Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын қызметтік автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсежи һазымен және мемлекеттік мекеменің аппаратын орналастыру үшін аумақпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын б

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 14991 болып тіркелді

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 69-бабының 2-тармағына және 1995 жылғы 21 желтоқсандағы "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мына:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын қызметтік автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академияны телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академияның кеңсе жиһаздарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан  Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары аппараты орналастыру үшін аумақпен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін. 

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекет тіктіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күнішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркельге жүктеймін.

4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күнөткен соң қолданысқа енгізіледі. 

ҚазақстанРеспубликасының
Бас Прокуроры

Ж. Асанов

 

ТіркемеКөлем
Microsoft Office document icon Қосымшалар40.27 KB