You are here

Құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және басқа органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып ақпараттық және талдау қызметін жүзеге асыруға құқығы бар прокуратура органдары лауазымды тұлғаларының Қағидаларын, негіздерін және тізбесін (санаттарын) бек

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

КР БП 2015 ж. 15 желтоқсандағы №146 бұйрығы

Құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және
басқа органдардың ақпарат алмасу
жүйесін пайдалана отырып ақпараттық
және талдау қызметін жүзеге асыруға құқығы

бар прокуратура органдары лауазымды тұлғаларының
Қағидаларын, негіздерін және тізбесін (санаттарын) бекіту туралы

 

 «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 8-2-бабын және 11-бабының 4)-тармақшасын орындау үшін,БҰЙЫРАМЫН:

1.  Бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды тұлғаларының құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және басқа органдардың ақпараталмасужүйесінпайдаланаотырыпақпараттық-талдауқызметін жүзегеасыруқағидалары мен негіздері;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және басқа органдардың ақпарат алмасужүйесінпайдаланаотырыпақпараттық-талдау қызметін жүзегеасыруғақұқығы бар прокуратура органдары лауазымды тұлғаларыныңтізбесі (санаты).

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (әрі қарай – Комитет):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне, Бас әскери прокуратураға, Бас көлік прокуратурасына, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың прокуратураларына және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.

4. Осы бұйрық  2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы «15»желтоқсандағы
№ 146 бұйрығына 1-қосымша

Құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және басқа органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру қағидалары мен негіздері

1.  Осы Құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және басқа органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру қағидалары мен негіздері(әрі қарай – Қағидалар) осы бұйрықтың 2-қосымшасында көрсетілген құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және басқа органдардың ақпарат алмасу жүйесін (әрі қарай – ҚАО ААЖ) пайдалана отырып прокуратура органдары лауазымды тұлғаларының ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыруының тәртібі мен негіздерін реттейді.

2.  Ақпараттық-талдау қызметі келесі факторларға сүйене отырып жүзеге асырылады:

1) құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шараларды, соның ішінде заңнамалық шараларды дайындау мақсатында жағымсыз құбылыстарды анықтау;

2) құқық қатынастарының түрлі салаларында заңдылықтың бұзылу фактілері туралы сандық мәліметтерді анықтау;

3) жағымсыз құқықтық құбылыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

4) заңдылық пен құқықтық тәртіптің күйін, соның ішінде аймақтарбөлігінде, сипаттайтын мәліметтерді зерделеужәнеқайта өңдеу.

3. Прокуратура органдарының ақпараттық-талдау қызметі мақсатында ҚАО ААЖ пайдалану Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (әрі қарай – Бас Прокурор) бекітетін талдау жұмыстарының жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Талдау жұмыстарының жоспары (бұдан әрі - Жоспар) тоқсан сайын құрылады және қысқа мерзімді кезеңге міндеттерді белгілейді.

5. Жоспар осы Қағидалардың 2-тармағында тізімделген факторларды іске асыруға бағытталған шаралардың мәні, олар қамтитын кезең (тексеру, талдау немесе жалпылау), сондай-ақ жауапты орындаушылар мен бірлесе орындаушылар (келісім бойынша), аяқталу мерзімі және нысаны туралы мәліметтерді құрайды.

Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасары қол қойған және Бас Прокурормен келісілген Жоспарға ұсыныстарды құрылымдық бөлімшелер және облыс прокурорлары тоқсан сайын Бас Прокурордың Аппаратына есептік тоқсаннан кейінгі айдың5-күніне қарай ұсынады.

6. ҚАО ААЖ-ны пайдалана отырып жоспардан тыс ақпараттық-талдау қызметіне мыналар негіз болып табылады:

1) Бас Прокурордың және оның орынбасарларының тапсырмалары;

2) Бас Прокурордың және оның орынбасарларының келісімімен мемлекеттік органдардың негізделген сұраулары.

7. ҚАО ААЖ-ны пайдалана отырып жоспардан тыс ақпараттық-талдау қызметіне негіз болған мемлекеттік органның сұрауын прокуратура органдарының лауазымды тұлғалары ҚАО ААЖ бойынша тексеру жүргізу қажеттілігі мәніне 5 күнтізбелік күн ішінде зерттейді.

