You are here

Азаматтық-құқықтықсаладағы соттық статистикалықесептердің нысандарынжәнеоларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы4-1)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1.  Бекітілсін:

1)  осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатылы соттардың азаматтық істерді қарауыжөніндегі есеп» № 2-нысаны;

2)  осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыдағы азаматтық істерді қарау бойынша есеп» № 7-нысаны;

3)  осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыдағы азаматтық істерді қарау бойынша есеп» №7К-нысаны;

4)  осы бұйрықтың 4-6-қосымшаларына сәйкес ЭАЕҚ 1, ЭАЕҚ 2, ЭАЕҚ 3 нысанды электрондық ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі – ЭАЕҚ);

5)  осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкесҚазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы нұсқаулық.

2.  «Азаматтық-құқықтық саладағы соттық нысанды есептерді және Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 15 қазандағы № 117 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9853 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3.  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1)  осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)  осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және нормативтік құқықтық актілердің«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

3)  осы бұйрықтың «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне оны мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орналастыру үшін жіберілуін;

4)  осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ресми интернет-ресурсында орналасуын;   

5)  осы бұйрықтың көшірмесін сот органдарына – құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

4.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

5.  Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күніненкейінкүнтізбелік он күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев 

ТіркемеКөлем
Қосымшалар606.52 KB
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.