You are here

Прокуратураның спорт шаралары

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және жаппай спортты дамыту туралы 2010 жылғы 29 қаңтардағы Президенттің Жолдауын және Үкіметтің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген 2008-2016 жылдарға арналған Салауатты өмір сүру бағдарламасын іске асыру аясында, прокуратура органдарында спорттық іс-шаралар өткізілуде. 

Мини-футбол бойынша жарыс

2010 жылдың 26 тамызында Астана қаласындағы Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына орай ҚР Бас Прокурорының кубогына арналған прокуратура органдары командалары арасында мини-футбол бойынша қорытынды ойындар болып өтті.
Чемпионат республиканың бес өңірінде аймақтық қағидат бойынша шілде айының соңында басталды, алдын-ала өткізілген матчтар Астана, Тараз, Көкшетау, Ақтөбе және Өскемен қалаларында болды. 
Қорытынды матчқа өңірлік топтардың жеңімпаздары – Бас прокуратура, Бас әскери прокуратура, Алматы қаласы және Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Алматы облыстары прокуратураларының командалары қатысты. 
Чемпионаттың салтанатты жабылу рәсімінде Бас Прокурор жеңімпаз атанған Бас прокуратураның командасына Кубок табыс етті.
Екінші орында Қарағанды облысының командасы иеленсе, үшінші орынға Алматы қаласының прокуратурасы шықты.
Шеберліктерімен көзге түскендердің арасында «Үздік шабуылшы» номинациясын Жамбыл облысының Қордай ауданы прокуратурасынан келген Жанат Сейдалиев иеленді, ал Атырау облысы командасының ойыншысы Ержан Ералиев үздік қорғаушы деп танылса, Қарағанды облысы прокуратурасының басқарма бастығы Камал Абеуп үздік қақпашы атанды.
Спортшыларды құттықтаған Бас Прокурор Елбасының салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі бастамасы прокуратура органдарында белсенді қолдау тауып отырғанын атап өтті және келешекте осы игі дәстүрдің жалғасын табуына тілектестігін білдірді.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.