You are here

Консультативтік кеңес құру туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес құру туралы

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1-тармағына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес (бұдан әрі – Консультативтік кеңес) құрылсын.

2. Қоса берілген:

1) Консультативтік кеңес туралы ереже;

2) Консультативтік кеңестің құрамы бекітілсін.

3. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жұмыс регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 30 қаңтардағы №25 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жұмыс регламентіндегі бүкіл мәтін бойынша «Қоғамдық кеңес», «Қоғамдық кеңестің», «Қоғамдық кеңестердің» сөздері «Консультативтік кеңес», «Консультативтік кеңестің», «Консультативтік кеңестердің» сөздеріне ауыстырылсын.

4. «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 26 ақпандағы №24 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты туралы ереженің 13-тармағындағы «Қоғамдық кеңестің» сөздері «Консультативтік кеңестің» сөздеріне ауыстырылсын.

5. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

6. Астаны, Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар қолданыстағы актілерге тиісті өзгерістер енгізсін.

7. Бұйрық Бас прокуратураның барлық құрылымдық бөлімшелеріне, Құқық қорғау органдары академиясына, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, олар орындау және жұмыстарында басшылыққа алу үшін жіберілсін.

8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппаратына жүктелсін.

9. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.