You are here

Консультативтік кеңес туралы ереже

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы «___»_____
№__ бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы
Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі
консультативтік кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

2. Кеңес қызметін ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері және қағидаттары

4. Кеңес қызметінің мақсаттары елімізде заңдылықтың жай-күйін арттыру, мемлекеттің құқықтық саясатын жүргізуге көмек көрсету, прокуратураның үкіметтік емес ұйымдармен және тұрғындармен өзара қатынасын дамыту және одан әрі жетілдіру болып табылады.

5. Кеңестің негізгі міндеттері:

1) халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенімдерін арттыру, құқықтық мемлекетті дамытуда үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру;

2) прокуратура органдарының қызметін, сондай-ақ елімізде заңдылықты қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсынымдар жасап шығару;

3) халықтың құқықтық санасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

4) азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылды дамыту;

5) елімізде заңдылықты қамтамасыз ету саласында неғұрлым күрделі және ең өзекті мәселелерді шешуге байланысты азаматтық қоғамның бастамаларын қарау;

6) прокуратура органдары әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысу;

7) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша прокуратура қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;

8) прокуратура органдарының жағымды имиджін қалыптастыру болып табылады.

6. Кеңес жариялылық, еріктілік және қабылданатын шешімдерге Кеңес мүшелерінің тең жауапкершіліктері қағидатында жұмыс істейді.

Кеңес азаматтық қоғамның барлық институттарымен кең ынтымақтастық үшін ашық болады. 

3. Кеңестің құқықтары

7. Кеңестің:

1) елімізде заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

2) елімізде заңдылықты нығайтуға прокуратура органдарының рөлін арттыруға бағытталған шаралар әзірлеуге;

3) отырыстарына түрлі ведомстволар мен ұйымдардың (олардың басшыларының келісімі бойынша), үкіметтік емес ұйымдардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін шақыруға;

4) мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен Кеңес шешімдерін іске асыру бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуге құқығы бар.

  4. Кеңес қызметін ұйымдастыру

8. Кеңестің құрамын және ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бекітеді.

Қажет болған кезде оның құрамына Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша белгіленген тәртіпте өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

9. Кеңеске Төраға басшылық жасайды, оның екі орынбасары болады. Төраға және оның орынбасарлары бірінші отырыста ашық дауыспен Кеңес мүшелерінің ішінен бір жыл мерзімге сайланады.

Кеңес мүшелерінің отырысына қатысушылар санының жартысынан көбі дауыс берген кандидаттар сайланған болып есептеледі.

Төрағаны және оның орынбасарларын сайлау туралы шешім хаттамамен ресімделеді.

Төраға болмаған уақытта не оның тапсырмасы бойынша Кеңес Төрағасының функцияларын оның орынбасарларының бірі орындайды.

10. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

11. Кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыс болып табылады.

12. Кеңестің отырыстары Кеңес Төрағасы бекіткен, жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, жылына кемінде екі рет өткізіледі.

Жұмыс жоспары Кеңес мүшелерінің, Бас прокуратура құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде жасалады және оны Бас Прокурор келіседі.

Қажет болған жағдайда кезектен тыс отырыс өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысының бастамасышы Кеңес Төрағасының қарауына талқылауға арналған мәселелердің тізбесін және олар бойынша шешім жобаларын енгізеді.

13. Кеңес отырысының өткізілетін күні және күн тәртібі, онда қаралатын мәселелер туралы Кеңес мүшелеріне Бас Прокурордың Аппараты ол өткізілетін күнге дейінгі 7 күннен кешіктірмей хабарлайды. Кеңес шешімдерінің жобалары және Кеңес отырысының күн тәртібіне егізілген мәселелер бойынша өзге де материалдар Кеңес мүшелеріне оларды Кеңес отырысында қарағанға дейінгі 5 күннен кешіктірмей жолданады.

14. Кеңестің шешімдері отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің басым дауысымен жай дауыс беру арқылы қабылданады. Кеңес мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Кеңес Төрағасының даусы шешуші болып табылады.

Кеңестің шешімдеріне оның Төрағасы қол қояды.

