You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім беру технологияларын қолдана отырыпоқу процесін ұйымдастыру қағидалары

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы «31» наурыздағы
№ 57 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясында
білім беру технологияларын қолдана отырыпоқу процесін ұйымдастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім беру технологияларын қолдана отырыпоқупроцесінұйымдастыруқағидалары (бұданәрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1 - бабы 18) тармақшасына сәйкесәзірленген.

2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия)қашықтықтан білім беру технологияларын(бұдан әрі – ҚБТ)қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру тәртібін анықтайды.

3. ҚБТ іске асыру мынадай түрлер бойынша жүзеге асырылады: теледидарлы технология, желілік технология және кейс-технология.

4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

5. ақпараттық-білім беру порталы - ҚБТ бойынша білім беру процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әкімшілік-академиялық оқу-әдістемелік ақпараты бар ақпараттық ресурстар мен Интернет сервистерінің желілік ұйымдастырушылық өзара байланысқан жиынтығы;

6. желілік технология - оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивтік өзара іс-қимыл нысандарын, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінде оқу процесін әкімшілендіруді қамтитын технология;

7. кейс-технология - қағаз, электронды және өзге де тасымалдағыштарда оқу-әдістемелік материалдар жиынтығына (кейстерге) және оларды өз бетінше зерделеу үшін білім алушыларға жеткізуге негізделген технология;

8. контент - оқу материалдарын ақпараттық (мәтіндер, графика, мультимедиа және өзге де ақпарттық маңызды толықтырулар) толықтыру;

9. қашықтықтан білім беру технологияларын іске асыратын білім беру ұйымының интернет-ресурсы - білім беру процесінің қатысушылары үшін әкімшілік-академиялық ақпараттары бар интернет-ресурс;

10. мультимедиа - пайдаланушыға диалогтық режимде әр текті деректермен (графика, мәтін, дауыс, бейне) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені;

11. «on-line»- нақты уақытта ақпаратпен алмасу;

12. «off-line» - еркін уақыт кеңістігіндегі ақпаратпен алмасу;

13. силлабус - оқу пәнінің қысқаша сипаттамасы бар, оқытылатын пәннің негізгі тақырыптары көрсетілген білім алушыға арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы;

14. теледидарлық технология - теледидардың эфирлік, кабельдік және спутниктік желілерін пайдалануға негізделген технологиялар;

15. тестілеу кешені - білім беру процесінің барлық деңгейінде білім алушылардың оқу материалдарын меңгеру дәрежесін анықтау үшін қолданылатын бағдарламалық құрал.

2. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі

  1. ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін Академияда:
  1. білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әкімшілік ақпараты бар парақтарымен білім беру порталын;
  2. телекоммуникациялық желіге шығу мүмкіндігі бар жабдықты (Интернет, спутниктік теледидар);
  3. мультимедиалық сыныптарды және электрондық оқу залдарын;
  4. оқу контентін;
  5. тестілеу кешенін;
  6. оқытуды басқарудың желілік жүйесін (Learning Management System - LMS) қолданады.
  1. ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін Академия:
  1. профессорлық-оқытушылық құрамды, ҚБТ-ын іске асыру бойынша бөлімшесінің қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырады;
  2. білім беру ресурстарын әзірлеу және жаңарту үшін жағдай жасайды;
  3. білім алушыларға оқу материалын ақпараттық технологиялар немесе қағаз тасымалдағыштар арқылы жеткізеді;
  4. «on-line» режимінде кеңес беруді ұйымдастырады және өткізеді;
  5. «off-line» режимінде білім алушылармен кері байланысты ұйымдастырады;
  6. «on-line», «off-line» режимінде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылайды;
  7. аутентификация жүйесі арқылы білім алушылардың тұлғасын сәйкестендіреді.
  1. Білім алушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін Академияда ҚБТ-ын пайдалану арқылы іске асырылатын оқу жоспарларының барлық пәндері бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешендер құрастырылады.

Электронды оқу-әдістемелік кешендерді дайындауды бекітілген оқу жұмыс бағдарламалары бойынша курстың әзірлеушісі жүзеге асырады.

  1. Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша жиынтықтарынан тұрады.
  2. Міндетті жиынтық:
  1. пәннің мазмұнын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарын, ұсынылатын әдебиеттер (негізігі және қосымша) тізімін, пәннің модульдерге бөлінуін қамтитын силлабустан;
  2. дәрістердің электрондық конспектісінен;
  3. практикалық және семинар сабақтарының материалдарынан;
  4. білім алушының өзіндік жұмысы және оқытушының басшылығымен өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалардан;
  5. аралық бақылауды ұйымдастыру материалдарынан (бақылау жұмыстары, тестілеу тапсырмалары, жеке тапсырмалар);
  6. қорытынды бақылау ұйымдастыру материалдарынан (тестілеу емтихан тапсырмалары, емтихан сұрақтары, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары);
  7. қашықтықтан консультациялар жүргізу кестесінен тұрады.
  1. Қосымша жиынтық Академиямен дербес анықталады.
  2. Академияда білім алушылардың деректер базасын (білім алушыларды қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау туралы бұйрықтар, олардың ағымдағы үлгерімі туралы мәліметтер) қамтитын ақпараттық басқару жүйесі құрылады.
  3. Академияда ҚБТ-ны қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыруды тиісті білім беру бағдарламаларын іске асыратын құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады.
  4. ҚБТ-ын сүйемелдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, ҚБТ-ға байланысты құжаттаманы жүргізеді.
  5. ҚБТ-ны сүйемелдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше ҚБТ-ның электрондық оқулықтарын, мультимедиалық курстарын, әдістемелік құралдары әзірлеуді, алуды және игеруді жүзеге асыруға консультативтік көмек көрсетеді, білімді бақылаудың тестілеу жүйесіне және басқа да құралдарына әкімшілік етеді, ҚБТ-ры үшін ақпараттық ресурстарды пайдалану әдістемесін әзірлейді.
  6. ҚБТ-ын сүйемелдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше қашықтықтан оқытудың бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлеуге, игеруге және қолдауға белсене қатысады.
  7. Академия білім алушыларға қазіргі заманғы қолжетімді барлық телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, оқу процесіне қатысушылардың өзара әрекет етуі арқылы әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді.
  8. Білім беру қызметінің барлық түрлері:
  1. оқытушының немесе ҚБТ-ын сүйемелдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің білім алушылармен телекоммуникациялық құралдарды пайдалана немесе Академияда тікелей байланыс орната отырып қатынасы;
  2. білім алушының оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы (ОӘК, қосымша әдебиет)арқылы жүзеге асырылады.
  1. ҚБТ қашықтықтан оқу сабақтарын «оn-line», «off-line» режимінде өткізуге негізделген.
  2. «Оn-line» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудын өзара іс-әрекеті процесін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер).
  3. «Оff-line» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен аралық және/немесе қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.
  4. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
  5. Үлгерімді ағымдық бақылауды және аралық аттестаттауды:
  1. телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен қоса оn-line режимінде білім алушы мен оқытушының тікелей қатынасы;
  2. автоматтандырылған тестілеу кешендері;
  3. жазбаша жеке тапсырмаларды тексеру (кейс-технология)арқылы өткізуге рұқсат етіледі.

23.Білім алушы пән бойынша аралық аттестаттауға оқу жұмысы  бағдарламасымен белгіленген барлық бақылау іс-шараларын орындағаннан және тапсырғаннан кейін жіберіледі.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.