You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғауоргандары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының
Бас Прокурорының
2016 жылғы «31» наурыздағы
№ 59 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғауоргандары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және
тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту 
қағидалары

1. Жалпы ережелер

1.Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағыҚұқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіби  практикадан және тағылымдамадан өтуін ұйымдастырудың қағидалары(бұдан әрі – Қағидалар)«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегіҚазақстан Республикасының  Заңы 5-1 бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағыҚұқық қорғау органдарыАкадемиясында (бұдан әрі – Академия) білім алушылардың кәсіптік практикасымен мен тағылымдамасынұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.

3.Кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру мен өткізу Академияның кафедра меңгерушілеріне, Академияның оқу-әдістемелік жұмыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімшелерінің басшыларына, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Институты директорына жүктеледі (бұдан әрі – ЖООКБИ).

4. Кәсіптік практика және тағылымдама қорытындысы Академияның Оқу-әдістемелік кеңесінің(бұдан әрі - ОӘК) отырысында қарастырылады.

5. Білім алушылар кәсіптік практика және тағылымдамадан өту кезінде қабылдайтын ұйымның ішкі жұмыс тәртібінің ережесін сақтайды.

2. Кәсіптік практикаданөту тәртібі және ұйымдастырылуы

6. Кәсіптікпрактика білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын ескере отыра академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады (бұдан әрі - МЖМБС) және келесі түрлерге бөлінеді: педагогикалық, зерттеу,өндірістік.

7.Практика көлемі мен еңбек сыйымдылығы МЖМБСжәне Үлгілік оқу жоспарының(бұдан әрі-ҮОЖ) талаптарына сәйкес есептеледі.

8.Кәсіптік практиканыңтиістібазасыайқындалатын кәсіптікпрактикадан өтудің әрбір түрініңмақсаты, міндеті және бағдарламасы болады.

9. Академиякәсіптікпрактикаданөтутуралы кәсіптікпрактиканың әрбір түрі бойынша құжаттардыәзірлейді.

10. Білім беру бағдарламаларының талаптарына және мамандарды даярлау бейініне сәйкес білім алушылардың кәсіптікпрактикасын өткізу бойыншабазалар ретінде (бұдан әрі – практикалар базасы) мемлекеттік органдар және білім беру ұйымдары анықталады.

Кәсіптік практика тікелей басшылық жасайтын Академия проректорының бұйрығымен Академияның тиісті кафедрасына бекітіледі (бұдан әрі – жауапты кафедра).

11. Практикалар базаларымен жасасқан келісімдер оқу жылының басталуына бір ай қалған мерзімнен кешіктірілмей жасалады.

12. Келісімде Академияның,практика базалары мен білім алушылардыңқұқықтары мен міндеттері анықталады.

13. Кәсіптікпрактиканы өткізу үшін Академия практика базаларымен келісілген бағдарламаны және күнтізбелік кестелерді бекітеді.

14. Кәсіптік практикабағдарламасы практикалар базасын ұйымдастыруқызметінің сипатын, мамандық бейінін ескере отыра жауапты кафедрамен әзірленеді және ОӘК бекітіледі.

15. Кәсіптікпрактикаданөтубағдарламасында мамандық бейіні, практикадан өтутүрінің ерекшелігі, кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптар қамтылады.

16. Практикадан өтудібастамас бұрын білім алушыларды кәсіптік практика бағдарламасымен, есеп құжаттамасына қойылатын талаптармен таныстырылатын жауапты кафедраның отырысы өткізіледі.

Отырыс нәтижелері хаттамамен ресімделеді.

17. Білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізу бойынша осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес формасы бойынша кәсіптік практикадан өтудің жеке жоспары және 2 қосымшасына сәйкес формасы бойыншакәсіптік практикадан өту туралы күнделік құрастырылады.

18. Кәсіптікпрактиканы өту бойынша білім алушыларға Академияның жауапты кафедраларынан және практика базаларынан жетекшілер тағайындалады.

Жетекшілердің қызметтері, міндеттері мен жауапкершіліктерін Академия және практика базалары өздігінше немесе келісім бойынша анықтайды.

19. Білім алушыларды практиканың барлық түріне жолдау, практикаданөту мерзімі, орны, жетекшісі көрсетіле отырып Академия Ректорының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Бұйрық, практика өтпестен бұрын бір апта мерзімнен кешіктірілмей шығарылады.

20. Кәсіптікпрактикаданөтудіңқорытындысы бойынша білім алушылар Академияның кәсіптік практика жетекшілері тексеретін есеп дайындайды.Тексеру қорытындысы бойынша Академияның кәсіптік практика жетекшілері осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес формасы бойынша жазбаша пікір дайындайды.

