You are here

Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкелген жол көлік оқиғалары туралы» статистикалық есептің нысанын және оның қалыптасуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жол-көлік жарақаты, адам өлімі аясындағы көрсеткіштер есебін және статистикалық есепті қалыптастырудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңның 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1.Бекітілсін:

1)  осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына  әкелген жол көлік оқиғалары туралы» статистикалық есеп нысаны; 

2)  осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына  әкелген жол көлік оқиғалары туралы»  статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық;

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті:

1)  осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)  осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

3)  осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3.  Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы16 қарашадағы
№131 бұйрығына
1-қосымша

нысан

«Жарақаттанған немесе қаза болған адамдарға әкелген жол көлік оқиғалары туралы»статистикалық есеп

 

Атауы

               Аймақ коды

Жол-көлік оқиғасының барлығы (бұдан әрі - ЖКО)

Соның ішінде есептік кезеңде келіп түскен ЭАЕҚ бойынша өткен жылда тіркелген ЖКО саны

 

ЖКО салдарынан зардап шеккен адамдар саны

Соның ішінде есептік кезеңде келіпт үскен АЕҚ бойынша өткен кезеңдерде зардап шеккен адамдар саны

Жарақаттанғандар саны

Қаза болғандар саны

Барлығы

ауруханаға орналастырылғандар саны

Ер адамдар

Әйел адамдар

Кәмелетке толмағандар

Барлығы

Ер адамдар

Әйел адамдар

Кәмелетке толмағандар

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Астана қаласы

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе облысы

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау облысы

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШығысҚазақстаноблысы

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбылоблысы

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БатысҚазақстаноблысы

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағандыоблысы

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанайоблысы

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда облысы

12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маңғыстауоблысы

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар облысы

14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СолтүстікҚазақстаноблысы

15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының  
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 131 бұйрығына  
2-қосымша

«Адамдардың жарақаттанулары немесе қаза болуларына әкелген жол көлік оқиғалары туралы» статистикалық есебін қалыптастыру бойынша Нұсқаулық

1.     Жалпы ережелер

1. Осы «Адамдардың жарақаттанулары немесе қаза болуларына әкелген жол көлік оқиғалары туралы» статистикалық есебін қалыптастыру бойынша Нұсқаулық (бұдан әрі - есеп) авария және жол-көлік жарақаты, адам өлімі көрсеткіштерін есепке алуды бейнелейтін есебін қалыптастыру бойынша ережелерін нақтылайды.

2. Осы Нұсқаулықта келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) жаяу жүргінші –жолда көліктен тыс орналасатын және онда өз жұмысын өндірмейтін тұлға. Жаяу жүргіншілерге мүгедектерге арналған кресло-арбада қозғалатын, велосипед, мопед, мотоцикл тебетін, шана,арба немесе балаларға арналған арбаны жетектейтін адамдар теңестіріледі;

2) жол-көлік оқиғасы (бұданәрі – ЖКО) – жол бойында көлік құралының (одан әрі – КҚ) қозғалысы үрдісінде және соның қатысуымен пайда болған, нәтижесінде адамдар қаза болған немесе жарақаттанған, көліктер мен жүктер қираған немесе өзге де материалды залал келтірілген оқиға;

3) жолаушы – көлік құралында(ішінде) орналасқан, оны басқармайтын тұлға;

4) жүргізуші – көлік құралын басқаратын, жүргізетін, ірі қара малды, табын, ораулы, жегулі және мінетін жануарларды  жолда жетектейтін тұлға;

5) көлік құралы (бұдан әрі - КҚ) – жолдар бойынша адамдарды, үстінде орнатылған, тауарлар немесе жабдықтарды тасымалдауға арналған құрылғы;

6) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - ҚСжАЕК)және оның аумақтық органдары;

7) ұлттық куәландырушы орталықтың Электрондық сандық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭСҚ) - электрондық сандық  қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық сандық нышандар жиынтығы.

3. Есеп «Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 (бұдан әрі - ЖКО-1 ЭАЕҚ) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанында және «Жол-көлік оқиғасы нәтижесінен зардап шеккен тұлғаға арналған карточкасы» № ЖКО-2 (бұдан әрі - ЖКО -2 ЭАЕҚ) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы электрондық ақпараттық есепке алу құжаттары негізінде жасалады (бұдан әрі - ЭАЕҚ).

