Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидалары

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсанындағы Заңының 11-бабы 4-1)тармақшасын басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды ары қарай жетілдіру мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:

1.Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. «Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу және олар туралы мәліметтерді жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №169 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12987 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 10 ақпанында жарияланған)күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі -Комитет)қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасызетсін.

4)  осы бұйрықты мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алусубьектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберілуін.

4.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасы Б.Б.Мусинге жүктелсін.

5.  Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж.Асанов

ҚазақстанРеспубликасы
Бас Прокурорының
2017жылғы «8» ақпандағы
№10бұйрығымен
бекітілген

Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізуқағидалары (бұдан әрі - Қағидалар)кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды арнайы есепке алуды (бұдан әрі – адамдарды есепке алу) жүргізудің тәртібін анықтайды.

2.Адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет)  және Комитеттіңоблыс бойынша Басқармалары, Астана және Алматы қалаларының, Әскери және Аумақтық көлік Басқармалары (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органдары) жүзеге асырылады.

Комитеттің аумақтық органдарыөз құзыреті шегінде әскери сотпен сотталған және көліктегі ішкі істер органдармен қылмыстық жауаптылыққа тартылғанадамдардың есебін жүргізуді жүзеге асырады.

Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар (бұдан әрі – есептегі адамдар)туралы мәліметтерді жариялауды Комитет жүзеге асырады.

3.Адамдарды есепке алу әрбір есептегі адамға анықтама істерін және  «Арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттар жүйесін (бұдан әрі – АЕА ААЖ) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

4. Тергеу және анықтауды, жазаны орындауды жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдар, сонымен бірге Қазақстан Республикасының әкімшілік және көші-қон полицияларының бөлімшелері, Қазақстан Республикасының жергілікті полиция қызметі есепке алудың субъектілері болып табылады.

5. Осы Қағидалардың орындалуын бақылауды Комитет және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

6. Осы Қағидалар қарастырған ақпараттық есепке алу құжаттарының бланктердің белгіленген нысанынжәнематериалдың сапасын«Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасына сәйкес (Нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12987 болып тіркелген), мемлекеттiк құқықтық статистика, арнайы есепке алу iсiн жүргiзу, қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салаларда қолданылатын құжатталған ақпаратты зерделеу және талдау мақсаттары үшiн уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистикалық ақпарат беретiн құқық қорғау, сот органдары және өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, сондай-ақ адамдар(бұдан әрі - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері) дайындайды.

7. Комитеттің және оның аумақтық органдарының қызметкерлері құқық бұзушылық салдарынан келтірілген моральдық және дене нұқсанының құрбаны болған жеке тұлғаның (бұдан әрі - жәбірленуші адам) жеке мәліметтердің құпиялығын қамтамасыз етеді.

2-тарау. Есепке алуға жататын адамдардың санаты

8. Есепке алуға жататын адамдар:

1) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталғандар:

1991 жылдың қаңтарынан 1997 жылдың желтоқсаны аралығында Қазақ ССР Қылмыстық Кодексінің 101, 102, 103, 104 - баптары бойынша;

1998 жылдың 1 қаңтарынан 2010 жылдың желтоқсаныаралығында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 120- бабының 3 - бөлігінің «в» тармағы бойынша және 121 - бабының 3- бөлігінің  «в» тармағы және 2 бөлігінің «д» тармағы бойынша;  122, 123, және 124- баптары бойынша;

2011 жылдың 1 қаңтарынан 2014 жылдың желтоқсаны аралығында ҚР ҚК 120 - бабының 4- бөлігі , 3-бөлігінің «в, д» тармақтары бойынша; 121- бабының  4-бөлігі, 3- бөлігінің «в, г» тармақтары бойынша; 122, 123, және 124- баптары бойынша;

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ҚК 120 - бабының 4 - бөлігі, 3-бөлігінің 3 және  және 5 -тармақтары бойынша; 121- бабының 4- бөлігі, 3- бөлігінің 3 және 5 - тармақтары бойынша;  122, 123, және 124 - баптары бойынша.

2) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған, оларға қатысты 1991 жылдан бастап медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануға байланысты қылмыстық істер қысқартылғанадамдар(бұдан әрі – қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар), сонымен бірге Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 35 - бабының бірінші бөлігі 9 - тармағы негізінде қылмыстық істі қысқарту туралы іс жүргізу шешімі қабылданған, оның ішінде ҚР ҚПК 37 - бабының бірінші бөлігі 9- тармағы бойынша (1997 жылғы редакциядағы).

