойынша  қылмыстық істі тоқтату  (егер адамға қатысты күдікті ретінде тану туралы, күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылса, ол ҚПК-нің 131-бабындағы тәртіппен ұсталса, және қылмыстық теріс қылық жасауға күдіктің болуымен байланысты жауап алынса) туралы қабылданған процестің шешімдердің негізділігі туралы қорытындыларды шығару;

4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту;

5) бұлтартпау шаралары: күзетпен ұстауды;  үйқамақты, оларды ұзартуды, күшін жоюды және өзгертуді; кепілді қолдау туралы өтінішхаттарды қарау;  бұлтартпау шараларына санкция беруден бас тарту туралы сот қаулысына наразылық келтіру; 

6) тергеу органдарының процестік әрекеттеріне санкция беру;

7) өзге де процестік мәжбүрлеу (лауазымынан уақытша шеттету; жақындауға тыйым салу; мүлікке тыйым салу, мүлікке иелік етуді он тәуліктен аспайтын мерзімге уақытша шектеуді белгілеу) шараларын белгілеу;

8) ұстап беру (экстрадициялау) мақсатында адамға экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы, сондай-ақ оны ұзарту туралы өтінішхатты енгізу;

9) мәйітті эксгумациялауды жүргізу туралы өтінішхаттарды қарау;

10) жәбірленушінің, куәнің айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхаттарды қарау;

11) үлгілерді мәжбүрлеп алу туралы қаулыға санкция беру;

12) қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу, сондай-ақ процесс прокурорының қосымша тергеу жүргізу үшін қылмыстық істі қайтару туралы қаулысын бекіту;

13) кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасау және ҚПК-нің 617-бабының 4-бөлігіне сәйкес айыптау актісінсіз істі сотқа жіберу;

14) айыптау актісін немесе қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіту;

15) айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу;

16) тергеу судьясы санкциялаған күзетпен ұстау, үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасының күшін жою немесе өзгерту туралы қаулыны келісу бойынша өкілеттіктер:

Бас прокуратурада – Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Бас Прокурордың орынбасарларына, Департамент бастығына;

облыс прокуратурасында – облыс прокурорына немесе оның міндеттерін атқаратын адамға және оның орынбасарларына;

қалалық, аудандық прокуратурада – прокурорға немесе оның міндеттерін атқаратын адамға беріледі.

57. Процесс прокурорының өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жекелеген нормативтік құқықтық актісімен регламенттеледі.

58. Сотталған адамға қатысты ынтымақтастық туралы процестік келісімді бекіту құқығы – Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына не оның орынбасарларына, ал күдікті, айыпталушы, сотталушы адамға қатысты – облыс прокурорына немесе оның міндеттерін атқаратын адамға және оның орынбасарларына беріледі.

Қылмыстық істер бойынша процестік келісімнің заңдылығын қадағалау ҚПК-нің 63-тарауындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

59. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу, жазбаша нұсқаулықтар беру туралы, сондай-ақ ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 1), 2), 5) – 8) тармақтары бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы (егер адамға қатысты күдікті ретінде тану туралы, күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылмаса, ол ҚПК-нің 131-бабындағы тәртіппен ұсталмаса, және қылмыстық теріс қылық жасауға қатысты күдіктің болуымен байланысты жауап алынбаса) қылмыстық іс бойынша келісім білдіру жөніндегі өкілеттіктер:

1)  Бас прокуратурада – Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Бас Прокурордың орынбасарларына, Департамент бастығына және оның орынбасарларына;

2)  облыстық және оған теңестірілген деңгейде – облыс прокурорына, оның орынбасраларына, басқарма бастығына;

3)  алалық, аудандық және оларға теңестірілген деңгейлерде – прокурорға, оның орынбасарларына беріледі.

Ерекше жағдайларда азаматтардың конституциялық құқықтарына және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қысым жасайтын, дереу  жоюды талап ететін заңдылықты өрескел бұзушылықтар анықталған кезде Департамент қызметкерлері, облыстардың прокуратуралары шығу барысында өз қолымен прокурорлық қадағалау актілерін (жазбаша нсұқаулар, мерзімді үзу жөніндегі қаулының күшін жою не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы) енгізе алады, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, қылмыстық құқық бұзушылықты табу туралы баянаттты СДТБТ-іде тіркеу жөнінде шаралар қабылдай алады. Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің көшірмелері 24 сағаттың ішінде тікелей басшыға жіберіледі.

60.  Прокурор қабылдайтын шешім бойынша электрондық ақпараттық есептік құжатқа (бұдан әрі - АЕҚ) қол қою құқығы Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, Департамент бастығына, облыс прокруорына, қалалық, аудандық прокурорларға, олардың орынбасарларына, басқарма бастығына, процесс прокурорына, ал осы Нұсқаулықтың 59-тармағының екінші абзацында көрсетілген жағдайларда – Департаменттің немесе облыстардағы прокуратура қызметкерлеріне беріледі.

61.  Прокурорға ҚПК-нің 190, 300, 528-баптарындағы тәртіппен айыптау актісімен, қылмыстық теріс қылық туралы хаттамамен бірге келіп түскен қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің толықтығын, жан-жақтылығы мен заңдылығын мұқият тексеру жүзеге асырылады.

ҚПК-нің көрсетілген баптарының талаптары орындалмаған жағдайла прокурор өз қаулысымен қылмыстық істі қосымша тергеу, анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін жібереді, онда нақты тергеу әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқау жазылады.

62.  Қылмыстық істі зерделеу кезінде прокурор сот ісін жүргізуге кедергі келтіретін қылмыстық қудалау органдарының (тоқтату, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы) қаулыларының күшін уақытында жойылуын тексереді. 

Прокуратура органдарының басшылары істің сотқа уақытында жіберілуі  мен негізділігі үшін дербес жауапкершілік көтереді.

63.  Үлкен қоғамдық пікір туғызған, сондай-ақ ҚПК-нің 301-бабындағы тәртіппен айыптау актісімен бірге келіп түскен ауыр және аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық іс материалдарын зерделеу кезінде прокурорлар жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарын, куәгерлердің және басқа да адамдардың қойған қолдарының түпнсқалығын, дәлелдемелердің нанымдылығын және процестің құжаттардың дұрыс ресімделуін тексеруге тиіс.

Тексеру нәтижелері іс бойынша қадағалау іс жүргізуіне қоса тігілетін анықтамалар түрінде ресімделеді.

Қылмыстық қудалау органының жәбірленушілердің, куәлардың немесе куәгерлердің айғақтарын дұрыс жазбау, олардың істің нақты мән-жайларына сәйкес келмеуі не олардың бұрын берген айғақтарынан бас тарту фактілері анықталған жағдайда, прокурор ҚПК-нің 302-бабы 1-бөлігінің 3-тармағына сәйкес қосымша тергеу жүргізу үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қылмыстық істі жолдайды.

64.  Прокурорлар басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін ҚПК-ні елеулі бұзушылықтарды жою, сондай-ақ жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бойынша оларды басты сот талқылауында немесе жасалған процестік келісіммен белгілеу  үшін соттың әрбір істі қайтару фактісінің заңдылығын тексереді. Көрсетілген шешіммен келіспеген жағдайда прокурорлар оған наразылық келтіруге шаралар қабылдайды.

65.  ҚПК-іні елеулі бұзуды жою үшін сот қаулысымен прокруорға негізді қайтарылған қылмыстық істер дереу, 3 тәуліктен кешіктірілмей қаулыда көрсетілген кемшіліктерді жою үшін қылмыстық қудалау органына жіберіледі. 

4. Қылмыстық процесте адамның  конституциялық құқықтары
мен бостандықтарының сақталуын қадағалау

66. Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтардың жеке бостандығына, білікті заң көмегіне, тұрғын үйге және мүлікке қол сұғылмау, сот ісін жүргізу тілін сақтау құқығының қорғалуына назар аударылады.

67. Прокурорлар мұндай шешімнің негіздері мен уәждерін мұқият анықтай, күдіктінің ҚПК-нің 64-бабында көзделген құқықтарының, сондай-ақ ҚПК-нің 131-бабына сәйкес ұстау тәртібін сақтай және ҚПК-нің 135-бабына сәйкес туысқандарына хабарлай отырып, әрбір азаматтың қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталуы мен оның уақытша ұстау изоляторында (бұдан әрі - УҰИ) болу заңдылығы мен негізділігін дер кезінде тексереді. Кері жағдайда ұсталған адамды УҰИ-дан босату жөнінде шараларды дереу қабылдайды.

68. Тексеру барысында прокурорлар ұсталған адамдардың, соның ішінде кәмелетке толмағандар мен әйелдердің заңда белгіленген құқықтарының сақталуына, УҰИ-да ұстау режимі мен шарттары туралы талаптардың мүлтіксіз орындалуына ерекше назар аударады.

69. Прокурорлар УҰИ жағдайында ұстау үшін бұлтартпау шарасы ретінде қамақта ұстау қолданылған күдіктілер мен айыпталушыларды қалдыру және ауыстыру тәртібі туралы ҚПК-нің 150-бабының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етеді.

70. Ұсталған және қамауда отырған адамдарда жене жарақаттары болуының әрбір фактісі бойынша прокурорлар олардың болу мән-жайларын анықтайды, ал азаптау және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізудің өзге де заңсыз әдістерін қолдану арқылы дене жарақаттарын салу фактілері аныұталған жағдайда, оларды ҚПК-нің 179-бабындағы тәртіппен СДТБТ-іде тіркеу туралы мәселені шешеді.

71. Прокурорлар нақты адамдарға қатысты заңсыз қылмыстық қудалау,  күдікті ретінде тану туралы қалыны негізсіз шығару мен бұлтартпау шараларын негізсіз қолдану және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын өзге де шектеу факілеріне ерекше назар аударады.

72. Қадағалау шараларымен прокурорлар қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылған азаматтардың бұзылған құқықтарын уақытында қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

Азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту фактілері анықталған жағдайда прокурорлар кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселені қояды.                

73. Прокурорлар қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу фактілері туралы статистикалық мәліметтердің нанымдылығын қамтамасыз етеді.

Прокуратураға азаматтардан  қылмыстық процесте қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарының белгілері байқалатын олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзу туралы арыздар келіп түскен кезде прокурорлар осы арыздарды СДТБТ-іде тіркейді, қылмыстық іс бойынша заңды процестік шешім қабылдай отырып, сапалы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қамтамасыз етеді.