Есеп тек адамдардың қайтыс болуына немесе жарақатына әкелген ЖКО туралы мәліметтерді қамтиды.

Қаза болған адам ЖКО орнында алынған жарақаттардан қаза болған немесе оның өліміоқиға болған сәттен бастап отыз тәулік ішінде құжаттамалық нақтыланған болса және жол-көлік оқиғасы арасындағы себеп-салдар байланысында қаза болған адам болып есептеледі.

Жарақаттанған адам болыпжол-көлік оқиғасы салдарынан жұмысқа жарамсыз болып табылатын немесе ауруханаға жатқызылатын, не болмаса бірінші жедел жәрдем көрсетілгеннен кейін, кем дегенде бір күн амбулаторлық ем қабылдау тағайындалған дене жарақатын алған адам есептеледі.

4. ЭАЕҚ тіркеуін, автоматтандырылған өңдеуін, сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі–СДТБТ АЖ) ақпараттық жүйесіне деректерді уақтылы енгізу әкімшілік полиция басқармасы немесе аудандық ішкі істер органының қызметкерлері қамтамасыз етеді (бұдан әрі – әкімшілік полиция бөлімшесі).

5. Мәліметтерді СДТБТ АЖ-не енгізу «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес  ЭЦҚ қол қойылатын және  мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік орта арқылы уәкілетті органға берілетін ЭАЕҚ-на тиісті деректемелерін лауазымды адамның толтыруы  болып табылады.

6. Аумақтық органдары ЭАЕҚ-ның толықтығы мен дәлдігін бақылауды,олардың СДТБТ АЖ-не уақтылы енгізілуін  және осы мәселелер бойынша тексеруді алты айдың ішінде кем дегенде бір рет жүзеге асырады.

7. ЭАЕҚ кез келген деректемесі бойынша деректерді іздей және қалыптастыра отырып, республикалық деректер мен есептерге қашықтан қатынау арқылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараттық қамтамасыз етуін ҚСжАЕК жүзеге асырады.

2.  ЭАЕҚ толтыру

8. ЭАЕҚ-ы қатаң ЖКО материалдарына сәйкес әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкері толтырады.

9. Жоқ (белгісіз) ақпаратты қоспағанда, ЭАЕҚ деректемелерінің  толтырылуы міндетті болып табылады.

10. ЖКО-1 ЭАЕҚ әр ЖКО-на толтырылады.

«Карточка нөмірі»1-деректемеде бірінші жұбы болып –толтырған жыл, екінші жұбы – облыс, Астана, Алматы қалаларының коды, үшінші – ауданның немесе қаланың коды, төртінші – ведомство коды, тоғызыншы санда – резервті нөмір және соңғы сандармен (5 белгі) әкімшілік полиция бөлімшесінің ЖКО есепке алу журналында тіркелген карточканың реттік нөмірі белгіленеді.Одан әрі тіркеуші орган көрсетіледі.

3-деректеме ЖКО болған күні туралысанмен белгіленетін  ақпаратты қамтиды, мысалы, 01.01.2015.

6-деректемеде ЖКО болған орнын көрсетеді, мәліметтиісті коды қойылған мәтінде жазылады.

7.3-деректемесінде жолдағы қозғалыс жолақтарының жалпы саны көрсетіледі. Мысалы, әр бағытта екі жолақты жол үшін «4» көрсетілген. Қиылысу бағытында қозғалып бара жатқан көлік құралдарының соқтығысуы кезінде деректеме жолақтарының  үлкен саны бар жолы бойынша толтырылады.

7.4-деректемесінде жолдың нақты бөлігіндегі жылдамдық шегі көрсетіледі. Алдағы немесе қиылысу бағыттары үшін түрлі жылдамдық режимдері орнатылған жағдайда, ЖКО кінәлі адамы үшін қойылған шектеу көрсетіледі.

11-деректемеде КҚ нөмірі қатарымен көрсетіледі. ЕгерЖКО кінәлі жүргізуші болса, онда осы КҚ туралы мәліметтер №1 деп енгізіледі.

