You are here

Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулық

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын прокурорлық қадағалауды 
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 10 қазандағы №112 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауына прокурорлық қадағалауды тиісінше ұйымдастыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2.«Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 166 бұйрығының күші жойылсын.

3.Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөліністерінің,ведомстволар мен білім беру ұйымдары мекемелерінің бастықтары мен қызметкерлері таныстырылсын.

4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5.Осы бұйрық қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры                                                                                                                                                                                             Ж. Асанов     

 

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

1.    Жалпы ережелер

 

1.Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарын сақтауына прокурорлық қадағалауды және жүзеге асыруды регламенттейді.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауына прокурорлық қадағалау мыналарды:

1)адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет қорғайтын қоғам мен мемлекеттің қылмыстық-құқықтық саладағы мүдделерін сақтауды;

2)құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарды үйлестіруді және олардың қылмыстық-процестік саласындағы халықаралық заңнаманы сақтауды;

4)іске асырылуына жауапты болып табылатын прокуратура органдарының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен нормативтік құқықтық актілерінің орындалуы туралы ақпаратты дайындауды қамтамасыз етуге бағытталған.

2.Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру кезінде өкілеттіктерді ажырату

3.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі құрылымдық бөлінісі (бұдан әрі – Бас Прокуратура):

1)Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын және олардың күшіне енуі үшін қажет тиісті құқықтық актілерді әзірлеуді жүзеге асырады, қылмыстық-құқықтық саласындағы көп жақты халықаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ прокуратура қызметіне қатысты бастама көтерген өзге мемлекеттік органдардың халықаралық шарттарының жобаларына келісім жасайды;

2)адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет қорғайтын қоғам мен мемлекеттің қылмыстық-құқықтық саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мүдделерін сақтауына қадағалауды жүзеге асырады;

3)төмен тұрған прокуратураларда халықаралық ынтымақтастық саласындағы қадағалаудың тиісінше жүзеге асырылуына бақылауды қамтамасыз етеді;

4)Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - КПК) 12-бөліміне сәйкес қылмыстық істер, экстрадициялау, қылмыстық қудалау, сотталғанды беру, адамды мәжбүрлеп емдеу, адам транзиті бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша шет мемлекеттерінің құзыретті мекемелері мен Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының сұрау салуларын (тапсырмаларын, өтінішхаттарын) (бұдан әрі – сұрау салулар) қарастырады;

5)прокуратура органдарының құзыретіне жататын шет мемлекеттерінен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардан келіп түскен сұрау салуларды қарастырады;

6)Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне кіретін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4.Астана, Алматы қалаларының, облыстардың прокуратуралары, Бас әскери және көлік прокуратуралары (бұдан әрі – облыс прокуратуралары):

1)қылмыстық-құқықтық саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде төмен тұрған прокуратуралардың жұмысын бақылайды;

2)осы Нұсқаулықтың 13-тармағына сәйкес құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша шет мемлекеттерінің құзыретті мекемелерімен қатынасты жүзеге асырады. 

5.Аудандық, қалалық, ауданаралық және соларға теңестірілген прокуратуралар, сондай-ақ мамандандырылған прокуратуралар аудандық, қалалық, ауданаралық және соларға теңестірілген мемлекеттік органдардың  қылмыстық-құқықтық саласындағы халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде заңдарды қолдануын қадағалауды жүзеге асырады.

 

 

3.    Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру

 

6.Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу Қазақстан Ресрпубликасы ҚПК-нің 59-тарауына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қарастырылады. Оны қарау мерзімі сұрау салудың түпнұсқасының орындаушыға келіп түскен сәтінен бастап 15 күнтізбелік күн құрайды. Қажет болған жағдайда жетекшілік ететін орынбасар бұл мерзімді 15 күнтізбелік күнге дейін ұзарта алады.

7.Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 559-бабының бірінші бөлігіне сәйкес прокурордың (соттың) санкциясын талап ететін процестік әрекеттерді жүргізу туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының сұрау салуы Бас прокуратура немесе уәкілетті прокурор арқылы шет мемлекетінің құзыретті мекемесіне жолданады. 