74.Облыстардың прокурорлары қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді оларды өзектілер санаты жатқызып, ерекше бақылауға қояды.

75.Облыстардың прокурорлары қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заңдылығын нығайту және күшейту жөнінде прокурорлар қабылдайтын шаралар туралы жұртшылыққа жиі хабарлайды, прокуратура бөлімшелерімен іскерлік өзара іс-қимыл нысандарын жетілдіреді, қадағалау шараларын уақытында қабылдау үшін қажет ақпаратпен тұрақты алмасуды ұйымдастырады, осы жұмыста аймақтық прокурорлардың ролін арттырады.

76.Департамент, облыстардың прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде заңдылықты нығайтуда алқаалардың ұйымдастырушылық ролін күшейту жөнінде шаралар қабылдайды. Алқа отырыстарында осы мәселелер бойынша прокурорлардың есептері тыңдалады, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар әзірлей отырып, нақты қылмыстық істер бойынша заңдылықты бұзу фактілері қаралады.

77.Облыстардың прокурорлары ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 1), 2), 5) -8) тармақтары бойынша істің қысқартылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктілер, айыпталушылар қамақтан босатылған, соттар ақтау үкімдерін не істпрді ақтайтын негіздер бойынша қысқарту туралы қаулы шығарған қылмыстық істерді дер кезінде зерделеуді қамтамасыз етеді. 

78.Күзетпен ұсталған адамға немесе күдіктіге (айыпталушыға) қатысты ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 1), 2), 5) - 8) тармақтары бойынша қылмыстық қудалауды тоқтатудың әрбір фактісі осы шешіммен келіскеннен кейін 10 күннің ішінде кінәлі адамдардың жауапкершілігі туралы мәселені шеше отырып, облыс прокуроры жанындағы жедел кеңесте қаралады. Адамды күзетпен ұстау негізділігін бағалау кезінде адамның жеке бостандығына бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша прокурордың шараларды уақытында қабылдауы ескеріледі.

Қорытынды және кеңес хаттамасы үш күн мерзімде (кеңес өткізілген күннен бастап) Департаментке ұсынылады, ол қабылданған шаралардың заңдылығы мен негізділігін тексереді.           

Прокурорлар қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылған азаматтарды ақтау жөнінде заңда көзделген шараларды қабылдайды.

   4.1. Кезекші прокурордың қылмыстық процесте заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі қызметі

79. Қылмыстық қудалау органдарында прокуратура қызметкерлерінің кезекшілік етуі мақсаты қылмыстық қудалау органдарының қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету болып табылатын сотқа дейінгі тергеудің заңдылығына, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының, есепке алу-тіркеу тәртібінің сақтаулына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру тәсілдерінің бірі болып табылады.

80. Қылмыстық қудалау органының ғимаратында болатын азаматтардың назарына көзге көрінетін жерде арнайы стенд орналастырылады, онда кезекші прокурордың жүмыс тәртібі, оның азаматтарды қабылдау уақыты, байланыс телефондары және т.б. туралы ақпарат қамтылады.

81. Қылмыстық қудалау органдарында кезекшілікті жүзеге асыру уақытында кезекші прокурор:

1) азаматтарды қабылдауды жүргізуге, бұл ретте қылмыстық қудалау органдарының СДТБТ-да өтініштер мен арыздарды қабылдау және тіркеу тәртібін түсіндіруге, кейін прокуратура кеңсесіне беріп, оны тіркетіп, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттері мен шешімдеріне жазбаша шағымдар қабылдауға, азаматтарды қабылдауды есепке алу журналын жүргізуге;

2) қылмыстық қудалау органдарының әкімшілік ғимараттарына азаматтырды жеткізу мен онда ұстау, сондай-ақ азаматтарды ұстап алу (әкімшілік ұстап алуды қоса  алғанда) және уақытша ұстау камераларына жабу заңдылығын тексеруді жүзеге асыруға, қылмыстық қудалау органдарының қызметтік және өзге де үй-жайларында азаматтарды негізсіз ұстаудың жолын кесу, ұстау мерзімдерінің және жүргізілген ұстап алудың процестік ресімделуінің, қылмыстық қудалау органдарына жеткізілген адамдарды журналға көрсету және оны жүргізу тәртібінің сақталуы мақсатында қылмыстық қудалау органдарының қызметтік және өзге де үй-жайларын тексеруге;

3) қылмыстық қудалау органдарының қызметтік және өзге де үй-жайларында негізсіз ұстап алынған не ұсталып отыған адамдар анықталған жағдайда көрсетілген адамдарды босату туралы мәселені шешу үшін прокуратура органының басшысына дереу хабарлауға және қаулы шығару арқылы оларды босатуға шаралар қабылдауға;

4) АЕК-ке есептен шығарылған номенклатуралық істер бойынша арызданушыларға қарсы сауалнаманы іріктеп жүргізуге;

5) күн сайынғы жедел ақпарларда мәліметтердің дұрыс және толық көрсетілуін тексеруге, күн сайын тергеп, аудан (қала, облыс) прокурорына баяндауға;

6) прокурордың не оның орынбасарының тапсырмасы бойынша қылмыстық қудалау органдарының өндірісіндегі қылмыстық істерді зерделеуге және ауыр және аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша нұсқаулар жобаларын дайындауға;

7) күзетпен ұстау түріндегі бұлтарптау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатқан ұстап алынған адамдарға қатысты қылмыстық істерді зерделеуге міндетті.

Зерделеу нәтижелері бойынша прокурорға күдікті (айыпты) адамды күзетпен ұстау қажеттілігі не қажеттіліктің болмауы туралы өзінің пікірін анықтама түрінде білдіруге;   

8) қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы, қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасыру фактілері бойынша прокурордың тапсырмасы бойынша қадағалау тексерулерін жүргізуге;

9) прокуратура басшылығының басқада тапсырмаларын орындауға міндетті.

82.  Көлік прокуратурасының кезекші прокурорлары кезекшілік уақытында сондай-ақ темір жол вокзалы, әуежай ғимаратында орналасқан кезекшілік бөлімді (кезекшілік бөлмені) мезгіл сайын тексеруге міндетті.

83.  Қызметті атқару барысында кезекші прокурор:

1) қылмыстық қудалау органдарынан АЕК, СДТБТ материалдарын, номенклатуралық істерді, тиісті журналдарды, нарядтарды және есепке алу-тіркеу тәртібінің, жедел ақпарлар дұрыстығының сақталуын тексеру үшін қажетті өзге де материалдарды алады;

2) заңдылыққа бұзушылықтарға жол берген қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінен түсініктемелерді талап етіп алдыртады;

3) қылмыстық қудалау органдарының уақытша ұстау камераларын, қызметтік және өзге де үй-жайларын қарап-тексеруді жүргізеді;

4) прокуратура басшысының тапсырмасы бойынша нұсқаулар, сондайа-ақ ҚПК-нің  128-бабының тәртібімен адамдарды ұстап алудың заңдылығы туралы қорытындылар беру үшін қылмыстық істерді талап етіп алдыртады.

84.  «Прокурор кабинеті» Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ), Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – МҚжСЖҚА), Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті экономикалық тергеулер қызметінің (бұдан әрі – ҚМ МКК ЭТҚ) облыстық және оға теңестірілген бөлімшелерінің ғимараттарында, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық орталықтарда және ірі қалаларда орналасқан ішкі істер органдарының қалалық, аудандық бөлімшелерінде (Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы
8 қазандағы №1301оа бұйрығына сәйкес), мүмкіндігінше, қылмыстық қудалау органының кезекшілік үй-жайының жанында орналастырылады және байланыс құралдарымен, қажетті жиһазбен және ұйымдастыру технкикасымен жабдықталады. 

85. «Прокурор кабинетіндегі» кезекшілік прокуратура басшылығы бекіткен кезекшітік жүргізу кестесінің негізінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте қылмыстық қудалау органдарында кезекшілікке қызметкерлер жүктемесіне қарай және прокуратура басшылығының қарауы бойынша қойылады.

«Прокурорлар кабинеттеріндегі» кезекшілікті қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері жүзеге асырады.

86. Жүктелген міндеттерді толық және тиімді орындау мақсатында кезекші прокурор кезекшілік кезеңіне ағымдағы жұмыстан босатылады.

Кезекшілік күндізгі уақытта және жұмыс аптасының ішінде үздіксіз жүргізіледі. Қажет болған кезде прокуратура органы басшысының шешімі бойынша кезекшілік түнгі уақытта та болуы мүмкін.             

ІІМ-нің, МҚжСЖҚА-ның, ҚМ МКК ЭТҚ-ның облыстық және оған теңестірілген бөлімшелеріндегі кезекшілік шағымдар мен арыздардың түсуіне қарай немесе прокуратура органы басшысының шешімі бойынша аптаның кез келген күні таңдау бойынша жүзеге асырылады.

Кезекшілікті жүзеге асыру барысында прокурорлар белгіленген нысандағы арнайы Журналды жүргізеді, онда өздері атқарған жұмысы туралы тиісті белгілер жасайды. Журнал тігілуге, нөмірленуге және прокуратураның елтаңбалық мөрінің бедерімен бекітілуге тиіс.

87. Кезекші прокурор өткізген кезекшіліктің барысы, сол уақытта анықталған бұзушылықтар туралы тікелей басшысына күн сайын баяндайды. Кезекшілік қорытындылары бойынша апта бойынша есеп жасалады.

88. Кезекші прокурорлардың жұмысын ұйымдастыру және оның тиімділігі үшін облыстар прокурорларының осы қадағалауға жетекшілік ететін орынбасарлары, қалалық, аудандық прокурорлар жауапты болып табылады, олар қажетті еңбек жағдайларының жасалуын қамтамасыз етеді, міндеттер қояды және олардың жұмысына бақылауды жүзеге асырады, кезекші прокурорлардың жұмысын қадағалайды және жетілдіреді.

89.Ақпарат алмасу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мақсатында кезекші прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының кезекші бөлімдерімен тиісінше өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.

90. Облыстар прокурорлары аумақтық қылмыстық қудалау органдыры басшыларының кезекші прокурорлардың қылмыстық қудалау органдарының қызметтік және өзге де үй-жайларына, ғимараттарына, оның ішінде ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына (бұдан әрі – ЖБО) кедергісіз кіруін және қажетті мәліметтерді алуын қамтамасыз етуі жөнінде шаралар қабылдауды.

