You are here

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу тәртібін жетілдірумақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9744 санымен тіркелген, 2014 жылғы 21 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды немесе рапорттарды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Қоса берілген Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздарды, хабарларды немесе рапорттарды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

аталған бұйрықпен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды немесе рапорттарды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары»;

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қағидалар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздарды, хабарларды немесе рапорттардықабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін анықтайды.»;

2-тармақта;

7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздарды, хабарларды немесе рапорттардытіркеу – осы тармақтың8)тармақшасында көрсетілген себептерді СДТБТ-да тіркеу;

13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) хабар-ошарсыз кеткен адам (хабар-ошарсыз жоғалған адам) – кенеттен, қандай да бір себепсіз жоғалып кеткен, орналасқан жері белгісіз және оған қатысты оны іздеу туралы арыздар, хабарлар немесе рапорттар келіп түскен адам;»;

2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды немесе рапорттардықабылдау және тіркеу тәртібі».

12-тармақмынадай редакцияда жазылсын:

«12. Осы Қағидалардың 9, 10, 11 тармақтарында көрсетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептерін олардың құзыреттеріне сәйкес аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу тапсырылған тергеушілер, анықтаушылар, прокурорлар, құқықтық өкілетті адам, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдары СДТБТ-ға дереу тіркеулері қажет.

«СДТБТ-нде келесі өтініштер мен хабарламалар тіркеуге жатпайды:

1) қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылулары туралы, олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылатын,белгіленген тәртіпте (тексерулер, тексерістер, аудит актілерімен және өзгелерімен) анықталған залал,елеулі зиян немесе заңсыз кіріс туралы мәліметтері жоқ;

2) жазбаша нысанда жасалған азаматтық-құқықтық келісімдерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға негізделген және сот жарамсыз, алдамшы немесе жасанды деп таныған бұзушылықтар туралы. Бұл талап келісімшарт міндеттерін жауапсыз орындау (үлестік құрылыс, қаржылық «пирамидалар» және өзгелері) туралы ұжымдық, көпшілік өтініштерді беру жағдайларында қолданылмайды;

3) ол бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте қаралатын салық немесе азаматтық-құқықтық даулары бар;

4) қорытындыларында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін жеткілікті деректері бар салық тексерісінің актісі қоса берілмеген салық заңнамасы саласындағы бұзушылықтар туралы.»;

14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ҚР ҚПК 181-бабының 5-бөлігінде көрсетілген жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға жолданады, осындай ақпарат бойынша материалдар кері қайтарылған жағдайда, олар шешім қабылдана отырып АЕК-нде қайта тіркеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат, егер СДТБТ-нде тіркегенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуын басқа жолмен анықтау мүмкін болмаса (мысалы, салық тексерісінің актісімен расталмаған салықтардың төленбегені туралы ақпарат), тексерістер мен тексерулерді жүргізу үшін уәкілетті органға жолдауға жатады»;

21-1 тармақтың 3-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер қылмыстық құқық бұзушылық осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген шешімдерді негізсіз қабылдау арқылы жасырылған болса, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жаңа К-2 нысанын толтыру жүргізіледі.

56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«56. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар, хабарлар немесе рапорттартуралы мәліметтер СДТБТ-ға шешім қабылдағаннан кейін дереу енгізіледі.»;

64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«64. Қылмыстық қудалау және прокуратура органдарының кадр бөлімшелері прокуратура басшысын, прокурорды, басшыларды және қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар немесе рапорттар тіркеуге және СДТБТ-ны жүргізуге уәкілетті қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлерін тағайындау немесе босату туралы бұйрыққа қол қою күні бұл туралы аталған ведомстволардың пайдаланушыларын енгізуге жауапты лауазымды адамдарға жазбаша хабарлайды.».

68-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«68. Ақпараттық жүйеге қол жетімділіктің болмауына әкеп соққан  штаттан тыс туындаған жағдай туралы тиісті акті осы Қағиданың 21-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады, онда қылмыстық құқық бұзушылық туралы қабылданған арыздар, хабарлар немесе рапорттаржәне ақпараттық жүйеге қолжетімділік болмаған мерзімде тіркелген басталған сотқа дейінгі тергеулердің себептері, ұзақтығы, саны мен тізімі бейнеленеді.»;

Қағидалардың 1, 11, 12, 13, 15, 16, 17, 18-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын. 

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрі – Комитет):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейінкүнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3)осы бұйрықтыңҚазақстанРеспубликасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналасуын;

4) осы бұйрықтың мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасы С.М. Айтпаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастапкүнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры 
Ж. Асанов

ТіркемеКөлем
бұйрыққа қосымша142.64 KB
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.