You are here

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір Бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының 2016 жылғы
15 қарашадағы № 172 бұйрығы

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының кейбір
Бұйрықтарына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарын өзектілендіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкесҚазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақша және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.

4.  Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы «15»қарашадағы
№ 172 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1) «Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшiн кажетті және жеткiлiктi дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 101 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8808 санымен тіркелген, 2013 жылғы 26 қазандағы
№ 240 (28179) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):

2 - тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелеріне, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына, Бас әскери және көлік прокуратураларына, облыс, Астана, Алматы қалаларының прокуратураларына, Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшiн жолдасын.».

2) «Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолдануын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 2қыркүйектегі
№ 85 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9773 санымен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 10 қазандажарияланған):

2 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басшылары таныстырылып, көшірмесі Бас әскери және көлік прокурорларына, облыс, Астана, Алматы қалаларының прокурорларына орындау үшін жолдансын.».

3) «Жазаны орындау, арнайы мекемелерде адамдарды ұстау және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарға бақылау жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
2015 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10202 санымен тіркелген,«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 ақпанда және 2015 жылғы
16 сәуірдегі № 69 (28547) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазаны орындау, арнайы мекемелерде адамдарды ұстау және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарға бақылау жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

70 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«70. Департамент пен облыс прокурорлары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен, басқа да жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен, ғалым-заңгерлермен қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру бойынша өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.».

4) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 12000 санымен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қыркүйекте және
2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 172 (28650) «Егемен Қазақстан» газетіндежарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау ережелерінде:

10 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Жинақтау органдарының кадр бөлімдері Академияның магистратурасына оқуға түсетін үміткерлердің келесі құжаттарын жолдайды:

  1. осы Ереженің 1 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша Академия ректорының атына баянат;
  2. жоғары білімі туралы құжат көшірмесі;
  3. осы Ереженің 20 - тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша шет тілінен тест тапсырғаны туралы сертификатының (олар бар болған жағдайда) көшірмесі;
  4. 3х4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
  5. жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
  6. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (олар бар болған жағдайда);
  7. соңғы қызмет кезеңі бойынша аттестациялық парақ;
  8. магистратураны аяқтағаннан кейін қызметкердің тағайындалуы мүмкін лауазымы көрсетілген оқуға жіберу жолдамасы туралы іріктеу комиссиясы хаттамасының көшірмесі;
  9. кадрларды тіркеу бойынша жеке парақ;
  10. шет тілі бойынша тестілеу өту үшін төлемақы түбіртегінің түпнұсқасы.»;

11 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Жинақтау органдарының кадр бөлімдері Академияның докторантурасына оқуға түсетін үміткерлердің келесі құжаттарын жолдайды:

  1. осы Ереженің 1 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша Академия ректорының атына баянат;
  2. жоғары немесе жоғары білімінен кейінгі білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  3. осы ереженің 20 - тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша шет тілінен тест тапсырғаны туралы сертификатының (олар бар болған жағдайда) көшірмесі;
  4. 3х4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
  5. жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
  6. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (олар бар болған жағдайда);
  7. соңғы қызмет кезеңі бойынша аттестациялық парақ;
  8. докторантураны аяқтағаннан кейін қызметкердің тағайындалуы мүмкін лауазымы көрсетілген оқуға жіберу жолдамасы туралы іріктеу комиссиясы хаттамасының көшірмесі;
  9. кадрларды тіркеу бойынша жеке парақ;
  10. осы Ереженің 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша болжанатын отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен келісіліп жоспарланатын диссертациялық зерттеудің негіздемесі;
  11. шет тілі бойынша тестілеу өту үшін төлемақы түбіртегінің түпнұсқасы.»;

17 - тармақтың бірінші абзацымынадай редакцияда жазылсын:

«17. Емтихан комиссиясы мамандық бойынша емтиханды жүргізу үшін құрылады және құрамы төрағадан, комиссия хатшысынан және комиссияның кемінде үш мүшесінен тұрады, олардың екеуі бейіні бойынша доктор немесе заң ғылымдарының докторы болуы қажет. Емтихан комиссиясының төрағасы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.»;

28 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Магистратурада, докторантурада оқуға мамандық және шет тілі бойынша түсу емтихандарының сомасы бойынша 150-ден кем емес балл (әр пәннен осы Ереженің 3 - қосымшасына сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша) жинаған үміткерлер қабылданады.»;

31 және 32 -тармақтармынадай редакцияда жазылсын:

«31. Қабылдау комиссиясы хаттамасының негізінде Академия ректоры магистратураға және докторантураға оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарады.

32. Академия магистратураға және докторантураға қабылданған қызметкерлермен осы Ереженің 4 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша білім беру қызметтерін көрсету жөнінде келісім-шарт жасасады.».

1, 2, 3 - қосымшалар осы тізбеге 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы тізбеге 4 - қосымшаға сәйкес 4 - қосымшамен толықтырылсын.

5)  «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 65 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13653 санымен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 мамырда және 2016 жылғы 27 тамыздағы
№ 165 (28893) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызмет қағидаларында:

23 - тармақ алып тасталсын.

ТіркемеКөлем
Қосымшалар45.06 KB
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.