КҚ санаты, маркасы, моделі және мемлекеттік нөмірі олардың кодификаторына сәйкес толтырылады және мәтінмен жазылады.

12-деректеме ЖКО фабуласын қамтиды, мұнда авариялық жағдайдың қысқаша сипаттамасы көлікті оңтайландыру және ЖКО пайда болуын туғызған жол қозғалысына қатысушылардың әрекеттері қоса көрсетіледі.

14-деректемеде ЖКО–на кінәлі қатысушысы көрсетіледі: ЖКО орнынан жасырынған (3) түсінігін толтыру кезінде – осы ЖКО қатысушысы және КҚ туралы мәліметті толығымен толтырмауға рұқсат беріледі. ЖКО мән жайларын және адамдарды, кінәлі адамды анықтағаннан кейін әкімшілік полиция бөлімшесі дереу ЖКО-1 ЭАЕҚ-на өзгерістер енгізеді және жаңартылған деректерді көрсетіп аумақтық органдарды хабардар етедi.

14.1-деректемеде ЖКО-ға кінәлі адамның масаңдығының түрі көрсетіледі, сонымен қатар,  (5) деген ұғым жиі және жиі емес жолаушылар, багаж, жүктер, соның ішінде қауіпті жүктер тасымалының бағыттар бойынша жұмыс істейтін көлік құралдарын және рейстен кейінгі және оның алдындағы  медициналық сараптама талабы қойылатын жүргізушілерге қатыстытолтырылады.

11. ЖКО-2 ЭАЕҚ-ты ЖКО-да қаза болған немесе жарақаттанған әрбір адам үшін толтырылады.

1 және 2-деректемелер тіркеу органы туралы деректері бар 1-деректемені қоспағанда, ЖКО-1 ЭАЕҚ-ның деректемелеріне ұқсас толтырылады.

4-дерктемеде зардап шеккен адам болған КҚ-ның сериялық нөмірі көрсетіледі, ЖКО-1 ЭАЕҚ 11 деректемесінде көрсетілген КҚ-ның нөмірленуіне сәйкес жаяу жүргіншілер немесе басқа жол пайдаланушылар үшін «0» қойылады.

5-деректемеде ЖКО қатысушысы көрсетіледі. Жаяу жүргінші үшін (1); КҚ жүргізушілері үшін (А, B1 санаттарын, велосипед, тасымалды қоспағанда)(2);B1 қоспағанда, B, C санаттағы КҚ жолаушылары үшін (3); D, DE, Tm(трамвай), Tb(троллейбус) санаттағы жолаушылары үшін (4); А (сонымен қатар А1) санаттағы КҚ жүргізушілер мен жолаушылары үшін және B1 тармағы көрсетіледі (5);велосипед айдаушы адамдар үшін – (6), тасымал– (7), жануарларүшін – (8).

8-деректемеде ЖКО-да зардап шеккен адам туралы мәлімет көрсетіледі: соның ішінде «белгісіз адам»(3) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын мүмкін емес жағдайда толтыруға рұқсат етіледі.

ЖКО-да зардап шеккен адам туралы мәліметтер анықталған жағдайда, әкімшілік полиция бөлімшесі ЖКО-2 ЭАЕҚ-на дереу өзгерістер енгізеді және жазбаша түрде жаңа деректерді көрсетіп аумақтық органдарды мәлімдейді.

ЖКО-да жарақаттанған және бір тәуліктен кем емес мерзімде амбулаторлық ем қабылдаған адамның жағдайы медициналық мекеменің құжаттарымен расталады.

3.     ЖКО-1 ЭАЕҚ және ЖКО-2 ЭАЕҚ енгізу және есепке алу

12. Жол полициясы қызметкерлері ЖКО-1 және ЖКО-2 ЭАЕҚ СДТБТ АЖ-не ЖКО  болғаннан уақыттан кейін үш тәулік ішінде енгізеді.

13. ЖКО-1 және ЖКО-2 ЭАЕҚ толтырған жол полициясы қызметкері және ЭАЕҚ-на қол қойған жол полициясының бөлімшесінің лауазымды адамы ЭАЕҚ ақпараттының толықтығын және дұрыстығын, сондай-ақ оларды енгізу уақтылығын  қамтамасыз етеді.

14. Әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 1-ші күніне медициналық мекемелермен қосылып ЖКО-да жарақаттанған немесе қаза болған адамдар туралы мәліметтерді салыстырып тексеруін ұйымдастырады, осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-ші күніне орай ҚСжАЕК аумақтық органына берілетін салыстыра тексеру актісін дайындайды.

15. Медициналық ұйымдар (мекемелер) меншік түріне қарамастан қаза болған тұлғалар туралы жол полициясы органдарына, ал ауылды аймақтарда ішкі істер органдарына дереу жазбаша немесе телефонограммамен:

тұрғылықты орны немесе ЖКО болған орны бойынша немесе медициналық көмек үшін жеткізілген, сонымен қатар басқа да медициналық ұйымдарға бағытталған ЖКО-да жарақаттанған адамдар туралы;

ЖКО болған күннен бастап отыз күн ішінде қаза болған адамдар туралы хабарлайды.

16. ЭАЕҚ-на әкімшілік полиция бөлімшесінің лауазымды тұлғасы қол қойғаннан кейін өзгертулер енгізуге тыйым салынады.

17. Егер ЭАЕҚ-ның  деректемелеріне түзетулер, жаңа (есептелмеген) ЖКО туралы деректерді енгізу қажет болса, онда әкімшілік полиция бөлімшесі 24 сағат ішінде ЭАЕҚ-на келесі негіздемелер бойынша түзетулер енгізеді:

аумақтық органы ақпараты бойынша мониторинг нәтижесі бойынша деректердің дұрыс еместігі расталған жағдайда;

егер жарақаттанған адам қаза болғандар санатына ауыстырылса;

медициналық ұйымдармен салыстыру жүргізген кезде басқа да жарақаттанғандар анықталғанда;

ЖКО орнынан жасырынған адамдарды анықтаған жағдайда;

денсаулығына келтiрiлген залал ауырлығын анықтау бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысын алған жағдайда.     

Енгізілген түзетулер туралы дереу ай сайын келесі айдың 2-і күніне дейін СДТБТ АЖ-не енгізілген түзетулердің негізділігін тексеретін ҚСжАЕК аумақтық органы жазбаша хабардар етіледі.

18. Егер осы жаңа (есептелмеген) ЖКО туралы деректерді енгізу түзетулері  салдарынан бұрынғы есептік кезеңдерде бұрмалаушылықтар пайда болса, онда ҚСжАЕК аумақтық органы есептілікке түзетулер енгізу туралы қажетті құжаттарды 24 сағаттан кешіктірілмей ҚСжАЕК-не жолдайды.

4.  Есепті құрастыру

19. Есеп бір бөлімнен тұрады және адамдардың жарақаттануын немесе қаза болуын туындатқан ЖКО туралы облыс бойынша статистикалық ақпаратты бейнелейді.

20. Көрсеткіштер есепте апат фактілерін, жол-көлік жарақаттарын және қаза болуды құжаттаудан кейін  ескеріледі.

21. Есепке келесідей жасалған ЖКО туралы мәліметтер енгізілмейді:

мекемелер, ұйымдар, аэродромдар, әскери бөлімшелерінің қоршалған және күзетілетін аймақтарында болған;

КҚ-на арналмаған іргелес аумақтарда болған (алаңдар, тұрғын-үй массивтері, автотұрақтар, автоқұйғыштар, гараждар);

автомобильдік немесе мотоциклдік іс-шаралар өткізу кезінде (жарыстар, дайындықтар) көрермендер, қатысушылар және спорт іс-шараларына қызмет көрсету персоналы зардап шеккен жағдайда;

көлік құралдарымен адамдарды немесе жүктерді тасымалдауға жатпайтын  технологиялық өндірістік операциялар өткізген кезде (оржолды салу, ауылшаруашылық жұмыстар өндірісі, ағаш дайындау, жүк тиеу-түсіру жұмыстары, мачталарды, тіреуішті орнату);

табиғи апаттар нәтижесінде;

