You are here

Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы әскери
прокуратура органдарының әскери
қызметшілеріне өз мүлкін теміржол,
автомобиль және ішкі су көлігімен
республикаішілік тасымалдауғ
а жұмсалатын шығыстарды мемлекет
есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы

 

2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.Қоса берілген Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу қағидалары бекітілсін.

2.Бас әскери прокуратура:

1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жолдауды;

3)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас әскери прокурорға жүктелсін.

4.Осы бұйрық лауазымды тұлғаларға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры                                                                                        

Ж. Асанов

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.