You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асырудың қағидалары

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы «31» наурыздағы
№ 55  бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясына оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асырудың қағидалары

1.   Жалпы ережелер

1.Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5-1-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі - Академия) оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін реттейді.

3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) академиялық күнтізбе – демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсетімен оқу жылы ішіндегі оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіптік практиканы өткізудің күнтізбесі;

2)білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ) – өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, рефераттар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс, білім алушының санатына қарай ол магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі – МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі – ДӨЖ) болып бөлінеді;

3)ғылыми-әдістемелік жұмыс – педагогтардың кәсіптік құзыретін арттыру және білім беру процесінің инновациялық проблемаларын шешу арқылы білім сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтардың және құрылымдық бөлімшелердің бірлескен қызметінің көп деңгейлі, көп функциялы жүйесі;

4) ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа кеңесі (бұдан әрі - ҒЗРБК) – Академияда ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа қызметі сапа, ықпал ету және дамытудың қамтамасыз етуіліне бақылауды жүзіге асыру мақсатында құрылғын коллегиялық басқару органы;

5) жеке оқу жоспары (бұдан әрі - ЖОЖ) – білім алушымен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары;

6)оқу-әдістемелік жұмыс - білім беру процесін оқытушылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі;

7)Оқу-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі – ОӘК) – оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында құрылған басқарманың алқалы органы;

8)оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОБӨЖ) – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін, оқу сабақтарының жалпы кестесіне кірмейтін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы және ол оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОМӨЖ) мен оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОДӨЖ) болып бөлінеді.

2. Оқу процесін ұйымдастырудың тәртібі

4. Академия жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады.

5. Академияда оқу процесін ұйымдастыру үшін келесі оқу-әдістемелік құжаттар жүргізіледі:

1) оқу тобының білім алушыларының сабақтарын, үлгерімін және қатысуын есепке алу журналы;

2) профессорлық-оқытушылық құрамның (бұдан әрі - ПОҚ) жеке жұмыс жоспары;

3) оқытушының оқу жүктемесін тіркеу журналы;

4) оқу тобына емтихандық-рейтингтік ведомосі;

5) жеке емтихан-рейтингтік парағы;

6) білім алушылардың сынақ кітапшасы;

7) білім алушының жеке жоспары;

8) білім алушының ЖОЖ;

9) транскрипт;

10) кәсіптік практика мен тағылымдама нәтижелері бойынша қорғау хаттамалары;

11) білім алушылардың барлық оқу кезеңінің оқу жоспарын орындау нәтижелері туралы жинақ ведомосі;

12) Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - МАК)  Төрағасының есебі.

6. Академияда оқу жылы тиісті жылдың 1-қыркүйегінен басталады.

7. Білім алушыларды оқу сабақтарынан босату Академия Ректорының немесе бірінші проректордың жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

8. Бір оқу жылының шеңберіндегі оқу процесін ұйымдастыру Ғылыми кеңестің шешімі бойынша Академия Ректорымен бекітілетін академиялық күнтізбе негізінде іске асырылады.

9. Оқу сабақтарының кестесінде сабақты жүргізетін адамның көрсетілуімен әрбір курстың, оның жекеленген ағындары мен оқу топтарында сабақтардың өтетін уақыты, орны мен түрі туралы толық ақпарат қамтылады.

Оқу сабақтарының кестесі оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкес келеді, негізгі педагогикалық талаптарға жауап береді және пәнді зерделеудің әзірленетін құрылымдық-логикалық сызбаларын ескере отырып дайындалады.

10. Білім беру бағдарламалары Жұмыс оқу бағдарламасы (бұдан әрі - ЖОБ), Пәндердің оқу-әдістемелік кешені (бұдан әрі - ПОӘК) негізінде жүзеге асырылады.

11. ПОӘК-ты Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының (бұдан әрі - ЖООКБИ) кафедралары ЖОБ негізінде әзірлейді және кафедра отырыстарында бекітеді.