91. Облыстар прокурорлары ЖБО, қылмыстық қудалау органдары кезекші бөлімдері бастықтарының кезекші прокурорларға:

1) аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуы, төтенше жағдайлар, сондай-ақ үлкен қоғамдық резонансты тудырған басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы;

2) қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері жол берген азаптау фактілері туралы барлық өтінішт ер мен хабарламалар туралы;

3) азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылуының барлық фактілері туралы түнгі уақытта;

4) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған; Парламент Палаталары; Парламент депутаттары тағайындаған; орталық және облыстық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын лауазымды адамдар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы;

5) шетелдік азаматтарға, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары қызметкерлеріне қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы;

6) құқық қорғау, сот және арнайы органдар қызметкерлері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы;

7) бұқаралық ақпарат құралдарының қызмкеткерлеріне, қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы дереу хабардар етуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

92.  Кезекші прокурорлар өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібімен тікелей басшыларына, тиісті қылмыстық қудалау органдарының бастықтарына және кезекші бөлімдердің бастықтарына барлық анықталған заңдылық бұзушылықтары туралы дереу хабарлайды.

ҚПК нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша кезекші бөлімдер қызметкерлеріне жердем көрсетеді. ЖБО және қылмыстық қудалау органдары кезекші бөлімдерінің қызметіне заңсыз араласуға жол бермейді.

93.  Кезекші прокурор азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында:

1) келушілерді электрондық есепке алу үшін жауапты адамның жұмысты тиісінше жүзеге асыруы бойынша жедел кезекшімен өзара іс-қимыл жасауға;

2) қылмыстық қудалау органдарының ғимараттарында келушілердің заңда белгіленген мерзімнен артық уақыт болуы фактілерін анықтау және оның жолын кесу тұрғысынан электрондық есепке алу деректер базасында мәліметтерге мониторингті жүзеге асыруға міндетті.

Деректер базасынан не жедел кезекшіден осындай бұзушылықтар туралы сигнал түскен кезде азаматтардың бұзылған конституциялық құқықтарын қалпына келтіру үшін шаралар қабылдай отырып, олардың себептері дереу анықтауға, ол туралы жоғары тұрған прокурорға баяндауға міндетті.

94.  Облыстар прокурорлары заңсыз ұстап алудың, адамды қылмыстық қудалау органының қызметтік үй-жайында ҚК-нің 414-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты саралап, ұстап алу хаттамасын ресімдеусіз 3 сағаттан астам уақыт ұстаудың анықталған әрбір фактісінің СДТБТ-де дереу тіркелуін қамтамасыз етеді.

Осындай фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу өндірісі арнайы прокурорларына тапсырылады.

4.2. Қылмыстық процесте азаптауларға және азаматтарға қатыгез
іс-әрекеттің басқа да түрлеріне қарсы іс-қимыл жасау заңдылығының сақталуын қадағалау

95.  Прокуратура органдары азаптауларды және сотқа дейінгі тергеу жүргізудің қатыгез әрекетке байланысты өзге де заңсыз әдістері (бұдан әрі – азаптаулар) туралы кез келген ақпараттың қаралуына бақылау белгілейді, орын алған оқиғалардың барлық мән-жайларының дереу бекітілуін қамтамасыз етеді.

96.  Облыстар прокурорлары прокуратура органдарына азаптаулар туралы арыздар (хабарламалар) түскен жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілеріне көрсететін жеткілікті деректер болған кезде оларды СДТБТ-де тіркеу бойынша дереу шаралар қабылдайды және сапалы тергеуді және заңды процестік шешімнің қабылдануын қамтамасыз етеді.

Осы көрсетілген қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу арнайы прокурорлармен, ерекше жағдайда Бас Прокурордың, Бас Прокурордың орынбасарының, облыс прокурорының тапсырмасы негізінде қадағалаушы прокурорлармен жүзеге асырылады.

Облыстар прокурорлары осындай фактілер туралы әрбір қылмыстық іс бойынша 24 сағат ішінде Департаментке арнайы хабарлама ұсынады.            

97.  Жәбірленушіге ҚК-нің 146-бабының диспозициясында көрсетілген заңсыз мақсаттарға қол жеткізуі үшін лауазымды адам жасаған дене және (немесе) психикалық зардап келтіруіне байланысты фактілерді қылмыстық заңның осы нормасы бойынша саралау.

Азаптаулар фактілері бойынша дұрыс сараламау анықталған жағдайда қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес прокурорлық ықпал ету шаралары дереу қабылданады.

98.  Қылмыстық жауаптылыққа қылмыстық қудалау органдарының азаптауларға жол берген қызметкерлерін, сондай-ақ олардың жол берушілігі не қамқорлығы арқылы ондай әрекеттерге жол берілген лауазымды адамдардың да тартылуы туралы мәселені қарау қажет.

Арызда немесе хабарламада ұзақ уақыт орын алып отырған бұзушылық көрсетілген жағдайда прокурор сол жерге баруды дереу ұйымдастырып, азаптауларды тоқтатуға шаралар қабылдайды.

99. Азаптаулардың қолданылуы туралы арыздар мен хабарламалар бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілген кезде ҚПК-нің 24-бабы талаптарының сақталуы қамтамасыз етіледі.

Жәбірленушіден(лерден) және күдіктіден(лерден) жауап алуды жүргізу кезінде олардың қорғануға құқықтарының іске асырылуы мүмкіндігін қоса алғанда барлық процестік құқықтарының сақталуы қамтамасыз етіледі.

100. Осы санаттағы қылмыстық істер бойынша жәбірленушіге(лерге) және күдіктіге(лерге) қатысты зерттеліп отырған оқиғаларды қабылдауының және бағалауының жеке ерекшеліктерін анықтау, сынақ жүргізіліп отырған адамдарда өтірік айтуға, ойлап табуға, жалған елестерді беруге бейімі белгілерін табу тұрғысынан сот-психологиялық сараптама жүргізу қамтамасыз етіледі. Жәбірленушіге(лерге) дене немесе жан зардаптарын келтіру туралы мәселені анықтау үшін сот-медициналық, кешенді психологиялық-медициналық және өзге де сараптамалар тағайындалады.

101. Күдіктіні (айыпталушыны) күзетпен ұстауды санкциялау туралы өтінішхатты қолдау туралы мәселені шешу үшін бір мезгілде ҚПК-нің 147-бабында көзделген әрекеттерді жүргізумен қатар, қылмыстық қудалау органының  сот-медициналық, ал ондай орган болмаған кезде – күдіктіні (айыпталушыны) дене зақымдарының болуына не болмауына медициналық куәландыруды жүргізуі қамтамасыз етіледі. Сот медициналық (медициналық) куәландыру актісі қылмыстық іс материалдарына қосып тігіледі. 

102. Ұстап алынған адамнан жауап алынған кезде ҚПК-нің 128-бабының тәртібімен оған қатысты азаптауларды қолдану фактісінің орын алғаны/алмағаны анықталады. Ұстап алынған адам оған қатысты рұқсат етілмеген әдістердің қолданылғаны туралы жауап берген жағдайда арнайы  прокурорлар арыз бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастайды.

Осы арыз бойынша дене зақымдарының болуын анықтау тұрғысынан сотқа дейінгі тергеу басталғаннан кейін сот-медициналық сараптаманы тағайындау туралы мәселе шешіледі.

103. Сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау не оның мерзімін ұзарту туралы мәселені қараған кезде қатысып отырған прокурор күдіктіден (айыпталушыдан) оған қатысты азаптаулардың қолданылғанын/қолданылмағанын анықтайды және сот алданда осы сұрақтар мен жауаптардың сот отырысы хаттамасына енгізілуі туралы өтініш білдіреді. Оң жауап алынған кезде жоғарыда жазылған тиісті әрекеттер жүргізіледі.

104. Көрсетілген санаттағы қылмыстық істер бойынша адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарды қалпына келтіру, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның өтелуіне құқықты іске асыру жөнінде барлық шаралар қабылданады.

105. Осы қылмыстық құқық бұзушылықтар түрлерін болдырмау мақсатында олардың жасаулына ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталады және оларды жою бойынша заңмен көзделген шаралар қабылданады. Жарияланымдар бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беріледі.

     4.3. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану заңдылығын қадағалау

106. Прокурорлар қылмыстық қудалау органының күдіктіні (айыпталушыны) күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішін қолдауға  сарабдал және жауапты қарауға міндетті.

107. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп күдік келтірілген адамды ұстаудың жүргізілгені туралы жазбаша хабарлама алынған кезде оны ұстаудың заңдылығы мен негізділігі тексеріледі. Ұстау негізсіз деп танылған жағдайда прокурор прокуратура органының басшысымен келісім бойынша күдікті адамды дереу босатады, кейін кінәлі адамдарға тиісті шаралар қабылдайды, ол туралы облыс прокурорына дереу хабарланады.

Прокурор процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану заңдылығын және негізділігін тексеру кезінде оларды қолдану негізділігінің болуынан басқа ҚПК-нің 136, 138-баптарында көрсетілген мән-жайларды ескеру қажет. Кәмелетке толмағандарды, мүгедектерді, әйелдерді және қарт адамдарды ұстау негізділігіне аса назар аудару қажет.

Әйелдерге қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында, әсіресе, бұлтартпау шарасын таңдау кезінде жасын, отбасының, сондай-ақ жас және кәмелетке толмаған балаларының болуын ескеру қажет.

108.Көлік және әскери прокуратуралар органдары едәуір алшақ болған кезде олардың жазбаша хабарламасы бойынша аумақтық прокурор қылмыстық қудалау органдарының азаматтарды ұстау заңдылығы мен негізділігін дереу тексеруді жүргізеді, ол туралы көлік және әскери прокурорларға жазбаша хабарлайды.

Қылмыстық қудалау органының күдіктіні (айыпталушыны) күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхатын қолдау туралы мәселені шешу кезінде прокурордың күзетпен ұстау үшін негіздерді қамтитын барлық материалдармен мұқият танысуы және күдіктен  (айыпталушыдан) жеке жауап алу туралы ҚПК-нің 147-бабы 3-бөлігінің талаптары қатаң сақталады. Күдікті (айыпталушы) сөйлеуді қалайтын сот ісін жүргізу тілі анықталады.

