You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің электрондық порталы арқылы келіп түскен қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды ішкі істер

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«02» ___09___ 2016 жыл
№ 145

 

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«03» ___11___ 2016 жыл
№1023

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі                                                
«30» __11__ 2016 жыл
№ 628

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
 «15» __11___ 2016 жыл
№ 54

Астана қаласы

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің электрондық порталы арқылы келіп түскен қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды ішкі істер органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және экономикалық тергеу қызметінде тіркеу туралы

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау деңгейін арттыру және қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды қарау тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:   

1. Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) электрондық порталы арқылы келіп түскен қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды ішкі істер органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және экономикалық тергеу қызметінде (бұдан әрі – қылмыстық қудалау органдары) тіркеу жүзеге асырылсын.

2. Электрондық арыздың нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 12 қаңтардағы  №3, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №201 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2012 жылғы 14 қаңтардағы №21 «Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің электрондық порталы арқылы келіп түскен ішкі істер және қаржы полициясы органдарындағы қылмыстар, оқиғалар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге де ақпаратты тіркеу туралы» бірлескен бұйрықтың күші жойылсын.         

4. Қылмыстық қудалау органдары:

1) Комитеттің «Ақпараттық сервис» ақпараттық порталы арқылы келіп түскен қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды Ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі - АЕК-де) тіркеудің уақытылы болуы мен толықтығын күнделікті бақылауды;

2) Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздарды «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – СДТБТ АЖ) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі мен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89-бұйрығына сәйкес қарау мерзімін сақтауды;

3) СДТБТ АЖ-нде «АЖ Хабарламалар» бөліміне келіп түскен қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың болуын күнделікті тексеруді;

4) арыз берушіге оның арызының тіркелуі туралы хабарламаны жолдай отырып, Комитеттің АЖ арқылы келіп түскен қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды АЕК-де, СДТБТ АЖ-нде шұғыл тіркеуді қамтамасыз етсін.

5. Комитет:

1) Комитеттің АЖ арқылы келіп түскен қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды АЕК-де тіркеудің уақытылы болуы мен толықтығын күнделікті бақылауды;

2) Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды СДТБТ АЖ-нде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі мен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 19 қыркүйектегі      № 89-бұйрығына  сәйкес қарау мерзімінің сақталуын бақылауды;

3) Комитеттің АЖ арқылы келіп түскен қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздардың күнделікті мониторингін жүргізуді;

4) Комитет АЖ-нің тиімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етсін;

5) осы бұйрықты Ішкі істер министрлігіне, Қаржы министрлігіне және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне орындау үшін жіберсін.

6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің осы бағытына жетекшілік ететін мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларына жүктелсін.   

7. Осы бұйрық соңғы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры

 _______________ Ж. Асанов

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі

_____________ Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі

_____________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы

________________ Қ. Қожамжаров

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.