ПОӘК әзірлеу, өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібін Академия дербес анықтайды. ПОӘК әзірлеу жаңадан енгізілген пәндер үшін көзделеді. Өзгерістер мен толықтырулар қолданыстағы ПОӘК-ге енгізіледі.

12. Міндетті компонент пәндері бойынша ЖОБ-ы  ЖООКБИ-дің ПОҚ-пен Үлгілік оқу бағдарлама-ға (бұдан әрі - ҮОБ) сәйкес әзірленеді, Оқу-әдістемелік кеңесінің (бұдан әрі – ОӘК) отырысында қаралады және Академияның бірінші проректорымен бекітеді.

13. ПОӘК оқу жылының басына дейін қағаздағы және электронды нұсқасында әзірленеді.

14. ПОӘК құрылымына кіреді:

1) басты парақ: пәннің паспорты, бекітілген күні мен орны;

2) пәннің ҮОБ (міндетті компонент пәндері үшін);

3) пәндердің ЖОБ-ы ОӘК-де қарастырылады және оның Төрағасымен бекітіледі.

ЖОБ-на:

басты парақ;

пәннің сипаттамасы (мақсаты, пәнді оқудың тапсырмалары, білім алушылардың білім, білік, дағды және құзыретіне қойылатын талаптар);

пәнді оқудың тақырыптық жоспары (дәріс, семинар (практикалық) сабақтар – кесте түрінде);

пәннің мазмұны (дәріс, семинар (практикалық) сабақтарының сұрақтары, МӨЖ, ДӨЖ-ге арналған тапсырмалар, олардың көлемі сағатпен);

әдебиеттер тізімі: негізгі және қосымша кіреді.

4)пән бағдарламасы (Sуllabus), онда:

басты парақ;

оқытушы туралы мәлімет;

пәннің пререквизиті және постреквизиті;

пәннің сипаттамасы (пәнді оқудың мақсаты, тапсырмалары, білім алушылардың білімі, білігі, дағдысы мен құзыретіне қойылатын талаптар);

пәнді оқудың тақырыптық жоспары (дәріс, семинар (практикалық) сабақтар – кесте түрінде);

пәннің мазмұны (дәріс, семинар (практикалық) сабақтардың сұрақтары, МӨЖ, ДӨЖ тапсырмалары, олардың көлемі сағатпен);

оқытушы талаптары, саясаты және  рәсімдері;

білім алушылардың білімін бағалаудың өлшемі;

әдебиеттер тізімі кіреді.

5) дәріс кешені (дәріс тезистері, ұсынылатын әдебиеттер тізімі);

6) білім алушылардың өзіндік жұмыстары үшін материалдар;

7) білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, өзіндік дайындық үшін сұрақтар тізбесі және т.б.);

8) оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз етілуі (пәннің мазмұнына байланысты);

9) арнаулы жабдықталған аудиториялар, кабинеттер тізбесі енеді.

15. ПОӘК-тің қағаздағы нұсқасы ЖООКБИ-дің тиісті кафедраларында сақталады.

16. ПОӘК-тің электронды нұсқасын тиісті пән оқытушыларымен оқу процесін автоматтандырумен қамтамасыз ететін ақпараттық жүйеге енгізеді.

17. ЖОБ-ға өзгерістер мен толықтырулар кафедра меңгерушісінің ұсынысымен қажет болған жағдайда ОӘК отырысында талқыланғаннан кейін енгізіледі.

3.     Оқу процесін жүзеге асыру тәртібі

18. Академияда оқу процесі оқытудың кредиттік технологиясы бойынша жүзеге асырылады.

19. Оқытудың кредиттік технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы білім алушының пәндерді таңдауы мен сатылықпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.

20. Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын  есептеу кредитпен өлшенетін оқытылатын материалдың көлемі бойынша іске асырылады.

21. Білім беру бағдарламаларының мазмұны Қазақстан Республикасының  2007  жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес бекітілген  Мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартымен (бұдан әрі - МЖМБС)  анықталады және оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады.

22. Оқу жоспарлары үш нысанда әзірленеді:

1)  үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі - ҮОЖ);

2)  оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ);

3)  ЖОЖ.

23. Оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу жоспарының әрбір оқу пәніне әріптік және сандық белгілердегі тиісті кодты беруді қарастыратын пәндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі пайдаланылады.

24. ОЖЖ-да міндетті компоненет пен таңдау бойынша компоненттің әрбір оқу пәнінің тізімі мен кредит түрінде еңбек сыйымдылығы, оларды оқытудың тәртібі, оқу сабақтарының түрлері мен бақылау нысандары анықталады.

25. ОЖЖ-ы оқу жылына әзірленеді және Ғылыми кеңестің шешімі негізінде Академия Ректорымен бекітіледі.

ОЖЖ оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу үшін негіз болып табылады.

26. ОЖЖ-ның және ЖОЖ-ның нысанын, құрылымын және әзірлеу тәртібін Академия дербес айқындайды.

27.  ЖОЖ әрбір білім алушының жеке білім траекториясын бөлек айқындайды.

Білім алушы өзінің ЖОЖ-ын жасауда:

1) осы Қағидалармен танысады;

2) оқу пәндеріне тіркеудің және ЖОЖ өзгерістер енізудің белгіленген мерзімін сақтайды;

3) тиісті деңгейдің оқу бағдарламасын меңгеру үшін кемінде оқу жылына белгіленген кредиттер санына жазылады.

28.  Білім алушының пәнді оқуға жазылуын Академияның оқу процесін ұйымдастыру бойынша бөлімшесі жүзеге асырады. Ұйымдастырушылық-әдістемелік және кеңес жұмыстарын жүргізу үшін эдвайзерлер тартылады.

29. ЖОЖ-ны үш данада ЖООКБИ директоры бекітеді: бірі – білім алушының жеке ісінде сақталады және ол білім алушының кәсіптік оқу бағдарламаларын орындауына және меңгеруіне бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады, екіншісі – аралық аттестаттауды ұйымдастыру үшін Академияның оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі бөлімшесіне, үшіншісі – білім алушыға тапсырылады.

30. ҮОЖ-ды толықтыру үшін  оқытудың мақсаты, қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) және күтілетін нәтижелерін (білім алушылардың алған білімдері, білігі, дағдылары және біліктіліктері) нұсқаумен қысқаша сипаттамасын қамтитын таңдау бойынша компоненттің барлық пәндерінің жүйелендірілген аннотациялық тізімін көрсететін элективті пәндердің каталогы (бұдан әрі - ЭПК) әзірленеді.

ЭПК-та әрбір оқу пәндерінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК білім алушыларға элективті оқу пәндерді баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

31. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан, кәсіптік практика мен тағылымдамадан тұрады.  Бітіруші курста  оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі кіреді.

Академияда академиялық кезең семестрде 15 апта ұзақтыққа ие болады.

Аралық аттестаттау кезеңі кемінде 1 апта ұзақтыққа ие болады.

Каникулдық демалыстар білім алушыларға әрбір академиялық кезеңнен кейін беріледі, онда бітіруші курстан басқа оқу жылындағы каникулдық демалыс  кемінде 6 аптаны құрайды.

32. Ұзақтығы кемінде 2 аптаны құрайтын академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жоюүшін (бітіруші курсты есепке алмағанда) жазғы семестр енгізуге жол беріледі.

Жазғы семестр каникулдық демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарланады.

33. Академияның ПОҚ педагогикалық жүктемесін жоспарлау академиялық сағат немесе кредит көлемінде жүзеге асырылады. Бұл ретте аудиториялық сабақтардағы педагогикалық жүктеме оқытушының білім алушымен байланысы  уақыты бойынша есептеледі.

Әрбір білім алушымен жеке жұмыс түрлеріне жұмсалатын уақыт шығыны (МӨЖ/ДӨЖ тапсырмаларын қабылдау, емтихан қабылдау, оның ішінде МАК құрамында, магистрлік/докторлық диссертацияларға жетекшілік ету) Академияның дербес бекіткен уақыт нормасы негізінде есептеледі.

Академиялық сағаты 100 минутқа тең зертханалық сабақтарды қоспағанда, академиялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең,

Білім алушылардың кәсіптік практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының, қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.