109. Прокурорлар күдіктіге (айыпталушыға) қатысты күзетпен ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беруге байланысты мәселелерді қарау кезінде аумақтық қылмыстық қудалау органдары бөлімшелерінің,  прокуратура органдарының және соттардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

110.Күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру, күдіктінің күзетпен ұстауда болуы мерзімі туралы мәселені қараған кезде қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде сотқа ұсынылатын құжаттардың келесі тізбесі белгіленеді, олардың көшірмелері қылмыстық қудалау органының елтаңбалық мөрінің бедерімен куәландырылуға тиіс:

1) қылмыстық істі өзінің өндірісіне қабылдау туралы қаулы;

2) тергеушінің бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулысы және оған соттың санкция беру туралы өтініш;

3) тергеушінің бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатын қолдау туралы прокурордың қаулысы;

4) арыз, хабарлама, баянат және сотқа дейінгі тергеудің басталуына негіз болған басқа да материалдар (көшірмелер);

5) тергеушінің сот ісін жүргізу туралы қаулысы (көшірме);

6) адвокаттың ордері (көшірме);

7) ҚПК-нің 128-бабының тәртібімен ұстау хаттамасы (көшірме);

8) адамды күдікті деп тану туралы қаулы (көшірме);

9) күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы;

10) күдіктіден жауап алу хаттамасы (көшірме), күдікті (айыпталушы) қылмыстық қудалау органдары мен соттан жасырынып кетпен жағдайларды қоспағанда;

11) жәбірленушіден жауап алу хаттамасы (көшірме);

12) күдіктінің (айыпталушының) жеке басын сипаттайтын материалдар

(көшірмелер);

13) ҚПК-нің 300-бабының ескертпесінде көрсетілген жеке басын куәландыратын құжат.                

111.Егер күдіктінің (айыпталушының) өзінде жеке басын куәландыратын құжаттар болмаса, ал күзетпен ұстау туралы мәселені шешу үшін заңмен белгіленген уақытта оларды алу мүмкін болмаса, онда оның  жеке басын күдіктінің (айыпталушының) өзінің сөздерінен, куәлардан (туыстарынан, таныстарынан, көршілерінен, әріптестерінен) жауап алу арқылы, сондай-ақ дактилоскопиялық мәліметтер болған кезде «Адис-Папилон» автоматтандырылған жүйесі бойынша анықтауға болады.

112.Күдікті ҚПК-нің 128-бабының тәртібімен ұсталған кезде тергеуші (анықтаушы) ақпараттық есепке алу құжатын шығарады. Ұқсас құжатты прокурор тергеушінің (анықтаушының) ол туралы өтінішхатын қолдау не одан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде шығарады. 

Ақпараттық есепке алу құжатына шешім қабылданған кезден бастап 24 сағат ішінде электрондық пішінде қол қойылады.

113. Облыстар, қалалар, аудандар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар жұмыс емес уақытта, демалыс және мереке күндері күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру тергеушінің (анықтаушының) өтінішхаттарының және қылмыстық істер материалдарының уақтылы қабылдануын қамтамасыз етеді, ол үшін прокуратура қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшіліктері ұйымдастырылады. Кезекшілік кестелері аумақтық қылмыстық қудалау органдарының басышаларына жіберіледі. Түскен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты тіркеу кезінде міндетті түрде өтінішхатты және қылмыстық іс материалдарын қабылдаудың дәл уақыты мен күні көрсетіледі.

114. Қылмыстық қудалау органдарының өтініштерін тиісінше есепке алу мақсатында прокурор арнайы журнал жүргізеді, онда мыналар көрсетіледі: қылмыстық істің нөмірі; СДТБТ-де тіркеу күні; сотқа дейінгі тергеуді жүргізетін орган және адам; күдіктінің немесе айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты, оның туған күні мен жері, азаматтығы, тұратын және жұмыс істетін орны; ұсталған күні мен уақыты; өтінішхаттың прокурорға түскен күні мен уақыты; күзетпен ұстауға санкция беру туралы өтінішхатты қараған прокурордың тегі; күзетпен ұстауға санкция берген немесе одан бас тартқан судьяның тегі; оның тәртібімен күзетпен ұстауға санкция берілген ҚПК-нің бабы (139, 147, 292-баптар), оған санкция берілген, күзетпен ұстау мерзімін ұзартылған күн; үкімнің күшіне енуі туралы белгі қойылып, істі тергеу және сотта қарау нәтижесі. Журнал тігіледі, нөмірленеді және прокурордың елтаңбалық мөрінің бедерімен мөрленеді.

115. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану үшін негіздер болмаған не күдіктінің (айыпталушының) қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны кінәсі расталмаған жағдайда тергеушінің (анықтаушының) өтінішхатын қолдау туралы мәселені қараған кезде қылмыстық қудалау органының қызметтік үй-жайында прокурор ұсталғаннан өзі жауап алады.

Тергеушінің (анықтаушының) өтінішхатын қараған кезде күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін жеткілікті негіздердің болмағаны анықталған жағдайда қосымша дәлелдемелерді жинау мерзімі мен мүмкіндігі болған кезде прокурор тиісті нұсқау береді.

116. Адамды күзетпен ұстау туралы өтінішхатты қолдаудан оның кінәсінің дәлелденбеуі себептері бойынша бас тартылған жағдайда прокурор ұсталғанды босату туралы қаулыны УҰИ-ға дереу жіберіп, бір мезгілде күдікті ретінде тану және күдіктінің әрекеттерін саралау туралы заңсыз қаулының күшін жою туралы мәселені шешеді. Прокурор сондай-ақ кінәлі лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешеді.

Сотқа дейінгі тергеу сатысында ауыр және аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауға санкция беру, оның мерзімдерін ұзарту, сондай-ақ күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын өзге түрге өзгерту, оның күшін жою туралы өтінішті қолдаудан бас тартудың барлық жағдайлары туралы қадағалаушы прокурор 24 сағат ішінде облыс прокуратурасына жазбаша хабарлайды.

117. Прокурорлар күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, оның мерзімдерін ұзарту туралы өтінішхат бойынша мәселені шешудің уақтылығы мен негізділігі үшін, сондай-ақ осы өтінішхатты қолдаудан бас тарту және адамды күзетпен ұстау негізділігі үшін жеке жауапкершілік көтереді.

Процестік мерзімдерді ұзарту себептері жедел кеңестерде; айыпталушыны 9 айдан астам уақыт күзетпен ұстау мерзімдерін ұзарту себептері прокуратура органдарының алқаларында талқыланады.

118. Облыстар прокуратуралары қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің ҚПК-нің 17 және 18-тарауларының талаптарын сақтауын қылмыстық қудалау органдарының қызметтік және өзге де үй-жайларында тексеруді онкүндік сайын, ал қалалық, аудандық прокуратуралар – күн сайын жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері арнайы тексерулерді есепке алу журналында көрсетіледі, ал заңдылық бұзушылықтар анықталған жағдайда анықтама қосымша жасалады.

Прокурорлар түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері тексерулер жүргізуге, оның ішінде бейнежазуды пайдаланып жүргізуге құқылы.

Қылмыстық қудалау органының қызметкерлері тексеруші прокурорға кедергі келтірген кезде ол баянатты СДТБТ-де тірке туралы мәселені шешіп, кедергі келтіру және оның заңды талаптарын орындамау туралы акт жасайды.

4.4. Кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану заңдылығын қадағалау

119. Прокуратура органының басшысы күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған кезде бюджеттік қаражаттың шығындарына байланысты емес өзге де бұлтартпау шарасын, оның ішінде кепілді таңдау туралы мәселені қарауға тиіс.

Күдіктіге (айыпталушыға), қоғаушыға осы Нұсқаулықтың
1-қосымшасына сәйкес міндетті түрде хаттама толтырып, кепілді қолдану мүмкіндігін түсіндіреді.

120. Прокурорлар ҚПК-нің 145-бабының 3-бөлігінде белгіленген кепіл мөлшерлерін аса асыру фактілерінне жол бермеу шараларын қабылдайды.

Жеткілікті негіздер болған кезде қылмыстық процестік кез келген сатысында прокурорлар таңдалған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын кепілге өзгерту мүмкіндігін қарастырады.

121. Прокурорлар күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өзге, неғұрлым жеңіл бұлтартпау шарасын қолдану мүмкін емес болған кезде ғана өтініш білдіреді.

Бұлтартпау шарасын таңдау заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында прокурорлар заңмен ұсынылған бұлтартпау шарасының күшін қою және өзгерту, сондай-ақ кепіл қолдану құқықтарын пайдаланады.

122. Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану практикасы қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мәселелері бойынша жүргізіліп отырған талдауларда көрсетіледі.

4.5. Процестік мәжбүрлеу шараларын қолданудың, тінтуді, алуды жүргізу заңдылығын қадағалау

123. Тергеу судьясы санкция беріп отырған процестік мәжбүрлеу шаралары бойынша өтініштерді қолдау мәселесін шешу және азаматтардың конституциялық құқықтарын шектейтін тергеу әрекеттерін жүргізуге прокурордың санкция беруі кезінде прокурор ол үшін қылмыстық істің материалдарында қамтылған негіздердің жеткіліктілігін бағалауға тиіс.

Қылмыстық процесті тергеу кезінде жеке тұлғаның және тұрғын үйдің конституциялық кепілдіктеріне шектеу қоюға негіздер болған мән-жайлар жойылған жағдайларда прокурорлар оларды алып тастауға шараларды уақтылы қабылдауға тиіс.

124. Прокурордың санкциясысыз жүргізілген тінтудің, алудың заңдылығын тексеру ҚПК-нің 254-бабына сәйкес тиісті қаулы шығарылып, үш тәулік ішінде жүргізіледі, қаулыда осы әрекеттің дәлелдеме көзі ретінде рұқсат етілуі туралы көрсетіледі, кейін ол қылмыстық іс материалдарына қосып тігіледі.

125. Прокурорлар тергеу судьясының және қылмыстық қудалау органының әрбір санкция берген қаулысы бойынша арнайы журналда есепкеалуды жүргізуге міндетті, оны тігеді, нөмірлейді және прокурордың елтаңбалық мөрінің бедерімен мөрленеді, сондай-ақ қылмыстық  қудалау органдарынан жүргізілген жұмыс нәтижелерін талап етуге және тексеруге міндетті.