8.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының сұрау салуын облыс прокуроры шет мемлекетінің құзыретті органдарына жолдау туралы өтінішхатпен бірге  Бас прокуратураға ұсынады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының сұрау салуын Бас Прокурордың орынбасары немесе халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі құрылымдық бөліністің бастығы, осы Нұсқаулықтың 13-тармағына сәйкес облыс прокуроры шет мемлекетіне жолдайды, бұл туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына хабарланады.

9.Шет мемлекетінің сұрау салуын оның орындалуын ұйымдастыру үшін аумақтылық бойынша облыс прокуратурасына не тергелуі бойынша орталық сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі құрылымдық бөліністің бастығы жолдайды.

Осы Нұсқаулықтың 13-тармағына сәйкес облыс прокуратурасына келіп түскен сұрау салу тергелуі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жолданады.

10.Шет мемлекетінен келіп түскен сұрау салу халықаралық шарттарда, конвенцияларда көзделген қатынас тәртібіне сәйкес орындалады.

11.Облыс прокуратуралары 1993 жылғы 22 қаңтарда жасалған Азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенцияның ережелерін және 2002 жылғы 7 қазанда жасалған прокурордың (соттың) санкциясын талап ететін қылмыстық істер бойынша процестік әрекеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құзыретіне жататын құжаттарды жүзеге асырумен байланысты мәселелер жөніндегі Азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенцияның ережелерін іске асырады және шет мемлекетінің құзыретті мекемесімен тікелей қатынасты жүзеге асырады.

12.Облыс прокуратурасы мыналарға:

1)мемлекеттік конституциялық құрылымының негізіне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға;

2)терроризм, экстремизм және сепаратизм фактілеріне;

3)қылмыстық жолмен алынған кірістерді және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстау) фактілеріне;

4)мемлекетке елеулі зиян келтірген қылмыстарға;

5)кең қоғамдық резонанс тудырған қылмыстарға;

6)жауапты мемлекеттік лауазымды атқарып отырған адамдарға қатысты қылмыстық істер бойынша сұрау салулар туралы  Бас прокуратураға дереу хабарлайды.

13.Сұрау салудың орындалуы туралы Бас прокуратура немесе облыс прокуратурасы шет мемлекетінің құзыретті мекемесіне хабарлайды.

 

 

4.    Қылмыстық қудалауды жалғастыру саласындағы қадағалау жұмысын ұйымдастыру

 

14.Қылмыстық қудалауды жалғастыру туралы сұрау салу Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 61-тарауының талаптарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қарастырылады. Оны қарау мерзімі қылмыстық іс материалдары орындаушыға келіп түскен сәттен бастап 30 күнтізбелік күн. Қажет болған жағдайда жетекшілік ететін орынбасар бұл мерзімді 30 күнтізбелік күнге ұзарта алады.

15.Прокуратура органдарында қылмыстық істің Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 24-бабына сәйкес келуі зерделенеді. Бұл ретте мыналар тексеріледі:

1) Күдіктінің немесе сотталғанның іс-әрекетін саралау дұрыстығы;

2) Қылмыстық істі тоқтату үшін заңда көзделген негіздердің жоқтығы;

3) Қылмыстық-процестік заңнаманы бұзудың жоқтығы;

4) Қазақстан Республикасының аумағында күдіктінің немесе сотталғанның жоқ болған кездегі ықтимал барлық процестік және өзге де әрекеттердің орындалуы;

5) Іске тіркелген заттай дәлелдемелердің сақталуын;

6) Күдікті мен сотталғанның шет мемлекетінің аумағында жүрген жері туралы расталған мәліметтердің істе болуы;

7) Іздестіруде жүрген адамның азаматтықты алу немесе жоғалту мәселелері бойынша мәліметтердің істе болуы;

8)Іс жүргізуді қайта қозғау туралы қаулының, оның мерзімін 3 айдан кем емес уақытқа дейін ұзарту, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтінішхаттың болуы;

9)Қылмыстық жауаптылықтың және шет мемлекетінің қылмыстық заңнамасы бойынша қылмысты саралауының болуы.

