"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 сәуірде № 14977 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 30 наурыздағы № 53 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13696 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 19 мамырында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі –Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасы Б.Б. Мусинге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күн тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры

Ж. Асанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
     Қазақстан Республикасы
     Ақпарат және коммуникациялар
     министрі
     ______________ Д. Абаев

      14 наурыз 2017жыл

     "КЕЛІСІЛДІ"
     Қазақстан Республикасы
     Ұлттық экономика министрі
     ___________ Т.Сүлейменов

      13 наурыз 2017 жыл

 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 9 наурыздағы
№ 24 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) қызмет берушінің кеңсесі арқылы;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацисы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы іске асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер болмаған кезде Мемлекеттік корпорацияға немесе қызмет берушінің кеңсесіне құжаттар топтамасын өткізу уақытынан бастап - 10 (он) минут;

      әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер болған жағдайда – 3 (үш) жұмыс күні.

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзіміне кірмейді;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі –осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама беру.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет алушы).

      8. Жұмыс кестесі:

      1) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      2) Мемлекеттік корпорацияның - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден сенбіні қоса алған аралықта түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде жеделдетіп қызмет көрсетусіз жұзеге асырылады, электрондық кезек порталы арқылы брондалуы мүмкін.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қызмет берушінің кеңсесі немесе Мемлекеттік корпорацияға нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның уәкілетті өкіліне қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтерді беру туралы өтініші;

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру қажет);

      мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға ұсынған кезде - нотариуспен расталған сенімхат.

      Жеке басты куәландыратын құжаттардың, баланың туу туралы куәлігінің мәліметтерін қызмет беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсеткенде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен басқасы қарастырылмаса, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғауды құрайтын құпия мәліметтерді алуға қызмет алушыдан жазбаша түрде келісім алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Құжаттардың қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оларды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетіліп тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні).

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру қызмет алушы жеке басын куәландыратын құжатты немесе оның өкілі нотариуспен бекітілген сенімхатты ұсынған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Өтініш беруші (өкілдің) жүгінбеуіне байланысты уақтылы берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады, аталған мерзім аяқталған соң алынбаған құжат ретінде көрсетілетін қызметті беру қайтарылады.

      Сауалнамалық деректері өзгерген жағдайда (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні), өтініште осы сауалнамалық деректерінен басқа, бұрынғы сауалнамалық деректері көрсетіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізілімге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған және (немесе) құжат мерзімі өтіп кеткен жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның немесе қызмет берушінің кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша береді.

3-тарау.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сұрақтары бойынша қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет берушінің немесе оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жолданады.

      Қолданыстағы заңнамамен көзделген жағдайларда шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы, немесе қызмет берушінің кеңсесі арқылы қолма қол, сонымен қатар "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы қабылданады.

      Қызмет берушінің кеңселерінде шағымның қабылдануының дәлелдемесі болып (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген, мерзімі және берілген шағымға жауаптың алынған орнының көрсетілуі табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Мемлекеттік корпорация басшысына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14 тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымды қабылдаудың дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Қызмет берушінің мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиісті. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі болмаса қызмет берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Қызмет алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиісті.

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің,соның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетудің өзге талаптары

      13. Өмір сүру әрекетін шектейтін ағзаның тұрақты бұзылуы салдарынан денсаулығын жоғалтқан қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну көмегімен тұрғылықты мекенжайына бару арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.

      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары келесі интернет-ресурстарда орналасқан:

      1) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы: www.prokuror.gov.kz;

      2) қызмет беруші: www.pravstat.prokuror.kz;

      3) Мемлекеттік корпорацияның: www.goscorp.kz;

      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс орталығы көмегімен қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары қызмет берушінің интернет-ресурсында көрсетілген.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414 және 8 800 080 7777.

ТіркемеКөлем
File қосымшасы55.13 KB