Қылмыстық қудалау органының қаулылары бойынша прокурор санкцияларын тиісінше есепке алу болмағаны және қылмыстық қудалау органының бұзушылықтары және (немесе) прокурор санкция берген қаулысында көрсеткен әрекеттерді ұзақ уақыт негізсіз орындамағаны үшін прокурорлар жеке жауапкершілік көтереді.

126. Қылмыстық қудалау органының қаулысына санкция беруден бас тартуды прокурор себептерін көрсете оытырып, қаулыда жазады.

Басқа облыстық аумағында прокурордың санкциясыз жүргізілген тінтудің, алудың заңдылығын тексеруді іс бойынша қадағалаушы прокурор жүргізеді.

5. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін қарау заңдылығын қадағалау

127. Мазмұны бойынша ҚПК-нің 105-бабының тәртібімен қаралатын шағымдарға сәйкес келетін өтініштер қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес шешіледі. ҚПК-де реттелмеген бөлігінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде өтініштермен жұмыс істеуді ұйымдастыру нұсқаулығы ережелері қолданылады.

128. Анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың әрекеттері мен шешімдеріне шағым беру құқығына ҚПК-нің 100-бабының
1-бөлігіне сәйкес қылмыстық процеске қатысушылар, сондай-ақ жүргізіліп отырған процестік әрекеттер мүдделерін қозғайтын жеке және заңды тұлғалар ие болады.

Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану құқығы жоқ адамдардың өтініштері ҚПК-нің 105-бабының тәртібімен қараусыз қалдырылады, осы Нұсқаулықтың
5-қосымшасына сәйкес соңғыларға хабарланады.  

129. ҚПК-нің 105-бабының тәртібімен түскен шағым бойынша шешімдер осы Нұсқаулыққа 2, 3-қосымшаларға сәйкес прокурор қаулылары түрінде 3 данада жасалады. Бір данасы мен шағым қылмыстық іске, екінші данасы шағымның көшірмесімен бірге қадағалау іс жүргізуіне қоса тігіледі, ал үшінші данасы осы Нұсқаулыққа 4-қосымашаға сәйкес жасалған ілеспе хатпен арыз иесіне жіберіледі.

Бұл ретте егер шағым берген адамның немесе оның мүддесінде ол берілген адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соқтыратын болса, бұрын шығарылған шешімді өзгертуге болмайды.

130.Шағым ҚПК-нің 105-бабының тәртібімен жоғары тұрған прокуратураға түскен кезде ол туралы шешімі шағымдалып отырған прокурорға дереу хабарланады, соңғы тиісті материалдарды жоғары тұрған прокуратураға жедел жіберу жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.

131. Прокурорға ҚПК-нің 105-бабы 2-бөлігінің тәртібімен түскен оның қадағалануы мен құзыретіне жатпайтын азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы шағым түскен кезінен
24 сағат ішінде тиісті прокурорға қарау үшін жіберіледі, бір мезгілде ол туралы арызданушыға хабарланады.

ҚПК-нің 105-бабының 2-бөлігінде көрсетілген, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері қамтылған шағымдар бойынша прокурор сотқа дейінгі тергеудің басталуына қарай шаралар қабылдайды не алғашқы дереу тергеу амалдарын жүргізеді.

132. Прокурор шағымды қарауға және оны алған кезден бастап
7 тәулік ішінде шағымды берген адамға қабылданған шешім туралы хабарлауға міндетті. Ұстау, тінту, алу, мүлікке тыйым салу, күдікті деп тану, күдіктінің әрекетін саралау, лауазымынан шеттету кезінде заңның бұзылуына, сондай-ақ азаптауларды, зорлықты, қорқытуды қолдануға не қорғануға құқықтың бұзылуына шағымдар оны алғаннан кейін 3 тәулік ішінде қаралуға жатады. Шағымды тексеру үшін қосымша құжаттарды сұрату не өзге шаралар қабыладу қажет болған ерекше жағдайларда шағымды берген адамға хабарлана отырып, шағымды 15 тәулікке дейін қарауға жол беріледі.

133. Прокурорлар қадағалау қызмет барысында ҚПК-нің 105,
106-баптарының тәртібімен тергеушілердің және анықтаушылардың прокурор шешімдеріне шағымдану практикасын болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды.

134. Сот отырыстарында ҚПК-нің 106, 107-баптарының тәртібімен шағымдарды қарау кезінде қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокуратура қызметкерлері қатысады.

135. Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау мәселелері бойынша прокуратура органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен шағымды қанағаттандыру туралы соттың заңды күшіне енген әрбір шешімі бойынша бір тәулік ішінде Департамент арнайы хабарлама жіберіледі, оған аталған шешімнің көшірмесі қоса тігіледі.

136. Қадағалауды жүзеге асыру барысында прокурор заңмен берілген өкілеттікді толық көлемде пайдалана отырып, өтініштердің уақтылы, объективті және толық қаралуын қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайды. Оларды тиісінше қарамаудың әрбір жағдайы кінәлі лауазымды адамдардың   жауаптылығы туралы мәселе шешіліп, талқылауға жатады.

137. Қажет болған кезде жеке және заңды тұлғалардың алғашқы өтініштерін тексеруді жүргізу төмен тұрған прокуратураларға тапсырылады. Прокурор тергеліп отырған қылмыстық істерді қадағалау тәртібімен,
сондай-ақ шағым түскен және қылмыстық қудалау органдарының заңсыз және негізсіз әрекеттері туралы өзге деректер болған кезде сұратады.

138. Жоғары тұрған прокуратураның жазбаша сұратуы болған кезде қылмыстық іс қалалық, аудандық прокурордың, облыс прокурорының қолы қойылып, іліспе хатта оның негізді болуы үшін жеке жауапкершілік көтеретін қабылдаған процестік шешім бойынша өзінің ұстанымы көрсетіледі.

6. Қылмыстық процеске қатысушылардың қылмыстық құқық        
бұзушылықтармен келтірілген зиянның өтелуіне құқықтарын қамтамасыз ету заңдылығын қадағалау

139. Прокурорлар тұрақты негізде қылмыстық істер, оның ішінде ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің   3), 4), 9) – 12) тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу мерзімдері үзілген, қысқартылған қылмыстық істер бойынша зиянның өтелуін қамтамасыз етуге бағытталған қылмыстық қудалау органдарының жұмысы жай-күйіне мониторинг жүргізеді. Бұл ретте, зиянның өтелуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйіне күн сайынғы бақылаумен ҚСжАЕК деректер базасының ақпараттық мүмкіндіктері міндетті түрде пайдаланады.

Жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ мемлекетке зиян келтіруге байланысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаннан бастап, прокурорлар қылмыстық қудалау органдарын күдіктінің, айыаталушының мүлкін анықтауға және оған тыйым салуға бағыттайды.

140. Айыптау актісімен, қылмыстық теріс қылық туралы хаттамамен түскен қылмыстық істер бойынша прокурорлар қылмыстық-процестік заңнамада көрсетілген барлық процестік шығындардың көрсетілуін, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның өтелуін қамтамасыз ететін шаралардың толықтығын және мүліктің ықтимал тәркіленуін міндетті түрде тексереді.

Бір мезгілде сотқа дейінгі тергеу басталған кезден бастап прокурорлар қылмыстық құқық бұзушылық немесе қылмыстық заңмен көзделген есі дұрыс емес адамның әрекетінің нәтижесінде зиян көтерген адамға азаматтық талап қоюға құқықтарын анықтаушының, тергеушінің уақтылы түсіндіруіне назар аударуға тиіс.

141.Прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының процестік  шығындарды анықтау және өндіру бойынша барлық толық шаралардың қабылдауын қамтамасыз етеді.

142.Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық процеске қатысушыларға олардың қылмыстық процеске қатысуына байланысты шығыстарды өтеу, күдіктіге (айыпталушыға) процестік шығындарды өз еркімен өтеу құқығы түсіндіріледі.

143.Прокурорлар заттай дәлелдемелерді сақтау мен жолдауға, күдіктіні (айыпталушыны) іздестіруге, оны күштеп әкелуге және сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде орын алған процестік шығындардың және өзге де, оның ішінде сот сараптамасын өткізуге жұмсалған процестік шығындар сомалары туралы анықтамаларды сот сараптамасы органдарының беруі бойынша шығыстарды анықтау жөнінде барлық шараларды қабылдайды.

Қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық талаптың болуына қарамастан, оларды қамтамасыз ету мақсатында мүлікке, банктік шоттарға тыйым салу және т.б. бойынша шаралар қабылдайды.

144. Прокурорлар сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын органдардан айыптау актісіне анықтамада процестік шығындар түрлері мен мөлшерін және олардың өндірілуін қамтамасыз бойынша қабылданған шараларды көрсетуді талап етуге міндетті. Қылмыстық іс қысқартылған кезде сотқа дейінгі тергеу органдарынан процестік  шығындар және өзге де шығындар сомаларын өндіру туралы өтінішхаттарды енгізуді талап етеді, олардың негізінде сотқа талап арызбен жүгінеді. 

145. Прокурорлар экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтармен келтірілген зиянның өтелуі жөнінде сотқа дейінгі тергеу органдары қабылдап отырған шаралардың толықтығына сапалы қадағалауды қамтамасыз етуге міндетті.

Бұл ретте мемлекетке ірі немесе аса ірі мөлшерлерде зиян келтірілген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеудің барысын бақылауды тұрақты негізде жүзеге асырады.

Салықтарды төлемеуге байланысты мемлекетке келтірілген зиянның өтелуін қамтамасыз етуге уақтылы шаралар қабылдау мақсатында прокурорлар экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, болдырмау, жолын кесу бойынша қылмыстық қудалау және салық қызметі органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сақталуы жөнінде шаралар қабылдайды.

146. Прокурорлар экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтармен келтірілген сомалар және оның сотқа дейінгі тергеу барысында өтелуі туралы құқықтық статистика органдарына берілетін мәліметтердің дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ бұрмалау және көп эпизодты қылмыстық істерді қосу кезінде олар бойынша зиян сомаларын ақпараттық-есепке алу құжаттарына қайталап қосу фактілерінің жолын кеседі.

147. Прокурорлар қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбірленген адамдарға медициналық көмек көрсетуге жұмсалған сомаларды мемлекет бюджетіне өтелуіне тиісінше қадағалауды қамтамасыз етеді.

148. Бюджетке салықтарды, өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тоқтатумен келіскен жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған кезде прокурорлар кінәлі адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту және бюджетке салықтарды немесе өзге міндетті төлемдерді төлемеуге байланысты зиянның өтелуі туралы мәселені шешу үшін қаулының көшірмесін салық органдарына дереу жібереді.