3-тарау. Адамдарды есепке алуды жүргізу,  есепке қоюдыңмерзімі және есептен шығару тәртібі

9. Адамдарды есепке алу келесі ақпараттық - есеп құжаттарының негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі – АЕҚ):

1) электрондық әліпбилік есеп карточкасы (бұдан әрі – ЭӘЕК);

2) есептегі адамныңэлектронды карточкасы (бұдан әрі – ЭК);

3) сот үкімінің көшірмесі;

4)осы Қағидалардың 1 - қосымшасына сәйкес орнатылған нысанда сотталғандар (қамауға алынғандар) жөніндегі хабарлама;

5) осы Қағидалардың 2 - қосымшасына сәйкес есептегі адамның мекен-жайын өзгертуі және анықталуы жөніндегі хабарлама.

10. Есепке алуКомитеттің аумақтық органдарымен ЭК есептегі адамдар жөнінде мәліметтерді АЕА ААЖ-неЭӘЕК мәліметтерінің және заңды күшіне енген сот үкімдерінің негізіндеенгізу жолымен жүзеге асырылады.

11. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 (Нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 13 қосымшасына және 18 қосымшасына сәйкес комитеттің аумақтық органдарыай сайын  АЕА ААЖ тегі бойынша есептің мәліметтері көрсетілген кезеңде Т-2 нысандағы статистикалық карточкалар бойыншақылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті (айыпталушы) адамдарға (бұдан әрі - Т-2 нысанды карточка) жәнесот актілері шығарылған адамдарға қатысты Т-3 нысанына  (бұдан әрі – Т-3 нысандыкарточка)салыстыру жұмыстарын жүргізеді.

Комитеттің аумақтық органдарының құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімшелері, Әскери және көлік басқармаларымен қоса алғанда, осы Қағидалардың 8 -тармағында көрсетілген баптар бойынша Т-2 және Т-3 нысанды карточкалар анықталғанда, бір жұмыс күні ішінде жазбаша түрде тегі бойынша есепке алу бөлімшесіне хабарлайды.

 12. Осы Қағидалардың 8 тармағының 2) тармақшасына сәйкес қылмыстық істі қысқарту туралы процестік шешім қабылданған адамға қатысты Т-2 нысанды карточкасы СДТБТ енгізілгені анықталғанда, Комитеттің аумақтық органының жауапты қызметкері жиырма төрт сағаттың ішінде мәліметтің нақтылығын анықтайды, АЕА ААЖ енгізуді қамтамасыз етеді және мәліметтерді ЭК-на экспорт жасайды.

Сот актілері шығарылған адамға қатысты Т-3 нысанды карточкасы СДТБТ енгізілгені анықталғанда, Комитеттің аумақтық органының қызметкері сот үкімін оқып зерделейді, ал ол болмаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде сот органдарына үкімге сұрау салады.

13. Комитеттің аумақтық органының аудандық (қалалық) бөлімшелерінің қызметкерлері Т-3 нысанды карточкасы СДТБТ енгізілгеннен кейін Қағидалардың 8 тармағымен қарастырылған адамдарға қатысты,  есепті жүргізуге жауапты Комитеттің аумақтық органының аппараты қызметкеріне кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.

14.  Комитеттің аумақтық органының қызметкерлеріҚағидалардың 8 тармағында көрсетілген баптардың болуына және жәбірленуші адамның жасын (қылмыс жасаған сәтте 17 жасқа дейін қоса алғанда) анықтау үшін сот үкімін оқып зерделейді.

15.Комитеттің аумақтық органының қызметкері сот үкімдерінің, қылмыстық іс материалдарының,  Құқық қорғау және арнайы органдарымен ақпарат алмасу жүйесі  (бұдан әрі - ҚАО ААЖ) мәліметтерінің негізінде ЭК-ын қалыптастырады және толтырады.

Сот үкімі болған жағдайда, адам туралы мәлімет Т-2, Т-3 нысанды карточкалары СДТБТ енгізілген сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ЭК-на енгізіледі.

16. Комитеттің аумақтық органының қызметкері электронды әліпбилік карточкаға деректемелер бойынша мәліметтерді енгізеді, содан кейін ЭӘЕК мәліметтерін ЭК-на экспорттайды және үкімнің, құжаттың және жеке куәліктің графикалық көшірмелерін тіркей отырып, ЭК-ның деректемелерін толтырады.