21. Практикабазаларының жетекшілері білім алушылардың кәсіптік практикасын аяқтағаннан кейін Академияға ұсынылатын кәсіптік практика нәтижесі туралы, жеке жоспардың орындалуы туралы жазбаша түрде пікір дайындайды.

22. Білім алушылардың кәсіптік практика нәтижесі туралы есебін жауапты кафедра меңгерушісі және оның оқытушыларынан, кәсіптік практика жетекшілерінен тұратын ЖООКБИ директорымен құрылатын комиссия қарастырады.

Комиссия отырысына ұсынылған есепті қорғау үшін білім алушылар шақыртылады.Есепті қорғау нәтижесі балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.

23.Кәсіптікпрактикадан өтубойынша бағалары кәсіптік практика базаларының жетекшілерінің бағаларын есепке ала отыра яғни қорытынды баға 40% құрайды, жәнеесепті қорғау қорытындысы бойынша комиссияныңбағалауы 60% құрайды.Әрбірбаға 100 балдықшкала бойыншақойылады.

24. Білім алушының практикаданөтуібойынша есептік құжаттары(жеке жоспар, кәсіптік практикадан өту туралы күнделігі жәнеесебі, пікірлері) Академиядағы оқуы аяқталғаннан кейінекі жыл бойыкафедрадасақталады.

25. Кәсіптікпрактика бағдарламасы, кәсіптік практиканың жеке жоспары талаптарын орындамаған, кәсіптік практикаданөту базасынан теріс пікір алғаннемесе есепті қорғаған кезде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар келесі академиялық кезеңде теориялық оқумен қатар немесе жазғы (қосымша) семестрде осы практика түрін қайта өтуге жіберіледі.

26. Сырқаттануына немесе басқада себепті жағдайларға байланысты курспен бір мезгілде кәсіптік практикадан өтпеген білім алушылар Академия Ректорының бұйрығына сәйкес басқа уақытта өтеді.

3. Педагогикалық практиканы өткізу және ұйымдастырудың әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар

27. Педагогикалық практикабілім алушылар үшін  3 кредит мөлшерінен кем емес (3 апта, мамандықтың ҮОБ жоспарлаған кредиттеріне  қарамастан)  ұйымдастырылады.

28. Педагогикалық практикакелісім шарттары бар ЖООжүргізіледі.

29. Педагогикалық практиканы өткізу мақсатыпрактикалық дағдылар меноқыту әдістерінқалыптастыруғабағытталған.

30. Педагогикалық практикатеориялық оқытукезеңінде оқу процесінен қол үзбей жүзеге асырыла отырамагистранттар мен докторанттар бакалавриатта және магистратурада сабақтар жүргізуге тартылады.

31. Педагогикалық практиканыңнегізгі міндеттерімыналар болып табылады:

1) педагогикалық шеберлікнегіздерінмеңгеру;

2) оқу-тәрбиелік  жәнеоқыту жұмысынөзі меңгеру қабілеті мен дағдысы;

3) педагогикалық зерттеудіңдағдыларын игеру.

32. Педагогикалық практика бағдарламасы мамандықтың білім беру талаптарына сәйкес әзірленеді және білім алушының кәсіби маңызды  қабілеттерін дамытуға және педагогтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

4. Зерттеу практикасын өткізу мен ұйымдастырудың әдістемелік қамтамасыз етілуінеқойылатын талаптар

33.Зерттеу практикасы білім алушылар үшін3 кредиттен кем емес мөлшерінде(3 апта, мамандықтың ҮОБ жоспарланған кредиттеріне қарамастан) ұйымдастырылады.

34.Зерттеупрактикасыотандық жәнешетелдік ғылымның жаңатеориялық, әдістемелік және технологиялықжетістіктерін игере отыра,ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен, эксперименттік деректердіөңдеужәне интерпретациялаумен танысу мақсатында өткізіледі.

35. Зерттеу практикасының негізгі міндеті зерттеулердің заманауи әдістемесін игеру.

36. Зерттеу практикасының базалары:

1) ғылыми-зерттеу орталықтары, ЖОО институттары;

2) ведомствоаралық ЖОО ғылыми-зерттеу институттары;

3) Академияныңведомствоаралықғылыми-зерттеу институтыболып табылады.

37. Зерттеупрактикаларыбағдарламасымамандықтыңбілім беру бағдарламасыныңталаптарына сәйкесәзірленеді және заманауи ғылымизерттеулер  өткізу үшіндағдыларды игеруге бағытталған.

38.Зерттеупрактикасының мазмұны білім алушылардың  диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады.

5. Өндірістік практиканы өткізу мен ұйымдастырудың әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар

39.Өндірістік практикамагистранттар үшін 2 кредит, ал докторанттар үшін3 кредит көлемінен кем емес  өткізіледі.

40.Өндірістік практиканың мақсатыоқубарысында алған теориялықбілімдерін, оқытылғанмамандық бойыншатәжірибелік дағдыларды, біліктілігімен және кәсіптік қызмет тәжірибесінбекітуболып табылады.