Бір мезгілде сотқа қылмыстық істерді жіберумен қатар, сондай-ақ ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігі 3), 4), 9) – 12) тармақтарының негізінде істер бойынша іс жүргізуді тоқтатумен келісу кезінде прокурорлар қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде осындай шығындарды өндіру туралы тиісті талаптарды енгізу туралы мәселелерді шешеді.

7. Жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар түрлері бойынша қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау

7.1. Адам өлтіруді сотқа дейінгі тергеу заңдылығын қадағалау

149. Белгісіз жағдайда жасалған адам өлтірулерді сотқа дейінгі тергеу заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезінде танылмаған мәйіттерді тану мен азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалуы фактілері бойынша қабылданған шешімдердің заңдылығына ерекше назар аударады.

150. Прокурорлар азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалуы туралы арыздар мен хабарламаларды қабыладу және СДТБТ-де тіркеу кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етеді, сотқа дейінгі тергеуді бастау және қылмыстық істерді тоқтату заңдылығы мен уақтылығына ерекше назар аударады. Адамдарды іздестіру туралы арыздарды СДТБТ-де дереу тіркетіп, оларды қабылдаудан негізсіз бас тарту фактілерінің жолын кесу жөнінде шаралар қабылдайды.

Бұл ретте, іздестірілудегі адамның қылмыстық құқық бұзушылық құрбаны болуы туралы негіз беретін мынадай белгілерге аса назар аударады:

1) адамның жол жүруге ниеті және өзінің ұзақ уақытқа жол жүруін, үйден кетіп қалуын, тұрғын үйді ауыстыруын жақындарынан жасыру үшін себептердің болмауы;

2) мезгілсіз өлімге, есін немесе уақыт пен кеңістікте бағдарлануын жоғалтуға әкеп соқтыруы мүмкін аурудың болмауы;

3) хабар-ошарсыз кеткен адам ұзақ уақты болмаған жағдайда оларсыз күн көре алмайтын жеке құжаттарының, заттарының (киімінің) және ақшалай қаражытының  тұратын жері немесе жұмыс орны бойынша болуы;

4) хабар-ошарсыз кеткен адамда қылмыскерледің назарын аударуы мүмкін ақшалай қаражаттың немесе басқа да құндылықтардың болуы;

5) отбасында ұзақ созылмалы немесе қауырт жанжалдардың болуы;

6) жоғалып кеткен адамның қылмыстық байланыстарының, оның атына қорқытулардың болуы, оның жоғалып кетуі алдында онымен қатынаста болған адамдардың қарама-қайшы түсіндірмелері мен қисынды емес мінез-құлқы;

7) тұрғын үйінеде, автомашина салынында, жұмыс үй-жайында немесе өзге жерде қылмыстық құқық бұзушылықтың ықтимал жасалуын куәландыратын іздердің болуы;

8) қылмыстық құқық бұзушылықтың ықтимал жасалуына көрсететін жауап алынған адамдардың жауаптарының болуы;

9) жақын туыстық немесе өзге қатынастары бар адамдардың құқық қорғау органдарына адамның жоғалып кетуі туралы себепсіз кешіктірілген немесе уақтылы емес арыздары;

10) жоғалған адамның қайтып келмейтіні сенімді болған кезде ғана шешуге болатын түрлі мәселелерді жоғалған адам отбасы мүшелерінің және басқа да адамдардың асығыс шешуі (жәбірленушінің жинақтарын өзінің пайдасына аудару, меншігін, мүлкін қайта ресімдеу, басқа адамдармен бірге тұру және т.с.с.);

11) жоғалған адам тұрған (уақытша болған) пәтерді немесе ол жоғалған үй-жайды шұғыл жөндеу;

12) меншікті (оның ішінде жылжымайтын мүлікті) иеліктен алуға, тұрғын үй алаңын айырбастауға байланысты жоғалу;

13) автокөлікпен бірге, сондай-ақ екі және одан да көп адамның бір уақытта жоғалуы;

14) жүкті әйелдің не жас баланың хабар-ошарсыз жоғалуы;

15) судьялардың, құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет қызметкерлерінің жоғалуы;

16) қылмыстық істер бойынша куәлар нежәбірленушілер болып табылатын адамдардың жоғалуы және т.б.

Бұл ретте, жоғалған адамның фотосуретінің болмауы, хабар-ошарсыз кеткеніне қысқа уақыт мерзімі болғаны, адамның басқа ішкі істер органы қызмет көрсететін аумақтан жоғалуы (жоғалғанға дейін тұрған) іздестіру туралы арызды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды.

151.  Азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалуы фактілері бойынша прокурорлар жоғалғанның пәтерін, соңғы болған жерін (қызметтік үй-жайды), автомашинасын қарап тексеруді және барлық сәйкестендіру белгілерін жинау үшін толық құрамда жедел тергеу тобының (бұдан әрі – ЖТТ) баруын қамтамасыз етеді. Қарап-тексеруді саусақ бедерлерінің үзінділерін, шаш үлгілерін, одорологиялық зерделеу үшін объектілерді және жоғалған адамның жеке басын іздестіруді және сәйкестендіруді жүзеге асыру үшін маңызы бар өзге де нәрселерді алу мен бекітуді жүзеге асыратын маманның (криминалист сарапшының, биолготың және т.б.) міндетті түрде қатысуымен жүргізеді.

152.  Азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалу фактілері бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді олардың орналасқан жері анықталған жағдайда ғана қабылдайды.

153.  Прокурорлар  сараптамаларды міндетті түрде тағайындау туралы ҚПК-нің 271-бабы талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте өлім себебі перинаталды өлім, емделмейтін ауру не қарттар жасына жетуі болған жағдайларда, оның туындауы мән-жайлары анық болған және қылмыстық сипатта болмаған жағдайда сот-медициналық сараптамаларды тағайындау фактілерін болдырмау жөнінде шаралар қабылданады.

154. Прокурорлар прокурорлық қадағалауды жүзеге асырған кезде егер іс үшін маңызы бар мән-жайлап өзге сараптамалық зерттеулермен, дәлелдемелермен (заттай дәлелдемелерде табылған қанның (шәуеттің), мәйіт қалдықтарының нақты адамға, адам денесі бөліктерінің бір мәйітке немесе бірнеше мәйітке тиесілігі) дұрыс анықталуы мүмкін болмаса, адамның жеке басын сәйкестендіру үшін сот молекулярлық-генетикалық сараптаманың тағайындалуын қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге барлық қылмыстық істер бойынша қолдар іздерін алу кезінде прокурорлар сотқа дейінгі тергеу органдарынан сот дактилоскопиялық сараптамалардың тағайындалуын міндетті түрде талап етеді.

155. Қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалған тәсілін, жерін және жәбірленушінің жеке басын сипаттайтын мынадай белгілер (барлығы не олардың кейбіреулері) болған кезде ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы бойынша сараланған (жалдау бойынша) қасақана адам өлтірулерді тапсырыспен жасалған санатқа жатқызады:

1) отбасылық және өзге де тұрмыстық қатынастар саласынан тыс адам өлтіру;

2) пайдакүнемдік ниетпен әрекет ететін жалдап алушының мүддесінде арнайы жалданған, әдетте, бейтарап адамның жасауы;

3) көптеген мүлдем бөгде адамдар үшін қауіп төндіретін атыс қаруы, жаратын құрылғылар мен жарылғыш заттар қолданылған тәсілмен жасау;

4) адам өлтіруге дейін құрбанға ескертулер мен қорқытулардың болғаны туралы деректердің болуы; 

5) құрбан кәсіпкерлер, коммерциялық және банктік құрылымдар басшылары, мемлекеттік қызметшілер, қылмыстық авторитеттер және т.б. адамдар контингентіне жатады.

Адам өлтіруді тапсырыспен адам өлтіруге жатқысу үшін қажетті белгілер жиынтығын әрбір қылмыстық іс бойынша бөлек анықтайды.

156.  Облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар ІІД (ІІБ), КІІД бастықтарымен бірлесіп, тапсырыспен адам өлтіру туралы қылмыстық істер тізімдерін жасайды және осы Нұсқаулыққа 200-тармаққа сәйкес Департаментке жібереді.

157.  ЖТТ басшыларының белгісіз жағдайларда жасалған адам өлтірулерді ашу және тергеу жөніндегі есептерін прокурор айына бір рет (К)ІІД басшылығымен бірлесіп, тыңдайды.

158.  Ашылмаған адам өлтіру туралы іс бойынша қалалық, аудандық прокуратураларда жауапты қызметкер болып қалалық, аудандық прокурор, облыстық прокуратураларда және оларға теңестірілген прокуратураларда – облыс прокурорының жетекшілік ететін орынбасары бекітіледі.

159.  Прокурорлар Күдікті ретінде тартылуға жататын адам анықталмаған қасақана адам өлтірулерді ашу жөніндегі тұрақты түрде әрекет ететін тергеу-жедел топтары туралы ереженің орындалуына аса назар аударуы тиіс.

7.2. Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығын қадағалау 

160. Прокурорлар тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық туралы қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысына және сапасына бақылауды қамтамасыз етеді, бұл ретте қылмыстық құқық бұзушылықты сыбайлас жемқорлықтың санатына жатқызу негіздемесіне және олардың дұрыс саралануына, қабылданған шаралардың заңдылығына назар аударады.

161. Прокурорлар кінәлі адамдардың әрекеттерін сыбайлас жемқорлық емес сипатындағы әрекетке қайта саралау фактілері бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, әрі сотта олардың заңдылықтарын және осыған әкеп соқтырған себептерін мұқият зерттейді. 

162. Прокурорлар осындай құқық бұзушылыққа бастаған фактілерге аса назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық туралы қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығына тиісті қадағалауды ұйымдастырады.

163. Сапаны, қадағалау пәрменділігін және уақтылы әрекет етуді арттыру жолымен қабылданған процестік шешімдердің ҚПК-нің талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді.     

164. Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық туралы қылмыстық істердің сотқа дейінгі тексеруін өткізуде прокурорлар мемлекеттік лауазымды тұлғаларға қатысты және үлкен қоғамдық пікір туғызған фактілер мен оқиғалар бойынша тек өздерінің тексеру материалдарын ғана басшылыққа алады.

165. Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша міндетті түрде тоқтатылған қылмыстық істердің және ҚПК-нің          45-бабы 7-бөлігінің 4), 5) тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері бұзылған істердің, қамауға алынған, заңсыз ұсталған азаматтардың, соттардың қайта тергеуге қайтарған істерінің, ақталған адамдардың тізімдік есепке алуын жүргізеді. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық істер тізімдері осы Нұсқаулықтың 200-тармағына сәйкес Департаментке ұсынылатын ақпаратпен қоса беріледі.

166. Мемлекетке материалдық шығын келтіруге байланысты экономикалық қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық құқық бұзушылық істері бойынша негізінен заңсыз қол сұғушылықпен жасалған, залалды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық қудалау органдарының ақшалай қаражаттарды және басқа да мүліктерді анықтаулары бойынша уақтылы шара қабылдауларына, сондай-ақ мүлікті қолдануға уақытша шектеу белгілеуіне және оның тыйым салынуына уақтылы шара қабылдауға баса назар аударады.

167. Сот мәмілелерді жарамсыз деп таныған және тараптардың, процестің басқа қатысушыларының, лауазымды немесе өзге адамдардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуы туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК) 253-бабының 3-тармағындағы тәртіппен хабарлама алған жағдайда, прокурорлар хабарламаны СДТБТ-ға тіркейді және оларды тергеулігіі бойынша МҚжСЖҚА, ҚР ҚМ МКК және ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

168.  Прокурорлар тоқсан сайын соттармен, МҚжСЖҚА, ҚР ҚМ МКК және ҚР ІІМ  аумақтық бөлімшелерімен АІЖК-нің 253-бабының 3-бөлігіндегі тәртіппене жіберу туралы хабарламаларды және оларды қарау нәтижелері туралы салыстыру тексерістерін жүргізеді.

    7.3. Есірткі заттарының заңсыз айналымы туралы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығын қадағалау

169. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы туралы (бұдан әрі – есірткі) қылмыстық істер бойынша барлық сатыдағы сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді, сондай-ақ күдіктіні, айыпталушыны қамауға алу қажеттілігі туралы мәселені қарау кезінде прокурорлар процестік шешім қабылдай отырып, есірткіні сатып алу және сату, оларды сатқан адамды анықтау жағдайларын айқындайды, қажет жағдайда қылмысты қудалау органдарына тиісті нұсқау береді.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, ұйымдасқан қылмыстық топтардың (қауымдастықтардың) жасаған есірткі қылмыстары туралы қылмыстық істер, сондай-ақ есірткілерді жою кезінде заңдылықтарды сақтау мәселелері аса ерекше бақылауда болады.

170. Прокурорлар заңсыз есірткі сатумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықты есепке алудың, тіркеудің және ашудың дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша заңда көзделген барлық шараларды қабылдайды.

Әрбір факт бойынша, материалдарда есірткі қолданушылардың айғақтары, не оған адамның таныс болуына немесе болмауына қарамастан, есірткі сатушыдан есірткіні сатып алу туралы дұрыс мәліметтер болатын болса, СДТБТ-ға хабарламаны тіркеу және есірткі таратушы адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу туралы шешім қабылдануы тиіс.

171. Прокурорлар заңсыз есірткі айналымымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған құқық қорғау және басқа да арнайы органдар қызметкерлерінің қатысына қылмыстық істі есепке алуын жүргізеді, әрі олардың тергелуіне сапалы қадағалауды жүзеге асырады.

172. Прокурорлар есірткінің заңсыз айналымына байланысты  қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініштер мен хабарламаларды қабылдау туралы қаулыны, өзінің іс жүргізуіне қылмыстық қудалау органдарының уақтылы шығаруын және  заңдылығын, сондай-ақ ҚПК-нің                        24-бабының талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді. Есірткіні сатумен айналысатын адамдарды анықтауға, оларды қылмыстық жауаптылыққа тартудың заңдылығы мен негізділігіне аса назар аударылсын.

173. Прокурорлар қылмыстық істер бойынша қылмысты қудалау органдарының және сот сараптамасының есірткілерді алу, есепке алу сақтау, тапсыру және уақтылы жою тәртібіне тиісті қадағалауды қамтамасыз етеді.

174. Үлгілерді алу туралы қаулыны келісу кезінде прокурорлар қылмыстық істе алынған барлық есірткілердің барлық көлемін заттай дәлелдемелермен растау туралы қаулылардың болуын және олардың қылмыстық іске тіркелгенін тексереді.

Есірткіні жоюға келісім беру туралы мәселені шешу кезінде  прокурорлар: олардың үлгілерінің алынып қойылғанын (тергеу әрекетінің тиісті қаулыларының, хаттаманың және бейнежазбаның болуын), үлгілерді алу тәртібінің сақталуын (тиісті салмағы, үлгілер орамаларының бүтіндігі, онда мөрдің, тергеушінің (анықтаушының), маманның, куәгердің қолының бар болуы); заттай дәлелдемелер ретінде алынған үлгілердің тіркелуін тексереді. Бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурорлар себебін жаза отырып және бұзушылықтарды шеттету туралы жазбаша нұсқау бере отырып есірткілерді жоюдан бас тартады.

Прокурорлар есірткіні жою жөніндегі комиссияның қызметінде заңдылықтардың сақталуын ай сайын тексереді.

175. Есірткіні жою туралы ақпараттық-есептік құжаттарға қол қою кезінде прокурорлар толтырылған деректемелердің толықтығын және дұрыстығын тексереді, олардың құқықтық статистика органдарына уақтылы келіп түсулерін қамтамасыз етеді.

176. Есірткі үлгілерін алу және олардың қалған бөлігін жою туралы қаулыларымен келісуді білдіру туралы мәселені прокурорлар мүлтіксіз, бірақ прократураға қаулы түскеннен бастап 3 күннен кешіктірмей шешеді.

177. Есірткілер үлгілерін алу туралы қаулымен келісуді білдіру бойынша өкілеттік:

1) облыстық және оған теңестірілген деңгейде – облыс прокурорына, оның орынбасарларына, басқарма бастығына (басқарма бастығы құқығындағы бөлім бастығына);

2) аудандық, қалалық және оған теңестірілген деңгейде – прокурорға, оның орынбасарларына (прокурордың орынбасары құқығындағы қадағалау саласы бойынша аға прокурорға), бөлім бастығына беріледі.

178.Есірткіні жою туралы қаулымен келісуді білдіру өкілеттігі:

1) облыстық және оған теңестірілген деңгейде - облыс прокурорына, оның орынбасарына;

2) аудандық, қалалық және оған теңестірілген деңгейде – прокурорға не, оны ауыстыратын адамға беріледі.

179. Прокурорлар жергілікті жерлерде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдарының тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді.

180. Прокурорлар есірткіні алып қоюдың процестік тәртібін сақтауды, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуының, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бұзылған мерзімінің заңдылығын, әсіресе ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты қадағалауды жүзеге асырады. Прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының заңсыз шешімдерін жою арқылы олардың жұмыстарын жасанды түрде көтермелеу фактілерінің жолын кесулері тиіс.

181. Күдіктілерден (айыпталушылардан) жауап алу уақытында күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу кезінде міндетті түрде олардан есірткілерді алып қою жағдайын анықтайды.

182. Прокурорлар жедел тәртіпте есірткі қылмыстарының жолын кесу мақсатында өткізілген жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін зерделейді.

183. Экстремизмнің, терроризмнің көрініс алынуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша прокурорлар міндетті түрде қылмысты қудалау органдарының экстремистік идеологияның көрініс табуына және таратылуына, қаржыландыру, оның ішінде есірткі бизнесі есебінен жұмыс істейтін көздерін анықтауға, конституциялық мақсаттарға қарсы ұйымдардың және бірлестіктердің құрылуына ықпал ететін себептерді және жағдайларды анықтау бойынша шараларды қабылдағанын анықтайды.

Осы санаттағы ашылмаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша прокурорлар ҰҚК, ІІМ, МҚжСЖҚА, ҚР МКК ЭТҚ қызметкерлері арасынан жедел тергеу тобын құру тәжірибесін қолдануда, олардың жұмыстары жедел кеңестерде тыңдалады.

7.4. Қару ұрлау туралы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау

184.  Прокурорлар ҚК-нің 291-бабының тиісті бөліктері бойынша жарақат келтіретін патрондары бар тегіс ұңғылы, ұзын ұңғылы және ұңғысыз атыс қаруын (бұдан әрі – қару және оқ-дәрі) қасақана ұрлаған адамдардың әрекеттерін дұрыс саралау бойынша шараларды қабылдайды.

185. Ұрлауға бағытталған өзінің дербес ниетін белгілеу кезінде жеке меншікке қатысты басқа қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығымен жасалған қару мен оқ-дәрілерді ұрлау туралы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, СДТБТ-ға алдын ала тіркелген қарулар мен оқ-дәрілерге қатысты жеке мүлікке қол сұғушылыққа жауапкершілікті көздейтін әрекеті, ҚК-нің 291-бабының тиісті бөлігі бойынша қосымша саралауға жатады.

186. Прокурорлар осы санаттағы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бақылауға алады, әрі қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен әрбір нақты факт бойынша себептері мен жағдайларын анықтайды, қару иелерінің әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы мәселені шешеді.

8. Процесс прокурорларының басым бағыттары, біліктілік талаптары, жауапкершілігі, қызметін бағалау және талдау

187. Процесс прокурорының қадағалауды ұйымдастыруы Бас Прокурордың Процесс прокурорының қадағалауды ұйымдастыруы жөніндегі бөлек бұйрығында көзделген талапты алып тастай отырып, ҚПК-нің және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

188. ҚПК-нің 193-бабының 3-бөлігіне сәйкес прокуратура басшысы нақты қылмыстық іс бойынша процесс прокурорын белгілеуге құқылы.

Процесс прокурорын белгілеу туралы шешімді қабылдау кезінде мыналар басым болып табылады:

1)  бейбітшілікке және адам қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар;

2)  конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар;

3)  терроризм және экстремизм актілеріне, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздікке байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар;

4)  жауапты (саяси) мемлекеттік  лауазымдағы тұлға, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар;

5)  қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен  иммунитеті бар адамдар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар;

6)  құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлері жасаған азаптау фактілері бойынша, сондай-ақ лауазымдық құқық бұзушылықтар;

7)  аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар;

8)  ұйымдасқан қылмыстық топтар, қауымдастықтар немесе трансұлттық ұйымдасқан топтар жасаған қылмыстар;

9)   арнайы прокурорлармен тергеу жүргізетін қылмыстық істер;

10) қоғамдық дүрбелең туғызған басқа өзекті және маңызды қылмыстық құқық бұзушылықтар.

