You are here

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау қорында орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А.Дауылбаев

 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы «___» ______№ ___
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жұмыс стандарттарын
(қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі

қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм,қағидалар және
талаптар) белгілеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары(бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында (бұдан әрі – прокуратура органдары) жұмыс стандарттарын белгілеу тәртібін айқындайды.

2. Технологиялық сызба – прокуратура органдарының әрбір лауазымы бойынша және қызметінің бағыты бойынша бөлек орындалатын жұмыстарды талдау негізінде жасалатын, нақты лауазымдағы қызметкердің (лауазымды тұлғаның) қызметінің алгоритмі, қағидалары мен мазмұнының сипаттамасы.

2. Жұмыс стандарттарын белгілеу тәртібі

3. Жұмыс стандарттары (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) (бұдан әрі – жұмыс стандарттары) прокуратура органдарының қызметкерлерінің (бұдан әрі – қызметкерлер) қызметтік жүктемесінің және кәсіби қызметін реттеудің тиімді деңгейіне жету үшін белгіленеді, сондай-ақ қызметкерлердің қызметін бағалау және штат санын анықтау кезінде ескеріледі.

4. Жұмыс стандарттары мыналарды қамтиды:

1) прокуратура органдары қызметінің бағыттарында, нақты учаскесінде белгілі бір нәтижелерге жетуге бағытталған технологиялық сызбалар;

2) технологиялық сызбаларды сақтауды бағалау тәсілдері.

5. Прокуратура органдарының әрбір лауазымы бойынша және қызметінің бағыты бойынша бөлек орындалатын жұмыстарды талдау бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

1) әрбір лауазымдағы қызметтің әрбір бағыты бойынша жұмыстардың барлық түрлерінің тізбесін құрастыру;

2) жұмыстардың тиісінше түрін қалыптастыратын нақтылы әрекеттердің тізбесін қатаң түрде құрастыру;

3) әрбір нақты әрекеттің уақыт нормасын айқындау;

4) нақты әрекеттің нәтижесіне қойылатын талаптар.

6. Қызметтің бағыттары бойынша жұмыс стандарттары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен әзірленеді және қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне қоса тіркеледі.

7. Жұмыс стандарттарын әзірлеу кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының және (немесе) басқа да заманауи жетістіктер мен ғылыми әдістердің нәтижелері пайдаланылады.

8. Жұмыс стандарттарын әзірлеу жөніндегі қызметті үйлестіруді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті жүзеге асырады.  

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.