You are here

Қылмыстық-құқықтық саладағы сот статистикалық есептерінің, электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қылмыстық-құқықтық саладағы сот есептерін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-тармағына сәйкес келтіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:   

1)1осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық істерді қарау жөніндегі бірінші сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» №1-нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық істерді қарау жөніндегі апелляциялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» №6-нысаны;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Өлім жазасына және өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар туралы қылмыстық істерді қарау жөніндегі апелляциялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» №6а нысаны;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық істерді қарау жөніндегі кассациялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» №6К нысаны;

5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Өлім жазасына және өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар туралы қылмыстық істерді қарау жөніндегі кассациялық сатының жұмысы туралы есеп» №6Ка нысаны;

6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Соттардың жеке айыптау істері бойынша шағымдарды қарауы туралы есеп» №2-Ж нысаны;      

7) осы бұйрықтың 7-13-қосымшасыларына сәйкес, адамға электрондық ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі – ЭАЕҚ) ЭАЕҚ 1, ЭАЕҚ 1.1, ЭАЕҚ 1.2, ЭАЕҚ 1.3, ЭАЕҚ 2, ЭАЕҚ 3, ЭАЕҚ;   

8)1осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес қылмыстық-құқықтық саладағы сот статистикалық есептерді қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулық.

2.«Қылмыстық-құқықтық саладағы сот статистикалық есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 21 қазандағы №124 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 19 қарашасында №9882 тіркелген, Қазақстан Республикасының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 8 желтоқсанында жарияланған).       

3.  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1)  осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)  осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;

3)  осы бұйрықтың «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне оны мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орналастыру үшін жіберілуін;

4)  осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналасуын;

5)  осы бұйрықтың көшірмесін сот органдарына – құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов  

ТіркемеКөлем
Приложения к приказу 2.21 MB
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.