16.Облыс прокуратурасында қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі бөліністің және халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласындағы қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың бірлесіп зерделеген нәтижелері бойынша қабылданған шешімнің заңдылығы туралы қорытынды құрастырылады, оны облыс прокуроры бекіткеннен кейін өтінішхат пен іс материалдарымен қоса Бас прокуратураға жолданады.

17.Бас прокуратура облыс прокурорының өтінішхатын қанағаттандырған жағдайда, қылмыстық іс облыс прокурорына хабарлай отырып, шет мемлекетінің құзыретті мекемесіне жолданады.

18.Шет мемлекетінің құзыретті мекемесінің қылмыстық қудалауды жалғастыру туралы сұрау салуды қарау мерзімі қылмыстық іс материалдары орындаушыға келіп түскен сәттен бастап 30 күнтізбелік күн құрайды.  Қажет болған жағдайда жетекшілік ететін орынбасар бұл мерзімді 30 күнтізбелік күнге ұзарта алады.

19.Бас прокуратураның халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлінісінің бастығы сұрау салуды қанағаттандырған жағдайда қылмыстық істі оның тергелуін ұйымдастыру үшін шет мемлекетінің құзыретті органына хабарлай отырып, аумақтылық бойынша облыс прокуратурасына не тергелуі бойынша орталық сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жолдайы.

20. Қылмыстық істің нәтижелері туралы облыс және соларға теңестірілген прокуратурасы Бас прокуратураның профильдік бөлінісіне хабарлайды.

 

 

5.    Іздестіруде жүрген адамдарды беру саласындағы қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру

21.Іздестіруде жүрген адамды беру туралы сұрау салу Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 60-тарауының талаптарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қарастырылады.

22.Шет мемлекетінің іздестіріп жүрген адамды ұстағаны туралы аудан, облыс прокуратурасы жоғары тұрған прокуратураға дереу хабарлайды.

23.Уақытша күзетпен ұстауды қолдануға дейді аудан, облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы азаматтығының бар-жоғын және босқын мәртебесін алу бойынша жүгінгенін-жүгінбегенін анықтауы қажет.

24.Соттың уақытша күзетпен ұстауды қолдануы немесе одан бас тартуы туралы  аудан, облыс прокуратурасы сот шешімін, ұсталғаннан жауап алу хаттамасын, азаматтық туралы мәліметтерді, босқын мәртебесін алу және өзге де деректерді қоса бере отырып, жоғары тұрған прокуратураға дереу хабарлайды.

25.Уақытша күзетпен ұстау мерзімі өткенге дейін шет мемлекетінің сұрау салуының көшірмесі Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 589-бабының тәртібімен экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы мәселені шешу үшін сотқа ұсынылады.

Соттың экстрадициялық қамаққа алуды қолданғаны немесе одан бас тартуы туралы жоғары тұрған прокуратураға дереу хабарланады. 

26.Адамды беру үшін негіздер жоқ болған жағдайда, ол Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 588-бабына сәйкес босатуға жатады, ол туралы аудан, облыс прокуратура жоғары тұрған прокуратураға дереу хабарланады.

27.Тәуекелдер дәрежесі мен бағалау және осындай арызбен жүгінген адамға егер оны берген жағдайда оған азаптаулар мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер қолдану қаупі бар деп ұйғаруға жеткілікті негіздер болса, прокуратура органдары Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның 3-бабындағы ұсынымдарын және Конвенцияның аталған бабын қолдануға қатысты № 1 жалпы тәртіптегі ескертулерді басшылыққа алуға міндетті. Егер шет мемлекетінде адамға қарсы азаптаулар қолданады деген қаупі бар деп ұйғаруға жеткілікті негіздер болған кезде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 590-бабы                1-бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес оны беруден бас тарту шешім қабылданады.

Азаптаулар қолдану қаупінің бар екені туралы арызданған адамды беру және іс жүзінде этаптау туралы шешім қабылданған жағдайда, Бас прокуратура ұстау талаптары мен режимге мониторинг жүргізу мақсатында, Қазақстан Республикасының СІМ-ге шет мемлекетіне келгеннен кейін 1 және 6 ай өтіп кеткен соң, шетелдегі Қазақстан Елшілігі өкілдерінің шет мемлекетінің аумағында ұстап берілген адамға жолығу туралы дереу хат жолдайды.

