You are here

«Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер» №1-У нысанды статистикалық есепті және оны құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 28 желтоқсандағы №79 бұйрығының к

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН:

1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4530 болып тіркелген «Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер № 1-У нысанды статистикалық есепті және оны құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 28 желтоқсандағы №79 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.   

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын;

2) осы бұйрық көшірмесінің мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жолдануын;

3) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.  

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

                                    

 

       «КЕЛІСІЛДІ»:                                                                   «КЕЛІСІЛДІ»:

Қазақстан Республикасының                           Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі                             Сыртқы істер министрі

_________________ Е. Сағадиев                             _____________ Е. Ыдырысов

 

«____» ___________2016 жыл                                  «____» _________ 2016 жыл                                                                                                               

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.