You are here

Қазақстан РеспубликасыБас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы 
Бас Прокурорының    
2016 жылғы «31 » наурыздағы
№ 56  бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптар

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясынның ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1 бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген. 

2. Талаптар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарының мазмұнын, қызмет етуін анықтайды.

3.Ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстары Академияның білім беру қызметін ұйымдастыру мен бақылаудың тиімділігі мақсатында, сонымен қатар оқу, ғылыми, тәрбиелік процесінде және инновациялық қызметте Академияның жетістіктерін танымал ету және тәжірибесін тарату мақсатында пайдаланады.

4.Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

2) ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарын басқару - ақпараттық жүйе мен интернет-ресурстың қауіпсіздігі және жұмыс қабілетін  қамтамасыз ету;

3) білім беру порталы-пайдаланушыларға ішкі білім беру ресурстарына бірыңғай авторландырылған дербестендірілген қолжетімдікті қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

4) динамикалық ақпарат – бұл ақпарат уақытша сипаттамадағы Академияның ағымдағы қызметін көрсетеді (перспективті дамуы, өзекті оқиғалар, басым бағыттар);

5)интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде көрсетілетін мәтін, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге түрде бейнелейтін электронды ақпараттық ресурс, біріңғай желілік мекенжайы бар және (немесе) Интернетте істейтін электронды ақпараттық ресурс;

6) контент – электрондық ақпараттық ресурстың мәтіндік, мәтіндік емес немесе медиа мазмұны;

7) қолданушыларды анықтау – бұл электрондық ақпараттық ресурстар мен арнайы бағдарлама көмегімен пайдаланушының жеке басын растауынжүзеге асырылатын рәсім;

8) статикалық ақпарат  – бұл ақпарат тұрақты сипаттамасы бар (анықтамалық)  Академияның ішкі қызметін көрсетеді (нормативті құқықтық актілер, Академияның құрылымы, ережесі);

9)электрондық құжат ­– электронды-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған ақпарат;

10) электронды-кітапханалық жүйе – білім беру процесінде пайдаланылатын, тақырыптық және мақсатты белгілері бойынша бірлескен, қосымша сервистермен жабдықталған, құжаттарды іздеу және олармен жұмыс істеуді жеңілдететін және өзге де нормативтік құқықтық актілердің барлық талаптарына сәйкес келетін электронды құжаттар жиынтығы;

11) электрондық журнал – Академияда білім алушылардың үлгерімін бақылауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

5. Осы Талаптар әректі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар мәліметтерін қамтитын электрондық құжаттарға қолданылмайды.

6. Академияның ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарының (басқару) жұмыстарын күні-түні ұйымдастыруды, техникалық қолдауды Академияның тиісті құрылымдық бөлімшелері қамтамасыз етеді.

7. Академияның ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына ақпараттық толтыруларды және оларды жандандыру Академияның тиісті құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

8. Академияныңақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарын жандандырудың мониторингін, толтыруды, контент сапасы мен анықтылығынАкадемияның уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады.

2. Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар

9. Академия өз функцияларын автаматтандыру мақсатында Академияның оқу, ғылыми және инновациялық қызметінің тәжірибесін және жетістіктерін көпшілікке тарату, оларға жүктелген функцяларды іске асыруға бағытталған ақпараттық жүйелерді құрайды және қолданады.

10. Академияның ақпараттық жүйелері «Ақпараттандыру туралы 2015 жылғы 24 қаңтардағы»Қазақстан Республикасының Заңы 38 бабының 2) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыстағы стандарттар, ақпараттық жүйенің циклдық өміріне сәйкес құрылады, дамиды және:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бірыңғай талаптарды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

2) Мемлекеттік техникалық қызметтің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мониторинг жүйесімен Академияның ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігі іс-шарасы мониторингі жүйесінің ақпараттық өзара әрекеттестігі.

11. Академияның ақпараттық жүйесіне мыналаркіреді:

1) білім беру порталы;

2) электронды-кітапханалық жүйе.

12. Білім беру порталына кіреді:

1) академиялық күнтізбе;

2) сабақ кестесі;

3)электрондық журнал.

13. Білім беру порталы білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын, оқу-әдістемелік кешендерін, ғылыми-әдістемелік құжаттарын, академиялық рейтингін, білім алушылардың және білім беру мониторингін қамтиды.

14. Академияның білім беру порталына текавторландырылған қолданушылардың:білім алушылардың, профессорлық-оқытушылық құрамның  және әкімшілік-басқару персоналдың бңлңм беру порталына қолжетімділігі шегінде қолжетімді.