28.Беру не бас тарту туралы шешім Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 591-бабына сәйкес қабылданады.

Қабылданған шешім туралы шет мемлекетінің уәкілетті органына, беру туралы шешімнің күшіне енген кейін этаптау үшін қылмыстық-атқару жүйесі органына, қадағалауды жүзеге асыру үшін төмен тұрған прокуратураға хабардар етіледі.

29.Облыс прокуратурасы шет мемлекетінің аумағында іздестіруде жүрген адамды ұстау не оның жүрген анықтау туралы мәліметтерді алғаннан кейін бұл туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына дереу хабарлайды.

Облыс прокуратурасы Бас прокуратураға прокурордың тиісті қорытындысымен бірге беру туралы сапалы дайындалған өтінішхат материалдарын 20 күнтізбелік күн ішінде ұсынуы қажет.  

Бас прокуратураның келісімі бойынша бұл мерзім өзгертілуі мүмкін.

30.Шет мемлекетіне беру туралы сұрау салу Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 579, 580-баптарына сәйкес жолданады.

31.Шет мемлекетінің беру туралы өтінішхатты қарау нәтижелері туралы Бас прокуратура облыс прокуратурасына және сұрау салудың бастамашысына хабарлайды, сұрау салу қанағаттандырылған жағдайда қылмыстық-атқару жүйесі органына хабарлайды.

32.Берілген адамды қылмыстық қудалау нәтижелері туралы ақпаратты облыс прокуратурасы соңғы шешім қабылданғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде Бас прокуратураға жолдайды.

33.Үшінші мемлекеттің берілген адамды транзиттік тасымалдаумен байланысты сұрау салу Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 595-бабына сәйкес қаралады.

34.Қазақстан Республикасынан тыс жерде өтелмеген зияны бар іздестіруде жүрген адамды анықтаған кезде, облыс прокуратурасы ұстау туралы хабарлама алған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде кейіннен бұл адамды анықталған мемлекетке жіберу үшін қылмыстық кірістерді іздеу, тыйым салу және тәркілеу мақсатында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды дайындау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органын бағыттауы тиіс. 

35.Адамды беруді кейінге қалдыру шешім Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 593-бабына сәйкес қабылданады.

Адамды шет мемлекетіне ұстап беруді кейінге қалдырған жағдайда Бас прокуратура кейінге қалдыру үшін негіз болған мән-жайлар жоққа шығарылғаннан кейін сұрау салынатын адамға экстрадициялық қамаққа алуды уақтылы қолдануды бақылау және қамтамасыз ету үшін облыс прокуратурасына хабарлайды.  

Ұстап беруі кейінге қалдырылған шет мемлекетіне адамды экстрадициялау процесін Бас прокуратура және облыс прокуратурасы бақылайды, ол кейінге қалдыру үшін себеп болған мән-жайлар жоққа шығарылғанға дейін және негіздер болған жағдайда екі ай бұрын  беруді талап ететінін растайды.

36.Адамды уақытша ұстау беру Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 581-бабымен реттеледі.

Облыс прокуратурасы қылмыстық процесті жүргізіп отырған органның Қазақстан Республикасын уақытша ұстап беру мерзімін сақтауды бақылайды. Көрсетілген мерзімді ұзарту қажет болған жағдайда облыс прокуратурасы мерзімі аяқталардан кемінде жиырма тәулік бұрын Бас прокуратураға шет мемлекетінің құзыретті органына жіберілетін уақытқа дейін ұстап беру мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты ұсынады.

Қазақстан Республикасы уақытша ұстап берген адамдардың уақтылы қайтарылуын Бас прокуратура бақылайды.

 

6. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды одан әрі жазасын өтеу үшін не психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін оларды беруді, сондай-ақ қадағалау жұмысын ұйымдастыру

 

37.Шет мемлекеттерінің үкімдері мен қаулыларын тану және орындау туралы сұрау салу Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 62-тарауының талаптарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қаралады.