қауіпсіздік техникасын және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзған кезде (қозғалғыштың қосылуы, көлік құралдарын, механизмдерді, жабдықтарды ілестіру-ағыту кезінде);

өзіне-өзі қол жұмсау немесе есі дұрыс емес жағдайда жасалған әрекеттер кезінде;

азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қол сұғу немесе мүліктік залал келтіруге бағытталған әрекеттер кезінде;

жолдан тыс жағдайларда жасалған ЖКО туралы;

Жол қозғалысының қатысушысы денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына байланысты толығымен өзінің іс-әрекетін бақылауға қабілетін жоғалтқан кезде (көлік қозғалысы барысында жүргізушінің жүрегі тоқтауы, көлік жүретін аумағына эпилепсия ауруымен ауыратын адамның құлауы және басқа да осыған ұқсас жағдайларда), бірақ жиі және жиі емес жолаушылар,  жүктерді, багажды, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалының бағыттарында жұмыс істейтін көлік құралдарының жүргізушілері жатпайды,себебі оларға қатысты рейстен кейінгі және оның алдындағы медициналық сараптама талабы орындалады.

22. Бас тарту, ұсынбау, кеш ұсыну, жасыру, бұрмалау және Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың басқа да деректерін бұрмалау үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 498 бабы көздейтін әкімшілік жауапкершілікте болады.

5. Есепті қалыптастыру мерзімдері

23. Есеп ЖКО болған күнінен, ай сайын өсу қорытындысымен құрастырылады. Аумақтық органдар көрсеткіштерді СДТБТ АЖ-де растайды.

24. ҚСжАЕК республика бойынша жинақталған есепті құрайды, оған ҚСжАЕК Төрағасы немесе оныалмастыратынлауазымды тұлға қол қояды және  ол жинақталған есеп келесі есептік кезеңдегі айдың 6 күні Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ішкі істер мен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне жолдайды.

Егер кезеңнің соңына мереке (демалыс күндері, мереке) күнге келетін жағдайда, онда мерзімнің соңғы күні бірінші, ал одан келесісі  жұмыс күні деп есептеледі.

 

«Жарақаттанған немесе қаза
болған адамдарға әкелген
жол көлік оқиғалары туралы»
статистикалық есепті
қалыптастыру бойынша
Нұсқаулығына 1-қосымша

нысан

Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы (ЖКО-1)

1. Карточка нөмірі/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/

Тіркеу органы  _____________________________________________________________.

2. Бастапқы тіркеу: Мағлұмат есеп кітабы(1), Әліпбилік журнал (2), Кіріс құжаттарын есепке алу журналы (3), басқа да көздер (4), № ___________ «_____» _______________ 20_____ жылы.

3. Жол-көлік оқиғасы (одан әрі - ЖКО) болған күн: «____» ________________ 20___ жылы

4. ЖКО болған апта күні: Дүйсенбі (1),  Сейсенбі (2), Сәрсенбі (3), Бейсенбі (4), Жұма (5), Сенбі (6), Жексенбі (7).

5. ЖКО болған тәулік: «_____» сағат «_____» минут
6. ЖКО болған орын: елдімекен (1), елдімекен атауы _____________________________, көше атауы_________________; халықаралық, республикалық маңызы бар жол бойында (2), облыстық, аудандық маңызы бар жол бойында (3).

6.1. Километр, метр, тасжол№________________________________________________.

6.2. Көше, жол элементтері,: көпір (жолөтпесі) (01), виадук (02), эстакада (03), қоғамдық көліктің тоқтайтын аймағы (04), реттелетін жаяу жүргіншілерге арналған жол(05), реттелмейтін жаяу жүргіншілерге арналған жол (06), реттелетін көше қиылысы (07), реттелмейтін көше қиылысы (08), шлагбаум қойылған темір жол өткелі(09), шлагбаум қойылмаған темір жол өткелі(10), айналмалы қозғалыс(11).

7. Жолшарттары: жол жабынының түрі- дымқыл(01), қар басқан(02), мұз қатқан(03), жол жөндеу кезінде(04), құрғақ (05), ластанған (06), жаңадан төселген (07), жеңіл-желпі өңдеу (тайғақтыққа қарсы материал мен өңделген) (08);

жарықтық: күндіз(09), ымырт уақыты(10), түнде(11);

қараңғы уақытта сырттағы жарық: қосылған (12), қосылмаған (13), жарық жоқ (14).