34.Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды және магистранттар мен докторанттардың аптадағы ғылыми-зерттеу (зерттеу-тәжірибе) жұмысын жоспарлау білім алушылардың 54 сағатқа (6 күндік жұмыс аптасында БӨЖ-ді қосқанда күніне 9 сағат) тең апта ішіндегі нормативтік жұмыс уақытына байланысты анықталды.

35. Оқу сабақтары басым түрде белсенді шығармашылық нысандарда жүргізіледі (кейс-стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар).

36. Білім алушылардың оқытудың кредиттік технологиясы кезінде өзіндік жұмысы ОБӨЖ және БӨЖ-ге бөлінеді.

37. Білім алушылардың өзіндік жұмысының жалпы көлеміндегі ОБӨЖ (МОӨЖ/ДОӨЖ) үлесін Академия дербес анықтайды.

38. Білім алушылардың барлық оқу тапсырмалары бойынша оқу жетістіктері осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

39. Оқытудың барлық кезеңінде меңгерілген пәндер транскрипте кредиттер мен  бағалардың  әріптік және сандық эквивалентте көрсетілуімен осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес нысанда жазылады.

Транскрипт оқытудың кез келген уақытында білім алушының жазбаша өтініші бойынша беріледі. 

4.     Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметін
ұйымдастыру және жүзеге асыру

40.Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметі ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу мен енгізу және профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру мақсатында МЖМБС-ке сәйкес жүзеге асырылады.

41. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметтің міндеттері болып табылады:

1) білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

2) білім беру үдерісіне жаңа технологияларды, әдістерді, құралдар мен нысандарды  дайындау, енгізу және  қолданыстағыларды жетілдіру;

3) педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру болып табылады.        

42. Академияның оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметі мынадай бағыттарды қамтиды:

1) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мен білім беруді ақпараттандыруды қорыту және тарату жөніндегі іс-шараларды өткізу;

2) білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;

3) білім беру процесін оқу әдебиеттерімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру;

4) оқытудың жаңа технологиялары бойынша, оның ішінде кредиттік технология бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу;

5) мәндес мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын бірыңғайландыру жөнінде ұсыныстарды енгізу;

6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді, МЖМБС жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

7) оқу процесіне заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, дидактикалық материалдарды және оқытудың автоматтандырылған жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық-кітапханалық жүйелерін енгізу;

8) ЖОБ әзірлеу, ҮОБ жобаларын дайындауға қатысу;

9) МЖМБС талаптарын ескере отырып, ОЖЖ мен ЖОБ-ты сараптау;

10) оқулықтар, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік, оның ішінде электрондық тасымалдағыштағы құралдарды және дидактикалық материалдарды әзірлеу;

11) оқытудың сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін талдау;

12) магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны мен нысандарын ұйымдастыру, үйлестіру, талдау;

13) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша тақырыптық ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарларды, конференцияларды, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;

14) ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және конкурстарға қатысу, олардың нәтижелерін оқу процесіне енгізу;

15) мамандықтар бойынша магистранттарды, философия докторларын (PhD) даярлауды ұйымдастыру және іске асыру.

43. Академияның оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметі оқу процесін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын, үйлестіретін Академияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

44. Құрылымдық бөлімшелер келесі оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асырады:

1) қарамағындағы бөлімшелердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметіна басшылық жасау;

2) оқу-тәрбие процесінің, әдістемелік жұмыстың жай-күйін талдау және оларды жетілдіру жөнінде ұсынымдаманы пысықтау;

3) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік өнімдердің жариялануына және таралуына талдау және ұсынымдама жасау.

45. Ұжымдық әдістемелік жұмыстың нысаны пәндік комиссиялар, педагогикалық шеберлік мектебі, әдістемелік мәжілістер, семинарлар және конференциялар болып табылады.

