Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы істер бойынша сот актілерінің
заңдылығына прокурорлық
қадағалауды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

 

2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің қабылдануына байланысты және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы сот актілерінің заңдылығын қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. «Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 12 тамыздағы № 47 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6465 тіркелген).

3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері мен қызметшілері таныстырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

7. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев