2017 жыл бойынша ішкі аудит қорытындысы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ішкі аудит басқармасы Мемлекеттік аудит объектілерінің 2017 жылға арналған тізбесіне сәйкес, 5 облыс прокуратурасында, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетнің 3 облыстық басқармасында және Бас прокуратураның жанындағы шаруашылық басқармасында сәйкестік аудитін жүргізді.

Аудит барысында практикалық көмек көрсетілді және бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану, бюджет және өзге де заңнама нормаларын сақтау туралы нақты ұсыныстар берілді.

Нәтижесі бойынша аудит объектілеріне бұзушылықтарды жою туралы Бас Прокурордың бұйрықтары жолданды.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысын аудит объектілері аппараттық кеңестерде қарап, бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау бойынша шара қолданылды.

Бас прокуратураның Ішкі аудит басқармасы