You are here

Қазақстандық прокурорлар Ассоциациясы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Қазақстандық прокурорлар Ассоциациясы (ҚПА) – қазіргі таңда төрт жарым мыңнан асатын мүшесін қамтитын, Қазақстан Республикасының барлық прокуратура органдарының жедел қызметкерлері еркін түрде мүшелік ететін, үкіметтік емес, саяси емес және коммерциялық емес ұйым. Сонымен қатар, Ассоциацияға заңгер-ғалымдар және прокуратура органдарының ардагерлері кіреді. Ассоциация 2009 жылдың қараша айында, кәсіби прокурорлық қызметті жүзеге асыруда өзара көмектің тиімділігін арттыру мақсатында, халықаралық прокурорлық қоғамдастықпен қатынастарды дамыту үшін, «Прокурорлар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі нысанында құрылған. Қазақстанның заңнамасына сәйкес құрылған Ассоциация өзінің практикалық қызметінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мүшелік ететін Халықаралық прокурорлар ассоциациясының Конституциясының ережелерін жүзеге асырады.

Қызметінің негізгі бағыттарына Ассоциация мүшелеріне олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғудан құқықтық қорғау аясында кеңестік және тәжірибелік көмек көрсету, заңнаманың және құқық қолдану тәжирибесінің жай-күйін және мәселелерін талдау, халықаралық заңнаманы зерттеу, заңнаманы және құқық қорғау жүйесін жетілдіруде ұсыныстарды өңдеу және енгізу жатады.

ҚПА-ның назары кәсіби этика мен қызметкерлердің ар-намыс Кодексінің талаптарын сақтауға, тәуелсіз прокурорлық қызметті қамтамасыз етуге, прокурорлық өзара әрекеттестіктің ұлттық, аймақтық және халықаралық желілерін құру мен дамытуда жәрдем етуге бағытталған.

Ассоциацияның жоғарғы органы Ассоциация мүшелерінің ортақ жиналысы болып табылады, атқарушы органы – Ассоциация Кеңесі, төрағасы Иоган Давидович Меркель, хатшысы –Марат Әбусағитұлы Мұқатаев.

Банктік реквизиттер: СТН 620300328252, код 18, БИН 100440020709, ИКК KZ9584905Z006036478, БИК NURSKZKX, «НҰРБАНК»АҚ Астана қ.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.