15. Авторландырылған қолданушылардыңдеңгейінАкадемия дербес анықтайды.

16. Білім беру порталында қолданушылардыңавторландыруды және  аутентификациялауды білім беру порталына ақпараттық жүйелерге әкімшілік етуді жүзеге асыратынАкадемияның тиісті бөлімшесімен  верификация жолымен жүзеге асырылады.

17. Электрондық журнал білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау (орташа бағалау ағымдығын, аралық бақылау мен рейтинг-рұқсат ету бағасы), аралық және қорытынды аттестаттау бағалары туралы ақпараттыжәне олардың электрондық ведомосін қамтиды.

18. Электрондық журнал  журналдың тиісті бөлімдеріне қолжетімдігі бар профессорлық-оқытушылық құрамымен немесе уәкілетті тұлғаның келісімімен толтырылады.

19. Электрондық журналдың жұмысын бақылауды электрондық журналды үлгілеуді жүзеге асыратын білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлінісі жүзеге асырады.

20. Академияның электронды-кітапханалық жүйесі кітапханалық процестердің кешенді автоматтандыруды және электрондық каталогтарын, сондай-ақ толық мәтінді деректер базасын құруын қамтамасыз етеді.

21. Академияның электронды-кітапханалық жүйесімынадай негізгі модульдерді қамтиды:

1)әкімшілік ету;

2) жинақтау;

3) каталогтау;

4) оқырман іздеуі;

5) мақалалар картотекасы;

6) пайдаланушылар картотекасы;

7) кітап беру.

3. Интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

22. Академияның интернет-ресурстары:

1)Академияның және оның құрылымдық бөлімшелері туралыжалпыақпаратын;

2) ғылыми және халықаралық қызмет туралыбөлімін;

3) статистикалық және аналитикалық деректерін;

4) Академияректорінің блогын;

5) мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты;

6) білім алушылар мен қызметкерлердіңжеке кабинетін;

7) кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін;

8) баспасөз-орталығыжұмысын;

9) оқыту туралыақпаратты;

10) «Құқық қорғау органдары Академиясының Жаршысы» журналының электрондық нұсқасын;

11) жаңалықтар лентасын;

12) ғылыми конференциялар, семинарлар мен тренингтер, оқу-әдістемелік жиындар, ресми сапарлар мен кездесулер кестесін;

13) байланыс ақпараттарын;

14) білім және ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерінқамтиды.

23. Академияда өткізетін халықаралық іс-шаралар, форумдар, семинарлар, конференциялар, жарыстар, оқу-әдістемелік жиындар туралы ақпарат жоспарланған өткізу күніне дейін жартыжылдан кешіктірілмей Академияның интернет-ресурстарына орналастырылады.

Шұғыл және жоспарланбаған іс-шараларды өткізу барысында берілген ақпаратты орналастыру Академия басшылығының нұсқауыменбастамашыны және міндетті түрде себептерін көрсете отыра өткізу мерзімін жоспарлағанға дейін күнтізбелік он күн бұрын кезектен тыс іс-шараны өткізуге болады.

Ерекше жағдайларда ғана аталған ақпаратты кезектен тыс іс-шараларды 10 күн бұрын жоспарланып отырған күніне дейін орналастыруға болады және міндетті түрде себептерін көрсету қажет.

24. Академияның интернет-ресурстарында орналастырылатын динамикалық ақпарат жаңа ақпараттың келіп түсуіне қарай кезең-кезеңімен жаңартылып тұрады.

25.Академияның интернет-ресурстарында  орналастырылатын статикалық ақпараттар тоқсан сайын жаңартылып отырады.

26. Академияның интернет-ресурстарына ақпараттарды орналастыру мен жаңарту тәртібін Академия дербес анықтайды.

27. Академияның интернет-ресурстарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары, сондай-ақ Академияның ресми символикасы мен логотипі орналастырылады.

28. Интернет-ресурстар Академияның Жарғысына сәйкес  оның қызметіне қатысты ақпаратты, меншікті ақпараттық ресурстарға, сондай-ақ  құқық иеленушілермен жасалған шарттар мен келісімдер негізінде басқа да ұйымдардың ресми сайттар мен жоғары оқу орындарының білім беру порталдарындағы ресурстарға сілтемелерді қамтиды.

Интернет-ресурстарда Академия қызметіне жатпайтын өзге де мәліметтерді орналастыруға жол берілмейді.

29. Интернет-ресурстарда орналастырылатын  ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.