46. Оқу-әдістемелік құжаттама Академияның тиісті құрылымдық бөлімшелерінде әзірленеді, кафедрада, кафедра, ОӘК немесе ҒЗЖРБК отырыстарында талқыланып, оң шешімге ие болған соң Академияның бірінші проректорымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясында
Білім беру технологияларын қолдана отырып
оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларына 
1-қосымша

Төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес
білім алушылардың оқудағы жетістіктерін
бағалаудың әріптік жүйесі

Әріптікжүйебойыншабағалау

Балдардыңсандықэквиваленті

Пайыздықмазмұны

Дәстүрліжүйебойыншабағалау

А

4,0

95-100

Өтежақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясында
Білім беру технологияларын қолдана отырып
оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларына
2-қосымша

Нысан

___________________________________________________________________________

(жоғарыокуорныныңатауы/ the name of High Educational

___________________________________________________________________________

Estabishment/наименование высшего учебного заведения)

___________________________________________________________________________

 

Транскрипт /Thetranscript/ Транскрипт

 

Серия №

Аты-жөні/Name/Ф.И.О.( при его наличии)______________________________
Факультеті/Faculty/Факультет

__________________________________________________________________
Мамандығы/Specialty/Специальность __________________________________
Түскенжылы/Year/Год поступления ___________________________________
Оқутілі/Language/Язык ______________________________________________

 

№ п/п

Пәндератауы/ Courses/ Наименование дисциплин

Кредит саны/ Credithours/ количество кредитов

Бaғa/ Grade/Оценка

Пайызбен/ Inpersent/ в процентах

Әріптік/ Аlphabetі/ Буквенная

Балмен/ In points/ вбаллах

Дәстүрліжүйемен/ Traditional/ традиционная

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

Кәсіптік практиканы өтті/ Haspassed professiona lpractice/Прошел профессиональные практики

 

Кәсіптік тәжірибеден өту түрлері/ Theorm of professional practice/ Виды профессиональных практик

Тәжірибеден өту кезеңі /the period of passage of practice/ Период прохождения практики

Кредит саны/ Credithours/ Количество кредитов

Баға/Grade/Оценка

пайызбен/ inperset/ Впроцентах

Әріптік /alphab  ic/ Буквенная

Балмен/inpoints/ В баллах

Дәстүрлі жүйемен/ Traditiona / Традиционная

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау/Final state attestation/ Итоговая аттестация обучающихся

 

Мемлекеттік емтиханды тапсырды / Haspassed the state examinations/Сдал государственные экзамены

МАК хаттамасының күні және нөмірі Дата и номер протокола ГАК/ date and number of the report of SAC

Баға/Grade/Оценка

пайызбен in persent/В процента

Әріптік/ alphabet c/ Буквенная

Балмен/in points/Вбаллах

Дәстүрлі жүйемен/ Traditional/ Традиционная

Мамандығы бойынша/On a speciality/ По специальности

 

 

 

 

 

Пәндер бойынша/ Ondisciplines/ По дисциплинам:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

Қорытынды жұмысты орындады және қорғады /Hasexecuted and hasdefended degree work/ Выполнил(а) и защитил(а) выпускную работу

 

Қорытынды жұмыстың тақырыбы/ Theme of degre ework/Тема выпускной работы

МАК хаттамасыныңк үні және нөмірі /dateandnumberofthereportof SAC/ Дата и номер протокола ГАК

Кредит саны/ Credithours/ Количеств  кредитов

Баға/Grade/Оценка

пайызбен  inpersent/ В процента

Әріптік/ alphabet c/ Буквенная

Балмен/in points/вбаллах

Дәстүрліжүйемен/ Traditio al/ Традиционая

 

ГАК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

Жалпы кредит саны/TotalHoursPassed/Общее число кредитов    ______

 _________________________________________________________ GPA______________________________________________________

 

РЕКТОР/RECTOR /РЕКТОР                                          (қолы/signature/подпись)

 

Директор ИПВО/theDirector /ЖООКБИ директоры                                                        

                                                                                          (қолы/signature/подпись)

 

ХАТШЫ/SECRETARY/СЕКРЕТАРЬ                           (қолы/signature/подпись)

 

Tipкeу №/vegistration №/регистрационный №

М.О М.П.                         

"___" ____________20___г.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.