You are here

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері жәнебілім беру ұйымының «Б» корпусыныңмемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №13 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12705 болып тіркелген) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелеріжәне білім беру ұйымының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін.

2.«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 8қыркүйектегі №108 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12157болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А.Дауылбаев

 

ТіркемеКөлем
Әдістеме44.99 KB
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.