17. Аумақтық орган жазбаша түрде адамды есепке алу туралы Комитетке есепке қойылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.

18. Есепке алынатын адамның сауалнамалық деректері жеке басын растайтын құжат бойынша (жеке бас куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік, көлік жүргізуші куәлігі), ал ол болмаған жағдайда - ҚАО ААЖ мәліметтері бойынша анықталады.

19.  Жәбірленуші адамның сауалнамалық деректері сот үкімі, жеке басын куәландыратын құжаттары (қылмыстық істің ішінде болмаса қадағалаушы прокурордың қадағалау ісінде болған жағдайда) және ҚАО ААЖ мәліметтері бойынша анықталады.

20. Айырмашылық анықталған жағдайда, Комитеттің аумақтық органының қызметкері жиырма төрт сағаттың ішінде нақты мәліметтерді алған сәттен бастап АЕА ААЖ жетіспейтін мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

21. Комитеттің аумақтық органының қызметкері есептегі адамның тексеру ісінің картотекасын жүргізеді.

Тексеру ісінде келесі құжаттар қалыптастырылады:

1) сот үкімі және сот органдарының басқа да процессуалдық құжаттары;

2)  осы Қағидалардың 3 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша қортынды;

3) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі, ал ол болмаған жағдайда, ҚАО ААЖ мәліметтері;

4) жәбірленуші адамның жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі болмаса  сауалнамалық деректері туралы ақпараттар бар қылмыстық істің ішіндегі басқа құжаттардың көшірмесі, ал ол болмаған жағдайда, ҚАО ААЖ мәліметтері;

5) әкімшілік қадағалауға және пробациялық бақылауға қою және алу туралы мәліметтер;

6) ЭК;

7) осы Қағидалардың 9 - тармағында қарастырылған АЕҚ көшірмесі;

8) деректерді анықтау болмаса құжаттарды сұрату бойынша мемлекеттік органдармен алмасу хаттары;

9) сотталушының қайтыс болуы туралы куәліктің (актінің) көшірмесі болмаса ҚАО ААЖ мәліметтері (адам қайтыс болған жағдайда);

10)қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның сот-психиатрия сараптама актісінің көшірмесі (болған жағдайда).

22. Тексеру істері Комитеттің және оның аумақтық органдарының арнайы темір шкафтарында сақталады.

23. Жазаны өтеу мерзімі бойыншабосатылған адамға, сотталушы жөніндегі хабарлама негізінде Комитеттің аумақтық органының қызметкері ақпаратты Комитетке бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса жолдайды.

Комитетке жолдауға құқық бұзушылық жасаған жасы кәмелеттік жасқа толған (18 жастан бастап),  жасөспірім балалар  (14 жасқа дейін) туралы хабарлама жатады.

24. Есепке алынатын бап есепке алмайтын бапқа саралағанда, Комитеттің аумақтық органының қызметкеріақпаратты Комитетке бес жұмыс күнінен кешіктірмейқортындының, сот үкімінің сканерленген көшірмелерін АЕА ААЖ бекітіп, басшылықтың қолымен және Комитеттің аумақтық органының мөрімен бекітіп жолдайды.

25. Комитеттің аумақтық органының қызметкері әкімшілік қадағалау, пробациялық бақылау жүргізетін ішкі істер органының хабарламасы болмаған жағдайда, адамның нақты тұратын жері туралы ішкі істер органынатұратын нақты орны туралы сұрау салады және осы сұраудың күнтізбелік жиырма күні ішінде орындалуына бақылау жасайды.

Аумақтық орган адамның нақты тұратын жерін анықтау туралы қабылдаған  шаралар нәтиже бермеген жағдайда,  аумақтық органның жауапты қызметкері жиырма төрт сағаттың ішінде бұл туралы Комитетке хабарлайды.

Комитеттің жауапты қызметкері екі жұмыс күні ішінде есептегі адамның нақты тұратын жерін анықтау  жөнінде Ішкі істер министрлігіне сұрау жолдайды.

26. Салыстыру жұмысы барысында есептегі адамның қайтыс болғаны анықталған жағдайда, Комитеттің аумақтық органының қызметкері ЭК-на түзетулер енгізеді және есептегі адамды есептен шығарып тастау үшін Комитетке хабарлайды.

27. Комитеттің аумақтық органының қызметкері медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған сотталған адамдарға қатысты ішкі істер органдары және медициналық мекемелермен тұлғаның медициналық мекемеге түскенін және жатқанын білу үшін, сонымен қатар оларға қатысты медициналық сипаттағы шараның өзгеруіне және олардың босатылуына бақылау жасау үшін, тоқсан сайын салыстыру жұмыстарын жүргізеді.

Салыстыру жұмысының нәтижесі бойынша Комитеттің аумақтық органдары медициналық сипаттағы шара тоқтатылғанадамдарды бақылауға алу және тұратын жерін анықтау үшін, әр айдың бесінші күнінде ішкі істер органына босатылған тұлғалардың тізімін жолдайды.

28. Комитетте осы Қағидалардың 38 тармағында көрсетілген адамдарға қатысты жазасын өтеуден босатылған, Комитеттің геоақпараттық жүйесінде жариялауға жататын тексеру ісі қалыптастырылады. Тексеру істерінде осы Қағидалардың 21 тармағында көрсетілген құжаттар, сонымен бірге есептің толықтығын және нақтылығын қамтамасыз ету сұрағы бойынша Комитеттің аумақтық органдары және мемлекеттік органдарымен алмасу хаттары қалыптастырылады.

29. Адамды есептен алу мына негіздер бойынша жүзеге асырылады:

1) «Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) сәйкес, адамды тегі бойынша есептен алу;

2) осы Қағидалардың 8 тармағында көрсетілмеген қылмысты саралаудың бапқа өзегертілуі жөнінде сот қаулысының шығарылуы.

30. Адамды есептен алу, сонымен бірге есептің мәліметтеріне басқа өзгертулер енгізуКомитеттің жауапты қызметкерімен үш жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органдарынан болмаса есеп субъектілерінен ресми құжат келіп түскен сәттен бастап жүзеге асырылады.

31. Комитеттің аумақтық органдарымен адамды есептен алу туралы құжаттар Комитетке бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.

4-тарау. Есепке жататын адамдар жөнінде субъектілермен мәліметтерді ұсыну тәртібі және мерзімі

32. Тергеу абақтысының әкімшілігі бес жұмыс күні ішінде үкімнің заңды күшіне енуі туралы анықтама алғаннан кейін, Комитеттің аумақтық органына заңды күшіне енген сот үкімнің (қаулының) көшірмесін және осы үкімнің шыққаны туралы мәлімет жазылған сотталушы жөнінде хабарламаұсынады.

33. Ішкі істер органдары, есептегі адам жазасын өтеуден босатылғаннан кейін, тұратын жері бойынша оның мінез-құлқына әкімшілік қадағалау және пробациялық бақылау жүргізетін, бес жұмыс күні ішіндеадам есепке тұрғаннан кейін Комитеттің аумақтық органына оның нақты тұратын жері, сонымен қатар әкімшілік қадағалау және пробациялық бақылау тағайындалғаны туралы ақпарат жолдайды (қойылған күні, қадағалау/бақылау жүргізетін орган, қадағалау/бақылау жүргізетін қызметкердің аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), байланыс телефоны, қадағалау/бақылаудың мерзімі, мерзімін ұзарту, қадағалау/бақылаудан алынған күні және себебі).

34. Ішкі істер органдары Комитеттің аумақтық органдарымен ұсынылған тізім бойынша әр айдың оныншы күні Комитеттің аумақтық органдарына олардың тұратын мекен-жайы жөнінде мәліметтерұсынады.

35Әкімшілік қадағалау және пробациялық бақылау жүргізетін ішкі істер органдары, бақылауда, қадағалауда тұрған тұлғаның мекен-жайы өзгерген жағдайда, осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес,мекен-жайының өзгеруі туралы хабарламаны екі жұмыс күні ішінде жаңа мекен-жайы анықталған сәттен бастап жолдайды.

36. Есептегі адамдар жөніндегі мәліметтерді жариялау Комитетпен жүзеге асырылады.

