You are here

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының № 78, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 378 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 438 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

«Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап
шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1
нысанды есепті, «Жол көлік оқиғасын есепке
алу карточкасы» № ЖКО-1 және «Жол көлік
оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе
қаза болған адам туралы карточка» № ЖКО-2
ақпараттық есепке алу құжаттарын, сонымен
қатар оларды толтыру тәртібі туралы
Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Бас Прокурорының
2012 жылғы 29 маусымдағы № 78,
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 378 және
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 438 бірлескен бұйрығының күші жойылды
деп тану туралы                    

 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 нысанды есепті, «Жол көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 және «Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка» № ЖКО-2 ақпараттық есепке алу құжаттарын, сонымен қатар оларды толтыру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 29 маусымдағы № 78, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 378 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 438 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7831 санымен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті:

1)   осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды; 

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
_______________А. Дауылбаев

 

 

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
______________Т. Дүйсенова

 

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_______________Қ. Қасымов

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.