7.1. Жол торабында анықталған кемшіліктер: тайғақ жабын (01), тегіс емес жабын(02), жолдың дағдылылығы (03), ойымдар(04), жол жиегінің қанағаттандырмайтын жағдайы(05), жол өтпесі қаранымының жол кеңдігіне сәйкес келмеуі(06), темір жол өткелінің ұсынылған талаптарға сайкелмеуі (07), ағаштар (08), жарықтандыру шамдарының тірегі (қағып өту, көру мүмкіндігі шектеулі болған жағдайда) (09), жаяу жолдың жоқтығы(10), жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жоқтығы(11), қауіпті аймақтарда қоршаудың болмауы (12), жол бөлігінің жеткіліксіз жарықтандырылуы(13), жұмыс өндірісі орындарында қоршаудың және белгі беру құралдарының болмауы(14), жол белгілерінің жоқтығы немесе олардың дұрыс қолданылмауы(15), жол қозғалысын қамтамасыз ететін техникалық құралдардың ақауы немесе олардың нашар көрінуі (16), жол белгілеуінің жоқтығы немесе оның нашар көрінуі (17), өзге жағдай(18), жоқтығы (19).

7.2. Ауа-райы жағдайлары: ашық (1), бұлтты (2), тұман (3), жауын (4), қар (5).

7.3. Жолда қозғалыс жолақтарының жалпы саны: ____

7.4.Аймақтағы  жылдамдық шетелуі: ___

8. ЖКО түрі: қарсы соқтығысу (1), бүйірімен соқтығысу (2), жол-жөне кейсоқтығысу(3), жолаушының құлауы(4), аударылу (5), тоқтап тұрған көлік құралын қағып өту (одан әрі – КҚ) (6), кедергілердіқағып өту (7), жаяу жүргіншіні қағып өту(8);велосипед жүргізушісін қағып өту (9), жегін көлікті қағып өту(10); жануардық ағып өту (11), басқа да оқиға түрлері (12)
9. Жол қозғалысы ережесін бұзу (одан әрі - ЖҚЕ): ЖҚЕ немесе жол белгілерімен белгіленген жылдамдықтан асыру (01),қызыл жарық немесе реттеушінің белгі беруі не бағынбау(02); жол белгілері мен белгі қою талаптарын сақтамау(03); жаяу жүргіншілер немесе басқа жол пайдаланушыларға қозғалыстағы басымдылықты ұсынбау(04); жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамау(05); жүк тасымалдары(06);КҚ маршруттарын тоқтату(07),тұрғын аудандардағы қозғалыс(08), буксирлеу(09);басқа да ЖҚЕ өрескел бұзушылықтар (10); жол қиылыстарынан өту немесе жолдың жүрі бөлігін қиып өту ережелерін бұзу(11);маневрлену (12); КҚ-нің жолдың жүріс бөлігінде орналасуы(13); қарама-қарсы жол қозғалысы сызығына шығу, немесе басып озу(14); аялдамалар немесе КҚ тұрақтары(15); жүру кезінде артықшылық құқықтары берілген КҚ кедергісіз жүру мүмкіндігін беру (16);жарық беру құралдарын қолдану(17); төтенше дабылдарды пайдалану(18);жол қозғалысы қатысушысы төтенше жағдайға әкелген ЖҚЕ ережелерін бұзу (19);темір жол өткелдерінен өту(20);ара-қашықтықты сақтамау (21); жол қозғалысы қауіпіне әкеле алатын жағдайлардан қашу мақсатында  КҚ ауру және шаршаған күйде жүргізу(22); алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлықты мас күйінде КҚ жүргізу(23);КҚ жүргізушілердің жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бұзу(24);

жүргізушінің тыйым салынатын ЖКО байланысты міндеттерді орындамауы(26); жаяу жүргіншілер мен ЖҚЕ  бұзудың басқа да түрлері (27).

10. ЖКО қатысқанкөлікқұралдарының саны:   ______________________________________.

