You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ішкі аудит басқармасы туралы ЕРЕЖЕ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 8 ақпандағы
№ 29 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Ішкі аудит басқармасы туралы
Е Р Е Ж Е

  1. Жалпы ережелер

1.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ішкі аудит басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының регламентіне және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) өзге де құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

2.Басқарманың құрылымы мен штаттық санын Бас Прокурорының  бұйрығы негізінде бекітеді.

3.Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі осы Ереженің негізінде әзірленетін тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді және оларды  Бас Прокурор бұйрығының негізінде бекітеді.

2. Басқарма мәртебесі

4. Басқарма Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі – Бас прокуратура) бөлімшесі болып табылады, басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, Бас Прокурорға есеп береді және бағынады, Бас прокуратураның ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлігі ретінде болады.

5. Басқарма ішкі мемлекеттік аудитті жүгізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз.

6. Басқарма Бас прокуратураның басқа құрылымдық бөлімшелерінің, құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның өкілеттіктеріне жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындау немесе орындауға тартыла алмайды. 

7. Басқарма қызметкерлеріне Басқарма мәртебесіне сәйкес қолданылуы мүмкін құжаттарды, Бас прокуратураның ережесін және осы ережені қоспағанда Бас прокуратураның ішкі құжаттарының ережелері таратылмайды.

8. Басқарма қызметін бағалауды ішкі  мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

3. Басқарманың мақсаты, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

9. Бас Прокурорға  Бас прокуратураның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қажетті жәрдемдесу, Бас Прокурорға мемлекеттік органды тиімді басқаруды және бюджет қаражатын, мемлекеттік активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну негізгі мақсаты болып табылады. 

10. Басқарма міндеттері:

1) Бас прокуратураның стратегиялық құжаттарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;

2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, прокуратура органдарының, ведомстволарының, мекемелерінiң және білім беру ұйымының (бұдан әрі – прокуратура органдары) ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру.

11. Басқама функциялары:

1) қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысады;

2) прокуратура органдарында олардың қызметінің барлық бағыттары, соның ішінде көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;

3) прокуратура органдарында сәйкестік аудитін жүргізеді;

4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың сәйкестік аудитін жүргізеді, соның ішінде  сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша;

5) прокуратура органдарының ішкі процестерінің (бизнес процестерінің) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде прокуратура органдарында, ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;

6) Бас прокуратураның стратегиялық жоспарының және бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы мақсатттары мен міндеттеріне қол жеткізуін талдайды;

7) тиісті мемлекеттік органда тауарлық-материалдық қорлардың және өзге активтердің сақталуына тексеруді жүзеге асырады;

8) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты тиісті ақпаратты тыңдайды;

9) Бас Прокурорға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетті пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау бойынша, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік орган қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп береді;

10) Бас Прокурорға жылдық жұмыс жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асырады;

11) Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша Басқарма міндеттерінен туындайтын өзге де фукцияларды жүзеге асырады.

12. Басқарма құқықтары:

1)  құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша ведомстволық ақпараттар жүйелері деректерінің құрамы мен нысандары туралы мәлеметтерді, құжаттаманы, ақпаратты, материалдарды (дәлелдемелерді), анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату;

2)  Қазақстан Республикасының бюджетік заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды уәкілетті органға қарау үшін ұсыну;

3)  мемлекеттік аудитті жүргізу шеңберінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз рұқсат алу;

4)  мемлекеттік аудит міндеттері мен мәндеріне сәйкес ішкі аудит нәтижилері туралы есепті дайындау үшін белгіленген мерзімдерде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, соның ішінде электронды тасығыштарда ақпарат алуға, сондай-ақ ақпаратты жүйелерге  қолжетімділікті, соның ішінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қроғалатын өзге құпияны қамтитын жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты алу;

5)  мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау  нәтижелері бойынша қабылданған актілерді және құжаттарды сұрату;

6) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларынан және басқа да лауазымдық тұлғаларынан тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүргізген кезде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар көшірмелерін ұсынуды талап ету;

7) прокуратура органдарында ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жұмыстары бойынша консультациялық қызметтер көрсету;

8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге құқықтарға ие. 

13. Басқарма міндеттері:

1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына  қатаң сәйкестікте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізеді;

2) Басқарманың жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, Басқарма қызметкерлерін оқыту бойынша жоспарларын әзірлейді, оларды Бас Прокурорға бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді;

3) тәуекелдерді бақару жүйесінің негізінде Бас Прокурор бекітетін тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шектеулі таратылатын қызметті ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда,  мемлекеттік органның интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде  тиісті жылға  бекітілген мемлекеттік аудит  тізбесін  және оларға енгізілген өзгерістерді орналастырады;

5) қайталануды болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және оған өзгерістермен келіседі;

6) жүйелік негізде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, соның ішінде Басқарманың деректерін, міндетті орындалатын ұсынымдары мен ескертпелердің орындалу мониторингін жүзеге асырады;

7) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының  мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды  ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау фактілері бойынша актілер жасайды;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтарын және мемлекеттік аудит объектілерінің заңды мүдделерін сақтайды;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай деректер қорына орналастырады;

10) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға   тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар береді;

11) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген режиміне кедергі жасамайды;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтардың алдын алу,  оларды анықтау және олардың жолын кесу бойынша берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындайды;

13) қызметтік және кәсіби этика талаптарын сақтайды;

14) мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымдық тұлғаларына)  мемлекеттік аудитті  және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі жасамайды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәніне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер береді;

15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді, соның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және  заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жарияламайды;

16) Бас Прокурорға мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар хабарлайды;

17) мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған   ақпараттың және іс жүзіндегі фактілердің негізінде ғана мемлекеттік аудит нәтижелерін негіздейді;

18) Бас Прокурор басшылық ететін Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

19) Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер;

14. Басқарма оған жүктелген функциялар мен міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

15.  Мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттардың негізгі қағидаттарын бұзғаны үшін Басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікте болады.

4. Ішкі аудит басқармасының қызметін ұйымдастыру

16. Басқармаға басшылықты Бас Прокурор лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Басқарма басшысы жүзеге асырады;

17. Басқарма басшысы Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуын және функцияларының жүзеге асырылауын қамтамасыз етеді, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Басқарма қызметкерлерінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін  белгілейді, Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес құрамына қатысады.

18. Басқарма басшысы Бас Прокурорға Басқарманың құрылымы және штаттық кестесі жөнінде ұсыныстар береді.

19. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге және прокуратура органдарына жіберілетін құжаттар мен сауалдарға Басқарма басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны ауыстыратын тұлға қол қояды.

20. Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеру жағдайлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының   мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасымен, Осы ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

21. Басқарма қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың Бас Прокурор бекітетін Басқарманың жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарына және  мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

5. Ішкі аудит басқармасының есептілігі

22. Басқарма ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген  мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар туралы есептер мен ақпаратты жібереді.

23. Басқарма жыл сайын Бас Прокурорға, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға  ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары туралы жылдық есептер береді.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.