Егер оның жұмысына Кеңес мүшелері жалпы санының жартысынан кем емес мүшесі қатысса, Кеңес отырысы заңды деп есептелед.

Кеңес мүшелері Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылаған және олар бойынша шешім қабылдаған кезде тең құқықтарға ие болады.

15. Отырысқа шақырылғандар қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсынымдар, ұсыныстар және ескертулер енгізуге  құқылы.

16. Кеңес Төрағасы:

1) Кеңес қызметінің басым бағыттарын айқындайды;

2) Кеңеске жалпы басшылықты жүзеге асырады;

3) жұмыс жоспарын, отырыстың күн тәртібін, қортынды құжаттарды және қаралатын мәселелер бойынша ұсынымдарды бекітеді;

4) қаралатын мәселелер жөніндегі ақпараттарды жария етеді;

5) Кеңес шешімінің орындалуына жалпы бақылауды және Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

17. Кеңес мүшелері:

1) Кеңестің Ережесіне және жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізуге;

2) мемлекеттік құпия туралы заңнамамен көзделген шектеулерді ескере отырып, Бас прокуратура жүргізетін ресми іс-шараларға (алқаларға, үйлестіру кеңестеріне, кеңестерге және басқаларға) қатысуға;

3) талқыланатын мәселелердің мәні бойынша және күн тәртібі бойынша ұсыныстар, ескертулер және түзетулер енгізуге;

4) кандидатуралар ұсынуға және Кеңес құрамына сайланатын адамдардың кандидатуралары бойынша өз пікірін айтуға;

5) сұрақтар қоюға, анықтамалар беруге, сондай-ақ Ережеге сәйкес Кеңес мүшелеріне берілетін өзге де құқықтарды пайдалануға;

6) Кеңестің отырыстарына материалдар, сондай-ақ оның шешімдерінің жобаларын даярлауға қатысуға, Кеңес шешімін іске асыруға қатысуға;

7) Кеңес отырысына шақырылған адамдарға сұрақтар қоюға;

8) Кеңес отырысының хаттамаларымен және материалдарымен танысуға;

9) Кеңестің шешімімен келіспеген жағдайда Кеңес отырысының хаттамасына енгізілетін және осы пікір айтылған шешімге қоса берілетін жазбаша түрдегі ерекше пікір айтуға;

10) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Кеңес Төрағасына жүгінуге;

11) кез келген уақытта Кеңес құрамынан шығуға құқылы;

18. Кеңес мүшелері:

1) Кеңес отырысының жұмысына және Кеңес өткізетін өзге де іс-шараларға жеке қатысуға;

2) дәлелді себептер бойынша Кеңес отырысына қатысуы мүмкін болмаған жағдайда оның отырысы басталғанға дейін Кеңес Төрағасына және Бас Прокурордың Аппаратына хабарлауға;

3) Кеңестің тапсырмасын орындауға, тәртіп және этика талаптарын сақтауға;

4) Кеңес шешімдерін іске асыруға көмек көрсетуге міндетті.

19. Кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін басқаларға ұсынуға құқығы жоқ.

Кеңес отырысына қатысуы мүмкін болмаған жағдайда Кеңес мүшесі қаралатын мәселе бойынша өз пікірін жазбаша түрде ұсынуға құқылы.

20. Бас Прокурордың Аппараты:

1) Кеңес қызметін реттейтін құқықтық актілерді әзірлеуді;

2) Кеңестің жұмыс жоспарын, күн тәртібін және оның отырыстарына шақырылған, баяндама жасайтын адамдардың тізімін жасауды;

3) Кеңес отырысын өткізуді;

4) кезекті отырысқа құжаттарды даярлауды;

5) қортынды құжаттарды және Кеңес отырысының шешімдерін ресімдеуді;

6) Кеңес жұмысын жария ету бойынша Кеңес мүшелерімен, үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастырады.

21. Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері Кеңес отырысына тиісті материалдарды даярлауды жүзеге асырады және оларды белгіленген мерзімдерде Бас Прокурордың Аппаратына ұсынады.

5. Кеңес қызметін тоқтату

22. Кеңес қызметі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шешімі бойынша тоқтатылады.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.