189. Процесс прокуроры, әдетте олардың кәсіби мамандықтарын, жұмыс көлемдерін, әрі негізінен, қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығына қадағалауды, жасырын тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру қызметін және сотта мемлекеттік айыптауды қолдауды жүзеге асыру дағдыларына ие болуын ескере отырып,  3 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер арасынан тағайындалады.

190. Қадағалауды жүзеге асыру кезінде процесс прокуроры қылмыстық іс бойынша қадағалау іс жүргізуінің толықтығын қамтамасыз етеді.

191. Процесс прокуроры аппеляциялық наразылықты қабылдағаннан кейін қорытындыны Бас Прокурордың 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №163 бұйрығымен бекітілген Процесс прокурорының қадағалауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулығының 25-тармағында көзделген тәртібінде тапсырғаннан кейін, аппеляциялық және кассациялық сатыдағы сотқа қатысуын сот актілерінің заңдылығына қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекет мүдделеріне өкілдік ету жөніндегі бөлімшелер қызметкерлері жүзеге асырады.

192. Процесс прокуроры қылмыстық істің тергелуіне, оның бірінші сатыдағы сотта қаралуына және сотта алған позициясының дұрыстығына сапалы және уақтылы қадағалауына жеке жауап береді.

Прокуратураның тікелей бастығы және оның жетекшілік ететін орынбасары қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сотта қарау барысында процесс прокуроры жол берген бұзушылықтарды уақтылы анықтамаған, сондай-ақ олардың себептерін шеттету бойынша шара қабылдамаған жағдайда жауап береді.

193. Аумақтық прокуратура органдарының басшылары процесс прокурорын қызметтік үй-жаймен, автокөлікпен, ұйымдастыру техникасымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етуде көмек көрсетеді.

194. Процесс прокурорлары қызметтерінің және олардың қылмыстық процесте өз өкілеттіктерін пайдалану тиімділігін бағалау мөлшерлері мыналар:

1) қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініштер мен хабарламаларды тіркеу және қарау кезінде заңдылықтарды сақтау, статистикалық мәліметтердің дұрыс болуын  қамтамасыз ету;

2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының кез келген бұзушылықтарына прокурорлық ден қою шараларын уақтылы қабылдау, қылмыстық процеске қатысушылардың заңды мүдделерін қорғау, оларды қайта қалпына келтіру, кінәлі адамдарды заңмен белгіленген жауаптылыққа тарту, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды толық өтеуге ықпал ететін шаралар қабылдау;

3) істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шараларды қолдану бойынша  ҚПК-нің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету, қылмыстық қудалау органының заңсыз шешімін уақтылы жоюға шара қабылдау;

4) бірінші сатыдағы сотта мемлекеттік айыптауды кәсіби және сапалы қолдау, соттың заңды шешім қабылдауына ықпал ететін барлық қажетті шараларды қабылдау;

5) қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудың барлық себептері мен жағдайларын анықтау, оларды жою бойынша прокурорлық қадағалау актілерін енгізу болып табылады.

9. Прокуратура органдары тергеуді жүзеге асыратын қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығын қадағалау

195.  Арнайы прокурорлардың өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша қадағалауды процесстік прокурорлар жүзеге асырады.

Бас Прокурордың және оның орынбасарының бақылауындағы аса өзекті қылмыстық істер бойынша облыс прокурорлары Департаментке белгіленген мерзімде ақпарат жібереді.

196. Прокуратура органдарына азаптау туралы түскен өтініштер (хабарламалар) бойынша кейінге қалдырмайтын тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болған жағдайда, оларды құқық бұзушылық жасалған қадағалау аумағындағы прокурор өткізіп, одан әрі арнайы прокурорларға тапсырылады.

197. Арнайы прокурорының және тергеу тобы мүшелерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың шағымдарына тексерісті Департамент, облыс прокуратурасы прокурорлық қадағалауды жоятын шара қолдануымен заңда белгіленген мерзімде өткізеді.

 Анықталған бұзушылықтар кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселесін шешуімен жедел кеңесте қаралады.

198. Прокуратура органдарының басшылары арнайы прокурорының іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша заңсыз ұстау, қамауда ұстау және адамды қылмыстық жауапкершілікке тартудың әрбір фактісі бойынша тәулік ішінде Департаментке арнайы хабарлама жібереді.

10. Талдау жұмысын ұйымдастыру

199. Прокурорлар қылмыстық істер бойынша қылмыстық қудалау органдары қабылдаған шешімдердің заңдылығы мен негізділігіне мониторинг және талдау өткізеді.

200. Департамент, облыс прокуратуралары, қала, аудан прокуратуралары қылмыстық қудалау органдарының қызметіне және прокурорлық қадағалау жай-күйіне мынадай бағыттар бойынша талдау жасайды:

айсайын:

1) заңдылық, құқықтық тәртіп, қылмыстар себебі және оларды жою жөніндегі шаралардың жағдайы.

тоқсан сайын:

2) сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау, сондай-ақ кезекші прокурорлардың қызметі;

3) есепке алу-тіркеу тәртібінің талаптарын сақтау;

4) қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеуге қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын сақтау;

5) қылмыстық процеске қатысушылардың шағымдарын қарау кезінде заңдылықты сақтау.

Прокурорлар ҚПК-нің 106-бабындағы тәртіпен сотпен қанағаттандырылған шағымдар тізімдерін және бұдан бұрын прокурор қанағаттандырудан бас тартқан жоғары тұрған прокурор қанағаттандырған шағымдар тізімдерін құрады. Көрсетілген тізімдер талдауға қосылады;

6) процесс прокурорларының қылмыстық істер бойынша қадағалауды жүзеге асыруы кезінде заңдылықтың жай-күйіне және олардың бірінші сатыдағы сотқа қатысуларына.

жартыжылдық және жылдық қорытынды бойынша:

7) заңсыз есірткі айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша;

8) сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша;

9) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша;

10) экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар;

11) арнайы прокурорларының іс жүргізуіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша;

12) жеке тұлғаға қатысты, оның ішінде қасақана кісі өлтіру туралы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша;

13) адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша;

14) ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша;

15) прокурор бастамашылық еткен қылмыстық құқық бұзушылықтар, сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы қылмыстық істер бойынша (қадағалаудың әрбір саласы бойынша қылмыстық істердің тізімі қоса берілген);

16) құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша.

201.Талдау құрылымына: статистикалық мәліметтер, нақты мысалдар келтіре отырып, анықталған бұзушылықтар және проблемалық мәселелер, процестік прокурордың мемлекеттік айыптауды қолдау практикасы, жүргізілген жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар және дәлелді мысалдар жатады. Талдау жүргізу барысында өзге өкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық-талдау жұмыстарының нәтижелерін, ҚСжАЕК ақпараттық ресурстарын пайдалану қажет.

202.  Облыстар прокуратуралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 8 қазандағы №1301 ца бұйрығында көрсетілген қалалық, аудандық прокуратуралар көрсетілген барлық бағыттар бойынша, ал қалған аудандық, қалалық прокуратуралар осы Нұсқаулықтың 200-тармағының 1) - 5) тармақшалары бойынша талдау жүргізеді.     

203.  Талдау нәтижелері туралы ай, тоқсан, жартыжылдық, жыл аяқталғаннан кейінгі айдың 5 күніне облыс прокуратурасына, 10 күніне ҚР БП-ға осы Нұсқаулықтың 200-тармағының 1) – 6) тармақшалары және 204-тармағы бойынша облыс прокурорының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған ақпарат Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарының атына беріледі. Осы Нұсқаулықтың 200-тармағының басқа тармақтары бойынша – облыс прокурорының орынбасары қол қойған ақпарат Департамент бастығының атына жіберіледі. Әрбір бағыт бойынша ақпарат көлемі белгілі бір саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың төмендеу немесе өсу серпінінің себептері жазылған 7 парақтан аспауы керек.

Департамент қадағалаудың жай-күйіне ай, тоқсан, жартыжылдық, жыл қорытындысы бойынша талдау жасайды.

204. Міндетті тоқсан сайынғы талдауға облыс прокуратурасы жүргізген, жалпы өңірдегі заңдылықты және құқық тәртібін, оның ішінде ерекшеліктері мен спецификасын, орын алған кемшіліктерді, проблемалар мен жүйелі бұзушылықтарды ескере отырып, жалпы нығайтуға ықпал еткен жұмыстар жатады. Сондай-ақ, талдауда аталған бұзушылықтарды жою және жағдайды жақсарту үшін, қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулардың редакциясымен бірге ұсынылған шаралар болуы тиіс.

10. Қорытынды ережелер

205. Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығына қадағалау бойынша прокуратура органдарының қызметін бағалаудың негізгі өлшемдері қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің сотқа дейінгі заңдылығының жай-күйі және қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша прокурорлық қадағалаудың нәтижелері болып табылады.

206. Департамент, облыс прокуратуралары, қала, аудан прокуратуралары қадағалауды ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістеріне бастама жасау және енгізу, қадағалау қызметінің оң тәжірибесін тарату, қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру бойынша жұмыстарын ұдайы өткізеді; прокуратура қызметкерлері қадағалау және тергеу жұмыстарының дағдыларын алулары үшін «прокуратура кабинеттерін» белсенді қолданады.

207. Прокуратура органдарының имиджін қылмыстық процесте заңдылықтарды сақтауды қадағалау жай-күйінің оң үлгілерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен арттыру бойынша жұмыстарын тұрақты түрде өткізеді.

208. Департамент, облыс прокуратуралары ҚР БП жанындағы С.Есқараев атындағы Прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық мәселелерін зерттеу институтымен, жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен, ғалым заңгерлермен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады; практикалық қызметте пайдалану үшін анықтамаларды, қорытуларды, шолуларды, прокурорлық қадағалау актілерін, ұсынымдарды, әдістемелік және басқа материалдарды жіберу арқылы қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру, қадағалау практикасы туралы ақпарат алмасу бойынша жұмыстарды тұрақты түрде өткізеді.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.