41.Өндірістік практиканыңнегізгі міндетіболып табылады:

1) кәсіби біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру;

2) кәсіби қызметтіңозықәдістерінмеңгеру;

3) ұйымдастырушылық тәжірибе алу.

42. Өндірістік практика бағдарламасы мамандықтың білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес әзірленеді және кәсіптік стандарттарының талаптарына сәйкес білім алушының кәсіби маңызды  қабілеттерін дамытуды қалыптастыруға бағытталған.

43.Өндіріс практикасының базасы оқытылғанбейіндікмамандығынасәйкес келетін құқық қорғау органдары болып табылады.

44. Өндіріс практикасының мазмұны  диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады.

6. Тағылымдамаданөту тәртiбi мен мерзімдері

45.Магистранттардың тағылымдамадан өтуі оқу жылының екінші және төртінші семестр аралығында, докторанттардың тағылымдамадан өтуі оқу жылының екінші мен алтыншы семестр аралықтарында  жүргізіледі.

46.Білім алушылар тағылымдамадан білім алушылардың қорытынды аттестациясына дейін екі айдан кешіктірілмей өтуі керек.

47.Білім алушылардың тағылымдамадан өту орны Академияның халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыратын бөлімше (бұдан әрі – Бөлімше) құрастырған білім алушылардың арнайы шақыртуын ескере отыра шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдар тізбесі негізінде анықталады.

48.Тағылымдамадан өтетін білім беретін және ғылыми ұйымдар мамандықтың ғылыми бағытына сәйкес болуы керек, қажетті заманауи материалдық-техникалық базасы мен білікті профессорлық-оқытушылар құрамы болуы қажет.

49. Білім алушылар тағылымдамадан өтуі үшін ғылыми жетекшісінің қатысуымен (ғылыми кеңесшісімен)осы Қағиданың 4 қосымшасына сәйкес формасы бойынша  жоспар құрастырылады (бұдан әрі- Жоспар) және Бөлімшеге шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдармен тағылымдама кезеңі, мерзімі, орны және тақырыбы бойынша келісу үшін жіберіледі.

50. Шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдардың білім алушыларды  тағылымдамадан өтуге қабылдауы расталған жағдайда Жоспар ЖООКБИ директорымен бекітіледі.

Бекітілген Жоспар тағылымдамадан болжамды өту кезеңіне дейін8 апта (жақын шетел), 12 апта (алыс шетел)  бұрын Бөлімшеге жолданады.

51. Акдемияның оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бөлімшесінетағылымдамаға жіберілген білім алушылар келесі құжаттарды ұсынады:

1) Академия Ректорының атына ғылыми жетекшінің, кафедра меңгерушісінің, ЖООКБИ директорының және Академияның бірінші проректорының рұқсаты бар баянат;

2) шетелдік ұйымнан тағылымдамадан өту үшінмемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасы бар шақырту хатының көшірмесі;

3) тағылымдамадан өту жоспары.

52.Академия Ректоры оң шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күніішінде оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бойынша бөлімше білім алушының шетелде тағылымдамадан өту бойынша іссапарға жіберу бұйрығының жобасын әзірлеп, қол қою үшін кадр жұмысы және ішкі бақылау бөлімшесіне береді.

53. Білім алушылар Қазақстан Республикасынантысқары шығуға бес жұмыскүні қалғанда мемлекеттік құпияны сақтау бойынша Академияның бөлімшесінде нұсқаулықтан өтеді.

54. Алыс шетелге шығатын болса визаларды ресімдеу Бөлімшемен қамтамасыз етіледі.

55. Білім алушылар тағылымдамадан өту кезеңінде осы Қағиданың 5 қосымшасына сәйкес формасы бойынша күнделік жүргізеді және  қабылдайтын шетелдік білім беру мен (немесе) ғылыми ұйымдардың Жарғысын сақтайды.

56. Сырқаттануына немесе басқада себепті жағдайларға байланысты тағылымдамадан өтпеген білім алушылар Академия Ректорының шешімімен кейінгі мерзімге ауыстырылады.

57. Тағылымдамадан өткеннен кейін білім алушылар тағылымданы өтті деген растайтынқұжатты (сертификат, куәлік, анықтама және т.б.) Академияның оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бөлімшеге тапсырады.

58. Тағылымдама аяқталғаннан соң бескүннен кейін білім алушылар осы Қағиданың 6 қосымшасына сәйкес формасы бойынша Академияның кафедрасында қорғалатын тағылымдамадан өткендігітуралы есеп дайындайды.

Есеп ғылыми жетекшімен, Академияның кафедра меңгерушісімен, ЖООКБИ директорымен куәландырылып, Академияның ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бойынша бөлімшеге беріледі.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.