11. КҚ туралы мәліметтер:

№ ТС п/п

КҚ санаты

Руль басқаруыныңорналасуы (оң/сол)

Мемлекеттіктіркеунөмірі

кузов №

КҚ маркасы, моделі, шығарылғанжылы

Шығарылғанжылы

Жүргізушініңтегi, аты, әкесiнiң аты (болғанжағдайда) (бұданәрі - ТАӘА)

Жүргізушіжасы

КҚ санатыменжүргізуқұқығы  (бар\ құқығынанайырылған \ жоқ)

Жүргізушікуәлігінің №,

берілгенкүні

ЖКО орнынанжасырынғанкетті (жоқ \ иә)

Жолаушылар саны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

12. ЖКО фабуласы:________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.

13. Саны: жарақаттанғандар __________________ ,қазаболғандар ____________ .

13-1. Медициналыққызметтіңшақырууақыты:___.

13-2. Медициналық қызметтің келу уақыты:___.
14. ЖКО кінәліқатысушысы: жүргізуші(1); жаяу жүргінші (2); ЖКО орнынан жасырынған(3); кәмелет жасқа толмаған (4), шетел азаматы/азаматтығы жоқ адам (5), жол қызметі(6), жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлер(7), коммуналдық қызмет(8).

14.1. ЖКО-ға кінәлі адамның ахуалы: масаю жағдайдың болмауы, сау күйде(1), алкогольдік масаю  (2), есірткілік масаю (3), уытқұмарлық масаю (4); денсаулығының күрт нашарлануы(5), үздіксіз жол жүрууақыты(6).

14.2. Кінәлі жаяу жүргіншінің А.Т.Ә. (бар болғанжағдайда):

14.3.Туған күні ____________, ЖКО уақыттағы жасы ____, кінәлі жүргізуші немесе жаяу жүргіншілердің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұданәрі –  ЖСН), кінәлі жүргізуші, жүргінші жынысы___: ___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/.

15. Карточканы толтырған әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерініңТАӘ (бар болған жағдайда) және лауазымы _______________________________________________________________________________.

16. ЖКО  туралы қабылданған шешім: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша хаттама нөмірі;___________________________немесе СТТБТ___________________________, заңының_______________________________________________________тармақ, бөлім, бап.

 

 

«Жарақаттанған немесе қаза
болған адамдарға әкелген
жол көлік оқиғалары туралы»
статистикалық есепті
қалыптастыру бойынша
Нұсқаулығына 2-қосымша

"Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка" (ЖКО-2)
 

1. Карточка нөмірі/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/

2.ЖКО болғанкүн «____» ________________ 20___ жыл«___»«_____» сағат «_____» минут.
3.ЖКО болғанаптакүні: Дүйсенбі (1),  Сейсенбі(2),Сәрсенбі(3), Бейсенбі (4),Жұма (5), Сенбі (6), Жексенбі(7).

4.Зардап шегушіорыналғанкөлікқұралының (бұданәрі – КҚ) реттікнөмірі (№ ЖКО-1

карточкасының 11-тармағына сәйкес КҚ нөмірлеу, жаяужүргіншілержәнеқозғалыстыңөзге

қатысушыларыүшін «0» қойылады): «__».
5.ЖКО қатысушысы: жаяу жүргінші (1); КҚ көлік жүргізушісі(А, В1, велосипед, тасымал санаттарын қоспағанда)  (2); B1санатынан басқа B, C санаттағы жолаушы К) (3); D, DE, Tm, Tb санаттағы КҚ жолаушысы(4); А,B1 санаттағы КҚ қозғалғанадам(5); велосипедте (6); тасушы(7); жануартасымалы (8).
7. Қауіпсіздік белбеуі/дулыға: тағылған (1)/киілген (2),  тағылмаған (3)/киілмеген (4),

анықталмаған(5),көзделмеген (6).
7.1. Баланы ұстапт ұруға арналған құрылғының болуы: бар (1), жоқ (2), соның ішінде

баланы ұстап тұру құрылғысының белбеуі тағылған (3), тағылмаған (4), анықталмаған (5); көзделмеген (6).

