You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстардыұйымдастыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы«31»наурыздағы
№ 61 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстардыұйымдастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясындаоқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау,  сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының5-1-бабының8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

3. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) автор – шығармашылық еңбегімен шығарма, ғылыми зерттеу, соның ішінде оқу және әдістемелік материалдарды дайындаған жеке тұлға;

2) авторлық ұжым – серіктес авторлар ретінде жинақталған жеке тұлғалар тобы;

3) оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі –ОӘК) – білім алушының пәнді өту үшін жетімді, толық ақпаратты қамтитын оқу пәні (пәндер) мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген оқулық және әдістемелік басылымдардың жиынтығы;

4) оқулық басылымдары, оқу-әдістемелік кешендерінің мониторингі – оқулық басылымын, оқу-әдістемелік кешендерін білім беру процесіне енгізу нәтижелері жөніндегі ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тарату;

5) оқулық басылымдарын, оқу-әдiстемелiк кешендерін сынамақтан өткізу – білім беру ұйымдарының оқыту процесінде оқулық басылымдарын, оқу-әдiстемелiк кешендердің пайдалану тәжірибесін енгізу және кешенді зерделеу;

6) оқулық басылымдарына, оқу-әдiстемелiк кешендеріне сараптама – мазмұны  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі - МЖМБС), үлгілік оқу жоспарына және үлгілік оқу бағдарлама талаптарына, оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарына, қазіргі заманғы ғылыми түсініктерге және ғылымның психологиялық-педагогикалық талаптарына сәйкестілік бағасы;

7) оқулық басылымы – жүйеленген ғылыми, қолданбалы сипаттағы мәліметі бар, оқуға және оқыту үшін қолайлы түрде мазмұндалған, белгілі бір академиялық дәрежеде оқитындарға есептеліп, нақты білім беру (оқу) бағдарламасы бойынша білім беру процесінде пайдалануға арналған басылым;

8) сарапшы – сараптама жүргізуге тартылатын, білім беру, ғылым, техника және басқа да салаларда кем дегенде бес жыл еңбек өтілі және тиісті біліктілігі бар жеке тұлға;

9) электрондық жеткізгіштердегі оқулық басылымы – оқытуды автоматтандыруға арналған, оқу курсына сәйкес келетін және оқу жұмыстарының әр-алуан түрлерін қамтамасыз ететін, сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, бейне және өзге ақпараттың жиынтығы ретінде ұсынылған басылым.

4. Білім беру процесін оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру және профессорлық-оқытушылық құрамның жұмысын ынталандыру мақсатымен Академияда үздік оқулық басылымына, ОӘК байқау жүргізіледі. 

Байқауды жүргізу тәртібі Академиямен дербес айқындалады.

2. Оқулық басылымдарын, оқу-әдiстемелiк кешендерін дайындау тәртібі

5. Оқулық басылымдарын, оқу-әдiстемелiк кешендерін әзірлеу автормен (авторлық ұжыммен) МЖБС-на, оқу пәні (пәндері) бойынша үлгілік оқу бағдарламасы және үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келесі талаптарды ескере отырып жүргізіледі:

1) оқу пәні (пәндері) бойынша неғұрлым өзекті білімдерді енгізу;

2) ұсынылған оқу және әдістемелік материалдардың дұрыстығы;

3) білім алушылардың контингентін ескеру (білім беру бағдарламасын ескере отырып);

4) оқу материалы мазмұнының кәсіби, тәжірибелік бағыттылығы.

6. Оқулық басылымдарының, ОӘК авторлық ұжымының құрамына ғалымдар, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, оқу басылымның бейіні бойынша мамандар және әдіскерлер кіреді.

7. Дайындалған оқулық басылымдары және ОӘК кафедраның (орталықтың, институттың) отырысында қарастырылуға жатады, онда мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

1) оқулық басылымына, ОӘК сараптау жүргізу туралы;

2) оқулық басылымын, ОӘК пысықтау туралы.

Кафедра отырысы хаттамасынан үзінді шешім қабылданған соң үш жұмыс күнінде авторға (авторлық ұжымға) жолданады.

8. Оңтайлы сараптау қорытындысы болған жағдайда оқулық басылымы, ОӘК Академияның оқу-әдістемелік кеңесінде және Академияның Ғылыми кеңесінде қарастырылуға жатады.   

3. Оқулық басылымдарына, оқу-әдiстемелiк кешендерге сараптау жүргізу тәртібі

9. Білім беру қызметінде пайдалануға ұсынылатын оқулық басылымдары, ОӘК мазмұнынның МЖБС талаптарына, үлгілі оқу жоспарлары мен бағдарламаларына, ғылыми зерттеулерге, оқытудың, білім алушылардың даму мақсаттарына, психологиялық-педагогикалық ғылымның қазіргі кезеңдегі талаптарына, ОӘК әдістемелік және ғылыми аппаратына қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау үшін оларға сараптау жүргізіледі.

10. Сараптау Академияның оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу бойынша құрылымдық бөлімшесімен жүргізіледі (бұдан әрі – Бөлімше). 