8. ҚАО ААЖ-нен қажет ақпаратты алу мүмкіндігі жоқ болған жағдайда Бас Прокурордың атына мемлекеттік органның сұрауын орындаудан бас тарту туралы дәлелді баянат енгізіледі.

9. Баянатты алғаннан кейін, келіп түскен сұрауды орындау мүмкін еместігі туралы мемлекеттік органға дереу дәлелді жауап жіберіледі.

10. ҚАО ААЖ-нен талдау ақпаратын алу туралы мемлекеттік органдардың сұрауларын орындауды Бас Прокурор және оның орынбасарлары белгілеген мерзімдерде прокуратура органдарының лауазымды тұлғалары қарайды. Осындай мерзім жоқ болған жағдайда мемлекеттік органның сұрауы бір айлық мерзімде орындалады.

11. ҚАО ААЖ-дежұмыс істеу үшін Тізбеде көрсетілген (2-қосымша)прокуратура органдарының лауазымды тұлғалары «ақпараттық-талдау қызметі» деректемесін тексеру негізі ретінде таңдай отырып, ҚАО ААЖ-де сұрауға бастамашылық етеді. Әрі қарай тексеру үшін ақпараттық-талдау қызметін жүргізу негізі бейнеленетін жолды міндетті түрде толтыру қажет (талдау жұмысы жоспарының тармағы мен бекіту күнін, қызметтік жазбаның (тапсырманың) нөмірі мен күнін).

12. Ақпараттық-талдау қызметінде пайдалану үшін ҚАО ААЖ-нен алынған мәліметтер жеке тұлғалардың нақты дербес деректерін ашпастан, иесіз түрде қолданылады.

Жеке тұлғалардың дербес деректерін ашуға жол берген, Тізбеде көрсетілген (2-қосымша) прокуратура органдарының лауазымды тұлғалары «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының талаптарына сәйкес жауапты болады.     

Айырықша жағдайларда жеке тұлғалардың дербес деректері пайдаланылған осындай ақпараттық-талдау қызметі әр жағдайға жеке қабылданатын Бас Прокурордың тиісті бұйрығы негізінде жүргізілуі мүмкін.

13. Ақпараттық-талдау қызметі кезінде ҚАО ААЖ-нің электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділік және оларды өңдеуді қорғалған тасымалдағыштарда сақталатын электрондық цифрлік қолтаңбаларды пайдалана отырып жеке орынжайларда сертификатталған компьютерлерде прокуратура органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.

14. Ақпараттық-талдау қызметінің нәтижелері«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде құжаттама жасау және құжаттаманы басқару ережелері» Бас Прокурордың 2012 жылғы 3 қазандағы № 118 қбпү бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде құжаттама жасау және құжаттаманы басқару ережелерінде белгіленген мерзімдерде оны жүзеге асыруға негіз болған материалдарға қоса тіркеледі.

 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы «15»желтоқсандағы
№ 146 бұйрығына 2-қосымша

 

Құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және
басқа органдардың ақпарат алмасу
жүйесін пайдалана отырып ақпараттық-талдау
қызметін жүзеге асыруға құқығы

бар прокуратура органдары лауазымды тұлғаларының тізбесі (санаттары)

 

1.  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Департаменттерінің және дербес басқармаларының басшылары және олардың орынбасарлары;

2.  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет)Төрағасының орынбасарлары;

3.  Ғылыми-зерттеу институттарының проректорлары, директорлары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау қызметі академиясыорталықтарының басшылары, ғылыми қызметкерлері, Басқарма басшылары, бөлім басшылары;

4.  Бас Прокурордың ағакөмекшілері, көмекшілері, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Аппаратының, Департаменттердің, дербес басқармаларыныңақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыратын қызметкерлері;

5.  Комитетбасқармаларының, бөлімдерінің басшылары, бөлімнің аға прокурорлары мен прокурорлары;

6.  Облыс прокурорларының орынбасарлары, облыстық прокуратура басқармаларының басшылары;

7.  Комитеттің аумақтық басқармалары басшыларының орынбасарлары;

8.  Аудан прокурорлары, олардың орынбасарлары;

9.  Ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыратын облыстық прокуратура басқармаларының және Комитеттің аумақтық басқармаларының аға прокурорлары, прокурорлары.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.