7.2. Қауіпсіздік жастықтарының болуы: бар (1), жоқ (2), соның ішінде қауіпсіздік жастықтары: жұмыс істеді (3), жұмыс істеген жоқ (4).
7.3. КҚ жолаушысыныңорналасқан жері: орынанықталмаған (1), алдыңғы орында (2), сол

жақ артқы орында (3), оң жақартқы орында (4), артқы орынның ортаңғы бөлігінде (5),

бесік арбада (6), тұру күйінде(7).
8. ЖКО-да зардап шеккен адам туралы мәлімет: жарақаттанған (1), қазаболды (2),

соның ішінде белгісіз адам (3).

8.1. Қазаболды:ЖКО болған орнында (1), аурухана жолында (2), ауруханада (3), басқа(4)
9. ЖКО-да зардап шеккен адамныңТ.А.Ә. (бар болған жағдайда):

Тегі

Аты

Әкесініңаты

 

 

 

10. Жынысы: ер адам(1), әйеладам(2).
11. Туғанкүні«___»___________ 20__ жылғыжәнеЖКО зардапшеккенадамның ЖСН

___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/
12. Азаматтығы: ҚазақстанРеспубликасыныңазаматы (1), шетелазаматы (3), азаматтығыжоқадам (4).
13. Жасы: 6 жасқадейін (1), 7-13 жас (2), 14-17 жас (3), 18-20 жас (4), 21-29 жас

(5), 30-39 жас (6), 40-49 жас (7), 50-59 жас (8), 60 жасжәнежоғары (9).

13.1. Әлеуметтікмәртебесі: әскериқызметкер (1), зейнеткер (2), жұмысшы (3),

мемлекеттікқызметкер (4), құқыққорғауоргандарыныңқызметкері (5), жұмыссыз (6),

студент (7), басқалар (8).

14. Карточканы толтырған әкімшілік полиция бөлімшесі қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)жәнелауазымы ________________________________________________________________________________
15. Медициналық мекеме атауы: ______________________________________________________

16. Зардап шеккен адамның медициналық мекемеге келіп түскен күні: «___» ___ 20_ жылы.

17. Денсаулық келген залал: жеңіл (1), орташа ауырлықта (2), ауыр (3), анықталмаған (4)

18. Медициналық көмектің көлемі: алғашқы медициналық көмек көрсетілді (1), ауруханаға жатқызылды(2), ауруханаға жатқызудан бас тарту (3), медициналық көмектен бас тарту (4).

 

«Жарақаттанған немесе қаза
болған адамдарға әкелген
жол көлік оқиғалары туралы»
статистикалық есепті
қалыптастыру бойынша
Нұсқаулығына 3-қосымша

Нысан

Жол-көлікоқиғаларындақайтысболғанжәнежараланғандартуралы
мәліметтердісалыстыруактісі
20_ жылғы «__» ________ № ____
«__» ___________ бастап  «__» _____________ дейін
(салыстыратын кезең)

 

р/с

Медициналық ұйымға түскен күні

(өтініш)

Зардап шеккеннің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),туған жылы, ЖСН

Тұрғылықты мекен жайы, байланыс телефондары

ЖКО жасалған күні, орны, қысқаша фабуласы

Жарақат сипаты, жарақат ауырлығының дәрежесі

ЖКО-да зардап шеккен адамдардың мас күйінде болғаны, не болмағаны

Медициналық ұйымның қабылдау бөлімінде көрсетілген медициналық көмек ауқымы (одан әрі госпитализациялаусыз және емханалық емдеу тағайындаусыз)

Емханалық емдеу тағайындалды

Ауруханаға жатқызылды

Алған дене жарақаттарынан медициналық ұйымда қайтысболды, күні (қабылдау бөлімінде немесе бөлімшеде, көрсетілсін)

Басқа мединицалық мекемеге жіберілді (атауы, күні)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Медициналықұйымөкілі_________________ мөрқойылатынжер
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы, медициналық

ұйыматауы, мекенжайы, байланыстелефондары, қолы)

 

Жолполициясыныңлауазымдыадамы________________ мөрқойылатынжер
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы, жолполициясы

бөлінісініңатауы, мекенжайы, байланыстелефондары, қолы)

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.