11. Автор (авторлық ұжым) оқулық басылымына және ОӘК сараптау жүргізу үшін Бөлімшеге келесі материалдарды жолдайды:

1) авторы (авторлық ұжым), титулды бетіне сәйкес атауы, тілі, басылымнан шығу жылы көрсетілген оқулық басылымына, ОӘК сараптаужүргізу туралы баянатты (өтінішті);

2) кафедра (орталық, институт) отырысының хаттамасынан үзінді;

3) оқулық басылымының, ОӘК екі данасы немесе электронды оқулық басылымы үшін  CD (DVD)-дискісі;

4) басылымның негізгі тұжырымдамалық ойларын, әзірленуініңөзектілігін, МЖБС, үлгілік оқу бағдарлама талаптарының іске асуын, ал қайта басылып шығарылатын оқулық басылымдары үшін – автормен (авторлық ұжыммен, әзірлеушімен) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларын қамтитын оқу басылымына, ОӘК түсіндірме жазбасы;

5) екі сын-пікір – ішкі және сыртқы;

6) орнату бойынша нұсқаулық және пайдаланушы үшін басшылыққа алынатын еркін нысандағы нұсқаулық – электронды оқулық басылымдары, ОӘК үшін.

12. Оқулық басылымдарына, ОӘК сараптау жүргізу үшін Бөлімше 5 адамнан аспайтын ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) немесе (PhD) философия докторы дәрежесі бар профессорлық-оқытушылық құрам, оқулық басылымы дайындалған сәйкес сала бойынша тәжірибелік қызметкерлер санынан сарапшыларды тартады.

13. Сарапшыларға автормен (авторлық ұжыммен) ұсынылған құжаттардың барлық жиынтығы  беріледі.

14. Бір оқулық басылымын, ОӘК сараптауАкадемия кафедрасының (орталықтың, институттың) отырысында шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде ұйымдастырылады және жүргізіледі.

15. Сараптау қорытындысында мынадай шешімдердің бірі көрсетіледі:

1) басылымға және оқу процесінде пайдалануға ұсынылады;

2) басылымға және оқу процесінде пайдалануға ұсынылмайды.

16.Автор (авторлық ұжым) сараптау нәтижелері туралы сараптау қорытындысы шыққаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Бөлімшемен хабарландырылады.

17.Сарапшылардың оңтайлы қорытындысының негізінде Академияның оқу-әдістемелік кеңесі және Ғылыми кеңесі оқулық басылымын, ОӘК баспадан шығаруға ұсынады.

18. Сараптау нәтижесімен автор (авторлық ұжым) келіспеген жағдайда, Академия кафедрасының (орталықтың, институттың) шешімі бойынша қосымша сараптау жүргізіледі, оны жүргізу осы Қағидалардың 12 тармағына сәйкес басқа сарапшыларға тапсырылады.

Қосымша сараптау Бөлімшемен ұйымдастырылады.

19. Сарапшылардың қорытындысы негізінде пысықталған оқулық басылымдарына, ОӘК осы Қағидаларадың 11-14 тармақтарына сәйкес сараптау жүргізіледі.

20. Оқулық басылымын, ОӘК пысықтау туралы қорытынды сарапшылармен қайта шығарылған жағдайда, оларды кейін сараптау сәйкес шешім шығарылған соң кемінде бір жылдан соң жүргізіледі.   

4. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді сынамақтан өткізу, оларға мониторинг жүргізу және басып шығару тәртібі

21. Жаңадан әзірленген оқулық басылымдарын сынамақтан өткізу бір оқу жылы ішінде жүргізіледі.

22. Сынамақтан өткізу оқулық басылымдыкейіннен оқу процесіне енгізу мақсатыменжүргізіледі.

23. ОӘК (немесе оның жекелеген элементтерін) сынамақтан өткізу кем дегенде бір оқу жылында жүргізіледі.

24. Оқулық басылымдарын, ОӘК сынамақтан өткізу білім беру мекемелерінде жүргізіледі.

25. Сынамақтан өткізу нәтижелері автордың (авторлық ұжымның) қатысуымен Академияның оқу-әдістемелік кеңесінде оқулық басылымын, ОӘК білім беру қызметінде пайдалану мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін қаралуға жатады.

Сынамақтан өткізу нәтижелері бойынша оқулық басылымын, ОӘК жетілдіру бойынша ұсыныстар шығарылған жағдайда, олар оқулық басылымдарына, ОӘК мониторинг жүргізу кезінде есепке алу үшін Бөлімшеге тапсырылады. 

Оқу-әдістемелік кеңестің шешімі қабылданған күнінен бастап бір жыл ішінде күшінде болады. 

26. Бөлімше оқулық басылымдарын, ОӘК мониторингін келесі мақсаттарда жүргізеді:

1) Академияда білім беру процесін, оқу бағдарламаларын қазіргі заманғы оқулық басылымдарыгмен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша талдау жасау;

2) оқу процесінде пайдаланылатын оқулық басылымдары, оқу-әдістемелік кешендерінің сапасын жақсарту және оларды өзектендіру қажеттігінде.

Мониторинг нәтижелері бойынша Бөлімше ұсыныстар шығарады және оларды Академияның оқу-әдістемелік кеңесі және Ғылыми кеңесінің қарауына енгізеді.

27. Оңтайлы тәжірибені енгізу мақсатында Академия өзінің оқу басылымдарымен айырбас жасауды кейіннен оларды білім беру ұйымдарының оқу процесіне енгізумен жүргізеді.

28. Оқулық басылымдары, ОӘК Академияның және/немесе автордың (авторлық ұжымның) қаражаты есебінен басылып шығарылады.

Оқулық басылымын, ОӘК басып шығару Академияның оқу-әдістемелік кеңесі және Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

29. Оқулық басылымын, ОӘК редакциялау және теру Бөлімшемен қамтамасыз етіледі, бұл аяқталған соң олардың таралымы жүргізіледі. 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.