Жариялауға бостандықта жүрген, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазадан босатылған адамдар жатады:

1991 жылдың қаңтарынан 1997 жылдың желтоқсаны аралығында Қазақ ССР Қылмыстық Кодексінің 101 және 103 - баптары бойынша;

1998 жылдың 1 қаңтарынан 2010 жылдың желтоқсаны  аралығында ҚР ҚК 120- бабының 3 - бөлігінің «в» тармағы бойынша және 2 бөлігінің «д» тармағы бойынша; 121 - бабының 3- бөлігінің  «в» тармағы және  2 бөлігінің «д» тармағы бойынша;  124- бап бойынша;

2011 жылдың  қаңтарынан 2014 жылдың желтоқсаны аралығында ҚР ҚК 120 - бабының 4- бөлігі, 3-бөлігінің «в, д» тармақтары бойынша; 121- бабының  4-бөлігі, 3- бөлігінің «в, г» тармақтары бойынша;  124- бап бойынша;

2015 жылдың  қаңтарынан бастап ҚР ҚК 120 - бабының 4 - бөлігі, 3-бөлігінің 3 және  және 5 - тармақтары бойынша; 121- бабының 4- бөлігі, 3- бөлігінің 3 және 5 - тармақтары бойынша, және 124 - бап бойынша.

2) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтар жасаған, оларға қатысты 1991 жылдан бастап медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолданылуға байланысты қылмыстық істер қысқартылған тұлғалар, сонымен бірге ҚР ҚПК 35 - бабының бірінші бөлігінің 9 - тармағы негізінде қылмыстық істі қысқарту туралы іс жүргізу шешімі қабылданған, оның ішінде ҚР ҚПК 37 - бабының бірінші бөлігінің 9- тармағы бойынша (1997 жылғы редакциядағы).

37. Жариялауға кәмелеттік жаста (18 жастан бастап)  құқық бұзушылық жасаған адамдар жатады, жасөспірім балаларға қатысты (14 жасқа дейін).

38. Жариялау Комитеттің қызметкерімен жүзеге асырылады, Комитеттің ғаламтор-ресурсында «кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адамдар» геоақпараттық картасында бейнелеу жолымен (бұдан әрі – тұлғалардың картасы).

Адамдар туралы мәлімет  бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 21 тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар Комитетке келіп түскен сәттен бастап жарияланады, адамның нақты мекен-жайы туралы ақпарат болғанда.

39. Жарияланатын адамдар туралы мәліметтер сауалнамалық деректерден тұрады (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы және жері), суреті, сотталуы болмаса қылмыстық жауапкершілікке тартылуы жөнінде мәліметтер, тұратын мекен-жайы ( пәтер нөмірі, ал егер жеке меншік үй болса онда үй нөмірі көрсетілмей), сонымен қатар қылмыстық құқық бұзушылық жасаған сәттегі жәбірленуші адамның жасы.

40. Тұлғалардың картасында сотталу бабының бөлімі және тармағы көрсетуге жатпайды.

41. Есептегі адамның суреті ҚАО ААЖ сұрау салып алынады.

42. Адамның есеп картасына мәліметтерін орналастыруды Комитеттің талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасының жауапты қызметкеріменбір жұмыс күні ішінде Комитеттің арнайы есепке алу басқармасынан тиісті ақпарат түскен күннен бастап Комитет Төрағасының  жетекші орынбасарымен келісіліп жүзеге асырылады.

43. Жарияланатын мәліметтің толықтығы және нақтылығы Комитеттің арнайы есепке алу басқармасының жауапты қызметкерімен жүзеге асырылады.

44. Жариялаудан адамдыалудың негізі болып табылады:

1) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың есебінен  алу;

2) адамның қайтыс болуы;

3) 95 жасқа жетуі;

4) соттылықтың жойылуы, ҚК нормаларына сәйкес, бірақ босатылған сәттен бастап алты жылдан кем болмауы керек, осы Қағидалардың 8 тармағында көрсетілген екі және одан да көп қылмыс жасаған адамдардан басқасы;

45. Жариялаудан алу, сонымен бірге адамды есепке алу картасында жарияланған мәліметтерге басқа да өзгертулер енгізу Комитеттің талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасының жауапты қызметкерімен жүзеге асырылады, Комитет Төрағасының  жетекші орынбасарымен келісілген Комитеттің арнайы есепке алу басқармасының жазбаша сұрауының негізінде бір жұмыс күні ішінде осындай сұрау келіп түскен сәттен бастап.

 

ТіркемеКөлем
Microsoft Office document icon 1 қосымша91.5 KB
File 2 қосымша21.75 KB
File 3 қосымша24.08 KB