38.Бас бостандығынан айыруға сотталған адам не Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 603-бабында санамаланған адамдар жазаны одан әрі азаматтығы тиесілі мемлекетте  өтеу үшін беру туралы өтініш білдірген жағдайда, облыс прокуратурасы Бас прокуратурасына 30 күнтізбелік күн ішінде жолдау үшін 1998 жылғы Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды әрі қарай жазасын өтеу үшін беру туралы конвенцияның 8-бабында көзделген құжаттар пакетін қалыптастырады.

39.Психикалық бұзушылықтардан зардап шегетін шетел азаматы не Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 603-бабында санамаланған адамдар өздерінің азаматтығы тиесілі мемлекетте  мәжбүрлеп емдеу жүргізу туралы өтініш білдірген жағдайда, облыс прокуратурасы осындай өтініш келіп түскен сәттен бастап, Бас прокуратурасына 30 күнтізбелік күн ішінде жолдау үшін 1997 жылғы 28 наурыздағы Психикалық бұзушылықтардан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру туралы конвенцияның 4-бабында көзделген құжаттар пакетін қалыптастырады.

40.Бас прокуратура келіп түскен материалдарды жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу туралы өтінішхаптен бірге шет мемлекетінің құзыретті органына жолдайды, ал адамның азаматтығы жоқ болған жағдайда, өтінішхат ол тұрақты тұратын мемлекетке жолданады

41.Шет мемлекетінен тиісті кепілдіктер немесе үкімді тану және орындау туралы сот актісі не қазақстандық соттың қаулысы келіп түскеннен кейін Бас прокуратура соңғы шешім қабылдайды.

42.Бас прокуратура тиісті өтініш келіп түскен кезде сұрау салуды шет мемлекетінің құзыретті органына Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 601-бабында көзделген адамдарға қатысты оларды Қазақстанға ауыстыру туралы мәселені қарау үшін осы Нұсқаулықтың 43 және 44-тармақтарында көрсетілген тізімге сәйкес материалдарды ұсыну туралы сұрау салуды жолдайды. 

43.Шет мемлекеттерінің құзыретті органдарынан сұратылған құжаттардың түсуіне қарай Бас прокуратура Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 607-бабына сәйкес шет мемлекеті сотының үкімін немесе қаулысын тану туралы ұсынуды аудандық сотқа енгізеді.

44.Бас прокуратура шет мемлекеті сотының үкімін немесе қаулысын орындау туралы соттың қаулысын одан әрі жазаны өтеу немесе мәжбүрлеп емлеу үшін адамды Қазақстан Республикасына беру мәселесін қарастыру үшін шет мемлекетінің құзыретті органына кепілдік ретінде жолдайды.

 

 

7.    Құқықтық-шарт жұмысын жүзеге асыру

 

45.Бас прокуратура талдау және болжау негізінде, мақсатқа сай болудан шыға отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды:

1)қылмыстық-процестік саладағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуді;

2)қылмысқа қарсы күрес, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы көп жақты халықаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныстар дайындауды;

3)халықаралық қылмыстық-құқықтық ынтымақтастық саласындағы прокуратура функцияларын іске асыру үшін қажетті құқықтық актілерді әзірлеуді;

5)мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, тоқтату және бас тарту заңдылығын сақтау мәніне тексерістер жүргізуді жүзеге асырады.

 

 

8. Қорытынды ережелер

 

46. Бас прокуратура:

1)Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын қадағалау мәселелері бойынша төмен тұрған прокуратура органдарының жұмысын ұйымдастырады және бақылайды, Құқық қорғау органдары академиясымен бірге әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді; 

2)қадағалау қызметінің тиісті нысандары мен әдістерін әзірлейді және енгізеді;

3)жылына екі реттен жиі емес Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауына прокурорлық қадағалаудың жай-күйін қорытады; 

47.Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында:

1)экстрадициялау;

2)қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;        

3)сотталғандарды одан әрі жазаны өтеу үшін беру;

4)психикалық бұзылуы бар адамдарды беру мәселелері бойынша қадағалау өндірісін қалыптастырады.   

 

 

 

 

 

 

 

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.